Адамдық борыш – асыл қасиет

Мусаханова Газиза

Құндылығы: Дұрыс әрекет

Қасиеттері: Қоғамға риясыз қызмет ету, әділеттілік, әлеуметтік және азаматтық жауапкершілік.

Мақсаты: Оқушыларға адамдық борыш – асыл қасиет екенін түсіндіре отырып, дұрыс әрекет құндылығы арқылы үйрету.

Міндеттері:

1.Білімділік: Оқушыларды қоғамға риясыз қызмет етуге үйрету.

2.Дамытушылық: Оқушылардың бойындағы әділеттілік қасиеттерін дамыту.

3.Тәрбиелік: Оқушыларды әлеуметтік және азаматтық жауапкершілікті сезінетіндей тәрбиелеу.

Үйге тапсырманы тексеру.

  1. №15 – сабақ. 2 – тапсырманы орындау.
  2. Келесі сабақ. №16, «Жонылған ағашты қайта жонуға әрекет етпеңіз

(Үзінді)                                        Дейл Карнеги

Жонылған ағашты қайта жонуға әрекет етпеңіз» мәтінін оқып келу.

Сұрақтар:

1.Мәтіндегі «Көпірге жетпей жатып, одан өттім деме», «Төгіліп қалған сүт үшін көз жасыңды төкпе» деген мақалдарды қалай түсінесіздер?

2.«Жонылған ағаш жаңқасын қайта жонамын деп әуре болмаңыз» деген ойдың маңыздылығын қалай дәлелдеуге болады?

3.Мәтінде жасалған түйіндермен келісесіздер ме? Өздеріңіз қандай түйін жасайсыздар?

4.Күнделікті өмірде өздеріңізге сабақ болған жағдайларды еске түсіре отырып, тағы қандай ереже қосуға болады деп ойлайсыздар?

САБАҚТЫҢ ДӘЙЕКСӨЗІ

Адамдық борыш, ат үшін,

Барша адамзат қамы үшін,

Серт берген еңбек етем деп,

Алдағы атар таң үшін.

  Шәкәрім   Құдайбердіұлы

Шәкәрім Құдайбердіұлы
Туған күні 11 шілде 1858
Туған жері Кең-Бұлақ, Семей облысыРесей империясы
Қайтыс болған күні 2 қазан 1931 (73 жас)
Қайтыс болған жері  КСРО
Азаматтығы  Ресей империясы
Ұлты қазақ
Қызметі ақынжазушыфилософтарихшыкомпозитор
Әкесі Құдайберді
Анасы Төлебике (Дәметкен)
Жұбайы Мәуен
Айғанша
Балалары Мәуеннен: Әбусуфиян және Ахметтауфиқ
Айғаншадан: Ғабдулғафур (Ғафур), Ғабдулла (Қабыш), Жебірейіл, Ғабдулаха (Ахат), Зият, Жәкім, Кәми, Гүллар

Мұғалім сыйы.
Шыншыл бала. 

Шығармашылық жұмыс.

3-тапсырма. Төменде берілген мәтіндерді оқып, адамдық борышқа қатысты түйiндi ойларды iрiктеп алыңыздар. Олардың маңыздылығын дәлелдеп берiңіздер. 70бет.

Үй тапсырмасы.

  1. №16 – сабақ. 5 – тапсырманы орындау.
  2. Келесі сабақ. №17, «Менің әкем» мәтінін оқып келу.79 бет.

Сабақтың қорытынды сәті.

Тыныс алуға зейін қою.

Баяу музыка қойылады.

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз…, арқамызды тіктейміз…, қолдарыңды тізеге қоюға болады…

Д е м   а л….. ш ы ғ а р… (жаймен 9-10 рет) немесе   1………………2 [3]. Рахмет!

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.

Bilimger.kz Республикалық білім порталы Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген. Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718  

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *