Абылай ханддығы

Абылайдың білімі, қабілеті , өнерлілігі, дарындылығы,

дене бітімі, өмірлік өнегесі атқарған істері туралы . Өзге елдермен қарым-қатынастағы әрекетінің қандай болғандығы. Кеңесшілері болды ма? Қай жерде қалай дүниеден өтті. Артында қалған ұрпақтары туралы Абылай ханның өткен өмір жолы оңай болған жоқ. Сұлтан Абылай мұсылманша жақсы білім алды.Шығыстың жеті тілін білді, сөзге шебер әрі тапқыр, домбыраны жақсы тартты өзі шығарған 20-дан астам күйі бар. Бойы ортадан жоғары, жауырыны қақпақтай дене күші зор болған. Жауынгерлермен үнемі бірге болып, олжаны әділ бөлісекен . Ол орта жүздегі Арғын тайпасының Атығай руына басшылық етті. Абылайдың кеңесшілері Бұқар ,Үмбетей,Тәтіқара жыраулар Төле,Қазбек билер болған.Билігін нығайту және шекаралас елдермен бейбіт қарым-қатынас орнату мақсатында ол көрші мемелекеттердің ықпалды отбасыларымен және қазақ хандары мен сұлтандарының қыздарына үйленіп әулеттік некеге отырған.Ташкенттен Түркістан қаласына келе жатқанда дүние салған. Абылайдын артында 30 ұлы мен 40 қызы қалды. Абылай орысша жыл есебі бойынша 1713 жылдың басында туған (қосымша мәлімет) Қазақ тарихында Абылайдың туған жылы туралы кейінде қалыптасқан 1711 жылы, 1713 жылы деген екі пікір бар. Екеуі де негізсіз емес, бірақ, нақтылай түсуді керек етеді. Демек, екеуін салыстыра отырып, қолда бар деректерді қайта қарап көрсек, Абылай қазақ күнтізбесі бойынша 1712 жылдың аяғында, орысша жыл есебі бойынша 1713 жылдың басында туған және 1780 жылдың күзінде қайтыс болғанын аңдаймыз. Дәлел қандай: Зерттеушілердің сүйенетіні Уәли сұлтанның хатындағы: «Әкем, Абылай 69-ға қараған жасында өмірден өтті» деген сөздер. Бұл арада мына сөздерді қағазға түсірген Уәли сұлтан емес, әрине, оның хатшысы. Орыс тіліне аударғанда, қазақша «алпыс тоғызға қараған жасында» деген тіркестің мағынасы «алпыс сегіз жаста» болып шығады. Және де бұл жас қазақтың жыл қайыру есебімен мөлшерленгенін еске алайық. Бірінші, мүшел, он үш жас, одан кейінгілері он екі жылдан келіп отырады. Сонда Абылай толық 5 мүшел және 7 жыл өмір сүрген. Жошы ханнан тарайтын белгілі тұлғалардың шаңырағында дүниеге келді. Ол – әйгілі заңгер әрі қоғам қайраткері Есім ханның ұрпағы.Әбілмансұр жетімдіктің зардабын ерте тартады 11 жасында әкесінен айрылды.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *