Қаныш Сәтбаев – жан-жақты ғалым

Қарағанды облысы, Балқаш қаласы

«Балдәурен»  Республикалық оқу-сауықтыру орталығының

тарих және география пәнінің мұғалімі

Абильдаева Аида Алматовна

 

Қаныш Сәтбаев – жан-жақты ғалым

 

«Халқым менен де биік»

Қ.Сәтбаев

 

Қаныш Имантайұлы Сәтбаев, шын есімі – Ғабдулғани (12 сәуір 1899 жылыБаянауыл ауданыПавлодар облысы — 31 қаңтар1964 жылыМәскеу) — геолог-ғалым, минерология ғылымдарының докторы, профессор, академик.

Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті, Қазақ КСР академиясының академигі, Кеңес Одағының және Қазақстанның металлогения мектебінің негізін қалаушы, қазақтан шыққан тұңғыш академик.

Қазақстан ғылымының орасан зор табыстарға жетіп, әлемдік биікке жетуде айрықша еңбек сіңірген, дүниежүзіне  танымал, халқының сүйікті перзенттерінің бірі.

Қазақ халқының мақтанышы, тұңғыш академик,елімізде тау –кен ғылымының негізін қалаған ғалым –Қаныш Имантайұлы Сәтбаев.– Қаныш Имантайұлы Сәтбаев артына көп салалы ғылыми мұра қалдырған энциклопедияшыл білгірі.

ҚазКСР ҒА-ның академигі Ә.Х.Марғұлан ол туралы былай деп жазған еді: «Тамаша адамның, ғылыммен ой-сана шамшырағының, көптеген адамдардың досы мен жолдасының өмірі ерте үзілді. Ол өз халқының мақтанышы болды, Қазақ елінің гүлденуі үшін өмір сүрді және тынымсыз еңбек етті. Ол халыққа қызмет етуді өз өмірінің биік мұраты деп есептеді…»

Бүгінгі күні Республикамызда жүздеген көше, қырықтан астам мектеп Қ.Сәтбаевтың есімімен аталды. Осы орайда мыс шаһары Балқаш қаласында да Қ.Сәтбаевқа арналған көше барын мақтанышпен айта кетуге болады.

Сонысмен қатар Қазақстанның көптеген қалаларында Қазақ халқының мақтанышы, тұңғыш академик, елімізде тау –кен ғылымының негізін қалаған ғалымға араналған ескерткіштер орнатылған. Оның есімімен Қазақстан Ғылым Академиясының Геология институты, ғаламшар, «Сатбаевит» минералы, Сатбаев қаласы, Алматыдағы Қазақ Ұлттық техникалық университеті аталған.

Қаныш Сәтбаев атында

  • Қазақстан Ғылым академиясының Геология ғылымдары институты,
  • Сәтбаев қаласы
  • Сәтбаев ғаламшары,
  • Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті
  • Сәтбаевтың мұздығы
  • Қаратаудағы ваннадий кен орнынан табылған «Сәтбаевит» минералы,
  • «Академик Сәтбаев» гладиолиус гүлі
  • Сәтбаев көшесі (Алматы)
  • Сәтбаев көшесі (Астана)

Қаныш Имантайұлы алғашқы қазақ мектептеріне арналып ана тілінде жазылған «Алгебра» оқулығының авторы. Алғашқы ғылыми еңбегіне жататын оқулық қолжазбасының көлемі – 1642 беттен тұрған.

Бүгінде Қ.Сәтбаевтыың еңбек жолы туралы  білім саласнда, білім беру мекемелерінде кеңінен оқытылады. Атап айтсам: 9сыныпқа раналған «Қазақстан тарихы» оқулығының Кеңестік Қазақстанның мәдениеті: білім мен ғылым бөлімінің  §43-44-і кеңінен қарастырған. Осы орайда аталған тақарып бойынша «Балдәурен» Балқаш РОСО оқу кешенінде «Қ.Сәтбаев – жан-жақты ғалым» тақырыбында 9 «А» сыныбында ашық сабақ өткізілді.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *