Қазіргі жастар менталитеті

Қазіргі жастар менталитеті

Қазіргі таңда, бәрімізге мәлім- жастарымыз азығы ретінде, ұялы телефондарды, әлеуметтік желілерді пайдаланады. Бұл тақырып қанша рет қозғалса да, қолға алынбады. Әрине, әр кімнің өз таңдауына өз құқығы бар, алайда елдің болашағына әсері бар екенін ұмытпау керек.

Ерте кезде, ата-бабамыз ер балалардың мінездерін тепсе темір үзетін қылып тәрбиелеген, ал қыз балаларды жұмсақ мінезі мен ибалы да иманды етіп өсірген. Ал қазіргі ата-аналардың олардан қандай кемшілігі бар? Оларға демек бәрібір? Айтады осындай сұрак қойғанда, өз еркіне жіберген дұрыс деп, әуелі тәрбиеле, сосын еркіне жіберуге болады!

Көпке топырақ шашпаймын, балаларын немқұрайлы өсірмейтін,көңіл бөлетін ата-аналар да аз емес. Бірақ ең күлкілісі, көпшілік жастар өздерінің қазақ екендерін мойындамай, неше түрлі еліктеулер болып жатыр.АЛ, енді бұл ненің белгісі? Білімсіздіктің, тәрбиесіздіктің, намыссыздықтың.

Ендігі айтарым жас қыздарымызға;

Қызын туған батыр боп ар сатуға қақын жоқ
Аналарды кешегі аңсатуға қақын жоқ
Қабырғасын халқымның қаусатуға қақын жоқ
Қазақ қызы жаныма сенен артық жақын жоқІ

Жігіттерімізге;

Алға, алға, алға қазақ жігіттері,
Сенім артқан жансын халық үміттері.
Көк аспанда желбіресін көк байрағың,
Бермей намыс,жансын алау жүректегі!
Осылайша ел болашағы- жастарымыздың қолында, ал оны дұрыс бағдарға апару мына біздің қолымызда!

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *