ДУАЛЬДЫҚ ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІ – КАДР ДАЯРЛАУДЫҢ ТИІМДІ ТӘСІЛІ
Қазіргі таңда оқытудың дуальдық жүйесі – дүниежүзінде кәсіптік-техникалық мамандарды даярлаудың ең тиімді формаларының бірі. Әлемдік тәжірибеге сүйенсек, білім берудің дуальдық жүйесі мамандардың кәсіби дайындығын жоғарылатуға ықпал етеді. Елбасы өз бағдарламасында білім берудің бұл түрінің маңызын ерекше атап айтқан болатын. Оның ерекшелігі -оқытудың көп бөлігі білім беру мекемесінде емес, кәсіпорында жүргізіледі.
Дуальдық оқыту арқылы жұмыс беруші талабын қанағаттандыратын кәсіби техникалық кадрлар даярланады және оларды даярлау әлемдік деңгейге дейін көтерілмек. Бұл орайда әлеуметтік серіктестік маңызды рөл атқаруы тиіс, яғни нақты өндіріс мекемесі өзіне қажетті маман даярлауға қызығушылық танытып, атсалысуы тиіс. Бұл дегеніміз – дуалдық оқыту жүйесін енгізу мүмкіндігі бар мекемелерде өндірістік машықтан өтуге арнап оқушыларға орындар, оқу полигондары мен шеберханалар дайындау. Жұмыс берушілермен ынтымақта болу – оқушылардың өндіріске қажетті білім, білік дағдыларын және еңбекке орналасуға деген икемділігін арттыру деген сөз.
Дуальды оқыту жүйесі – заманауи технологияның еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды даярлауға мүмкіндік беріп, әрбір түлектің оқу орнын бітіріп шыққан соң жұмысқа орналасуына кепілдік беретін бірден-бір таптырмас жүйелердің бірі.. Дуальдық модель – бұл бизнес құрылымдарының, болашақ маманның және мемлекеттің қызығушылықтарының бірігуі. Бұл жүйе бойынша білім алушылар уақытының 70-80% өндірісте, тек 20-30% колледжде білім алады.
Дуальдық жүйе барлық қатысушы тараптардың – мекеменің, жұмыскерлердің, мемлекеттің қызығушылықтарына жауап береді.
Маман дайындаудың дуальдық жүйесі дәстүрлі оқыту әдістеріндегі кемшіліктерді, теория мен тәжірибе арасындағы алшақтықты жояды, студент өзінің ертеңгі жұмыс орнымен танысады, оған ие болу мүмкіндігін сезінеді, сондай-ақ, ол бәсекеге қабілетті болса ғана кәсіби маман ретінде бағаланып лайықты табысқа қол жеткізе алатындығын түсінеді.
Дуальды оқыту жүйесін меңгеру кезінде студенттің өзіндік дүниетанымы қалыптасады, студенттің сабаққа деген ынтасы және жауапкершілігі артады, студенттің өз білімін өзі бағалай білуіне мүмкіндік туды, өз қабілетіне, болашағына сенуіне, танымдық әрекеттерінің қалыптасып, одан әрі шығармашылықпен айналысуына, пәнге қызығушылығының артуына мүмкіндік береді.
Дуальды оқыту жүйесі кадрларды даярлаудың тиімді үлгісі ретінде Көпсалалы «Ұлағат Қызылорда» колледжінің оқу процесін ұйымдастыруға «Маркетинг» мамандығы бойынша енгізіле бастады. Колледжде дуальды оқыту жүйесін енгізу студенттердің оқу процесінде теориялық дайындықты және кәсіби дағдыларды қатар меңгеруге мүмкіндік береді.Тәжірибе көрсеткендей, аталған оқыту жүйесі теориялық материалды сапалы игеруге ықпал жасайды, кәсіби білімі және тәжірибесі кеңейеді.
Дуальды оқыту жүйесі колледж және жұмыс беруші арасында әлеуметтік серіктестікті және өзара әрекеттестік механизмін дамытуға мүмкіндік береді.
2016 жылғы 12 қазаннан бастап «Раманов и Ко» ЖШС кәсіпорны Көпсалалы «Ұлағат Қызылорда» колледжі колледжімен және кәсіптік білім беруді дамыту және дуалды оқыту шеңберінде мамандарды даярлау бағытында әлеуметтік серіктестікті табысты дамыта бастады.
Кадрларды даярлау бойынша өзара серіктестік жөнінде үшжақты Меморандумға және дуальдық оқыту жөніндегі келісімшартқа сәйкес, Көпсалалы «Ұлағат Қызылорда» колледжі, компания өтініш жасаған мөлшерде, «Маркетолог» мамандығы бойынша кәсіптік оқытуды жүзеге асырады. ««Retail A-A» » ЖШС-на қарасты «Аль-Асад» сауда орталығында 3-ші курс білім алушыларына біліктілігі жоғары тәлімгер мамандарды бекітіп, өзінің өндірістік базасында тәжірибеден өтуге мүмкіндік ұсынады. Мамандығына байланысты, әр тәлімгерге екі-үш білім алушыдан келеді. Практикалық оқыту кезінде 3-ші курс білім алушылары кәсіби бағытта оқиды және біліктілік емтихан тапсырып, оларға баға қойылады және болашақта сауда орталығына жұмысқа орналаса алады.
Кәсіпорынның жетекші мамандары біліктілік емтихандық комиссиясының құрамына кіреді, сонымен қатар, жас және перспективті кадрларды кәсіби бағалау мақсатында білім сапасын тәуелсіз бағалау комиссиясын басқарады. Бос жұмыс орны болған кезде,жұмысқа қабылдағанда, басымдылық үлгерімі жақсы, өндірістік тәжірибені кәсіпорында өткен колледж түлегіне беріледі.
Оқытудың дуальдық жүйесі – кәсіптік-техникалық кадрлар даярлаудың ең тиімді жолдарының бірі. Осыдан шығар қорытынды дуальдық білім беру – кәсіби шеберлігі еңбек нарығына бейімделген іскер азаматтарды даярлауға негізделген халықаралық жүйе. Колледж түлегі өндірістік тәжірибелер нәтижесінде өзінің жан-жақты қабілетін көрсетіп, келешектегі жұмыс орнын алдын-ала дайындауға мүмкіндік алса, жұмыс беруші мекемелер өз тарапынан білімді де, білікті жас мамандарды осы бастан таңдау мүмкіндігіне ие болады. Білім мекемесінің жұмыс берушілердің сұраныстары мен талаптарына сай мамандар даярлау жолында үнемі ізденіс және тынымсыз жұмыс жасау жауапкершілігі артады.
Дуальды оқыту жүйесімен оқыған түлектер ертерек өндірістік мекемелерге жұмысшы маман ретінде қабылданады, өндірістегі барлық функционалдық міндеттерді орындайды және оларға тікелей бағынады, қызметтік жауапкершілікке жүктеледі, мамандығы бойынша өз жұмысын үйренеді, кейбір жағдайларда жалақы да ала алады.
Бүгінгі күннің болмысы кәсіби білім жүйесі алдында еңбек нарығында бәсекеге қабілетті білікті мамандар даярлау, өз мамандықтарын жетік меңгерген, өз мамандығы бойынша тиімді жұмыс жасауға қабілетті, тұрақты кәсіби өсуге дайын, әлеуметтік және оңтайлы кадрларды даярлауды талап етеді. Осыған байланысты қойылған басты міндет – мемлекеттік құрылымдардың күшін біріктіру, жұмыс берушілер мен оқу орындарын облыстық кәсіпорындар мен өнеркәсіптерді білікті мамандармен қамтамасыз ету мәселесінде жұмылдыру.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718