Дін саласындағы құқықтық сауаттылық

Бекбергенова Аружан, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, дінтану мамандығының 3-курс студенті

Жетекші:Кантарбаева Жанна

https://www.kaznu.kz/

Бұл мақалада Қазақстандағы дін саласындағы құқықтық сауаттылықтың қоғамға және мемлекетке оң және теріс әсері туралы қарастырылады. Қазақстан Республикасының Конституциясының 2011 жылғы « Діни қызмет және діни бірлестіктер» заңына сәйке елімізді зайырлы мемлекет ретінде көрсетіп, діни сенім және сенім бостандығын, сонымен қатар діни сенімнен толықтай бастарта алу құқығын қамтамасыз етеді. Құқықтық сауаттылық – кез келген адамның қоғамдағы құқықтарын, міндеттерін және заңдарды білуі мен түсінуі болып табылады. Бұл түсінік дін саласында да ерекше маңызға ие. Дін саласындағы құқықтық сауаттылық азаматтардың діни сенім бостандығын дұрыс пайдалануына, діни ұйымдар мен мемлекет арасындағы қарым-қатынастарды түсінуіне, сондай-ақ діни экстремизм мен радикализмнің алдын алуға көмектеседі. Осы мақалада дін саласындағы құқықтық сауаттылықтың мәні, маңызы және оның қоғамдағы рөлі туралы айтатын боламыз.

Дін саласындағы құқықтық сауаттылықтың негізгі мәні азаматтардың діни құқықтары мен бостандықтарын білуін және оларды дұрыс пайдалануды білдіреді. Бұл діни сенім бостандығы, діни ұйымдар құру және олардың қызметін жүзеге асыру сонымен қатар діни рәсімдер мен мерекелерді өткізу құқықтарын қамтиды. Құқықтық сауаттылық адамдарға өздерінің діни сенімдерін еркін білдіруге, діни ұйымдар мен мемлекет арасындағы қарым-қатынастарды түсінуге және діни экстремизмге қарсы тұруға мүмкіндік береді. Қазақстан зайырлы және көп ұлтты мемл мемлекет болғандықтан әр адамның ар-ождан бостандығы, сонымен қатар әр ұлттың өз дінін ұстануға жәнеде діни рәсімдерін өткізуге құқылы. Осы діни сауаттылықтың болмауынан көптеген адамдардың теріс ағымдардың жетегіне еріп кетуі, сонымен қатар экстремизм және терроризмдік актлердің болуына акелып соғады. Терроризм, экстремизм тек Қазақстанда ғана емес, шет мемлекеттерде де өзекті мәселелердің бірі. Қазіргі діни жағдайға қарап, қарапайым адамдардың өміріндегі діни сауаттылықтың болуы, дамуы қандай маңызды екенін түсінеміз. Әр адам өз құқығын және дінін қаншалықты жақсы білсе, соншалықты діни тұрақтылық болады деп санаймын.

Дін саласындағы құқықтық сауаттылықтың маңызы

1. Діни сенім бостандығының қамтамасыз етілуі:Әрбір адам өзінің діни сенімін еркін білдіру құқығына ие. Құқықтық сауаттылық осы құқықты қорғауға және сақтауға көмектеседі. Адамдар өздерінің діни құқықтарын білу арқылы заңсыз қысым мен дискриминациядан қорғана алады.

2. Діни ұйымдар мен мемлекет арасындағы қарым-қатынастар: Құқықтық сауаттылық діни ұйымдардың құқықтары мен міндеттерін, сондай-ақ олардың мемлекетпен өзара іс-қимыл қағидаттарын түсінуге көмектеседі. Бұл діни ұйымдардың заң шеңберінде қызмет етуіне және олардың мемлекетпен үйлесімді қарым-қатынас орнатуына ықпал етеді.

3. Экстремизм мен радикализмнің алдын алу: Дін саласындағы құқықтық сауаттылық діни экстремизм мен радикализмнің алдын алу үшін маңызды. Адамдар өз құқықтарын білу және түсіну арқылы заңсыз әрекеттерге тартылмауға, сондай-ақ қоғамда бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға ықпал етеді.

4. Қоғамдық келісім мен тұрақтылық: Дін саласындағы құқықтық сауаттылық қоғамда діни негіздегі түсініспеушіліктер мен қақтығыстардың алдын алуға көмектеседі. Адамдар өз құқықтары мен міндеттерін білу арқылы өзара сыйластық пен түсіністікке қол жеткізеді, бұл қоғамда тұрақтылық пен келісімді қамтамасыз етеді.

Қорыта айтқанда, дін саласындағы құқықтық сауаттылық әрбір азамат үшін маңызды. Ол діни сенім бостандығын қамтамасыз етуге, діни ұйымдар мен мемлекет арасындағы қарым-қатынастарды түсінуге, экстремизм мен радикализмнің алдын алуға және қоғамда тұрақтылық пен келісімді сақтауға көмектеседі. Сондықтан дін саласындағы құқықтық сауаттылықты арттыру және оны насихаттау әрбір қоғамның дамуы үшін маңызды міндет болып табылады.

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *