Тікбұрышты параллелепипедтің көлемі мен қырының ұзындығын табуға берілген есептерді шығару / Жер серіктері
Түркістан облысы
Арыс қаласы
С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі Бимурзаева Райхан Бейшеновна
Бөлім: | 4(В) – бөлім. ЕСЕПТЕР. Ортақ тақырып: «Ғарышқа саяхат» | ||||||||
Педагогтіңаты-жөні | Бимурзаева Райхан Бейшеновна | ||||||||
Күні: | |||||||||
Сынып: 4 “Ә” | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||
Сабақтыңтақырыбы | Тікбұрышты параллелепипедтің көлемі мен қырының ұзындығын табуға берілген есептерді шығару / Жер серіктері | ||||||||
Оқубағдарламасына
сәйкесоқытумақсаттары |
4.5.1.5 тікбұрышты параллелепипедтің (кубтың) көлемі мен қырының ұзындығын табуға берілген есептерді талдау және шығару; | ||||||||
Сабақтың мақсаты | тікбұрышты параллелепипедтің көлемін табу формуласын біледі.
тікбұрышты параллелепипедтің (кубтың) көлемі мен қырының ұзындығын табуға берілген есептерді шығарады. тікбұрышты параллелепипедтің (кубтың) көлемі мен қырының ұзындығын табуға берілген есептерді талдайды және шығарады. . |
||||||||
Сабақтыңбарысы | |||||||||
Сабақтыңкезең
уақыт |
Педагогтіңәрекеті | Оқушыныңәрекеті | Бағалау | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы | «Зейінін шоғырландыру»
«Оқимыз, үйренеміз, жалықпаймыз, Білімнің шыңына біз шарықтаймыз!» Жердің жасанды серігі (ЖЖС) – Жерді айналып жүретін ғарыштық ұшу аппараты.
Өзектендіру.№2 Шкафтың үш өлшемін атап, көлемін есепте.
Шешуі: V=90·90·89=720 900(см3) Оқу мақсатын таныстыру -№2 тапсырмада біз қандай фигураларды қарастырдық? -(Тікбұрышты параллелепипед) – Біз тікбұрышты параллелепипедтің көлемін таба аламыз ба? (Иә) -Текшенің көлемін таба аламыз ба? (Иә) Оқу мақсаты:тікбұрышты параллелепипедтің көлемі мен қырының ұзындығын табуға берілген есептерді талдау және шығару.
|
Оқушылар сабақ тақырыбымен, мақсатымен танысады.
|
ҚБ: 1-10 балдық жүйе
ҚБ: 1-10 балдық жүйе |
Психологиялық ахуал.
Алдыңғы білімді еске түсірутапсырмалары.
Оқылым, жазылым тапсырмалары.
|
|||||
Сабақтыңортасы | Жаңаныашу.
Түсіндіре отырып алғашқы бекіту. №3 Параллелепипед пен текшенің көлемін есепте.
Тікбұрышты параллелепипедтің көлемі мынаған тең: V=12·3·5=180 (см3) Текшенің көлемі мынаған тең: V=2·2·2=8 (см3) Жаңаны қолдану. №4 Суретті қарап, тапсырманы орында. а) Параллелепипедтің барлық көрінбейтін қырларын ата. Шешуі: DA DL CD
2) Қырларының ұзындығы белгілі: АВ=3 см, ВС= 6 см, ВN=4 см. ML, LK, CK қырларының ұзындықтарын атаңдар. (ML= BC= 6 см, LK= АВ=3 см, CK = BN=4 см). Ә)
Берілген геометриялық өлшемдерін атаңдар. (Ұзындығы – 11 см, ені – 4 см, биіктігі – 6 см. Текшенің қабырғалары – 4 см). Тікбұрышты параллелепипедтің көлемі мынаған тең: V=11·4·6=264(см3) Текшенің көлемі мынаған тең: V=4·4·4=64(см3) №6 Параллелепипедтің көлемі 64 см3, ені 4 см, биіктігі 2 см. Осы параллелепипедтің ұзындығы 3 см-ге кішірейтілді. Алынған параллелепипедтің көлемін анықта. Шешуі: V= a·b·h a= V : (b·с) = 64 : (4·2) =8 см 8 см – 3 см= 5 см V= a·b·с= 5·4·2=40 см3 №6Ә тапсырмада басқа қабырғасын бірнеше см-ге қысқартып, есептің шартын өзгертіп және есепті қайтадан шығарады
|
Саралау тәсілі«Тапсырма» арқылы іске асады. Кейбір оқушыға қосымша сұрақтар беріледі.
Дескриптор Тікбұрыш-ты параллеле-пипедтің көлемі мен қырының ұзындығын табуға берілген есептерді талдайды және шығарады
|
ҚБ: 1-10 балдық жүйе.
|
Оқылым, жазылым тапсырмалары.
|
|||||
Соңы | Өткенмен жұмыс.№7 Топтық жұмыс
Математика күнделікті өмірде №8 Экскаватор ұзындығы 54 м, ені 2 м және тереңдігі 3 м шұңқыр қазуы тиіс. а) Экскаватор қанша көлемде топырақ алып шығуы тиіс? V=54·2·3= 324м3 ә) Егер шөмішінің көлемі 6м3 болса, шөміш қанша рет топырақ көсіп алуы тиіс? 324:6=54 Сен зерттеушісің №9 Болат қабырғалары 8 см шаршы пішінді парақты екі тіктөртбұрышқа бөлді. Бұл тіктөртбұрыштың біреуінің периметрі 22 см-ге тең. Екіншісінің ауданы нешеге тең? Шешуі: Оның бір қабырғасы белгілі 8 см, периметрі белгілі 22 см. Осыдан белгісіз қабырғасын табады. Ол үшін тіктөртбұрыштың периметрін табу формуласын қолданады. (8+ b)·2=22, бұдан белгісіз қабырға b=3см екені шығады. Екінші тіктөртбұрыштың белгісіз қабырғасын табады, ол 8 см-3см=5см. Тіктөртбұрыштың ауданын табу формуласы бойынша белгісіз ауданды табады: S=8 5=40 см2. |
Дескриптор
тікбұрышты параллеле-пипедтің көлемі мен қырының ұзындығын табуға берілген есептерді талдайды және шығарады |
ҚБ: 1-10 балдық жүйе
ҚБ: 1-10 балдық жүйе
ҚБ: 1-10 балдық жүйе |
Оқылым, жазылым тапсырмалары.
|
|||||
Кері байланыс | Ауызша. Бүгінгі сабақта не үйрендің? Сабақтағы қай тапсырма сен үшін қызықты болды?
Үй жұмысы: , №10 |
||||||||