Қазақстандағы 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы

Бөлім Қазақстандағы 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы
Педагогтың Т.А.Ә. (болған жағдайда) Жамантаев Максат Калжанович
Күні  
Сынып Қатысушылар саны: 24 Қатыспағандар саны:0
Сабақ тақырыбы Қазақстандағы 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы: себептері, барысы мен салдары
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары 9.3.1.5 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының тарихи маңыздылығына баға беру;

9.3.1.4 әміршіл-әкімшіл саясатқа қарсы халық наразылықтарын салыстырып, талдау

Сабақтың мақсаты: Сабақ мақсаты:                                                                                                                а)Білім-біліктілік:                                                                                                  Оқушыларды  ғылыммен шұғылдануға  баулу  1986жылғы желтоқсан ұлт-азаттық қозғалысына байланысты мектеп оқулығындағы кейбір ғылыми қортындылардың ақиқат ауылынан алшақ екендігін ғылыми негізде дәлелдей отырып,осы қателіктерді түзететін тың,  әрі шынайы-объективті ғылыми тұжырымдар ұсыну. Тақырыпқа байланысты  биліктің, қоғамның және ғылымның көзқарасына                                 3 бағытта тең ғылыми анализ жасай отырып тарихи ақиқатты қалыптастыру.                                                                                б)Дамытушылық:                                                                                                           Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу методологиясын , дағдыларын , әдіс- тәсілдерін меңгеру.                                                                                                  Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында қолданылатын саяси мәдениетті, регламетті меңгеру.                                                           Тақырыпқа байланысты сан қырлы пікірлерді сараптай отырып, ақиқатты ажырата білу дағдыларын қалыптастыру.                                                                                Шешендік қабілетті ұштау.                                                                                                       Құнды тарихи құжаттармен шығармашылықпен жұмыс жасау қабілеттерін  қалыптастыру.                                                                                                                                   в)Тәрбиелілік.Құқықтық-саяси және отансүйгіштік тәрбие беру.                     Сабақтың түрі: Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы.
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/уақыт Педагогтың әрекеті Оқушының әрекеті Бағалау Ресурстар
I.  Ұйымдастыру кезеңі а)сәлемдесу  б)түгелдеу  в)сабақ тақырыбын жариялау а)сәлемдесу   Компьютер, Bilimland электронды журналы
II.Мұғалім кіріспесі: а)сабақтың мақсатын және түр ерекшелігін  қысқаша сипаттап өтеді.                         б)сабақтың маңыздылығы мен өзектілігіне қысқаша тоқталады. Сабақтағы орындайтын ролдеріне дайындық ісіне кіріседі    
III. Негізгі бөлім. Қазақсан Республикасыны Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы  форматында әнұранмен ашылады. Мұғалім: «Сәлеметсіздер ме, аса құрметті Қазақстан Республикасыны Парламенті Мәжілісінің депутаттары! Қазақстан Республикасыны Парламенті Мәжілісінің кезектен тыс 23-жалпы отырысына Мәжілістің 107 депутатының 105-і қатысып отыр, екі депутатымыз іссапарға шығуына байланысты жалпы отырысымызға қатыса алмай отыр. Енді жалпы отырысты ашу мәселесін дауысқа салуға рұқсат етіңіздер ,құрметті  депутаттар,алдыңыздағы батырмаларды басу арқылы осы мәселе арқылы дауыс берулеріңізді өтінемін.                                                       Мониторға назар аударуыңызды өтінемін, көріп отырғандарыңыздай, қатысып отырған 105 депутатымыздың барлығы 100% Қазақстан Республикасы Парламенті Мәәжілісінің кезектен тыс 23 жалпы отырысын ашуды жақтап дауыс беріп отыр.Қарсы-қалыс қалғандар жоқ.Қазақстан Республикасы Парламентті Мәжілісінің кезектен тыс 23-жалпы отырысын ашық деп жариялаймын!                                                   Монитордан көріп отырғандарыңыздай жалпы отырыстың күн тәртібіне 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына ұлт-азаттық қозғалыс деген ресми саяси статус беру туралы заң жобасын талқылау мәселесі қойылып отыр.Күн тәртібіндегі мәселе бюро отырысында алдын-ала қаралып бекітілген. Құрметті депутаттар күн тәртібіндегі мәселені бекітуге байланысты дауыс берулеріңізді өтінемін.Дауыс беру  нәтижесін білу үшін интерактивті тақтаға назар аударуларыңызды өтінемін .Көріп отырғандарыңыздай, қатысып отырған 105 депутат түгел күн тәртібіндегі  мәселені бекітуді жақтап дауыс беріп отыр,қарсы,қалыс қалушылар жоқ. Демек күн тәртібіндегі мәселе  бекітілді. Аталмыш заң жобасының авторлары Парламент Мәжілісінің  депутаттары  Көмек Дінмұхамед (оқушы) пен Үсен Алтынай (оқушы)  болып  табылады.Ендігі кезекте регламентке сай жоба авторлары болып табылатын осы депутаттарға сөз беруге рұқсат етіңіздер.Мінберге  заң жобасы авторларының  бірі, Парламент мәжілісінің  депутаты Көмек Дінмұхамедті (оқушы) шақырамын»

 

 

 

Дауыс беру үрдісіне қатысады Парламент мәжілісінің депутаттары роліндегі оқушылардың саяси-құқықтық мәдениеті мен білім білік дағдыларына бағалау жүргізеді саяси-құқықтық мәдениеті бағалау өлшемшарттары
  IV. Заң жобасының                    I оқылымы  

 

1-спикерге сөз береді, сондай ақ оның келтірген аргументтері мен фактілерін арнайы өлшемшарттармен бағамдайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Заң жобасына бастамашы депутаттық топтың екінші мүшесі депутат Үсен Алтынайға сөз беріледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мұғалім: «Желтоқсанның “оқиға” емес, “Ұлт-азатық қозғалыс” екендігін ғылыми түрде дәлелдеп беру үшін мінберге Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясына қарсы Шоқан Уалиханов атындағы тарих, археология және этнография институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Сапарбек Сырымды (оқушы )шақырамыз. Құрметті профессор мәжіліс регламентіне сай сөйлеу қажеттігін  ескертемін»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мұғалім: «Құрметті депутаттар баяндамашыға қояр сауалдарыңыз бар ма?»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мұғалім: «Құрметті профессор,сізге алғыс айта отырып, орныңызға жайғасуыңызды өтінемін»

 

 

Мұғалім: «Келесі кезекте мінберге желтоқсан қозғалысын зерттеп жүрген тарих ғылымдарының докторы, профессор Өскенбай Досжанды (оқушы) шақырамын. Құрметті ғалым,мәжіліс регламентіне сай сөйлеуіңізді ескеремін»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мұғалім: «Ғылыми баяндамаңызға рахмет,құрметті професссор,орныңызға жайғасуыңызды өтінемін»

 

Мұғалім: «Келесі кезекте мінберге тарих ғылымдарының кандидаты,Қазақстанның қазіргі заман тарихын зерттеудің хас маманы Тағайбек Жанельді  шақырамын.Құрметті ғалым,мәжіліс регламентіне сай сөйлеуіңізді ескертемін»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мұғалім: «Құрметті профессор , рахмет сізге,орныңызға жайғасуыңызды өтінемін»

 

 

 

Мұғалім: «Құрметті депутаттар,келесі кезекте жарыссөз бөліміне өтеміз,күн тәртібіндегі заң жобасына байланысты ұсыныстарыңыз немесе пікірлеріңіз болса қысқа-нұсқа жеткізуге мүмкіндік беріледі»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мұғалім: «Құрметті депутаттар осы ұсынысты дәл қазір дауысқа саламын.Ғаламтор қызметі пайдаланылсын дегендеріңіз алдарыңыздағы батырмаларыңызды басуларыңызды өтінемін Құрметті депутаттар дауыс беру нәтижесіне назар аударыңыздар,(интерактивті тақтада дауыс беру нәтижесі көрсетіледі) жалпы отырысқа қатысып отырған 105 депутаттың барлығы бір ауыздан ұсынысты жақтап дауыс берді.Олай болса дәл қазір ғаламтор қызметі пайдаланылсын.

Құрметті депутаттар күн тәртібіндегі заң жобасына байланысты ұсыныстарыңыз бар ма?»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мұғалім: «Құрметті депутаттар пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңызға рақмет.Сонымен күн тәртібіндегі заң жобасына байланысты депутаттарымыздың тарапынан төрт ұсыныс келіп түсті.Осы ұсыныстармен танысу үшін интерактивті тақтаға назар аударуларыңызды өтінемін(Ұсыныстар интерактивті тақтада көрсетіледі) Ендігі кезекте осы ұсыныстарды қабылдауға байланысты дауыс берулеріңізді өтінемін.Дауыс беру нәтижесімен танысу үшін интерактивті тақтаға назар аударыңыздар.Жалпы отырысқа қатысып отырған 105 депутаттың 93-і ұсыныстар қабылдансын деп дауыс берсе,10 депутат қарсы шықты,ал 2 депутат қалыс қалды.Демек айқын басымдықпен ұсыныстар қабылданды.Осы ұсыныстарға сәйкес заң жобасын қабылдау ертеңгі екінші оқылымға қалдырылады және ол отырысымызға ұсыныстарда айтылған мемлекеттік лауазым иелері түсінік беру үшін шақырылатын болады.Осымен заң жобасының бірінші оқылымы аяқталды деп жариялаймын!»

 

 

 

Депутат Көмек Дінмұхаммед (оқушы):

«Аса қадірменді депутат мырзалар мен ханымдар,мына алдыңызда тұрған Көмек Дінмұхаммед  сонау 1986 жылдың желтоқсан айының 17-18 жұлдызды күндері Брежнев алаңына шығып,кеңестік әкімшіл-әміршілжүйеден ұлттың азаттығын талап еткен өрендерінің алдыңғы саппарына болып,осынау трагедияға толығымен куә болған жан. Сондықтанда егер түсіне білсеңіздер,мен үшін осы заң жобасына бастамашы болудың өзі өте ауыр жайт.                                                                                          Құрметті Парламент Мәжілісінің депутаттары! Аталмыш заң жобасын әзерлеу үшін жасалуы тиіс барлық рәсімдер атқарылған . Атап айтқанда заң жобасын әзерлеу үшін Қазақстан Республикасы Парламентті мәжілісінің   Білім,Ғылым, және Мәдениет Комитетінің жанынан арнайы топ құрылды,ол топтың құрамына бастамашы депутаттардан өзге желтоқсан тарихын зерттеп жүрген ірі отандық тарихшы ғалымдар,заңгерлер, саясатшылар тартылып,екі жарым айлық жұмыс нәтижесінде аталған заң жобасын жасап шықты.   Енді заң жобасын мәтінніне, көздеген мақсаттары мен мән-маңызына қысқаша тоқталып өтуге рұқсат етіңіздер.                                                                             “1986 жылғы желтоқсан оқиғаларына ұлтазаттық қозғалыс деген саяси статус беру туралы“Қазақстан Республикасының заңы.                                                             I бөлім.Осы заңда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар.  Статус-латын сөзі қысқаша тікелей аударғанда “жағдай” деген мағына береді.Мемлекеттің немесе адамның кез-келген жүйедегі құқықтық жағдайы  позициясы. Желтоқсан оқиғалары-Кеңестік әкімшіл-әміршіл саяси жүйенің отаршылдық саясатына қарсы   1986 жылғы  желтоқсан айының 17-25 жұлдыздығы аралығындағы  Қазақ КСР-нің сол кездегі  астанасы Алматы қаласы мен республиканың барлық  дерлік ірі қалаларында  өрістеген жастардың қарсылық шерулеріне сол кезде беріліп, қазірге дейін қолданып келе  жатқан атау.  Ұлт-азаттық қозғалыс-метрополиядан (отарлаушы мемлекет) оның құрамындағы мемлекеттің азаттығын алуға бағытталған бұқаралық бас көтеру.                                                                                                                                                 II бөлім. 1986 жылғы желтоқсан оқиғаларына ұлт-азаттық қозғалыс деген статус беру туралы Қазақстан Республикасының заңының қолданылу аялары мен тәртібі.                                                                                                                  I бап.Кеңес үкіметінің солақай саясатына қарсы 1986 жылғы желтоқсан айының 19-25 жұлдызы аралығында Қазақ КСР-ның бүкіл аумағын дерлік қамтыған бұқаралық бас көтерілуді “желтоқсан оқиғалары” деген сөз тіркесімен атауға тыйым салынады.                                                                               II бап.Аталған бас көтеруге желтоқсан ұлт-азаттық қозғалысы деген атау

қолданылсын.                                                                                                                          III бап. Осы заң Бұқаралық Ақпарат Құралдарының (БАҚ) кез-келген түрінде аталмыш шерулерді ұлт-азаттық қозғалыс атаумен атауды міндеттейді.

IV бап.Осы заң ғылым әлемінде,ғылыми көпшілік әдебиеттерде,мектеп оқушылары мен ғылыми-әдістемелік мерзімді басылымдарда желтоқсан шерулерін сипаттау үшін ұлт-азаттық қозғалыс деген атауды қолдануды талап етеді.                                                                                                                                                        V бап.Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын әрбір азамат көпшілік алдында жасайтын баяндамасында, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын мақалаларында,жеке ғылыми зерттеу еңбектеріне және тағы басқа кез-келген жағдайда ұлт-азаттық қозғалыс деген атаумен атайды.                                                                                                                 III бөлім.1986 жылғы желтоқсан оқиғаларына ұлт-азаттық козғалыс деген саяси статус беру туралы Қазақстан Республикасының заңы кеңшілік жасайтын жағдайлар.                                                                                                                I бап.Осы заң күшіне енгенге дейін Бұқаралық Ақпарат Құралдарының  кез келген түрінде 1986 жылғы “желтоқсан оқиғасы” деп атағаны үшін сол Бұқаралық Ақпарат Құралы мен авторы жауапкершілікке тартылмайды.

ІІ бап.Осы заң күшіне енгенге дейін ғылыми әдебиеттерде,мектеп оқушыларында, ғылыми-әдістемелік мерзімді басылымдарда желтоқсан шерулерін “желтоқсан оқиғасы”  деп атаған авторлар осы заңды бұзған болып есептелмейді.                                                                                                                     ІІІ бап.Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын азамат, Қазақстан Республикасының териториясында жүрген сәтінде осынау тарихи оқиғаны Желтоқсан ұлт-азаттық қозғалысы деп атауға міндетті.                           ІV бап.Қазақстан республикасының азаматы болып табылмайтын азамат, Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерде 1986 жылғы желтоқсан ұлт-азаттық қозғалысын “желтоқсан оқиғасы” деп атаған жағдайда осы заң нормаларын бұзған болып есептелмейді»

 

Депутат Үсен Алтынай(оқушы):  «Аса қадірменді депутат ханымдар мен мырзалар!Мен алдымен1986 жылғы желтоқсан қозғалысына байланысты қоғамда қалыптасын отырған кереғар пікірлерге тоқталуды жөн көріп отырмын.Осы уақытқа дейін 1986 жылғы желтоқсан қозғалысы билік тарапынан өзі әділ саяси бағасын ала-алмай келеді.Үкімет өкілдері тарапынан жасалатын  ресми баяндамаларда,бұқаралық ақпарат құралдарында,ғылыми көпшілік әдебиетте,мерзімде баспасөзде бұл құбылыс  «желтоқсан оқиғасы» сөз тіркесімен аталып келеді.Тіпті мына мектеп оқулығындағы  желтоқсанға арналған параграфта да бастан-аяқ “желтоқсан оқиғасы” деген сөз тіркесінен көз сүренеді.1986 жылдың ызғарлы желтоқсанында  мемлекетіміздің тәуелсіздігі ұлтымыздың  жарқын болашағы үшін жанын жалдап,өзін құрбан еткен қыршын жастарымыздың ерлікке толы қаһармандық іс-әрекеттерін “оқиға” деп атау арқылы жас ұрпаққа қалай ғана патриоттық тәрбие бермекпіз?Яғни мұндағы біздің теріске шығарғымыз келетіні-“оқиға” деген сөз.”Желтоқсан оқиғасы”деген сөз тіркесі осынау құбылыстардың тарихи мән-маңызын, бағасын көпе-көрнеу  төмендетіп келеді.Желтоқсан қазірде көпшілік тарапынан айтылып жүргендей ”оқиға” емес,ол- ұлт-азаттық қозғалыс.Мұны біздің ірі тарихшы ғалымдарымыз дәлелдеуде.Бірақ қоғамның желтоқсанды ұлт-азаттық қозғалыс ретінде қабылдауы үшін оған билік тарапынан ”ұлт-азаттық қозғалыс” деген ресми саяси статус берілуі тиіс.Өкінішке орай бүгінгі Қазақстан билігі желтоқсанға осындай саяси статус беру жөніндегі халықтың сұранысын жауапсыз қалдыруда. Бір ғана факті айтып өтсем, Желтоқсанды зерттеу үшін 1990 жылы сол кездегі  Қазақ КСР Жоғары Кеңесі Президиумының жанынан құрылған комиссияның жетекшісі,желтоқсан жайлы тарихи ақиқатты қалыптастыруға үлкен еңбек сіңірген белгілі ақын Мұхтар Шаханов 2005 жылғы желтоқсанға арнап Халықаралық деңгейдегі конференция ұйымдастырып,оның қорытындысында қатысушы ғалымдар желтоқсанның тек Қазақстандық емес,халықаралық деңгейдегі тарихи маңызын атап көрсете отырып, оған саяси статус беру жөнінде үндеу жариялаған болатын .

Бүгінгі биліктің желтоқсанға байланысты мұндай түсініксіз ұстанымы қоғамдық пікірді сан-саққа жүгіртуде. Осындай кереғар пікірлер қалыптаспауы үшін желтоқсанға әділ саяси статус берілу қажет емес пе?   Әрине мына отырған біздер қазір желтоқсанға ұлт-азаттық қозғалыс деген саяси статус беру туралы заң жобасын қабылдауымыз үшін , желтоқсанның қазіргі кезде айтылып жүргендей “оқиға”емес, “ұлт-азатық қозғалыс” екендігі тарих ғылымында дәлелдеуі тиіс. Сондықтан да біз осы заң жобасын жасау үшін құрылған топтың құрамына желтоқсанның “оқиға” емес, “ұлт-азатық қозғалыс” екендігін дәлелдеп жүрген тарихшы ғалымдарымызды тартқан болатынбыз. Ендігі кезекте сол ғалымдарымыз сіздерге желтоқсанның ұлт-азаттық қозғалыс екендігін ғылыми түрде дәлелдеп берсін»                                                                                                                               Тарихшы ғалым Сапарбек Сырым (оқушы ):  «Қазақ тарихында біздің ата-бабаларымыз халқымызға құлдық бұғауын кигізген Ресей империясына  қарсы жалпы саны 300-ге жуық ұлт-азаттық көтеріліс жасаған екен.Мен 1986 жылғы желтоқсан айының 17-18 жұлдызы күндері қазақ жастары жасаған әрекеттің қазір айтылып жүргендей “оқиға” емес “ұлт-азаттық қозғалыс” екендігін манағы айтқан  300-ге жуық ұлт-азаттық қозғалыспен салыстыра отырып дәлелдеймін. Сонау XVIII ғасырда өмір сүрген, ұлт-азаттық қозғалыстар тарихын зерттеудің методологиясын жасап кеткен ғалымдар  қалыптастырып кеткен қағидаттар бойынша халықтың отаршылдыққа қарсы баскөтеруін ұлт-азаттық көтеріліс деп қарастыру үшін ол мынадай аспектілерге сәйкес келу керек (монитордан көрсетеді)                                    1)Баскөтеру шағын локальды бір аумақпен шектелмей,мемлекетің едәуір ауқымды территориясын қамтуы қажет.                                                                                                                                                           2)Баскөтерген халық бұқарасы ұлттың саяси азаттығын талап етуі қажет.                                                                                                                                                        3)Баскөтерген бұқараның ұлттық  құрамында жергілікті ұлт өкілдерінің үлесі жоғары болуы тиіс.                                                                                                                        Қазақ тарихындағы манағы мен айтқан 300-ге жуық ұлт-азаттық көтерілістің барлығында да осы аталған 3 тенденция айрықша байқалады.                          Сондықтанда біз оларды ұлт-азаттық деп қарастырамыз. Ал енді 1986 жылғы желтоқсандағы жастардың әрекетінде де осы аталған 3 тенденция айқын байқалады.Мен желтоқсан қозғалысы  мен тарихымыздағы көрнекті ұлт-азаттық қозғалыстарды мына «1-ші тенденция бойынша салыстырып берейін.Қазақ тарихындағы ең көрнекті ұлт-азаттық қозғалыстарының бәрі ұлан-ғайыр қазақ жерінің көлемді аумақтарын қамтып, халықтың көптеп тартылуы  жағдайында өткен. Мәселен 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс пен 1837-1847 жылдар аралығында болған К.Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс бүкіл Қазақстанды қамтыса, 1783-1797 жылдар аралығында болған Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліске бүкіл Орта және Кіші жүз қазақтары қатысты. 1836-1938 жылдар аралығында болған И.Тайманұлы мен М.Өтемісов бастаған ұлт-азаттық көтеріліске батыс және оңтүстік-батыс Қазақстан халқы белсене қатысты.Осы арада желтоқсан тарихынан өте аз хабары бар жандар былайша ойлауы мүмкін:“Ау 1986 жылғы  желтоқсандағы жастардың ереуілі тек қана Алматы қаласының шегімен шектеледі ме? Олай болса бір қаланың аумағын қамтыған оқиғаны тұтас ұлттың азаттығын талап еткен  қозғалыс деп қалайша айта аламыз? Ендеше бұл шындығында да бір қалада болып өткен “оқиға” емес пе”,-деп ойлайды. Жоқ,құрметті депутат мырзалар мен ханымдар, осылай пайымдайтын отандастарымыз қатты қателеседі.Себебі мен осы қозғалыс тарихын жан-жақтан зерттей отырып, 1986 жылғы желтоқсандағы қозғалыстың бүкіл Қазақстан аумағын қамтығанын  анықтадым.1986 жылғы желтоқсанның 17-сі мен 20-сыншы жұлдыздары аралығында сол кездегі Қазақстанның  барлық облыстарында Алматыдағыдай  шерулер мен толқулар болып өткен. Енді менің осы сөзімді дәлелдейтін тарихи фактілеріме назар аударыңыздар.1986 жылғы 19-желтоқсанда Қарағанды қаласында, кешкі сағат 20:00-де Қарағандының орталық Гагарин алаңында студенттер жиыла бастады, олар Алматылық құрбыларының  шеруіне ынтымақтастықтық білдіреді.Қазақстандағы басшылықтың Конститутция бойынша қазақ халқына берілуін, билік басындағылардың тез арада өз еркімен кетуін талап етті.Милиция жиналғандарды күштеп қуып, 83 адамды тұтқындады. Оның 52-сі студент, 31-і жұмысшы, 35-і БЛКЖО мүшесі еді.                                                                      Шерулер бұл сияқты ірі қалалармен шектелмей тіпті саясатқа көп араласпайтын ауылдардыда қамтыған. Мәселен 19-желтоқсан күні   Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында орналасқан техникумның екі жүзге жуық оқушысы таңғы сағат 06:30-да ауыл көшесінде шеру ұйымдастырды. Партия және милиция қызметкерлерінің жанұшырған түсінік жұмыстарынан кейін олар райынан қайтып, жатаханаларына оралған. Дәл осы күні Жезқазған қаласында сағат таң ертеңгі 08:30-да үш жүзден аса студент партия Пленумының әділетсіз шешіміне наразылық білдіріп, Орталық алаңға бет алды.Тәртіп сақшылары 60 студент, оның ішінде 15 қызды қамтуға алды.                                                                                                                                 20 желтоқсан күні Талдықорған қаласында сағат күндізгі 10:30-да 200-дей студент орталық алаңға өтуге әрекеттенді. Алайда милиция алаңды тас бекітіп, 15 студентті қамауға алды.Оның төртеуі қыз бала.                                                19 желтоқсан күні таңғы 10:30-да Көкшетау қаласында да жүзден  аса шәкірт қаланың орталық Ленин алаңына жиналды. Бірақ милиция тарапынан шұғыл қоршауға алынып, екі арада өткізілген “әнгімеден” соң таратылды.    19 желтоқсан күні сағат түнгі 22:30-да Павлодар қаласында Есеп-экономика техникумының бір топ оқушысы жатақхана ауласына шығып, аз уақыттан соң мұғалімдерінің күшімен қайтарылды.                                                                                Осы күні сағат 22:00-де Талдықорған облысының Сарыөзек ауылының жүз қаралы жігіті әскерлер орналасқан қалашықа бет алып бара жатып, милицияның тосқауылына тап болды, төртеуі қамалып, қалғандары қашып құтылды.                                                                                                                                          20- желтоқсан күні сағат күндізгі 11:40-та Арқалық қаласында да Политехникумның жиырмаға жуық оқушысы Арқалықтың орталық алаңына митинг ұйымдастырып, үшеуі қамауға алынды.                                                                         20- желтоқсан күні сағат күндізгі 11:00-де Қарағанды қаласында студентер үлкен орталық алаңға шеруге шықты. Милиция    98 адамды тұтқындады.                                            Міне, құрметті депутат ханымдар мен мырзалар! Желтоқсан Қозғалысы көптеген адамдар ойлайтындай тек Алматы қаласымен шектелген “жәй бір оқиға” емес, бүкіл Қазақстанды қамтыған ұлт-азаттық қозғалыс. Манағы мен атаған қалалар мен ауылдардан өзге, Семей, Қызылорда,Шымкент,Өскемен,Лениногорск, Алға қалаларында да көптеген Қазақ жастары орталықтың өздеріне қарсы жіберілген әскери күштерімен бетпе-бет келеді.

Мен келтірген бұл тарихи фактілер біріншіден желтоқсан қозғалысының қазақ тарихындағы ең ірі ұлт-азаттық қозғалыстар секілді,атап айтқанда 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс, Кенесары Қасымұлы,Сырым  Датұлы  бастаған ұлт-азаттық қозғалыстар секілді Қазақстанның үлкен кең аумақтарын қамтығанын көрсетсе, екіншіден Қазір айтылып жүргендей Алматы аумағынан шектелген “жәй бір оқиға” емес,тарихи маңызы жағынан тұтас ұлтты ұйыстырған, бүкіл қазақ халқы үні айтқан, ұлт-азаттық қозғалыс екендігін дәлелдейді»                                                                                                          Депутат Разақ Шыңғыс (оқушы): «Құрметті профессор, сізге шынымды айтайын мен осы уақытқа дейін 1986 жылғы желтоқсандағы шерулер тек Алматы қаласында болған деп ойлайтын едім, ал сіз болсаңыз желтоқсан қозғалысының тек Алматымен шектелмегенін, сол кездегі Қазақстандағы барлық облыстарды  қамтығанын, тіпті әр облыстың қай алаңына, қай ауылында, сағат қаншада болғандығына дейін атап көрсеттіңіз. Сізге қояр сауалым, осы мәліметтерге қалай қол жеткіздіңіз?»                                          Ғалым Сапарбек Сырым (оқушы): «Мен мұны анықтау үшін ауыр да азапты, әрі ұзаққа созылған зерттеулер жүргізуіме тура келді.Атап айтқанда мен әр облыстың ішкі істер департаменттерінің виртуалды мұрағаттарына көптеген кедергілерімен кіріп,ондағы құжаттарды біртіндеп зерделеуіме  тура келді.Бір ғажабы құзырлы органдарының құжаты болғандықтан оларда шерулердің қай сағатта, қай минутта өткеніне дейін тәптіштелеп көрсетілген»

Тарихшы ғалым Өскенбай Досжан (оқушы): «Сәлеметсіздер ме құрметті депутаттар!Мен  желтоқсан қозғалысы мен тарихымыздағы өзге де ұлт-азаттық қозғалыстарды мына екінші тенденция бойынша салыстырып көрейін.Яғни бас көтерген халықтың әрекеті ұлт-азаттық қозғалыс болып есептелуі үшін онда ұлттың саяси азаттығы талап етілуі қажет.Осы арада біз тарихымыздағы ең ірі көтерілістердің Ресей империясына қойған талаптарының мазмұнына үңіліп көрейік.Қазақ тарихындағы  1837-1847 жылдар аралығында болған Кеңесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыстың,1836-1838 жылдар аралығында болған Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыстың ,1783-1797 жылдар аралығында Кіші және Орта жүздерді қамтыған Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің  XIX ғасырдың  I жартысында Сырдария мен Арал бойын қамтыған Есет және Жанқожа батырлар бастаған ұлт-азаттық  қозғалыстардың талаптары бір ақ мәселеге келіп саяды,тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтқанда ,бұл аталған көтерілістерде халық Ресей үкіметінен қазақ халқының саяси азаттығын талап еткендігі даусыз.Ал енді осы көтерілістердің талаптарын 1986 жылғы желтоқсандағы жастардың талаптарымен салыстырайық .1986 жылы  17 желтоқсан күні таңертең шеруге шығып ,алаңға келген жастардың қолдарына ұстаған транспорантты мен лозунгілерінде мынадай талап-тілектер жазылған еді: «Дербестік талап етеміз !» «Қазақстан қазақтардікі!» «Біз қазақ ежелден еркіндік аңсаған!» «Әрбір республикаға өз көсемі!”,“Қазақстан жасасын”, “Ешқандай да ұлтқа ешқандай да артықшылық болмасын”. Міне транспоранттарға жазылған бұл талаптар алаңдағы жастардың кеңестік әкімшіл-әміршіл жүйеден қазақ ұлтының саяси азаттығын талап еткендігінің жарқын дәлелі болып табылады.Демек тарихымыздағы манағы мен атаған ұлт-азаттық қозғалыстардың талаптарымен желтоқсаншылардың талаптары дәл сәйкес келеді.

Мына жағдайды айрықша ескеруіміз қажет.Кеңес үкіметінің солақай саясатына қарсы сол кезеңде желтоқсан көтерілісінен де өзге баскөтерулер болған.Мәселен желтоқсан көтерілісінен сәл бұрынырақ, 1958 жылғы Теміртаудағы шеруде,және желтоқсан қозғалысынан үш жыл өткеннен кейін яғни 1989 жылдың маусым айындағы Жаңаөзен қаласындағы қантөгіс шерулерде, 1989 жылғы шілде айындағы Қарағанды көмір бассейініндегі жұмысшылар бас көтерулерінде шерушілер еңбекақыны көбейтуді, жұмыс жағдайын жақсартуды,азық-түлік түрлерін молайтуды талап етті,яғни бір сөзбен айтқанда  “әлеуметтік мәні бар” талаптар қойды.Ал 1986 жылы желтоқсанда алаңға келген жастар мұндай әлеуметтік талаптар көтерген жоқ,олар басым түрде ұлттың саяси азаттығын талап етті.Желтоқсан қозғалысын сол кезеңге Теміртауда,Жаңаөзенде,Қарағандыда болған бас көтерулерден ерекше бөле жарып,ұлт-азаттық қозғалыс деп қарауымыз сондықтан»

Тарихшы ғалым  Тағайбек Жанель (оқушы) : «Армысыздар аса құрметті депутаттар!Мен желтоқсан қозғалысы мен ата тарихымыздағы ең көрнекті ұлт-азаттық қозғалыстарды мына үшінші тенденция арқылы салыстырып дәлелдеуді мақсат еттім.Яғни баскөтерген бұқараның әрекетін ұлт-азаттық қозғалыс деп тану үшін көтерісшілердің ұлттық құрамында жергілікті ұлт-өкілдерінің үлесі жоғары болуы тиіс.Мәселен тарихымыздағы ең көрнекті ұлт-азаттық қозғалыстардың ұлттық құрамына назар аударып көрелік.Ғалымдардың есебінше К.Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыстың құрамындағы көтерілісшілердің 99,1%-ы қазақтар болса ,С.Датұлы,И.Тайманұлы,М.Өтемісұлы бастаған қозғалыстардың ұлттық құрамы негізінен қазақтардан тұған екен .Дәл осы тенденция біз қарастырып отырған желтоқсан қозғалысында да айқын байқалады.

Енді сөзім дәлелді болу үшін нақты тарихи айғақтар келтірейін.Ол үшін мониторға назар аударуларыңызды өтінемін.Мұнда  1986 жылы желтоқсан көтерілісі кезінде құзырлы органдар тарапын Алматы қаласында ұсталған 633 адамның аты-жөні берілген.Осы ұсталған  633 адамның ұлтына назар аударсақ , оның 622-сі қазақ, 8-і орыс, 1-еуі кәріс, 2-еуі татар.Бұл цифрлардан қатысушылардың дені негізінен қазақтар екенін көруге болады.

Ендігі кезекте мына кестеге назар аударыңыздар.Мұнда 1986 жылы желтоқсан көтерілісі кезінде көтерісшілерге көрсетілген медициналық көмек туралы мәлімет келтірілген.Мұнда әрбір ауруханадғы жағдай жеке-жеке көрсетілген.Бізге қажеті олардың ұлттық құрамы болғандықтан бірден соған тоқталалық Медициналық көмек алғандардың 286-сы  қазақ, 2-еуі орыс, шешені- 1еу,1-түркімен, 1 –армян.Бұл тарихи цифрлардан да біз көтерілістің негізгі қатысушылары да және соған соған сәйкес негізгі зардап шегушілері де қазақтар екндігін көруімізге болады.Мына үшінші кестеден 1986 жылы Алматыдағы жаппай көтеріліс кезінде ауруханаға жатқызылғандардың тізімі берілген.Бізге қажеті олардың ұлттық құрамы болғандықтан бірден соған тоқталайын.Ауруханаға жатқызылған адамдардың жалпы саны 83 болса,соның 82-сі қазақ ,тек біреуі башқұрт.

Келесі кестеден 1986 жылғы желтоқсан көтерілісіне қатысқан коммунистік партия мүшелері мен мүшелікке кандидаттардың тізімін көре аласыздар.Ал олардың ұлттық құрамына үңілсек 100% қазақтар екендігін көреміз.

Американдық “Хельсинки” дейтін зерттеу тобы желтоқсан қозғалысын зерттей отырып госпитальдарға жатқызылған 369 адамның 367-сі қазақ екендігін атап көрсеткен.Қорытындылай келгенде мен келтірген бұл тарихи фактілер біріншіден қазақ тарихындағы көрнекті  ұлт-азаттық қозғалыстардың ұлттық құрамындағы секілді желтоқсан қозғалысының ұлттық құрамында да қазақ ұлтының өкілдері айрықша басым болғандығын көрсетеді.Екіншіден бұл жағдай тарих ғылымындағы азаттық қозғалыс болып есептелуі үшін ол көтерілістің ұлттық құрамында жергілікті халықтың үлесі басым болуы керек деген қағидаға дәл сай келеді.»

Депутат: Амангелді Бахыт (оқушы)

«Депутаттар Д.Көмек  пен А.Үсен  бастаған бастамашы топ ұлтымыз үшін ауадан да қажет заң жобасын ұсынып отыр.Желтоқсан ұлт-азаттық қозғалыс,ұлт-азаттық қозғалыс болғанда да Қазақ тарихындағы манағы сіздер айтып жатқан ұлт-азаттық қозғалыстардан артық болмаса кем болмайтын ұлт-азаттық қозғалыс.Мен неге бұлай деп тұрмын?Себебі желтоқсан кешегі кеңестік республикалар арасында тұңғыш рет азаттыққа талпынған,Қызыл империяның темір шеңгелін бұзуға алғаш рет ұмтылған қозғалыс.КСРО тарихында 1986 жылы желтоқсанға дейін ұлттың саяси азаттығын талап еткен осындай қозғалыс болмаған.1986 жылы желтоқсан шерулерінен кейін ғана осы желтоқсанның тікелей әсерімен,ықпалымен КСРО құрамындағы өзге де одақтас республикалар,атап айтқанда Балтық бойындағы және Кавказдағы одақтас республикаларда Мәскеуден азаттықты талап еткен бұлқыныстар дауылы жүріп өтті.Желтоқсан қозғалысының ең басты тарихи маңызы осы жерде,яғни ол КСРО құрамындағы республикаларда болып өткен,тәуелсіздікті талап еткен қозғалыстардың ең алғашқы қарлығашы болды.КСРО-ның ыдырауына және азаттықтың ақ таңының алаулап атуына даңғыл сүрлеу салды.Халық санасына демократия саңылауын түсірді.»

Депутат: Барат Камила (оқушы):

«Менің алдымда шыққан әріптесім желтоқсан КСРО құрамындағы республикаларда болып өткен азаттықты талап еткен қозғалыстардың алғашқы қарлығашы деп өте жақсы атап көрсетті.Ал енді сол желтоқсанның әсерімен Балтық бойы мен Кавказда болып өткен қозғалыстар сол өз елдерінің үкіметтері тарапынан қандай саяси баға алып отыр?Мен осы жайтқа тоқталуға ерекше қызығушылық танытып отырмын.

Балтық бойындағы бұрыңғы одақтас республикалар Қазақстандағы желтоқсан қозғалысы ықпалымен өз елдерінде болып өткен шерулерге әлде қашан ұлт-азаттық қозғалыс деген саяси статус беріп қойған.Мәселен өз елдерінде 1988-1989 жылдары болған қозғалыстарға  Латвия парламенті 1993 жылы,Литва президенті,1995 жылы,Эстония парламенті 1996 жылы ұлт-азаттық қозғалыс деген статус берді.Ал Кавказ елдері өз тәуелсіздіктерінің алғашқы жылдарында ақ біздің желтоқсан қозғалысының ықпалымен болып   өткен шерулеріне ұлт-азаттық қозғалыс деген саяси статус берді.Ал осы аталған елдердегі ұлт-азаттық қозғалыстарға тұңғыш қозғау салған , бастамашы болған Қазақстандағы 1986 жылғы желтоқсан  ұлт-азаттық қозғалысы әлі күнге дейін «оқиға» деп аталып жүр.Қазақстан билігі манағы айтқан Балтық бойындағы республикалардан осы жағынан әлі күнге дейін үлгі ала алмай келеді.»

Депутат: Тағайбек Мерей (оқушы): «Құрметті әріптестер меніңше заң жобасының шикі тұстары бар секілді .Атап айтқанда,біз асығыстыққа салынып отырмыз.Ең алдымен желтоқсанның ұлт-азаттық қозғалыс екендігі отандық тарих ғылымында толығымен дәлелденуі қажет емес пе?Меніңше соңғы уақытта Қазақстан тарихына байланысты шығып жатқан ірі академиялық, ұжымдық бірнеше томдық еңбектерде ,жеке авторлардың ғылыми-зерттеу еңбектерінде желтоқсанды «оқиға» деп жазып жатқанда біз қалай ғана оған «ұлт-азаттық қозғалыс» деген саяси статус береміз?Ең алдымен осындай том-том ғылыми еңбектерде желтоқсан ұлт-азаттық қозғалыс деп дәлелденуі ,солай жазылуы қажет емес пе? Тек сонан соң ғана біз биліктен саяси статус сұрауымыз қажет .Осында баяндама жасаған бір-екі ғалым айтты екен деп бұл заң жобасын қабылдай алмаймыз ғой»

Депутат: Жұмаберген Алмат(оқушы) : «Менің өзімнің алдымда шыққан әріптесіме сұрағым бар еді .Құрметті депутат Тағайбек Мерей  сіз соңғы уақытта шығып жатқан ірі ұжымдық ,академиялық еңбектерде желтоқсанның «оқиға» деп жазылып жатқандығын өз көзіңізбен көрдіңіз бе?»

Депутат Тағайбек Мерей: «Оны арнайы ізденіп,көзбен көрудің қандай қажеті бар?                                                                                           Желтоқсан қозғалысының ең соңғы ірі ғылыми еңбектерде «оқиға» деп аталып жатқандығы онсыз да жалпақ жұртқа мәлім емес пе?»

Депутат: Жұмаберген Алмат(оқушы) : «Егер мәселе шын мәнінде сіз айтқандай болса,шындығында желтоқсанға ұлт-азаттық қозғалыс деген саяси статус беру туралы мына заңды қабылдауға асықпағанымыз жөн.Себебі ол әуелі ғылымда дәлелденуі тиіс .Бірақ құрметті депутат Тағайбек Мерей оны өз көзімен көрген жоқпын деп тұрған жоқ па?   Сондықтан бұл жерде күмән туып тұр .Ал егер ірі ұжымдық ғылыми еңбектерде желтоқсан «ұлт-азаттық қозғалыс» деп жазылып жатса ше? Онда біздің бұл заң жобасын қабылдауға асыққанымыз дұрыс емес пе? Міне осы арада мен мынадай ұсыныс айтқым келеді Құрметті депутаттар желтоқсан қозғалысы қазіргі ірі ұжымдық еңбектерде  «оқиға» әлде «ұлт-азаттық қозғалыс» деп қарастырылып жатыр ма?                                                                                Бұл сауалға дәл қазір жауап таба алатын бір ғана жол –ол мына тұрған ғаламтор қызметіне жүгіну .Сондықтан дәл қазір ғаламторға кіруге ұсыныс жасаймын.»                                                                                                                                            Депутат: Жұмаберген Алмат (оқушы) : «Құрметті депутаттар, ғаламтор мәтініндегі мына жолдарға назар аударуларыңызды өтінемін . (оқып береді) Міне көріп отырсыздар ,ең соңғы 2010 жылы шыққан                   5 томдық «Қазақстан тарихы» атты ұжымдық еңбекте желтоқсан ұлт-азаттық қозғалысы деп жазылыпты.                                                                                                      Демек желтоқсанның ұлт-азаттық қозғалыс екендігі ғылымда мойындалып отыр.Ендеше бізге бұл заң жобасын қабылдауға асыққан жөн.»

Депутат: Қамутбай Гүлсезім (оқушы): «Құдайым ау! Оқиға деген не өзі ,біз осы сөздің байыбына барып отырмыз ба? Егер көшеде  ішкілікке сылқия тойған екі маскүнем бір-бірін соққыға жықса немесе даңғыл жолда екі автокөлік бір-бірімен соқтығысып қалса  немесе осы татқілес өзге де жағдайлар орын алса оны «оқиға»деп атайды .Яғни жоғарыдағыдай «маскүнемдердің төбелесі оқиғасы», «жол-көлік оқиғасы» деп атайды.Сонда біз                    1986 жылдың желтоқсанында мемлекетіміздің бүгінгідей жарқын болашағы үшін жанын пида еткен, тағдырын талқан еткен жастарымыздың ерлігін манағыдай ішкіштер мен жол-көлік оқиғасын жасаушылардың  іс-әрекетімен бір қатарға қойғанымыз ба ?»

Депутат: Ерланұлы Дәулет (оқушы): «Меніңше мына заң жобасында ескерілмеген бірқатар жайттар бар.Нақты айтқанда менің ұсынысым , Қазақстан Республикасы аумағында жүрген шетелдік азаматтар да желтоқсан шерулерін «оқиға» деп емес,міндетті түрде ұлт-азаттық қозғалыс деп атауы қажет.Заңда мұны шетелдік азаматтарға міндеттеп қоятын арнайы бап қосу керек .Қазақтың киелі топырағын басып жүрген кез-келген шетелдік осынау дархан халықтың ержүрек ұлдарының 1986 жылғы желтоқсанда жасаған қаһармандық ерлігін ұлт-азаттық қозғалыс деп атауы қажет,ешқашан «оқиға» деп кемсітпеуі тиіс.Біз бұл орайда Түркия республикасынан үлгі алуымыз қажет.Мәселен ол елде 1918-1923 жылдардағы түріктердің шетелдіктерге қарсы азаттық күресін «Ұлы халық революциясы» деп атамаған ,Түркия аумағында жүрген кез-келген шетелдік жауапқа тартылады екен.»

Депутат Ауезхан Мерей (оқушы): «Менің бір ұсынысым бар еді.Менің депутат Д.Көмектің  баяндамасынан ұққаным,бүгінгі билік желтоқсан қозғалысына саяси статус беру жөніндегі қоғамның талабына немқұрайлы қарап отырған секілді.Меніңше елімізде осы мәселеге тікелей жауап беретін ведмство бар.Ол Қазақстан Республикасы үкіметінің жанынан құрылған идеология,ішкі саясат және мәдениет комитеті.

Менің ұсынысым-заң жобасын қабылдауды ертеңгі екінші оқылымға қалдырып,оған осы комитеттің төрағасы Құдабек Саянды (оқушы) шақырып түсінік беруін талап ету қажет.»

Депутат Сламбек Анелья (оқушы): «Менде бір ұсыныс туып тұр.Депутат Д.Көмек  өз баяндамасында 9-сыныптың “Қазақстан тарихы” оқулығында “желтоқсан оқиғалары” деген сөз тіркесінен көз сүрінетіндігін атап көрсетті.Сонда Оқу-ағарту министрлігіндегілер бұған не дейді екен?  Сондықтан осы араға оқу-ағарту министрлігінен де өкіл  шақырып,мәселені түсіндіріп беруін талап ету қажет».

Депутат Тұрар Ерсұлтан (оқушы): «Құрметті депутаттар, мен күн тәртібіндегі мәселеге байланысты мынадай ұсыныс айтайын деп едім.Меніңше желтоқсан қозғалысы жайлы тарихи ақиқатты қалыптастыратын  тарихи құжаттардың мол қоры сол кезеңде жастарды жазалауда басты роль атқарған құзырлы орган Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитетінің мұрағаттарында сақтаулы және бұл Комитет өз мұрағаттарындағы құжатттарды зерттеушілердің пайдалануына тыйым салуда.Айтайын деген ұсынысым-осы жалпы отырысқа еліміздің қазіргі Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің төрағасын шақырып,олардың мұрағаттарында қандай құжаттар бар екендігін және неге зерттеушілерге пайдалануға рұқсат етпей отырғандығын сұрау қажет секілді.»

Депутат Ергешбай Нұртуған (оқушы): «1986 жылғы желтоқсанда ұлт болашағы үшін өз тағдырын тәрк еткен қаһармандарымыздың күресін әлі күнге дейін “оқиға” деп жүруіміз ұлтымыздың сүйегіне басылған қара таңба,кешегі отаршылдық,құлдық психологияның заңды жалғасы.”Өткенге топырақ шашсаң болашақ бетіңе түкіреді’ деген халық даналығын жадымызда тұтқанымыз абзал.»

Журналисттер Мәжіліс залынан шығып жатқан депутаттардың алдын бөгеп,жапа-тармағай таласа сұрақ қояды?

 Сапарбек Сырымға “Хабар” телеарнасы тілшісі Базарбаева Аружанның (оқушы) сұрағы:Құрметті профессор,желтоқсан қозғалысын қашаннан бері және қандай деңгейде зерттеп келесіз?

Сапарбек Сырым: «Алғаш рет Егемен Қазақстан газетінің 2001 жылғы 17-ші желтоқсанда жарық көрген №238 санында  “Тоталитаризмді тұнғыш рет тітіреткен” деген көлемді мақала жариялап,онда  желтоқсаның қазір айтылып жүргендей “оқиға” емес, “ұлт-азттық  қозғалыс”  екендігін айғақтайтын ғылыми дәлелдерімді ұсындым.Содан бері:  “Қазақ  тарихы”, “Ақиқат”, “Қазақстаның ғылыми әлемі”деген ғылыми -әдістемелік журналдарда осы тақырыпқа байланысты                 11 ғылыми мақала жарық көрді.Ал қандай деңгейде деген сұрағыңызға келсек, әзірге осы тақырып бойынша жеке кітабым жарыққа шықан жоқ, тек жоғарыда  атаған ғылыми әдістемелік журналдарда 11 ғылыми мақалаларым жарық көрді.»                                                           “Қазақстан” ұлттық телеарнасының тілшісі Әшірбек Арайлымның  К.Дінмұхаммедке  сұрағы:  «Осы заң жобасына бастамашы болуыңызға не себеп болды.?»                                                                                                       К.Дінмұхаммед: «Екі себепті атап көрсеткім келеді.Біріншісі менің атыма халықтан келіп түскен өтініш хаттар.Бір қызығы бұл хаттардың иелері әр түрлі кәсіп иелері болып келеді.Атап айтқанда зиялылар,ғалымдар,кәсіпкерлер,ауыл шаруалары,студенттер,тіпті мектеп оқушылары да бар.Бұл халықтын барлық әлеуметтік топтарының осы заң жобасының қабылдануын қалап отырғандығын аңғартады.Барлық хаттар иелері менен осы мәселені парламент қабырғасында көтеруімді өтінді.Сондықтанда мен халық өтінішін жерге тастай алмадым.

Екінші себепке келсек,мына алдарыңызда тұрған Көмек Дінмұхаммед сонау 1986 жылдың желтоқсанында Брежнев алаңына шығып, кеңестік әміршіл жүйеден ұлттың азаттығын талап еткен өрендердің алдынғы сапында болып,осынау трагедияға куә болған жан.Ол кезеңде мен жалындаған 3-курс студенті едім.Яғни бұл жерде айтайын дегенім орыс халқында:”Тісі ауырған адамның жанын толық ұқтым деме,оны тек бұрын тісі ауырған адам ғана түсінеді”-деген тамша қанатты сөз бар»

Алаш айнасы” газетінің тілшісі Тұрар Нұрсұлтанның   ғалым Өскенбай Досжанға сұрағы: «Құрметті ғалым,неліктен желтоқсанның”ұлт-азаттық қозғалыс” екендігі еліміздегі барлық ірі тарихшы ғалымдар тарапынан мойындалмай отыр?»

Өскенбай Досжан : «Сұрағыңызға сұрақпен жауап беруге рұқсат етіңіз.Сіз маған елімізден немесе шет елден желтоқсанның “ұлт-азаттық қозғалыс” екендігімен келіспейтін қандай да бір ірі тарихшы ғалымды тауып бере аласыз ба?Тіпті сол 1986 жылдың өзінде Қазақстанды қойып,Еуропалық,Түркиялық баспасөз беттерінде желтоқсанды көтеріліс,қозғалыс деп қарастырған.Ал біз әлі “оқиға” деп келеміз.»                   

А)Мәжіліс депутаттарының жұмысын арнайы өлшемшарттармен бағалау

Б) Мәжіліс отырысы спикерлерінің баяндамасын арнайы өлшемшарттармен бағалау

В) Мәжіліс отырысына арнайы келген тарихшы ғалымдардың ғылыми аргументтері  мен фактілерін бағалау

Г) Мәжіліс спикерлеріне, тарихшы мамандарға сұрақтар берген журналист роліндегі оқушылардың сұрақтары мен пікірлеріне бағалау жүргізу

АКТ, тарихи құнды құжаттар, ғаламтор, 1986 жылғы желтоқсан көтерілісі жайлы ғылыми-зерттеу еңбектер
V. Заң жобасының                    II оқылымы Мұғалім: «Құрметті депутаттар өздеріңізге белгілі заң жобасының кешегі 1-оқылымында депутаттар тарапынан 2-оқылымға Қ.Р үкіметінің жанынан құрылған Идеология,Ішкі саясат және Мәдениет Комитетінен, Оқу-ағарту  министрлігінен, сондай-ақ Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінен өкілдер  шақырып түсінік алу жөнінде ұсыныстар түскен болатын.Осы ұсыныстарға сәйкес бүгінгі 2-оқылымға осы аталған үш үкіметтік ведомстваның өкілдері қатысып отыр.2-оқылымды осы мырзалардан түсінік алудан бастауға рұқсат етіңіздер.

Олай болса түсініктеме беру үшін алдымен мінберге Қ.Р үкіметінің жанынан құрылған Идеология,Ішкі саясат және Мәдениет комитетінің төрағасының идеология мәселелері бойынша орынбасары Тағайбек Анельді (оқушы) шақырамын. Құрметті депутаттар,Анель ханымға сауалдарыңыз болса қоюларыңызды өтінемін»

Мұғалім: «Әрине,аудармашы қызметі пайдаланылсын.»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мұғалім: «Анель ханым,түсініктемеңіз  үшін алғыс айта отырып,орныңызға жайғасуыңызды өтінемін. Мінберге Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің өкілі Үмбет Ертай  мырзаны шақырамын.»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мұғалім: «Құрметті депутаттар интерактивті тақтаға назар аударуларыңызды өтінемін, мұнда кешегі бірінші оқылымда келіп түскен ұсыныстатр негізінде түзетіліп , қайта өңделген заң жобасын көріп отырсыздар. Бұл түзетілген нұсқаның кешегі заң жобасынан  ерекшелігі мына үшінші бөлімге депутаттар ұсынысы бойынша тағы екі бап қосылып отыр, олар міне мына баптар.(оқып береді). Келесі кезекте дауыс беру бөліміне өтеміз, жалпы отырыстың күн тәртібіндегі 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына ұлт-азаттық қозғалыс деген ресми саяси статус беру туралы заң жобасын қабылдауға байланысты дауыс берулерінізді өтінемін. Дауыс беру нәтижесін білу үшін интерактивті тақтаға назар аударуларыңызды өтінемін,қатысып отыған 105 депутаттың 103 –і заң жобасының қабылдануын жақтап дауыс беріп отыр. Ендеше аталған заң жобасы Мәжілістің жалпы отырысында қабылданды , енді заң тәртібіне сәйкес бұл заң жобасы Парламенттің жоғарғы палатасы Сенаттың жалпы отырысының қарауына жолданатын болады. Осымен Парламент Мәжілісінің 23-жалпы отырысы аяқталды деп жариялаймын!»

 

 

 

 

 

 

 

Депутат Айтбаев Ернұр (оқушы): «Құрметті Анель ханым,сіздің және сіз қызмет жасайтын ведомстваның пікірінше желтоқсан оқиға ма, әлде ұлт-азаттық қозғалыс па?»

Анель Тағайбек (оқушы): «I am sorry,то есть простите,агилшинша,агилшина перевод бола ма?»

Депутат Айтбаев Ернұр (оқушы): (космополиттер жайлы М.Шахановтың өлеңін оқиды)

Аудармашы: «Dear Mr.Zhangeldy.What are you think December story or December movement?»

Анель Тағайбек (оқушы): «I studied in Cyprus for 5 years then 2 years in oxford.I am patriot my country.

And your question will answer is December story,because if we say movement it is very stupid.»

Аудармашы: «Ағылшынша сөйлеп тұрғаныма қарап,құрметті депутат Ернұр мырза мені космополиттер қатарына қосып,өзінің уытты сыни өлеңімен түйреп жатыр ау шамасы,бірақ Ернұр мырза мені де түсініңіз,мен Болашақ бағдарламасы бойынша 5 жыл Кипр университетінде одан соң 2 жыл Оксфорд университетінде оқыдым.Ол жақта ағылшыншаға судай болмасаң білім алмақ түгілі нан сатып алып жеуің қиын.Осылай 7 жыл шет елде білім қуамын деп жүріп,өз тілімді  аздап ұмытып қалған жайым бар.Бірақ отанымның патриоты екендігіме күмәніңіз болмасын.

Ал енді сіздің сұрағыңызға келсек,желтоқсанның “оқиға” деп атала бергені дұрыс,ұлт-азаттық қозғалыс деп айту тым артық құрметті депутат мырза.»

Депутат Айтбаев Ернұр (оқушы):  «Осы сөзіңізді растайтын нақты ғылыми дәлелдер ұсына аласыз ба?»

Аудармашы: «Are you demonstrate on facts from science?»

Тағайбек Анель: «I shall propose of course I didn’t present at first book yesterday,but I know that three scientist demonstrated a ‘’December rallies’’ was not a movement. At first in History of Kazakhstan all the movements were ruled. Example, in movement who go on between a 1831-1847 years was ruled by Kenesary Kasymuly. Then between 1783-1797 years in movement ruled by Syrym Datuly. And between 1836-1838 years in the Bokei Orda movement ruled by Isatai Taimanuly and Mahambet Otemisuly. Movement was ruled Dosan Tazhuily and Isa Tilenbaiuly who was in Mangystau in 1870. Its meaning in every movement was ruled in History, its meaning that people chose your head man. But in 1986 year on December on rallies when many came back to centre of the city , did they choose your head man? Head man di0d not have of course. Did other movement  do not similarity on that movement, do not it? What will we named this movement? This December movement do not only this prison, but have other prison. Coincidence very man. Example in history if we see very attentively all head man used a cold weapons and killed his enemies. On December movement people were used weapons and fight, were not it? No of course . This prison do not similarity another movement , it is meaning this rallies is not movement. What this rallies are we name movement?Every movement have you centre, but on December movement did not have. What this allies are we named movement?»

Аудармашы: « Әрине ұсына аламын, мен заң жобасының кешегі бірінші оқылымына қатыспасам да, ондағы үш ғалымның желтоқсан шерулерін қалай ұлт-азаттық қозғалыс деп дәләлденгендерінен хабарым бар .Ендеше мен де желтоқсон шерулерінің ұлт-азаттық қозғалыс емес екендігін сол ғалымдар секілді тарихымыздағы өзге де көрнекті ұлт-азаттық қоғалыстармен салыстыра отырып дәләдейін.

Біріншіден Қазақ тарихындағы барлық ұлт-азаттық қозғалыстардың басшылары болған. Мәселен 1837-1847 жылдар аралығындағы ұлт-азаттық қозғалысты Кенесары Қасымұлы басқарды, 1783-1797 жылдар аралығындағы ұлт-азаттық қозғалысты Сырым Датұлы басқарды. Ал 1836-1838 жылдар аралығындағы Бөкей ордасында болған қозғалысты Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы басқарды . Маңғыстаудығы 1870 жылғы ұлт-азаттық қозғалысты Досан Тәжіұлы мен Иса Тіленбайұлы басқарды.  Яғни тарихымыздағы қай ұлт-азаттық қозғалысты алып қарасақта, олардың жұрт мойындаған басшылары бар .Ал 1986 жылы желтоқсанда алаңға шыққан жастардың барлығын басқаратын,барлық жастар мойындайтын басшысы боды ма? Әрине ондай басшысы болғын жоқ. Олай болса осы тенденция бойынша салыстырсақ желтоқсан өзге ұлт-азаттық қозғалыстарға ұқсамайды емес пе? Ендеше сонда желтоқсанды қалай ғана ұлт-азаттық қозғалыс дейміз? Тарихымыздағы өзге ұлт-азаттық қозғалыстарға назар аударсақ, олардың барлығында да көтерілісшілер қолдарына түскен суық қарумен қаруланып, жазалаушылармен жан аямай қарулы шайқаста түсті. Ал 1986 жылғы желтоқсанда алаңған шыққан жастар қолдарына қару алып , отаршылдарды жоюды мақсат етті ме? Әрине жоқ. Бұл да желтоқсанның өзге ұлт-азаттық қозғалыстарға ұқсамайтын, ұлт-азаттық қозғалыс деп санауға келмейтін тұсы. Ендеше осыдан соң  желтоқсан шерулерін қалай ғана ұлт-азаттық қозғалыс дейміз? Сондай-ақ тарихымыздағы манағы мен айтқан барлық ұлт-азаттық қозгалыстардың бір орталықтан басқаратын, орталық штабтары болған . Ал 1986 жылы желтоқсанда Қазақстанның барлық облыстарында алаңдарға шерулерге шыққан жастардың барлығын бір орталықтан басқаратын штабы болды ма? Әрине болған жоқ. Олай болса оны қалай ғана ұлт-азаттық қозғалыс дей аламыз ?»

Депутат Үсен Алтынай (оқушы):  «Құрметті Анель ханым, сонда сіздің пікіріңізінше желтоқсанды ұлт-азаттық қозғалыс деп қарастыруға үшін ол тарихымыздағы басқада көрнекті ұлт-азаттық қозғалыстарға әр бір ұсақ-түйек бөлшектеріне дейін ұқсау керек пе?»

Аудармашы: «Dear Mr.Zhangeldy , I am member in our Parliament. My name is Solovieva Aigul Sagadibekkyzy. Mr.Zhangeldy it is meaning yoy prison must similarity another movement.»

Тағайбек Анель: «Dear deputy I think in the the movement must present is weapons a leader and centre it is very importants things.”

Аудармашы: «Депутат мырза мен айтып тұрған ұлт-азаттық қозғалыстың басшысы,штабы болу керек және қолдарына қару ұстау керек деген мәселелер сіз ойлағандай ұсақ-түйек бөлшектер емес,кез-келген ұлт-азаттық қозғалысқа тән негізгі белгілер.»

Депутат: Амангелді Бахыт (оқушы) «Құрметті Анел ханым , сізге сауалым –  қазіргі билік, оның ішінде мына сіз желтоқсанға лайықты саяси статус беру жөніндегі қоғамның талабына неліктен немқұрайлы қараудасыздар?»

Аудармашы:  «I am deputy in our Parliament. My name is Takpakbayiev Sat Besimbaiuly. Why are ypu members of Parliament and rallies government do not ear us that “December rallies” is movement?»

Анель Тағайбек:  «At first I do not anything because I do not own power in the government. At second. Why are you do not see attentively this December story.»

Аудармашы: «Біріншіден  өзіме қатысты айтар болсам, желтоқсанға саяси статус беру мен басқарып отырған ведомствонның құзырына жатпайды. Екіншіден сіз неге қазіргі билік желтоқсанға немқұрайлы қарап отыр дейсіз.»

  Депутат: Тұрар Ерсұлтан (оқушы): «Анель ханым, егер сіз кешегі 1 оқылымдағы депутаттардың  баяндамасын тыңдағаныңызда, биліктің немқұрайлы қарап отырғандығын білген болар едіңіз.»

Аудармашы: «Dear Mr.Zhangrldy if you present at first book wrote by Nurtai Sabilyanov, you will can be know.»

Анель Тағайбек: «Nowadays power doing that this story. Example president of Repulic of Kazakhstan bring to Kairat Ryskulbekov title a national hero then built a statue specially for December story. Before independence of Kazakhstan Nazarbayev help people which were on December story. All schools our country do education lessons for December stories.»

Аудармашы: «Қазіргі билік желтоқсанға немқұрайлы қарап отырған жоқ. Мәселен Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың өкімімен желтоқсаншы Қайрат Рысқұлбековке Халық Қаһарманы құрметті атағы берілді. Сондай-ақ желтоқсан құрбандарына арнап мынадай көрікті монумент-ескерткіш бой көтерді. Бұдан өзге еліміздің барлық деңгейдегі білім ошақтарында әр оқу жылының желтоқсан айының 14-15 жұлдыздарында желтоқсан тақырыбында тәрбие сағаттары өткізіледі.»

     Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің қызметкері Үмбет Ертай (оқушы): «Уважаемый председатель Мажилиса Парламента ! Прежде чем взять объяснение с меня по этому вопросу , хотел бы попросить вас удалить из зала журналистов.»

КТК телеарнасының тілшісі Мүтәлі Жанна (оқушы): «Бұл журналист құқығын аяққа таптау ғой,Қазақстан Республикасының Бұқаралық Ақпарат Құралдары туралы заң бойынша біз кез-келген жерден ақпарат алып,таратуға құқығымыз бар.»

Үмбет Ертай: «Уважаемые журналисты,в Законе о Парламенте РК сказано: «Любые сведения Председателя Комитета по Государственной Безопасности РК должны предоставлять Мажилису Парламента без участия средств массовой информаций (СМИ) . Поэтому прошу не сопротивляться»

Уважаемые депутаты,действительно, во время декабрьских событий производились фотографирование,видеозапись и сьемки на кинопленку. Все эти материалы:альбом с фотоснимками на 40 листах; альбом с фотоснимками листовок и лозунгов на 55 листах,видеозапись событий 17-18 декабря 1986 года на одной кассете, киноролик событий на черно белой 35 мм кинопленке , длиной 283м,отснятый оператороми Ю.Литвяновым и Е.Скляровым; кино ролик на цветной 35мм кинопленке,длиной 248 м ,отснятый указанным выше операторами – представлены КГБ Казахской СССР за №0/200 от 10 ноября 1989 года комиссия Верховного Совета Казахской ССР.»

Депутат Спабек Алина (оқушы): «Құрметті Ертай мырза ,Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің мұрағаттарындағы желтоқсан қозғалысына байланысты жинақталған мол материалдармен зерттеушілі ғалымдарымыздың танысып,пайдалануына сіздер тыйым салып отырған көрінесіздер.Мұны қалай түсіндіресіздер?»

Үмбет Ертай : «В нашем архиве очень много материалов,связанных с декабрьским событиям.И это правда ! А если говорить о запрете на их использование,то:Во первых,в Законе О КНБ в 13 пункте говорится, что материал с момента поступления по истечений 50ти лет считается запретным. И только после этого срока он подлежит исследованию. Поэтому наши действия продиктованы соблюдением законов. Во вторых, хочу еще раз напомнить о том,что в наш архив поступает лишь секретные материалы. И название нашего ведомства говорит за себя.»

Журналисттер Мәжіліс залынан шығып жатқан үкімет өкілдерінің алдын бөгеп,жапа- тармағай таласа сұрақтар қояды.

 

 

 

А)Мәжіліс депутаттарының жұмысын арнайы өлшемшарттармен бағалау

Б) Мәжіліс отырысы спикерлерінің баяндамасын арнайы өлшемшарттармен бағалау

В) Мәжіліс отырысына арнайы келген тарихшы ғалымдардың ғылыми аргументтері  мен фактілерін бағалау

Г) Мәжіліс спикерлеріне, тарихшы мамандарға сұрақтар берген журналист роліндегі оқушылардың сұрақтары мен пікірлеріне бағалау жүргізу

АКТ, тарихи құнды құжаттар, ғаламтор, 1986 жылғы желтоқсан көтерілісі жайлы ғылыми-зерттеу еңбектер
VI.Қорытынды Қорытынды. Мұғалім:

А)Пікірталасқа жол ашып,дау тудырған қарама-қайшы пікірлерге анализ жасап,ақиқат ғылыми тұжырымдарды атап көрсетеді.

Ә )Оқыту,тәрбиелеу тұрғысынан алғандағы сабақтың соңғы нәтижесіне жетуіне,алға тартылған мақсаттардың орындалу барысына талдау жасайды.

Б)Сабаққа белсене қатысқан оқушыларға алғыс айтып,мадақтайды.

Үйге тапсырма:  «1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары» тақырыбын оқып келу.

Мұғалімнің қорытындыларын жұмыс дәптерлеріне жазып алумен болады Құнды тарихи аргумент, фактілер келтірген, сауатты сөйлеген оқушыларға бағалау жүргізеді.

Сарапшылар арқылы бағалау жүргізіледі.

Өлшемшарттар

 

 

 

 

 

 

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *