Табиғи ресурстардың жіктелуі

Түркістан облысы

Арыс қаласы

С.Сейфуллин  атындағы жалпы білім беретін мектебі

География пәні  мұғалімі 

Мустафаева Кенжекүл Музапбарқызы                                                                           

 

Сабақжоспары

Бөлім:

5. Экономикалық география

Бөлімше: 5.1 Табиғи ресурстар

Мектеп: С.Сейфуллин
Күні: Мұғалімнің аты-жөні:  Мустафаева Кенжекүл
 

Сынып: 7 сынып

Қатысқандар саны:           Қатыспағандар саны:
Сабақ тақырыбы Табиғи ресурстардың жіктелуі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 7.5.1.1 -табиғи ресурстарды жіктейді

7.5.1.3- табиғи ресурстардың шоғырлануын картада көрсетеді;

Сабақ мақсаттары Суреттер арқылы  табиғат ресурсты жіктеу;

Атлас қартаны қолдана отырып табиғи ресурстардың шоғырлануын картада көрсету;

Бағалау критерийлері Егер төмендегі бағалау критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді

 

ü  Табиғи ресурстар мен табиғат жағдайларын ажырата алса;

ü  Табиғат ресурсты жіктей алса;

ü  Атлас қартаны қолдана отырып табиғи ресурстардың шоғырлануын картада көрсете алса;

ü  Әртүрлі ақпараттарды  қолдана отырып, табиғи ресурстардың таралу заңдылықтарына талдау жасай алса;

Тілдік  мақсаттар

 

Оқушылар жасай алады…

Тақырыпқа байланысты мәтіндерді оқиды және зерттеу, сыныптастарымен бірлесе отырып қорытындыларын (оқу, жазу, сөйлеу, тыңдау дағдылары) түсіндіндіреді (презентация, буклет, диалог т.б.).

Пәнге тән арнайы сөздік және терминология:

Табиғи ресурстар, қалпына келетін, жартылай қалпына келетін, қалпына келмейтін

Диалог және жазу үшін пайдалы сөз тіркестер жиыны (жиындары):

Меніңше…

Аз уақытта, келешекте…………. сарқылуы мүмкін.

Дегенмен, ұзақ уақытта болашақта…………. қалпына келуі ықтимал

Құндылықтарды дарыту Құндылықтарды дарыту жұптық жұмыстарды жүргізу барысында  табиғатты аялау, оқушылар өз аймақтарының табиғат ресурстарын зерттеу арқылы жүзеге асырылады.
Пәнаралық байланыстар Биологиялық ресурс түрлерін сипаттауында биология пәнімен;

Ресурстың физика-химиялық ерекшелігін сипаттағанда физика және химия пәндерімен  байланыс ажсайды

АКТ қолдану дағдылары АКТ дағдыларын дамыту. өздеріне қажетті ақпараттарды іздеп табуда ғаламторды қолдануда және карталар мен презентация қолдану барысында жүзеге асады.
Бастапқы білім

 

Алдыңғы сабақта өткен халық тарауы

5-6 сыныптың Жаратылыстану пәнінен алған тау жыныстары туралы білімдері

Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері  

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

 

Ресурстар

Сабақтың басы\

0-3 минут

 

Ұйымдастыру кезеңі:

Амандасу, оқушылардың назарын жаңа сабаққа аудару.

Суреттер арқылы сабақтың тақырыбын ашып аламыз. (Бұл өз кезегінде оқушыларға сабаққа деген қызығушылығын оятып, өз ойларын білдіруіне мүмкіндік береді).

 

 

Суреттерге қатысты қойылатын сұрақтар:

Ø  Суреттерден нені көріп тұрмыз?

Ø  Барлық суреттерге ортақ қандай тақырып болуы мүмкін?

Тақырыпты ашқаннан кейін сабақтың оқу мақсатын оқушылармен бірге талдаймыз.

 
Сабақтың ортасы

4-10 минут

 

 

 

 

 

 

 

10-15 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

15-20 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

20-40 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Миға шабуыл:

v  Табиғат ресурстары дегеніміз не?

v  Табиғат ресурстарының қандай түрлері бар?(түрлерін жай ғана атап шығады. Мысалы, су, мұнай, газ, көмір, темір, т.б.)

Оқушылардың жауаптарын осылай қорытындылауға болады:

Табиғат ресурстары-адамның табиғаттан алатын, өз қажетіне қолданатын  барлық ресурс түрлері.

Оқушыларға табиғи ресурстар жайлы жаңа сабақ түсіндіріледі. Керекті ақпараттарды дәптерлеріне жазып алады.

 

Сыныппен жұмыс:

Оқушылардың әрқайсысы өздері айтқан табиғат ресурстарын әртүрлі топтарға жіктейді де, сыныппен ортаға салып сызбанұсқаларымен бөліседі. (Бұл оқушылардың  жинақтау,сыни ойлау дағдысын дамытуға көмектеседі)

Осы тапсырманың қорытындысы ретінде төмендегі кестелерді ұсынамыз:

Сарқылатын Сарқылмайтын
Қалпына келетін: топырақ, флора мен фауна Ғарыштық
Қалпына келмейтін: минералды ресурстар Су, жел энергиясы, ауа массалары

Сыныппен жұмыс:

Партаның үстіне құтыдағы су, сіріңке, әшекей бұйымдар, мысалы алтын жүзік немесе күміс сырға, матадан жасалған қаламсалғыш қойылады. Осы заттарға қарап, оқушылар төмендегі сұрақтарға жауап береді:

v  Қай ресурс түріне жатады?

v  Бұл ресурс шығу тегі бойынша қай топқа кіреді?

v  Бұл ресурс көбінесе қандай жерлерде кездеседі, не үшін?

v  Қорытынды

Бағалау критерийі р/с Дескрипторлар +/ –
Табиғи ресурстарды жіктейді 1 Қай ресурс түріне жататындығын анықтайды
2 Бұл ресурс шығу тегі бойынша қай топқа кіретіндігін анықтайды
3 Ресурстың көбінесе қандай жерлерде кездесетіндігін  және себептерін түсіндіреді
4 Қорытынды жасайды

Бағалау:Оқушылар бір-бірінің жауаптарын осы дескрипторлар арқылы бағалайды.

(Бұл тапсырма әсіресе кинестетик типтегі оқушылардың есте сақтауына әсер етеді. Бұл оқушыларда сыни ойлау, талдау дағдысын дамытуға мүмкіндік береді.)

Оқушылар жауаптарын қорытындылау және төмендегі кестені ұсыну. Оқушылармен бірге ауызша талдау.

Табиғат ресурстары
Су Жер Биологиялық Рекреациялық Агроклиматтық Минералды
Дүниежүзілік мұхит

Теңіздер

Көлдер

Өзендер

Мұздықтар

Батпақтар

Жер асты сулары

Топырақ

Егістік жерлер

Шабындық жерлер

Өсімдіктер дүниесі

Жануарлар дүниесі

Жағажайда

Тауда,

Санаторийлерде демалу арқылы денсаулықты қалпына келтіру

Күн радиациясы,

Температура,

Ылғалдылық,

Жел т.б.

Жердің қойнауынан алынатын пайдалы қазбалар.

 

Жұптық жұмыс:

(Бұл тапсырмада жұптарды алдын-ала өз есебіңіз бойынша бөлуге болады, яғни деңгейіне қарай ∕  жақын отырған жұптар бойынша, уақыт унемдегіңіз келсе ∕ оқушылардың өз еркі бойынша бөлуге болады. Тапсырмада еркіндік беріліп отырғанның мақсаты-оқушылар өздерін еркін сезіну үшін, ешқандай алалаушылықты сезбес үшін, ал, өз еркі бойынша жұптарын таңдауы-өздері жақсы түсінісетін достарымен сапалы жұмыс жасау үшін. Негізгі тапсырманың мақсаты-жоғарыдағы кестеде көрсетілген оқу мақсаты мен қолдану, талдау, сыни ойлау дағдыларын дамыту.)

 

Оқушылар тақтада ілулі тұрған суреттерді таңдап алу арқылы төмендегі критерийлер бойынша жұмыс жасайды:

v  Ресурстың аты;

v  Жаратылысы бойынша қай топқа кіреді?

v  Өндірілетін жері (ірі бассейндері);

v  Қолданылуы (қай салада);

v  Кескін картаға таралу аймақтарын түсіру;

v  Неліктен дәл сол жерде кездеседі?

v  Ол ресурс сіздің өлкеңізде кездеседі ме?

v  Дәптерге осы ресурстың таралуына қатысты 5 сөйлемнен тұратын қорытынды жазу

Ұсынылатын суреттегі ресурстар:

v  Мұнай;

v  Көмір (тас көмір);

v  Темір;

v  Табиғи газ;

v  Мыс;

v  Алмаз;

 

 

Бағалау критерийі р/с Дескрипторлар +/ –
Табиғи ресурстардың таралу заңдылықтарын талдайды (жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде)

Табиғи ресурстардың шоғырлануын картада көрсетеді

1

 

 

 

2

 

 

 

3

 

 

4

Суреттер арқылы табиғат ресурстарының атын, өндірілетін жерін, қолданылуын сипаттай алады.

 

Ресурстың өз өлкесінде таралу мүмкіндігін  талдай алады

 

 

Шартты белгілерді пайдалана отырып, табиғат ресурстарын кескін картаға түсіре алады.

5 сөйлемнен тұратын қорытынды жаза алады

Бағалау: Әр жұп бір-бірін дескрипторлар арқылы бағалайды.

Қорытынды: Әр табиғат ресурсының таралуына географиялық орналасуы, сол жердің климаты, табиғат жағдайы, жерінің геологиялық құрылымы, жер бедері ж.т.б. факторлар әсер етеді.Ағаш сүрегі экватор маңында көп шоғырланған, себебі ол жақтың климаты жылы әрі ылғалды, металл кендері – таулы аймақтарда, себебі сол жерлерде лава атқылау көп болды, лава көптеген элементтерге бай, рекреациялық ресурстар – табиғаты көркем, климаты қолайлы жерлерде, құнарлы топырақтар – қоңыржай белдеулерде т.с.с.

 

 

 

Презентация

Оқулық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

құтыдағы су, сіріңке, әшекей бұйымдар, мысалы алтын жүзік н\е күміс сырға, матадан жасалған қаламсалғыш

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

СуреттерРесурс 1

 

7 сынып

тың атласы;

Ғалам

тор желісі;

Сабақтың соңы

40-45 минут

Кері байланыс: Бүгінгі сабақтағы алған ақпараттарды әр оқушы өз кестесіне енгізеді. (Бұл кері байланыс түрі, яғни суреттер арқылы кері байланыс беру, оқушылардың өз – өзіне есеп беруіне, ойларын тұжырымдауына және қызықты қорытындылар шығаруына көмектеседі.)

«Чемоданға салып алып кететін…..» «Қоқысқа тастайтын….» «Әлі өңдеу керек……»
     

Қорытынды. Мұғалім сабақты қорытындылайды, белсенді оқушыларды марапаттайды

Үй жұмысы:§ 56 оқу

«Табиғи ресурстар»  альбомын жасау. (Жұппен немесе жеке жасауына болады. Бұл тапсырма оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға көмектеседі.) Альбомға қойылатын критерийлер:

v  Титул беті болуы керек;

v  10 түрлі ресурс түрі қамтылу керек;

v  Әр ресурстың суреті және шартты белгісі болуы керек;

v  15 сөйлемнен тұратын ақпарат (ресурстың физикалық ∕ химиялық ерекшелігі, пайдалану саласы) болуы керек;

Альбомның түсті бояумен шығарылуы маңызды емес.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Саралау – оқушыларға қалай  көбірек қолдау көрсетуді  жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

 

Қабілеті төмен оқушыларға жеңілдеу тапсырма беруге болады.

 

 

 

 

 

Жетістік критерийлері арқылы бағалау;

Өзін-өзі бағалау;

Өзара топтық бағалау

Техникалық қауіпсіздік ережелерін ғаламтормен жұмыс жасағанда тоқ көзін дұрыс қолдануда сақ болу.

 

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
 
Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

 

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *