Тіл-ұлттық қазына

«Тіл-ұлттық қазына» интеллектуалдық сайыс

Мақсаты: тілдің ұлттық сипатын айқындау, мәдениетті сөйлеу, ана тіліне деген сүйіспеншілігін қалыптастыру,мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге ат салысуға шақыру.
Мұғалім:
Тіл – халықтың асыл қазынасы, тарихы. сан ғасырлық тарихы. Әлемдегі кез келген халық тәуелсіздікке ұлттық қадір-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан, әрбір мемлекет өзінің ана тілін әрқашан да қастерлеп, қорғап жүреді. Ал ана тілін қорғау дегеніміз – өз ана тілінде таза сөйлеу.

Топтық дискуссия. «Жас ұлан», «Жас қыран», «Жас талап» топтарына бөлініп, тақырып бойынша пікір алмасу.
Ойлы болсаң, озып көр. Ойынның шарты мынандай: біз мақалдың басын бастаймыз, ал сіздер жалғастыруларыңыз керек.
1. Ең тәтті де – тіл, … (ең ащы да – тіл).
2. К старости зубы тупее, а язык… (острее)
3. A new Language is a ….{ new life}.
4. Тілтасжарады,…?(… тасжармаса бас жарады).
5. Человек без Родины, что соловей без …. (леса).
6. Learnalanguageand …. {you’ll avoid a war }.
7. Тіл – қылыштан да …. (өткір).
8. Не имей сто рублей, а имей сто …. (друзей).
9. Witn a language, ….. {youcangotoRome }
10. Шебердің қолы – ортақ, …(шешеннің тілі – ортақ).Отан – ….. (оттан да ыстық).
11. 11. Дружба и братсво дороже всякого ….. (богатство).
12. Health is better than …. {wealth}.

“Қызықты ұйқастар” . Шапшаң жылдамдықпен сөздердің ұйқасын тауып айту.
1. Число – сан, кровь – …. (қан)
2. Молоко – сүт, жди – … (күт)
3. Человек – адам, шаг – … (қадам)
4. Таможня – кеден, пол – … (еден)
5. Возьми – ал, мед – … (бал).
6. Рыба – балық, народ – … (халық)
7. Дверь – есік, колыбель – … (бесік)
8. Город – қала, ребенок – … (бала)
9. Игра – ойын, шея – … (мойын)
10. Жизнь – өмір, уголь -…. (көмір).

«Жүйріктен жүйрік озар, жарысқанда»С. іздергеҚАЗАҚСТАН сөзі беріледі. Осы сөзден 1 минут ішінде бірнеше сөз құрау керек (қазақ, тақ, ақ,ас, ата,ана, аз,ат,нақ,қаз,қан,қас, тас, зат, азақ, тана, сақ, сат,тақсан,т.б. )

Белсенді топты анықтау, марапаттау.

Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,
Ана тілін білмей өскен әңгүдік.
Өсер болсаң, байтақ далаң тұрғанда,
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік,- дей отырып, біздер ұлан – ғайыр болашақтың иесіміз,еліміздің үміт артар, арқа сүйер азаматтарымыз. Осындай бай, асыл, алып мұраны – біз, жас ұрпақ әрі қарай жалғастыруымыз керек.

Bilimger.kz Республикалық білім порталы Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген. Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718  

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *