Қош келдің Наурыз

Аязбекова Махсад

Қош келдің Наурыз

1-Жүргізуші: Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!

Құры қарап тұрмаңыздар!

Наурыз  тойы басталды

Қызықтан тыс қалмаңыздар!

2-Жүргізуші: Наурыз қайта оралды аты да аңыз,

Сұрамаймыз алғыс та ақы да біз

Үй-дастархан, даламыз, сахынамыз,

Ұлы мейрам Наурызға шақырамыз!

1-Жүргізуші: Армысыздар ардақты ағайындар,

Той көрген, думан көрген талайың бар.

Ұлыс күні халқымның мерекесі,

Қуанышпен халайық той тойлаңдар.

2-Жүргізуші:Ардақты әлеумет, бүгінгі той мұсылман жұртының дәстүріндегі ерекше мереке. Бұл күн ақ мол болып наурыз көже бұлақтай ағылып,  ауылдас – туыс ағайын құшақ жайып бір-бірімен қауышады.

1-Жүргізуші: Ауыл сыртында жауқазындай жастық, шаттық әуені естіліп би билеп, өлең айтылып жастардың ойын-сауық кешіне жалғасады.

2-Жүргізуші: Ал қазір біз қыздарымыз бен аналарды ортаға шақырып,  «Анаға қарап қыз өсер» атты сайысымызды бастайық.

( музыкамен сайыскерлер ортаға шығып, өз орындарына жайғасады.)

1-Жүргізуші: Сайысымызды бастамас бұрын қазылар алқасымен таныстырып өтейік:

2-Жүргізуші: 1-ші сайысымыз «Шаңырағым  – шаттығым!» деп аталады. Бұл сайыста аналар мен қыздар отбасыларын өлең жолдарымен таныстырады.

1-Жүргізуші:     Балаларда өнер көп,

Билейді биді мәнерлеп.

“Матрешка” биін көріңіздер,

Өнерге баға беріңіздер.

                                                       «Матрешка» биі

2-Жүргізуші: Қазылар алқасы 1-ші сайыстың бағасын беріңіздер.

1-Жүргізуші: 2-ші сайыс –  « Ойлы болсаң – озып көр!» .

(Бұл сайыста мақал-мәтел, тыйым сөздердің жалғасын табу және түсіндіру.)

2-Жүргізуші:     Халқыңның әдет-салтына

Ойлана қарап түйін-түй,

Ұлыстың ұлы күнінде.

Жалғаса берсін ән мен күй!

                                                           «Испан» биі

1-Жүргізуші: Қазылар алқасы 2-ші сайыстың бағасын беріңіздер

2-Жүргізуші:  3-ші сайыс  “Сұрақ-жауап сайысы”.(Ұлттық саз аспаптары, үй жиһаздары, салт-дәстүрлер, ұлттық киімер, ұлттық тағамдар, әшекей бұйымдар.)

1-Жүргізуші:     Айгөлек-ау айгөлек,

Айдың жүзі дөңгелек.

Айдай толған кезінде,

“Балбөбек” тобының ұл-қыздары би билейді дөңгелеп.

                                                               «У меня у тебя» биі

2-Жүргізуші: Қазылар алқасы 3-ші сайыстың бағасын беріңіздер

1-Жүргізуші: 4-ші сайыс « Шебердің қолы ортақ» деп аталады. (Өздерінің қолдан жасаған бұйымдарын көрсету.)

2-Жүргізуші:     Ал халайық босқа қарап тұмайық,

Ұлыс күні әндетейік жырлайық.

Думандатып ортамызды ашайық,

Ақ тілекпен балабақша

Өнерпаздарын сахна төріне шақырайық.

                                                                     «Футбол» биі.

1-Жүргізуші: Қазылар алқасы 4-ші сайыстың бағасын беріңіздер.

2-Жүргізуші: 5-ші сайыс «Ас адамның арқауы». (аналарымыз қазақтың ұлттық тағамдарының жасалу жолдарымен таныстырады.)

1-Жүргізуші:     Құлпырған, гүл тұнған,

Бақшамыз ауламыз.

Ойлаймыз тойлаймыз,

Көңілді би сыйлаймыз.

                                                                  «Қазақ» биі. ( әнші болғым келеді )

2-Жүргізуші: Қазылар алқасы 5-ші сайыстың бағасын беріңіздер.

1-Жүргізуші: Соңғы сайысымыз «Өнерлі – өрге жүзер!» Бұл сайыста аналарымыз өз өнерлерін көрсетеді.

2-Жүргізуші:     Наурыз тойың,Наурыз тойың,

Құтты болсын халайық.

Қане достар, қане достар,

Шырқап әнге салайық.

                                                Ән: «Әжем айтқан ертегі»

1-Жүргізуші: Қазылар алқасы 6-ші сайыстың бағасын беріңіздер.

2-Жүргізуші: Қазылар алқасы сайысты қорытындылап болғанша, тағы да бүлдіршіндер өнерін тамашалайық.

1-бала:                Тақпақ айтам жыл басы,

Құлақ салып тыңдашы.

Бар бөбекке өзімдей,

Тыныш өмір сыйлашы.

2-бала:               Осыншама жақсылық,

Алып келген Наурызым.

Төрлет бізге нұр болып,

Шуақ шашып ақ жүзің.

 

3-бала:                Ата –бабам тойлаған,

Наурызым армысың.

Қызығына тоймаған,

Дархан дала, қарлы шың.

4-бала:               Жарқыра жайна наурызым,

Қабағы жаудың түйілсің.

Дүние байлық дәм тұзың,

Халқыма мәңгі бұйырсын.

5-бала:                Ал, балалар келіңдер,

Той қызығын көріңдер.

Наурыз тойға бас иіп,

                             Күнге сәлем беріңдер.

6-бала:                Шуақ болып төгілер,

Жерге дән болып егілер.

Наурыз айын күтерде,

Бақшадағы бөбектер.

7-бала:                Армысыздар халайық,

Әр кез аман болайық.

Наурыз тойын жұп жазбай,

Жылда қарсы алайық.

8-бала:                Құтты болсын Наурыз той,

Құлпыртып тұр қыр мен ой!

Күн мен түн теңелді,

Жер шуаққа кенелді.

9-бала:               Жылқы жылы кел төрлет,

Ел достығын өрлет.

Мол болсын ырыс, құт,

Болсын елде тыныштық.

                                                                 «Көкпар» биі

2-Жүргізуші: Ортаға әділқазылар алқасын шақырамыз.

төмендегі  номинациялармен  марапатталады.

  1. «Білгір ана»
  2. «Мейірбан ана»
  3. «Шебер ана»
  4. «Бұлбұл ана»
  5. «Балқаймақ ана»

1-Жүргізуші:     Қош келдіңіз Наурызымыз ардақты.

Халқым саған бар үмітін арнапты,

Жылда осылай келе бергін жасарып.

Гүлге бөлеп, нұрға бөлеп аймақты.

2-Жүргізуші:     Наурыз тойы, қасиетті халық тойы,

Сән құрған салтанатты сауық тойы.

Елімнің орындалған арман-ойы,

Ұлыстың Ұлы күні құтты болсын ағайын.

Бізбен бірге болғандарыңызға рахмет! Біздің бала бақшамыздың  Наурыз мерекесіне арнап жайған  дастарханынан, наурыз көжеден дәм татыңыздар.

1-Жүргізуші: Ал ағайын  бәріміз бірге дастархан басына барайық!

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *