ҚМЖ

Бекітемін:—————————-
Бөлім:
Педагогтің аты-жөні: Козыбаева А
Күні:
Сыныбы: Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы: Су-денсаулыққа пайдалы
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты 3.2.2.1 Жиі құрастыралатын сөздер мен фразалардан құрастырылған шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну
Сабақтың мақсаты: Барлық оқушылар үшін:
Негізгі және қосымша ақпаратты анықтай алады.
Көпшілік оқушылар үшін:
Хабарландырудың құрылымы мен рәсімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырата алады.
Кейбір оқушылар үшін:
Зат есімдердің мағыналық түрлерін мәнмәтін аясында жалғаулар арқылы түрлендіріп қолдана алады.
Құндылықтарға баулу: «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/Уақыты Педагогтің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Бағалау Ресурстар
Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту.
7 мин. (Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.
2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.
Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі. Оқулық, жұмыс дәптерлері
ДК экраны
Жаңа сабаққа кіріспе

(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.
Өз ойымен бөліседі.

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады. Айтылым.
6-тапсырма. Мәтінге қандай ат қояр едің?

Мәтінді ауызекі сойлеуге қатысты берілген бөлікті тап. Ойыңды дәлелде.

Мәтіндегі зат есімдерді тап. Оларға сұрақ қой.

Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың айтылым дағдысы қалыптасады Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады. Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин. Зат есім туралы барлық мәлімет беріледи және түрлерімен таныстырады. Зат есімнің ережелерімен толык танысады. Дескриптор: Жалпы — 3 балл.
-ережені айтады.
-түрлерімен танысады.

№2-тапсырма:
Мәтінді оқиды. Мәтін мазмұны бойынша жоспар құрады. Топқа бөлінеді. Жазылым. Топқа бөлініп «Кімнің жады мықты» деген атпен әркім өз ойын қызықты етіп айтады.

Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың жазылым дағдысы қалыптасады. Дескриптор: Жалпы – 4 балл.
-мәтінді оқиды.
-магынасын талдайды.
-өз ойын айтады.

Тірек сөздерді оқыңдар. Осы сөздер қамтылған мәтінде не туралы айтылуы мүмкін деп ойлайсыңдар? Пікірлесіңдер. Айтылым.
Тірек сөздерді қолдана отырып, екеу ара пікірталас жүргізіледі.

Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың айтылым дағдысы қалыптасады Дескриптор: Жалпы — 3 балл.

-тірек сөздерді көп қолдануы керек.
-сұрақтарға жауап береді.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *