ЖОО орнын бітірген жастардың жұмыс орнына орналасуы жоғары қарқындылыққа ие ме?!

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,

Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс

кафедрасының аға оқытушысы Cултанова А.М.

Қазіргі қоғамда инновациялық үрдістер күннен-күнге ғылыми даму мен стратегиялық алға басулар жақсы жүргізіліп жатыр. ЖОО орнын бітірген жастардың толықтай өз мамандық саласы бойынша жұмысқа орналасу, кәсіби біліктілігін жетілдіру жұмыстары жүргізіліп қамтылуда.  Тәуелсіздіктің мерейлі белесіне арналып жасалған, жетістігіміздің жаңа көзқараспен, үлгімен, тәсілмен ерекшеленетін бағдарламалар жасалуда.

Қазіргі мамандарға көмек ретінде мемлекетімізде «Жастардың кадрлық қоры», «Жастар тәжірибесі» және т.б. түрлі бағдарламалар іске асырылуда. Жас мамандарды әлеуметтік қолдаумен, мемлекет ауылдық жерлерден жұмыстар ұсынады. Сонымен қатар, ЖОО орнын бітірген жас түлектерге, жастарды жұмысқа тарту мақсатында алғашқы тәжірибеден өту үшін және жас мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру үшін  түрлі қолдаулар көрсетіліп отыр. Дегенмен, ЖОО орнын бітірген жас түлектер мамандық бойынша қазіргі таңдағы әлеуметтік мәселе болып отырғандығы белгілі. Негізінен жастарға барлық жерге жол ашық мүмкіндік бар, өз қалауларымен өз ісімен айналыса алады. Алайда, ауылдық жерлерде әліде көптеп жақсы істермен айналысатын орталықтар жоқтың қасы. Уақыттарын босқа өткізбес үшін, аудандарда, кеңес беру орталықтарын, ауылдық жерлерде жастар үйін, спортпен шұғылданатын орталықтардың  көптеп ашылса нұр үстіне нұр болар еді. Жастарды жұмысқа орналасуда қиындықтардың болуы негізгі мәселе. Ол үшін әр ауылдық жерлерде жұмыссыздықты біршама жою үшін, кәсіпорындар ашып, еңбекке деген қабілеттілікке үйретип, жас мамандарды тұрақты түрде жұмысқа тарту қажет. Сол себептен ауылдарда тәжірибелі мамандар жоқтың қасы. Шын мәнінде қазіргі таңда жұмыссыздық және баспананың болмауы басты мәселе.

Нақты өз мамандықтық қызметін қарастыру үшін, кәсіби бағдарлар көзделген. Жұмыспен қамту жастардың жұмысқа деген икемділік дағдыларын жақсарту, кәсіптік білім беруді оқытудағы ұйымдардың білім беру бағдарламаларының мәнділігі арттыру. Яғни, білім алудың қайнар көзі, білімді шыңдаудың жалғасы, жұмысқа орналасудың тамыры бұл жоғары оқу орындары. Елімізде жан-жақты салада түлі мамандықтарды даярлауда көптеген университеттер өз жұмыстарын атқарып, профессор-оқытушылар білім беріп, ғылыми жобалар дайындап, ұсынып жоғары деңгейде шетелдік университеттерден қалыспай келе жатыр. Соның ішінде Білім мен ғылымның қайнар мекеніне айналған  әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті. Рухани жаңғыру аясында Ғылыми-инновациялық жобалар, шетелдік бірлескен серіктестермен ұйымдастырған ғылыми орталықтар, Ғылым аясында түрлі конференциялар мен форумдар, студенттердің ұйымдастырушылық қабілеттерін, арттыру, дамыту мақсатында жұмыстар атқарылуда. Университете «Жасанды интеллект», «Е-коммерция», «Заттар ғаламторы» сияқты жаңа программалар іске асырылуда.
Тағы сол сияқты тәрбие жұмысын ұйымдастыруда қарқынды істер атқарылуда, студенттердің жанашырлық, тәрбиелік құндылықтарды алға қоя отырып, маңызы бар адами құндылықтардың қалыптасуына ықпал ететін тұлғаның жан-жақты болуына мүмкіндік беретін әлемдік көшбасшы университеттің бірі – ҚазҰУ.Мемлекеттегі аталмыш бағдарламаларда кадрларды даярлауда, таңдауда, тәрбиелеуде әлеуметтік маңызы бар жобалар іске асырылады. Ол үшін, білімділігін, кәсібилігін, нәтижелі дағдыларын, ұйымдастырушылық қабілеттілігінің болуы, икемділігінің және т.б. болуына байланысты байқаулар өткізіледі. Сонымен қатар, мемлекетте жастарды патриоттықа тәрбиелеу, салауатты өмір салтын ұстану, салт-дәстүрімізді насихаттау, құндылығымызды жоғалтпау сынды бағыттр мен іс-шаралар жүргізілуде.

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *