«Ерекше қажеттілігі бар балалардың ата – аналарының әлеуметтік және психологиялық қиыншылықтарына зерттеу жұмысы»
«Ерекше қажеттілігі бар балалардың ата – аналарының әлеуметтік және психологиялық қиыншылықтарына зерттеу жұмысы»
Автор: Реймбаева Сайра, Сұлтанова Жаннұр,Оралбаева Ақжүніс
Ғылыми жетекші: Әбен Бақнұр Еділқызы
Гуманитарлық Мектеп, Нархоз Университеті
6В10201-Әлеуметтік жұмыс 4 курс
Алматы 2024
Өзектілігі
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалары бар отбасылар әлеуметтік, психологиялық, сондай-ақ экономикалық және материалдық қиындықтарды бастан кешіреді. Ерекше қажеттілігі бар ата аналардың әртүрлі профильдегі мамандардың білікті көмегінің қосымша түрлерін қажет етеді: мұғалімдер, психологтар, әлеуметтік педагогтар, маңызды мақсатты әлеуметтік-педагогикалық көмекке мұқтаж болып келеді. Дамуында ауытқулары бар баланы тәрбиелеп отырған отбасылар санының өсуі өте үлкен әлеуметтік мәселе болып табылады. Мұндай баланың осалдығы мен күтімге деген қажеттіліктің артуы тек материалдық сипаттағы қиындықтарды ғана емес. Психологиялық және педагогикалық қолдау қажеттілігі. Ол ата-аналардың өзін-өзі бағалауын арттыруға, отбасындағы психологиялық климатты оңтайландыруға, сондай-ақ баланы тәрбиелеу бойынша қажетті білім мен дағдыларды игеруге бағытталған. Ерекше балалармен олардың ата-аналарын қолдау қолайлы және қауіпсіз өмір сүру жағдайларын жасауға, ерекше бала үшін әлеуметтенуге, сондай-ақ отбасының өзі үшін қолдау ортасын құруға бағытталған әртүрлі бағдарламаларды қамтуы керек деп айта аламыз. Кәзіргі танда Манғыстау қаласында 1647 ерекше күтімді қажет ететін бала тәрбиеленуде. Ерекше күтімді қажет ететін балалардың ата-аналары қоғамның, мемлекеттік құрылымдардың және мамандандырылған ұйымдардың кешенді көзқарасы мен қолдауын қажет ететін көптеген қиындықтарға тап болады. Мұндай балаларды қоғамға біріктіру және олардың отбасыларының өмірін жеңілдету үшін жағдай жасау өте манызды болып табылады. «Арман 6 жаста оған ДЦП дерті қойылған. Ол толық отбасында тәрбиеленуде. Арманның әкесі ғана жұмыс істейді, бірақ олардың табысы шектеулі, өйткені анасы бала күтімі үшін үйде болуға мәжбүр. Сондықтан ерекше күтімді қажет ететін балаға арнайы оңалту жұмыстар жүргізуге және дәрі-дәрмек алуға қаражат жеткіліксіздігі Арманның деңсаулығына кері әсер беруде. Сонымен қатар Ақтау қаласында арнайы оңалту және инклюзивті білім беру орталығын жоқтығынан Арманның ата –анасы басқа қалаларға арнайы оңалту орталықтарына баруға мәжбір.» Осындай жағдайлардың ерекше баланың дамуына теріс әсер бермеуі үшін Ақтау қаласында арнайы білім беру орталықтары мен оңалту орның ашуға ұсыныс білдіру өте манызды болып табылады. Себебі бұл көрсеткіш жыл сайын өсуде және ерекше баланы тәрбиелеп отырған ата-аналардың қаржылық қиындықтармен қоса стресстік жағдайларға тап болуына алып келуі мүмкін.
Мақсаты
Ерекше қажеттілігі бар балалардың ата-аналарының әлеуметтік және психологиялық қиыншылықтарын анықтау және осы мәселелердің шешімін табуға арналған ұсыныстар, бағдарламалар әзірлеу.
Зерттеу жұмысының міндеттері
- Отбасыдағы психологиялық стресстің деңгейін, эмоционалдық жүктемені және отбасылық жағдайларды зерттеу.
- Ата-аналардың қандай әлеуметтік және психологиялық қолдау түрлеріне мұқтаж екенін және олардың қолжетімділігін зерттеу.
- Ерекше қажеттілігі бар балалардың ата-аналарының әлеуметтік және психологиялық қиыншылықтарынның қаншалықты жиі болатынын анықтау .
- Ата-аналар үшін психологиялық және педагогикалық қолдауды қамтамасыз ету мақсатында ұсыныстар мен бағдарламалар әзірлеу.
Гипотеза: Ата – аналардың психологиялық көмек, арнайы білім беру, әлеуметтік қолдау көрсету, ата – аналардың стресс деңгейін төмендету, ерекшелігі бар балардың әлеуметтік бейімділігін арттыру.
Объектісі пәні– Ақтау қаласындағы ерекше күтімді қажет ететін балалармен олардың ата-аналары.
Зерттеу әдістері :
Сауалнама; Сұхбат жүргізу; Фокус топ.
Бұл әдістер арқылы ата- аналардың психологиялық жағдайына әсер ететін әртүрлі мәселелер мен факторлардың таралуын бағалауға көмектеседі.
Сауалнама жүргізу арқылы Ақтау қаласында ерекше баланы тәрбиелеп отырған ата-аналарда ерекше күтімді қажет ететін баланы оңалтуда және баланың ерекшелінін қабылдауда болатын экономикалық және психологиялық стресстік жағдайлардың себептерін анықтай аламыз. Ерекше баласы бар ата-анадан жеке сұхбат ала отыра ата-ана баланың ерекшелігін қалай қабылдағаның және ерекше күтімді қажет ететін баланы оңалтуда ата-аналарға қандай көмектер қажет екенің анықтай аламыз. Ата-аналар арасында талқылау және тәжірибе алмасу үшін орта құру арқылы,ата аналардың стресттік жай күйін азайтамыз. Фокус-топтар жалпы тақырыптарды, мәселелер мен шешімдерді анықтауға мүмкіндік береді, сонымен қатар қатысушылардың бір бірін түсінуге және топта қолдауды қалыптастыруға ықпал етеміз.
Бұл әдістер ерекше қажеттіліктері бар балалардың ата-аналарының қиындықтары туралы толық түсінік алуға және осы топты қолдау үшін ұсыныстар жасауға көмектеседі.
Қазақстандағы ерекше балалардың статистикалық көрсеткіші
2023 жылы Қазақстанда 203 717 мыңнан астам баланың ерекше білім беру қажеттіліктері бар. Бұл елдегі балалардың жалпы санының 3% құрайды. Бұл балалар білім беру процесіне ерекше көзқарасты қажет етеді. Ерекше қажеттіліктері бар балалардың өсуімен бірге оларды әлеуметтендіру және бейімдеу қажеттілігі артады.
Қазақстанда барлық балалар физикалық, психикалық, интеллектуалдық және басқа да ерекшеліктеріне қарамастан жалпы білім беру жүйесіне енгізілген инклюзивті білім бар. Инклюзивті білім беру шеңберінде оқытудың сипаты мен қарқыны баланың қажеттіліктеріне бейімделеді. Мүгедек балалар үшін үйде оқыту, қашықтықтан оқыту, мамандандырылған мектептер және жалпы білім беретін мектептердегі түзету сыныптары сияқты оқытудың әртүрлі нұсқалары қолданылады.
Ата-аналар, ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеу барысында айтарлықтай күйзеліске тап болады. Мысалы, ақыл-ой кемістігі бар балалардың ата-аналарының күйзеліс деңгейі, көбінесе, баланың күрделі мінез-құлқы мен денсаулық жағдайына тікелей байланысты болады. Мұндай отбасыларда әлеуметтік және жүйелік қолдаудың жоқтығы ата-аналарға теріс әсер етіп, оларды психологиялық және қаржылық қиындықтарға душар етеді. Зерттеулер көрсеткендей, ерекше балалардың дамуы мен бейімделуі ата-аналарының жағдайына тікелей байланысты. Ерекше қажеттілігі бар баланы қоғамға бейімдеу, оның өмір сүру сапасын жақсарту ата-аналардың психологиялық жағдайын тұрақтандырумен тығыз байланысты [1].
Қытайдағы аутизм спектрі бұзылыстары бар балалардың ата-аналарына қатысты зерттеулерде де дәл осындай мәселелер анықталды. Ата-аналар өз балаларын күндізгі уақытта қамқорлық жасау үшін жұмыстан кетуге мәжбүр болады, бұл олардың отбасылық өмір сапасына кері әсер етеді. Қаржылық ауыртпалық пен психологиялық қысымның артуы ата-аналардың денсаулығына кері әсерін тигізеді. Бұл жерде әлеуметтік қолдаудың маңызды рөлі бар: ол ата-ананың өзін-өзі тиімді деп сезінуіне және бала тәрбиесінде сенімділікке жетуіне көмектеседі. Әлеуметтік қолдау, әсіресе қауымдастық ресурстары мен отбасылық желілер, ата-аналар мен балалардың жалпы әл-ауқатына айтарлықтай әсер етеді [2].
Ата-аналардың баланың ерекше қажеттіліктеріне бейімделу процесі де маңызды рөл атқарады. Ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеу кезінде ата-аналар түрлі психологиялық қиындықтарға тап болып, баланың диагнозына бейімделуге уақыт қажет етеді. Зерттеулер ата-аналардың осы бейімделу процесі кезінде көрсетілетін қолдаудың ата-ана мен баланың жұмыс істеуін жақсартуға үлкен әсер ететінін көрсетеді. Мұндай қолдаулар психологиялық және ақпараттық ресурстарды қамтиды, сонымен қатар ата-аналардың қоғаммен, психологтармен байланыс орнатуына ықпал етеді. Бұл балалардың дамуына және отбасылардың әл-ауқатын жақсартуға оң әсерін тигізеді [3].
Инклюзивті білім беру жүйесі ата-аналарға баланы мектепте оқыту барысында жаңа қиындықтар туғызады. Баланың білім алуын тиімді ұйымдастыру үшін ата-аналар мен мектептің өзара әрекеттесуі өте маңызды. Инклюзивті ортада ата-аналардың мектеппен белсенді байланысы ерекше маңызды рөл атқарады, өйткені бұл балалардың академиялық және әлеуметтік дамуын жақсартады. Зерттеулер көрсеткендей, отбасылар мен мектептер арасындағы ынтымақтастық тек білім беру процесін жақсартып қана қоймай, сонымен бірге ерекше балалардың жалпы әлеуметтенуіне ықпал етеді [4]. Қазіргі заманда отбасыларға көрсетілетін психологиялық-педагогикалық қолдау да айрықша мәнге ие. Әлеуметтік-мәдени өзгерістер отбасы құрылымы мен қарым-қатынастарға айтарлықтай әсер етеді. Бұл әсіресе ерекше қажеттілігі бар балалардың отбасыларына қатысты. Психологиялық-педагогикалық қолдау отбасыларға эмоционалдық тұрақтылықты сақтауға, қақтығыстарды шешуге және ата-аналардың тәрбие дағдыларын дамытуға көмектеседі. Бұл өз кезегінде ата-ана мен баланың арасындағы сенімді нығайтып, баланың үйлесімді дамуына ықпал етеді [5].
Ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардың өміріндегі қиындықтар мен күйзелістердің негізгі мәселелері қоғамда жиі көтеріліп келеді. М.Н. Федоровнаның «The concept of family stress and the coping paradigm in the study of families of “Special” children (literature review)» мақаласында ерекше балалардың отбасыларына тән стресс пен олардың отбасылық жүйесіне ықпал ететін факторлар қарастырылады. Ерекше баланы тәрбиелеу тұрақты психофизикалық және эмоционалды күйзеліспен, болашаққа деген алаңдаушылық пен күмәнмен бірге жүреді. Автор ерекше балаға деген үнемі қамқорлық ата-ананың психологиялық жағдайына кері әсерін тигізіп, отбасындағы қарым-қатынастарды бұзады дейді. Ерекше баласы бар отбасыларға психологиялық қолдау көрсету маңызды болып табылады, өйткені бұл олардың отбасы мүшелерінің эмоционалдық күйзелісін төмендетуге көмектеседі (Fedorovna, 2020).
Ерекше балаларды әлеуметтік-педагогикалық қолдау олардың қоғамға интеграциялануында маңызды рөл атқарады. А.Смолонскаяның «The essence of social and pedagogical support for special children» мақаласында әлеуметтік-педагогикалық қолдаудың мәні мен мақсаттары сипатталады. Автор бұл қызмет баланың өзін-өзі тануы мен өз құндылығын сезінуін дамытуға бағытталғандығын баса айтады. Қолдау жүйесі ерекше балаға оның жеке басына бағытталған көмек көрсетуге, сонымен қатар, оның әлеуметтенуі мен білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді (Смолонская, 2019).
Сонымен қатар, ерекше балаларды инклюзивті білім беру процесіне тарту барысында ата-аналардың дайындық мәселелері жиі кедергі келтіреді. И.Н. Симаеваның «Проблемы готовности к инклюзивному образованию родителей обучающихся» мақаласында ерекше балалардың ата-аналарының инклюзивті білім туралы жеткіліксіз хабардар болуы, теріс үміттердің қалыптасуы және тәжірибенің болмауы инклюзияның тиімділігін төмендететіндігі айтылған. Автордың пікірінше, бұл қиындықтарды шешу үшін ата-аналарды инклюзивті білім беру саласында көбірек ақпараттандыру мен тәжірибелік қолдау көрсету қажет (Симаева, 2021). Жалпы, ерекше балалардың білім алуында және қоғамда өз орнын табуында әлеуметтік қолдаудың барлық түрлері қажет. Мақалаларда келтірілген авторлардың зерттеулері бұл үрдістерді талдауға мүмкіндік беріп, ерекше балалардың отбасылары мен ата-аналарына арналған кешенді көмек көрсету қажеттілігін айқындайды.
Педагогикалық сүйемелдеу және қолдау жүйесін зерттеу қазіргі педагогикадағы маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Әсіресе, зардап шегетін балалар мен олардың ата-аналарына ерекше назар аудару қажет екені зерттеулерде нақты көрініс тапқан. Осы тұрғыда педагогикалық қолдау балаға, ал педагогикалық сүйемелдеу жоғары сынып оқушылары мен олардың ата-аналарына бағытталған процесс ретінде қарастырылады. Педагогикалық сүйемелдеу серіктестік және кеңес беру арқылы жүзеге асатын динамикалық процесс екені анық. Айрапетов, Газман, Крылова және Сластениннің зерттеулерінде педагогикалық сүйемелдеудің маңызы ерекше аталып өтеді. Авторлардың пайымдауынша, ата-ананың қабылдауы мен реакциясы бүкіл отбасына әсер етіп, әлеуметтену процесін қиындатуы мүмкін. Сондықтан педагогикалық сүйемелдеу тек балаларға ғана емес, ата-аналарға да бағытталуы тиіс.
Марлен Коэн мен Питер Герхардттың «Визуальная поддержка» еңбегінде АСБ (аутизм спектріндегі бұзылыстар) бар балаларға арналған визуалды қолдаудың тиімділігі қарастырылады. Авторлар балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, түрлі әдістерді ұсынады. Әсіресе визуалды әдістердің әмбебаптығы мен оның жас ерекшелігіне қарамастан тиімді екенін атап көрсеткен. Мысалы, 12 жасар балаға белгілі бір маршрутты суреттер арқылы үйрету визуалды қолдаудың тиімділігін дәлелдейді. Авторлар визуалды қолдауды кез келген жастағы балаларға қолдануға болатын әдіс ретінде көрсетеді.
Әлеуметтік-педагогикалық қолдаудың маңызы Литвиненконың еңбегінде терең зерттелген. Бұл қолдау балалардың әлеуметтенуіне, олардың бейімделуіне, білім алу мәселелерін шешуге бағытталған. Әлеуметтік-педагогикалық қолдау балаға көмектесуді ғана емес, сонымен бірге оның отбасына да көмек көрсетуді қамтиды. Литвиненко әлеуметтік педагогикалық қолдау көрсетудің үш негізгі саласын бөліп көрсетеді: балаларды қорғауға бағытталған шаралар, олардың әлеуметтенуіне көмектесетін әрекеттер және жеке мәселелерді шешуге арналған қолдау қызметтері.
Ата-аналардың эмоционалды күйіп қалуы мәселесі Бочаров пен Шишкованың зерттеулерінде талқыланады. Олар ата-аналардың эмоционалды сарқылуының балалармен қарым-қатынасқа қалай әсер ететінін көрсетеді. Эмоционалды күйіп қалу балалардың психикалық бұзылыстарына да тікелей байланысты. Бұл тұрғыда ата-аналарға психологиялық қолдау көрсету қажеттілігі өте өзекті. Л. А. Базалева өз зерттеулерінде ата-аналардың психологиялық күйзелістері олардың балаларына теріс әсер етуі мүмкін екенін атап өтеді. Ата-аналар өз мәселелерін шешпеген сайын олардың баламен қарым-қатынасы бұзылады, бұл балалардың дамуына кері әсерін тигізуі мүмкін.
Қорыта келгенде, педагогикалық сүйемелдеу мен қолдау жүйесі балаларға ғана емес, олардың ата-аналарына да бағытталуы тиіс. Баланың дұрыс дамуы мен әлеуметтенуі ата-аналардың психологиялық жағдайына байланысты. Сол себепті педагогтар мен психологтар ата-аналарды эмоционалды күйзелістен қорғау үшін де жұмыс жүргізуі қажет.
Сауалнама
Мақсаты: Ақтау қаласында ерекше баланы тәрбиелеп отырған ата-аналарда ерекше күтімді қажет ететін баланы оңалтуда және баланың ерекшелінін қабылдауда болатын экономикалық және психологиялық стресстік жағдайлардың себептерін анықтай аламыз.
(Сурет 1.) Сауалнамада ерекше күтімді қажет ететін балаларды тәрбиелеп отырған 114 ата-ана қатысқан болатын. Бірінші сұрақта ата-аналардың 45.6% әйел адамдар яғни ерекше бала тәрбиелеп отырған аналар және 52.6% ер адамдар яғни ерекше бала тәрбиелеп отырған әкелер екенің анықтадық.
(Сурет 2.) Екінші сұрақта сауалнамаға қатысқан 113 ата ананың жас ерекшілігі 33.6% отыз жасқа дейінгі 20.4% қырық жасқа дейінгі ал 8% елу жасқа дейінгі 38.1% жиырма бес жасқа дейінгі ата-аналар екенің анықтадық. Бұл статистика бізге сауалнамаға қатысушылардың жас құрылымының жас екенін көрсетеді. Жиырма бес жасқа дейінгі ата-аналар үлесінің жоғары болуы қазіргі қоғамдағы жастардың белсенді қатысуын және өз балаларының тәрбиесіне деген жауапкершілігін арттыруда үлкен рөл атқаратынын білдіреді. Сонымен қатар, отыз және қырық жасқа дейінгі ата-аналардың қатысу үлесі де елеулі. Бұл көрсеткіштерден, бәлкім, қазіргі уақытта отбасылық өмірге деген көзқарас пен қаржы мүмкіндіктері көпшіліктің жасы ұлғайған сайын өзгереді деген пікірге келуге болады. Елу жасқа дейінгі ата-аналардың үлесі салыстырмалы түрде аз болғанымен ерекше баласы бар осы жастағы ата-аналар арнайы сауалнамаға жиі қатысатының білдіреді.
(Сурет 3.) Үшінші сұрақта сауалнамаға қатысқан 113 ата-ананың 38.1% бір жастан үш жасқа дейнгі 23.9% төрт жастан бес жасқа дейінгі ал 25.7% алты жастан сегіз жасқа дейінгі 12.4% сегіз жастан он жасқа дейінгі ерекше баланы тәрбиелеп отырғаның анықтадық. Осы сауалнама сұрағы арқылы ата-аналардың балаларын тәрбиелеуде түрлі жас кезеңдерінде кездесетін ерекшеліктер мен қиындықтар жөнінде маңызды мәліметтер алуға болады. Әр жас тобына сәйкес тәрбиелеу әдістері мен тәсілдерін қолдану, балалардың дамуына оң әсер ете алады.
(Сурет 4.) Төртінші сұрақта ерекше күтімді қажет ететін балалардың жыныс бойынша бөлінісін көрсетеді. Ер балалардың үлесі 66.7% құрап, қыз балалардың үлесі 33.3% екенін анықтадық. Бұл көрсеткіштер гендерлік айырмашылықтар мен баланың дамуына қатысты мүмкін болатын ерекшеліктерді айқындайды. Ер балалардың көбірек болу себебі, кейбір зерттеулерге сәйкес, ер балаларда дамуында қиындықтар туындайтын жағдайлар жиі кездесетінін көрсетеді. Сонымен қатар, бұл сауалнама арқылы ерекше балаларға арналған бағдарламаларды жасау және дамыту кезінде, олардың қажеттіліктерін ескере отырып, гендерлік аспектілерді елеусіз қалдырмау қажеттілігін көрсетеді. Ер балалар мен қыз балалардың дамуы әртүрлі болғандықтан, арнайы қолдау мен тәрбиелеу тәсілдері де сәйкес болуы керек деп есептейміз.
(Сурет 5.) Бесінші сұрақта сауалнамаға қатысқан ерекше баласы бар ата-аналардың отбасында қанша баласы бар екеніне талдау жүргіздік 113 ата-ананың 15.9% бір бала, 12.2% екі бала , 22.1% үш бала , 28.3% төрт бала 12.3% бес бала, ал 6.2% алты бала тәрбиелеп отырғаның анықтадық. Бұл көрсеткіштер ерекше баланы тәрбиелеу отбасында басқа балалардың болуы, олардың жасы мен жағдайы, сондай-ақ ата-ананың тұрмыстық және психологиялық жағдайына қалай әсер ететінін зерттеу үшін маңызды. Ең көп таралған отбасылық құрылым — төрт баласы бар отбасылар (28.3%). Бұл көрсеткіш ерекше баланы тәрбиелеп отырған ата-аналардың отбасы санының көптігін көрсетеді. Сондықтан мемлекет пен қоғам тарапынан ерекше баласы бар отбасыларға көрсетілетін қолдауды арттыру және арнайы бағдарламалар жасау өте маңызды.
(Сурет 6.) Алтыншы сұрақта ерекше бала тәрбиеп отырған ата-аналардың балаға қандай ресурстар мен методикаларды пайдалы деп санайтынына талдау жүргізіп 112 ата – ананың 34.8% ойын методикасын ал 13.4% мобидьдік қосымшаларды, 31.3% отбасылық іс-шараларды ал 20.5% білім беру плотформаларын қолдайтының анықтадық. Бұл мәліметтер ерекше баланы тәрбиелеуде ата-аналардың қолданатын әдістерінің алуан түрлі екенін көрсетеді. Осы сұрақта Ойын методикасы мен отбасылық іс-шаралардың көпшіліктің қолдауына ие болуы балалардың эмоционалдық және әлеуметтік дамуына көбірек көңіл бөлінетінін көрсетеді. Сонымен қатар, мобильдік қосымшалар мен білім беру платформаларының қолданылуы ерекше балаларға цифрлық ресурстар арқылы білім мен дамуға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Осыған орай, ерекше баласы бар отбасыларға арналған арнайы бағдарламаларды дамыту және қолдауды күшейту маңызды рөлге ие.
(Сурет 7.) Жетінші сұрақта ерекше бала тәрбиелеп отырған ата-ананың балаларын қандай қосымшаға жиі апаратынына талдау жүргізіп 112 ата – ананың 50.9 % спорттық үйірмелерге , ал 20.5 % лфк емдік қосымшаларына 27.7 % дефектолог маманына жиі баратының анықтадық. ерекше баланы тәрбиелеп отырған ата-аналардың балаларының дамуына түрлі бағыттар бойынша назар аударғанын көрсетеді. Спорттық үйірмелерге бару балалардың физикалық және әлеуметтік дамуына, ЛФК емдік қосымшалары денсаулықтарын жақсартуға, ал дефектолог маманының көмегі балалардың тілдік және когнитивтік дамуына көмектеседі. Осы үш бағыттағы қосымшалар ерекше баланың жан-жақты дамуы үшін маңызды болып табылатының анықтадық. Ата-аналар бұл ресурстарды қолданып, балаларының дамуына тиімді әсер ету үшін әртүрлі әдістерді үйлестіре отырып жұмыс істей алады.
Начало формы
Конец формы
(Сурет 8.) Сегізінші сұрақта ерекше бала тәрбиелеп отырған ата-аналардың қоғам мен отбасының қолдауын бірден бес шкаласына дейін бағалауында 113 ата-ананың 23.9 % бірлік ал 14.2 % екілік , 32.7% үштік 16.8% төрттік, ал 12.4 % бестік шкаламен бағалайтының анықтадық. Ерекше баланы тәрбиелеп отырған ата-аналардың қоғам мен отбасының қолдауына қатысты бағалаулары әртүрлі болып шықты. Көптеген ата-аналар қолдаудың жеткіліксіз немесе орташа деңгейде екенін сезінсе, бір бөлігі ең жоғары қолдау мен көмек алатындықтарын көрсеткен. Бұл нәтижелер қоғамда ерекше балаларға арналған көмек көрсету мен қолдау жүйелерін жетілдіру қажеттілігін көрсетеді. Әлеуметтік ұйымдар, мектептер, денсаулық сақтау мекемелері мен отбасы тарапынан тұрақты, жүйелі және қамқор қолдау қамтамасыз етілуі ерекше баланы тәрбиелеп отырған ата-аналардың өмір сапасын айтарлықтай жақсартар еді деп есептейміз.
(Сурет 9.) Тоғызыншы сұрақта ерекше бала тәрбиелеп отырған ата- аналардың 65.5% жиі психологиялық қақтығысқа ұшырайтының ал 34.5% психологиялық қақтығыстар болмайтының жазған, ата-аналар баланың ерекшелігіне байланысты психологиялық қақтығыстарға жиі тап болатының анықтадық. ерекше баласы бар ата-аналар арасында психологиялық қақтығыстар жиі кездесетінін және олардың осы қиындықтарға қалай төтеп беріп жатқаны туралы көп мәліметтер алынды. Ата-аналар баласының ерекше қажеттіліктеріне байланысты психологиялық және эмоциялық қиындықтарды бастан кешіреді, бірақ олар өздерінің ішкі ресурстарын таба отырып, осы қиындықтарды жеңуге тырысады. Ерекше баланы тәрбиелеп отырған отбасыларға психологиялық көмек пен арнайы консультациялар өте қажет екенін көрсетеді.
(Сурет 10.) Оныншы сұрақта АСБ бар баланы тәрбиелеп отырған ата-аналардың әлеуметтік қолдауды жақсартуда 113 ата-ананың 26.5 % ата-аналармен әлеуметтік орта құруды ал 38.9 % психологиялық іс шараларды, 12.4 % отбасылық сайыстарды ал 13.3 % онлайн қолдау шараларын ал 8.8 % мемлекеттік қолдауларды жақсартуды ұсынатының анықтадық. Зерттеу нәтижелері ерекше баласы бар ата-аналардың әлеуметтік қолдауды жақсарту бойынша түрлі ұсыныстарын көрсетеді. Ата-аналар бір-бірімен байланыс орнатуға, психологиялық қолдау алуға, отбасылық іс-шараларға қатысуға, онлайн қолдау шараларын пайдалану мен мемлекеттік қолдауларды күшейтуге мүдделі. Бұл ұсыныстар ата-аналардың өмір сапасын жақсартуға және оларды әлеуметтік қолдаудың тиімді жүйесімен қамтамасыз етуге бағытталған. Осы бағыттар бойынша жүйелі жұмыстар жүргізу ерекше баласы бар отбасыларға жақсырақ қолдау көрсету үшін маңызды болып табылатынын анықтадық.
(Сурет 11.) Он бірінші сұрақта ерекше балаларға отбасының көзқарасын яғни қолдауына талдау жүргізіп отбасы мүшелерінің 59.3% жақсы көзқараста, ал 9.7 % ерекше баланы жақтыртпайтының , ал 12.4% ерекше балаға көп ұрсатының , 19.5% ерекше баланы бөлектейтінің ал 29.2% қамқорлық көрсететінің 19.5 % жақсы көретінің анықтадық. Бұл көрсеткіштер ерекше баласы бар отбасылардың ішіндегі қарым-қатынастардың әртүрлі деңгейін және осы балаларға деген ата-аналар мен отбасы мүшелерінің көзқарастарын ашып көрсетеді. ерекше балаларға қатысты отбасы мүшелерінің көзқарастары мен қолдауының әртүрлі екенін көрсетеді. Отбасының жақсы көзқарасы мен қамқорлығы балалардың дамуына жағымды әсер еткенмен, кейбір жағдайларда отбасы мүшелері баланың ерекшеліктеріне түсіністікпен қарамай, оны бөлектеу немесе ұрысу сияқты қиындықтарды бастан кешіруде. Бұл зертту арқылы ерекше балалар мен олардың отбасылары үшін қоғамда түсіністік пен қолдау көрсетуді арттыру қажет екенін анықтадық.
(Сурет 12.) Он екінші ерекше балаларды мемлекеттік қолдауын жақсарту үшін ата аналардың 25.4% әлеуметтік жәрдемақыны көбейтуді ал 22.1% арнайы орталықтар ашуды , 17.7 % инклюзивті білімді дамытуды , ал 14.2% әлеуметтік іс-шараларды көп ұйымдастыруды 10.6% қоғамда ерекше бала туралы ақпараттандыруды күшейту керек деп санайды. Бұл ұсыныстар ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардың қолдау көрсету қажеттіліктерін көрсетеді және осы бағыттағы мемлекеттік шараларды жетілдіру қажеттілігін айқындайды. Ерекше балаларды мемлекеттік қолдауын жақсарту үшін ата-аналар әлеуметтік жәрдемақыны көбейту, арнайы орталықтар ашу, инклюзивті білімді дамыту, әлеуметтік іс-шараларды көбейту және қоғамды ақпараттандыру шараларын күшейтуді талап етеді. Бұл ұсыныстар ерекше баласы бар отбасылардың өмір сапасын жақсартуға және олардың қоғамда тең құқықты азаматтар ретінде орын алуы үшін қажет.
Сауалнама бойынша қорытынды. Қорытындылай келе, сауалнама нәтижелері ерекше баласы бар ата-аналардың өмір сүру жағдайлары мен олардың қажеттіліктерін жан-жақты зерттеуге мүмкіндік берді. Сауалнамаға ерекше бала тәрбиелеп отырған 113 ата-ана қатысты. Ерекше баласы бар отбасылар көбінесе эмоционалдық және әлеуметтік қиындықтармен кездесіп, ерекше балалардың дамуына қажетті қолдау мен ресурстарды іздейді. Сауалнамаға қатысқан ата-аналардың пікірі мен ұсыныстары осы жағдайды айқындап көрсетеді. Ерекше балаларды тәрбиелеу процесінде ата-аналар психологиялық, қаржылық және әлеуметтік қолдауды қажет ететіні анықталды. Қаржылық көмек пен әлеуметтік жәрдемақыларды көбейту ерекше баласы бар отбасылардың өмір сүру деңгейін жақсартуға септігін тигізері сөзсіз. Бұл отбасылардың күнделікті тұрмысында кездесетін қиындықтарды жеңуге мүмкіндік беретін негізгі факторлардың бірі болып табылады. Сонымен қатар, арнайы орталықтар ашу және инклюзивті білім беру мүмкіндіктерін кеңейту балалардың білім алуын және қоғамға бейімделуін жеңілдетеді. Мұндай шаралар балалардың әлеуметтену процесін жеделдетіп, оларды қоғамның толыққанды мүшесі етуге мүмкіндік береді. Психологиялық көмек көрсету мен әлеуметтік іс-шараларды көбейту ата-аналардың өз балаларына деген көзқарасын оңалтуға және психологиялық жайлылықты қамтамасыз етуге көмектеседі. Ерекше балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар көбінесе жалғыздық пен қиындықтармен бетпе-бет келетіндіктен, олар үшін психологиялық қолдау өте маңызды. Әлеуметтік іс-шаралар мен ортақ қауымдастық құру олардың күйзелістерін жеңілдетіп, өз балаларына деген сенімдерін арттырады. Сонымен қатар, қоғамда ерекше балалардың құқықтары мен қажеттіліктері туралы ақпараттандыруды күшейту, әлеуметтік қабылдауды арттыру өте маңызды. Ерекше балаларға қатысты пікірлер мен көзқарастарды қалыптастыру, қоғамның санасында оларға деген дұрыс көзқарасты қалыптастыру – бұл мемлекет пен қоғамның міндеті. Әлеуметтік интеграция, инклюзивті білім мен кәсіби қолдау ерекше баласы бар отбасылардың өмір сапасын жақсартады, олардың қоғамда өз орнын табуына көмектеседі. Осы ұсыныстарды жүзеге асыру арқылы мемлекет ерекше баласы бар отбасыларға қажетті қолдауды көрсете отырып, олардың өмір сүру сапасын жақсарта алады және қоғамдағы теңдік пен инклюзияны қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, қоғамның барлық мүшелерін инклюзивті көзқарасқа тәрбиелеу арқылы біз әр адамның қадірін түсініп, оларды қоғамның белсенді мүшесіне айналдыруға үлес қосамыз. Сауалнама нәтижелері ерекше баласы бар отбасылардың күнделікті өмірде кездесетін түрлі қиындықтарын айқындап, олардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қоғам мен мемлекет тарапынан қосымша қолдау көрсету керектігін көрсетті. Бұл көмек ата-аналардың психологиялық және қаржылық жағдайын жақсарту, сондай-ақ балалардың дамуына және олардың қоғамға интеграциялануына мүмкіндік береді. Мұндай кешенді қолдау мемлекет пен қоғамның барлық деңгейінде іске асырылуы тиіст осылайша біз инклюзивті қоғам құра аламыз деп есептейміз.
№1 Сұхбат
Реймбаева Сайра (сұхбат алушы Нархоз университетінің, Әлеуметтік жұмыс мамандығының студентті)
– Сәлеметсіз бе
– Сәлеметсің бе (Ақтау қаласының тұрғыны Айгул Шакирқызы 5 жасар АСБ бар қызы бар.
– Айгул Шакирқызы сұхбат беруге келіскеніңізге рахмет, ал енді батайық. Өзіңіз және балаңыз туралы қысқаша айтып бере аласызба ?
– Менің есімім Айнур , Ақтау қаласында тұрамыз жасым сегізде алтыда, отбасы құрғаныма жеті жыл болды. Сезім есімді 5 жасар аутизммен ауратын қызым бар. Сезім алғашқы баламыз уйдің еркесі, әкесін қатты жақсы көреді.
– Танысқаныма қуаныштымын, қызыңыздың аты ерекше екен.
Сіз балаңыздың диогнозын қалай білдіңіз?
– Әкесі екеуміз Сезімді екі жыл күттік, алғашқы сәби болғандықтан майымдап, өз сезімдерімізді ұстай алмадық. Алғаш дүниеге келген уақытта сондай сезімтал, сүйкімді болды. Қызымызды ауру деп ойламадық. Жасы екіге толғаннан киін, ойыншықтармен ойнауында оғаштықтар байқадым, бірақ қатты мән бермедік, отбасы мүшелеріміз неге сөйлемейді дейтін, біз бірге ойнайытын кішкентай бала жоқ, жалғыз өзі ерке деп мән бермедік. Екі жарым жасында, мен жұмысқа шығуым қажет болып, Сезімді балабақшаға бердім, барлығы содан басталды. Тәрбиешісі үш- төрт күнен кейін соғып балаңызды алып кетіңіз , арнайы индивидуальный бала бақшаға алып баруымды , жіне басқа балалармен араласпайтынын айтты. Қызымды психотерапивке алып барып, өмірімде естімеген аутизм диогнозын қойды.
– Балаңызбен бір күнде неше сағат жұмыс жүргізесіз?
– Сезімнің арнайы күндік жоспары бар, дефектолока барады , және жүзуге барады. Үйде болған уақытта кемінде бір сағат берге ойнаймыз, бірге серуендейміз, маған уй істеріне көмектеседі.
– Керемет, балаңыздың күнін жоспарлағаныңыз ең дұрыс шешім.
Балаңызға диогноз қойылғаннан кейін, күйеуіңізбен ара қатынаста өзгерістер болдыма?
– Әрине , алғашқы уақытта мен қабылдай алмай, күйзеліске түсіп кеттім бұндай аутизмды өмірімде естіп көрген емеспін, үш ұйықтасамда менің балам ауру болып туылады деп ойламадым. Жолдасым мені әрқашан қолдап, көмегін аяғын емес. Махаббаты одан сайын артып, көп жұмыс жасап, баланың қажеттіліктерін өтеуді қолға алды. Күйім арқашан балаларын ойлап жүреді, біздің ең жақсы өмірді сүргенімізді қалайды, мені қолдап тыңдауға тырысады.
– Жолдасыңыз бала тәрбиесінде сізді қаншалықты қолдайды?
– Күйеуім қолынан келгенін істейді, бірақ кейде жұмыс басты болғандықтан қиын болады. Ол ұзақ уақыт жұмыс істейді және оған Сезімнің қажеттіліктерінің қарқындылығын толық түсіну қиын. Ол практикалық тапсырмаларды орындауға тырысады, бірақ кейде ол нәрселерге қалай қарау керектігін түсінбейді, бұл көңілсіз болуы мүмкін. Күйеуім ақпарат алғысы келеді және ол аутизм туралы көбірек біле бастады, бірақ бұл оған үйрену қиынға соқты. Біз Сезімнің жақсырақ сөйлесу үшін жұмыс істеп жатырмыз, мен онымен шыдамдылық танытуға тырысамын .
– Әрине күйуіңіздің қызығушылық танытып, ізденіс білдіргені тамаша, ірине ең алдымен ата- ананың қолдауы, жұмыс жасауы балаға қажет.
Сіз АСБ бар балалардың ата- аналарына арналған қолдау топтарына қатысасызба ?
– Кешіріңіз бірақ ондай топтарды естіген жоқпын. Сезім арнайы орталықтарға бармайтын болғандықтан , ата аналармен сөйлесіп көрмедім.
– Ондай орталықтар көптеген өңірлерде жоқ болуы мүкін.
Сезімнің қандай ерекшеліктері, басқа алалардан қарағанда күшті жақтары бар?
-Сезім нақты тапсырмаларға немесе қызығушылықтарға қарқынды түрде назар аударудың керемет қабілетіне ие. Әрқашан ауызша сөйлей алмаса да, ол күрделі идеяларды немесе қажеттіліктерді жеткізу үшін көрнекі құралдар мен басқа коммуникация әдістерін пайдаланады. Сезім өте байқағыш және өзінше шығармашылық биге жақын. Әлеуметтік өзара әрекеттесу кейде қиын болуы мүмкін, бірақ ол өз қиялын өнер немесе ерекше ойын түрлері арқылы көрсетеді .
– Бұндай мінез құлықтар АСБ бар балаларда жиі кездеседі, әр қашан қызыңыздың шығармашылығына уақыт тауып қолдаңыз.
Айгул ханым өз тәжірибеңізден басқа ата аналарға қандай кеңестер ұсына аласыз ?
– Сезім туралы тәжірибеме сүйене отырып, менің ең күшті кеңесім, ерте диагностика және араласу өте маңызды. Терапия мен қолдауды неғұрлым ерте бастасаңыз, нәтиже соғұрлым жақсы болады. Балаңыздың мүддесін қорғаудан және оларға қажет қызметтерді итермелеуден қорықпаңыз. Қоғамнан көмек күту қиын болуы мүмкін, бірақ табандылық пен сабырлылық маңызды екен . Сондай-ақ, аутизмді түсінетін және кешенді жоспар құру үшін бірге жұмыс істей алатын мамандардан тұратын жақсы топты табыңыз – терапевт, педиатр, мүмкін білім беру маманы, дефектолог. Көмекке мұқтаж болу үшін өзіңізді кінәлі сезінбеңіз; қажет кезде сұраңыз. Сіздің әл-ауқатыңыз балаңызға қолдау көрсету үшін өте маңызды.
– Дұрыс айтасыз кез келген адам, көмеке мұқтаж оны жасырмай айта білгенде ғана бір шешімі болады. Сұхбатыңызға, ашылып айтқаныңызға көп рахмет, қызыңыздың үлкен азаматша , ақылды қыз болары сөзсіз, ешқашан сынбаңыз.
Қорытындылай келе Айгүл Шакирқызы аутизмді ерте диагностикалаудың маңыздылығына тоқталды. Терапия неғұрлым ерте басталса, баланың дамуының болжамы соғұрлым жақсы болады.
Отбасы өз аймағында ақпарат пен қолдаудың жоқтығынан әлеуметтік оқшаулануды бастан өткерді. Айгүлдің күйеуі отбасын асырауда маңызды рөл атқарады, бірақ оның жұмысы көп уақытты қажет етеді және оған АСБ бар баланы тәрбиелеу ерекшеліктеріне толықтай енуге мүмкіндік бермейді. Сезімде басқалардан шоғырлану, бақылау және шығармашылық сияқты ерекше таланттар мен қабілеттер бар.
Айгүл ата-аналарға көмек сұраудан қорықпауға және баласымен жұмыс жасайтын мамандар тобын құруға кеңес береді.
№ 2 Сұхбат
- Сәлеметсіз бе? Есімім Сұлтанова Жаннұр, бүгін сұхбат беруге келіскеніңізге рахмет!
- Өзіңізді таныстырып өтсеңіз.
Салеметсің бе! Есімім Перизат, сұхбат беруге, өз ойыммен бөлісуге дайынмын.
- Әрі қарай сұхбатымызды сұрақтармен жалғастырсақ. Өзіңіз жайлы отбасыңыз туралы қысқаша айта өтсеңіз?
Жолдасым екеуміз 2020 жылы отау құрдық. Қазір отбасымызда тәрбиелеп отырған 1 баламыз бар.
- Сіз балаңыздың диагнозын қалай білдіңіз?
Жасы 2 ге жақындап қалған кезінен байқадық. Атын атап шақырған сайын реакция білдірмейтін, басқа балалармен қосылып ойнамайды, тек бір орында отыра беретін. Уақыт өте келе уайымдай бастадым, үйге келген адамдарда айта бастағаннан тексерістен өткізе бастадым. Басында шыны керек құлағы естімейтін шығар деп ойладым, себебі сөйлеп шақырғанға мән беріп қарамайтын болғандықтан. Дәрігер психотерапевтке апарыңыз деген ұсыныс білдірді ойланбастан тез арада қабылдауына жазылдым. Дәрігер тексерістен өткізіп аутизм спектрі деген диагнозын қойып берді. Шыны керек басында түсінбедім, қабылдай алмадым, ішімде өте қызық сезім болды. Үйдегілерге айтуға қорықтым неге екенін білмим.
- Диагнозды білгеннен кейін әрі қарайғы қадамдарыңыз қалай болды?
Құрбыларымнан, әлеуметтік желілерден ақпарат іздестіре бастадым. Баламның болашағы үшін одан әрі қатты уайымдап бастадым. Арнайы орталықтар бар екенін көрдім, әрі қарай жақсы нәтижелермен көзге түскен орталықтардың тізімін құрап жақсы деген орталыққа баламды апаруға шешім қабылдадым.
- Балаңызбен 1 күнде неше сағат жұмыс жүргізесіз?
Орталықта мамандардан көргенімді күнде баламмен ойын ойнап қайталаймын. Нақты мынанша сағат жұмыс жасаймын деп айта алмаймын, себебі, ойын арасы қайталап көрсетіп сұрап тұрамын.
- Балаңызға диагноз қойылғаннан кейін, күйеуіңізбен ара – қатынаста өзгерістер болды ма?
Шыны керек басында іштей күмән болғанын жасырмая қояйын, баламызды одан әрі жақсы көрмей қалама деп ойладым, іштей көптеген сұрақтар болды. Бірақ бекерге күмәнданыппын. Күйеуіммен ара – қатынасымыз жақындаса түсті. Жұмыстан келгеннен кейін баламызбен бірге ойнауды ол жалғастырады.
- Жолдасыңыз бала тәрбиесінде сізді қаншалықты қолдайдайды?
Бала тәрбиесінде 50/50 күйеуімде, менде барынша бала тәрбиесіне қатысуға тырысамыз. Баламыздың болашағы зор екеніне үлкен үмітпен қараймыз.
- Сіз АСБ бар балалардың ата – аналарына арналған қолдау топтарын білесіз бе және сондай топтарға қатысасыз ба?
Шыны керек осы күнге дейін ондай топ туралы мүлде естішен емеспін. Тек орталықтағы ата – аналарды білемін, ара – тұра сол кісілермен әңгімелесіп қаламыз, бірақ, қолдау топтары дегенді мүлде естімеппін.
- Егер ондай топтар болса қатысар ма едіңіз?
Әрине, ондай топтар ата – аналарға үлкен қолдау болады деп ойлаймын. Сол себепті қуана қуана қатысар едім.
- Сіздің балаңыздың күшті жақтары мен әлсіз тұстары қандай деп ойлайсыз?
Менің балам өте мейірімді, балам үшін қатты қорқамын өзін – өзі қорғай алмайды. Баламның білімге қатты құштар екенін байқаймын кітапты ашып алып бетіне қарап отыратыны бар.
- Өз тәжірибеңізден басқа ата – аналарға қандай кеңестер бересіз?
Баламды тек бір ғана орталықпен шектемеймін, ЛФК мамандарына, дефектолог маманына апарамын. Басқа ата – аналарға да осыны ұсынар едім. Балаға көп жаңа дүниелерді біліп, дағдыға айналдыру үшін көптеген үйірмелерге қатыстыру керек деп ойлаймын. Ата – ана тек балаға көп көңіл бөліп өздерін ұмытпау керек деп санаймын, бөлек уақыт өткізе білу де өте маңызды, солай ішкі күйіңізді де бір балансты сақтай алады, көп стресске түсе бермиді. Үйде теледидардан пайдасыз мультфилмге қарағанда барынша пайдалы каналдарды қосып баламның сөйлеу дағдысын қалыптастыруға өзіндік үлесі болса деймін, басқаларға да соны ұсынар едім.
Қорытынды.
Қорытындылай келе айтарымыз жалпы зерттеу барысында ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналардың психологиялық, әлеуметтік және экономикалық қиындықтар жан-жақты қарастырған болатынбыз. Бұл мәселелер тек жеке ата-аналарды ғана емес, сондай-ақ қоғам мен мемлекет тарапынан да жүйелі қолдауды қажет етеді. Зерттеудің нәтижелері ерекше күтімді қажет ететін балалардың ата-аналарына психологиялық және әлеуметтік қолдауды қамтамасыз ету мақсатында арнайы бағдарламалар мен ұсыныстар әзірлеу қажеттілігін көрсетеді. Әсіресе зерттеудегі сұхбаттар мен сауалнама нәтижелері ерекше баласы бар ата-аналар психологиялық көмекке, қаржылық қолдауға, сондай-ақ әлеуметтік қолдау шараларына мұқтаж екенің айқындады. Ерекше күтімді қажет ететін балалары бар 113 ата-анадан алған сауалнамамызда мемлекет пен қоғам тарапынан ерекше балалар мен олардың отбасыларына кешенді қолдау көрсету қажет екенің білдік. Себебі мұндай қолдау ата-аналардың психологиялық және қаржылық жағдайын жақсартып, балалардың дамуына және қоғамға интеграциялануына көмектесе алады. Арнайы алынған сұхбаттардада ерекше балалардың әсіресе АСБ бар балалардың ата-аналарына арнайы тренингтер мен психологиялық және диагностикалық қолдау шаралары қажет екенің білдік. Сол үшін елімізде ерекше балалары бар ата – аналарға арналған қолдау шараларын көбейту қажет деп санаймыз. Сол үшін ерекше баласы бар ата-аналарға психологиялық қолдау, құқықтық көмек, қаржылық жәрдемақыларды арттыру, инклюзивті білім беру жүйесін дамыту, ерте диагностика мен медициналық көмек көрсету, әлеуметтік интеграция және қоғаммен байланыс орнату, ата-аналарды арнайы курстардан өткізіп жұмыспен қамту секілді қолдау шараларын ұйымдастырып сондай-ақ ерекше бала туралы қоғамдық ақпараттандыру мен насихаттауды арттыру қажет деп санаймыз. Себебі мемлекет пен қоғамның ерекше баласы бар отбасыларға барынша қолдау көрсетуі, олардың әлеуметтік жағдайын жақсартуда үлкен үлес қоса алады. Сонымен қатар, қоғамды инклюзивті көзқарасқа тәрбиелеу, ерекше балалардың қоғамға толыққанды бейімделуін жеңілдетіп, олардың құқықтары мен мүмкіндіктерін қорғауға мүмкіндік береді деп санаймыз.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- Staunton, E., Kehoe, C., & Sharkey, L. (2023). Families under pressure: Stress and quality of life in parents of children with an intellectual disability. Irish journal of psychological medicine, 40(2), 192-199.
- Feng, Y., Zhou, X., Qin, X., Cai, G., Lin, Y., Pang, Y., … & Zhang, L. (2022). Parental self-efficacy and family quality of life in parents of children with autism spectrum disorder in China: The possible mediating role of social support. Journal of Pediatric Nursing, 63, 159-167.
- Barnett, D., Clements, M., Kaplan-Estrin, M., & Fialka, J. (2003). Building new dreams: Supporting parents’ adaptation to their child with special needs. Infants & Young Children, 16(3), 184-200.
- Кенжебекова, Е. М., & Кабдырова, А. А. (2022). ВЗАИМОДЕЙСТВИЕ СЕМЬИ И ШКОЛЫ В УСЛОВИЯХ ИНКЛЮЗИВНОГО ОБРАЗОВАНИЯ. Вестник Северо-Казахстанского Университета им. М. Козыбаева, (1 (53)), 40-52.
- Обухова Н.Б. Педагогическая поддержка родителей, имеющих детей с ограниченными возможностями здоровья // Психолого-педагогическое сопровождение семьи в реалиях современного социокультурного пространства: Материалы Международной научно-практической конференции / Урал. гос. пед. ун-т. – Екатеринбург, 2012. С.171–174.
- «The concept of family stress and the coping paradigm in the study of families of “Special” children (literature review)» 2020 author – M.N.Fedorovna.
- «The essence of social and pedagogical support for special children»2019 author – Смолонская Анна.
- «Проблемы готовности к инклюзивному образованию родителей обучающихся» 2021 автор-Симаева Ирина Николаевна.
- «Actual problems of rehabilitation (adaptation) of persons with disabilities and children with disabilities»2020 author – Виктория Анатольевна.
- «СОВРЕМЕННЫЕ ПОДХОДЫ К СОЦИАЛЬНО-ПЕДАГОГИЧЕСКОЙ АБИЛИТАЦИИ И РЕАБИЛИТАЦИИ ДЕТЕЙ С НАРУШЕНИЕМ ОПОРНО-ДВИГАТЕЛЬНОГО АППАРАТА В УСЛОВИЯХ ДОШКОЛЬНОГО ОБРАЗОВАТЕЛЬНОГО УЧРЕЖДЕНИЯ КОМПЕНСИРУЮЩЕГО ВИДА» 2022 автор- Жаринова Е.Е.
- «Предпосылки и нормативно-правовые основы инклюзивного образования в республике Казахстана» 2019 автор- Бейсембаева Д.Д.
- ПЕДАГОГИКАЛЫҚ СҮЙЕМЕЛДЕУ ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ШАРТЫ РЕТІНДЕ ЗАРДАП ШЕГЕТІН БАЛАЛАРДЫҢ АТА-АНАЛАРЫМЕН АУТИЗМ, ЖОБА ҚАТЫСУШЫЛАРЫ “ШЕКАРАСЫЗ ӨНЕР” О. А. БАКИЕВА, г. м. КРИНИЦЫНА “Тюмень мемлекеттік университетіндегі” ФГАОУ Психология және педагогика институты, Тюмень қ. 12.10.2016
- Марлен Коэн, Питер Герхардт « Визуальная поддержка» Система действенных методов для развития навыков самостоятельности у детей с аутизмом. 2023г
- СТРУКТУРА И СОДЕРЖАНИЕ СОЦИАЛЬНО-ПЕДАГОГИЧЕСКОЙ ПОДДЕРЖКИ КАК СОСТАВНОЙ ЧАСТИ ПСИХОЛОГОПЕДАГОГИЧЕСКОГО СОПРОВОЖДЕНИЯ ПРОЦЕССА СОЦИАЛИЗАЦИИ УЧАЩИХСЯ В.В. Литвиненко, Департамент по защите прав детей Северо-Казахстанской области
- Анализ методики «уровень эмоционального выгорания родственников» (В. В. Бочаров, а. М. Шишкова)
Өте керемет жазылған мақала авторларға зерттеу жұмысын жүргізіп мақала жазғаны үшін көп рахмет
Керемет,еңбегінің жемісін көр
Өте тамаша.Еңбектеріңнің жемісін көріңдер.