Менің мотивациям
Әуелі тазартып ал іштің кірін,болмасын сыртың сұлу ішің ірің…
Менің ұраным,менің жүрегімдегі ақ таңба.Адамдық қасиетімнің абыройы.Саналы сезімімнің төлқұжаты.Маңызды мотивациям.Келесі ғұмырыма жол сөмке.Жан дүниемнің байлығына кір ауаның кіруіне рұқсатымды бере алмаспын.сондықтан” өмір атты” киноға билет ретінде осы мақалды беліме мықтап байладым.Баукең айтқандай “түлкілердің заманында қасқыр болып қалу басты мақсатым”.
Мұны жазу сақтаулы сейпімнің кілтін берумен бірдей. Бірақ көңіліне тоқыған жандарға бөлек әңгіме. Себебі соқырдың көзі көрмесе,күнде қанша жазық бар демей ме?! Кім болсаңызда,алдыңызда не тұрсада адам боп,ақшаның емес,дүниенің емес ,Алланың құлы болып қалыңызшы!Үнемі! Мәңгіге!
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718