Ұстаз

Шығыс Қазақстан облысы

Күршім ауданы

Қайыңды неізгі орта мектебінің

 көркем еңбек пәні мұғалімі

Рожинский Владимир Романович

 

Ұстаз-ұлы есім

 

Қиындығы  да, қызығы  да  жетерлік, ең  бастысы  —  жауапкершілігі   жоғары  мамандықтың  бірі  ұстаздық  ету  екені  ақиқат. Өйткені  бұл  мамандық  иелерінің  мойнына  ешнәрседен  хабары  жоқ, мыңдаған  тарыдай   ғана   бүлдіршіндердің   бойына  білім  нәрін  сеуіп, тәрбие  ұрығын  егіп,  таудай  азамат  етіп  шығару  міндеті  жүктелген. Сондықтан  басқа  мамандық  иелерінің  баршасы да  ұстаздарға борыштар деп  ойлаймын.

Мектеп  ұжымынан әрбір  ұстаздың  бойында  болатын  төзімділік, сыпайылық, тазалық, адамгершілік, еңбек сүйгіштік сияқты жақсы  қасиеттерді  бойыма  сіңірдім. Мен  өзімнің  ұстаздарыммен  қатар  еңбек  етіп, баланың  бойына  ақыл — білім  дәнін  сеуіп,  аялап,  көңілін  табуды,  алаламай  сүйе  білуді  үйрендім. Қыран  түлегіне  қайтпас  қанат  сыйлайды, ұстаз  шәкіртіне  талмас талап  сыйлайды»  демекші,  ұстаз қай кезде де мектептің жүрегі, қоғамның  тірегі. Қоғам  тұлғаны  қаншалықты жетілдірсе, жетілген тұлға қоғамды соншалықты  дәрежеде  дамытады. Сондықтан  қоғам  дамуында  білім  беру ең маңызды  мәселе  болып  табылады. «Келер  ұрпақ алдында  зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз» деген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгінде мұғалімдер алдында үлкен жауапкершілік жүктеді. Әрбір  тұлға  өмірінде  үлкен  тәрбие  мен таусылмас білім ошағын санасына ұялатқан ұстазын  мәңгілік  есінде  сақтайды. Нағыз  мұғалім,  міне, осы. Өйткені, әрбір  мемлекеттің  өсіп  өркендеуінің,  бәсекеге  қабілетті болуының ең басты ошағы – ұстаз берген білімде. Сондықтан да дамудың ең биік көкжиегінен  көрінгісі  келген  кез  келген  мемлекет  ең  алдымен, білім  беру саласын дұрыс  жолға  қойып, сапасын көтеруді мақсат етеді. Ендеше, осындай бәсекеге қабілетті, рухы биік ұрпақ  тәрбиелеу  жаңа  формация  мұғалімінің  еншісіне  тиері  анық.

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *