Қаңтар оқиғасы

2022 жылдың қаңтары Қазақстанның жаңа тарихындағы ең қайғылы әрі шешуші кезең болды. Бұл оқиға халықтың әл-ауқаты мен саяси-экономикалық жағдайының шынайы бейнесін көрсетті. Наразылық бастапқыда Маңғыстау облысында сұйытылған газ бағасының екі есе көтерілуіне байланысты басталды, бірақ оның түп-тамыры әлдеқайда тереңде жатыр.

Жаңаөзеннен басталған наразылықтың себебі тек газ бағасының қымбаттауы емес, халықтың жылдар бойы жиналған әлеуметтік-экономикалық мәселелері еді.

Газ бағасы нарықтық механизмге көшкеннен кейін литріне 60 теңгеден 120 теңгеге дейін өсті, бұл халық арасында үлкен наразылық тудырды.

Наразылық тез арада басқа өңірлерге таралып, саяси талаптар да қосылды. Ең негізгі талаптардың бірі – билікке деген сенімсіздік пен басқару жүйесіндегі реформалардың қажеттілігі болды.

Халықтың ашуы тек газ бағасына емес, жалпы билікке, әсіресе 30 жыл бойы өзгермеген басқару жүйесіне бағытталды. Көпшілік елдегі әділетсіздіктерге, жемқорлыққа, шенеуніктердің халықтан алшақ болуына наразылығын білдірді.

Халық биліктің халық мүддесін емес, өздерінің жеке мүдделерін ойлайтынын сезінді. Әсіресе, 2019 жылы президент ауысқанымен, саяси реформалар жүзеге аспауы үлкен реніш тудырды.

2022 жылғы 4 қаңтар кешінде Алматы қаласындағы “Алатау” театрының маңына халық жинала бастады. Бұл кезде Атырау, Жаңаөзен және өзге де қалаларда наразылық толқыны басылмай, жұрт алаңдарда қалып жатты. 5 қаңтарға қараған түні Алматыдағы шерушілер Республика алаңына келген кезде полиция оларды тарату үшін көзден жас ағызатын газ, шулы гранаталар және резеңке оқ қолданды. Осы оқиғалар барысында алаң маңында бірнеше полиция көліктері отқа оранды. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 5 қаңтарға қараған түні елдегі жағдайдың ушығуына байланысты Маңғыстау облысы мен Алматы қаласында төтенше жағдай жариялады.

Қаңтар оқиғасы — елдегі жүйелі өзгерістердің қажеттігін айқын көрсеткен тарихи сәт. Бірақ қарапайым халық үшін ең үлкен сұрақ — бұл оқиғалардан кейінгі уәделер іске аса ма, әлде бәрі тек сөз жүзінде қала ма? Халықтың шынайы өмірі жақсара ма, әлде байлар мен кедейлердің арасындағы алшақтық одан сайын ұлғая ма?

Қазір Қазақстан халқы үлкен үміт пен күмәннің ортасында тұр. Бұл оқиға билік пен халық арасындағы диалогтың шынайы қажеттігін және жүйелі өзгерістердің маңыздылығын көрсетіп берді

 

студент:Оралбек Әділет
Мұғалім:Жұмаділ М.

Bilimger.kz Республикалық білім порталы Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген. Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718  

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *