Отбасындағы қарым-қатынас мәдениеті

Тақырыбы: «Отбасындағы қарым-қатынас мәдениеті».

Мақсаты: Отбасындағы қарым-қатынас мәдениетін сақтауға,отбасында бір-біріне деген сый-құрметті дамытуға ықпал ету. «Қарым-қатынас мәдениеті» ұғымының мәнін ашу. Балаларда қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудағы отбасының мүмкіндіктерін айқындау. Ата — ана мен бала арасындағы сенімді сыйластықты, бір — біріне деген   сезімді нығайту. Ата-ана — отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері екенін ескеріп, балабақша, ата-ана, ұстаз болып бірігіп, сапалы білімді, саналы тәрбиелі, салауатты ұрпақ тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: нақыл сөздер, суреттер, теледидар, DVD, қалам, қағаз, тақырыбы.

Әдіс-тәсілдер: әңгіме, сұрақ-жауап, түсіндіру, көрсету, ойын, ассоциация, Венн диаграммасы, сауалнама.

Барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

-Құрметті ата-аналар балабақша педагогтары! Сіздерді көргенімізге қуаныштымыз. Бүгін  балабақшада «Отбасындағы қарым-қатынас мәдениеті» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылып отыр. Қош келдіңіздер! Бүгінгі дөгелек үстелде қарым-қатынас, оның ішіндегі отбасындағы қарым-қатынастың бала тәрбиесіне әсері туралы пікірлерімізді, өз ойымызды, көзқарасымызды ортаға салып сұхбатасамыз, бір-бірімізбен тәжірибе алмасатын боламыз.

 

  1. «Танысу»
  2. Тақырыпқа байланысты қысқаша баяндама.

 

Отбасы – адамзат қоғамының ең шағын бейнесі. Қоғамда отбасы екі қызмет атқарады, оның бірі – дүниеге ұрпақ әкелу, екіншісі -дүниеге келген сәбиді тәндік жағынан дамытуды қамтамассыз етіп, өмір бойы рухани жағынан жетілдіріп, тұлға ретінде қалыптастыру.
         Заманымыздың заңғар жазушысы М.Әуезовтың «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген нақыл сөзінің мәні тереңде жатыр. Яғни, болашақ тізгінін ұстар, елінің ертеңі болар, халқының үмітін ақтай білетін дені сау, білімді де саналы жас ұрпақты өсіру талабынан туындап отыр.

Ұлы Абай атамыз «Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады» деп көрегендікпен ой түйген. Бала өміріне қажетті тәлім-тәрбиенің іргетасы ата-ана арқылы отбасында қаланады. Дана халқымыз «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» демекші, ата-ананың әрбір іс-әрекеті балаға үлкен сабақ. Әрбір ата-ана өз балаларының тұңғыш тәрбиешілері. Бала- ата-ананың адамгершілік өмірінің айнасы.

Халқымыз «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деп бекер айтпаған. Жақсы тәрбие баланың санасында мәңгі мөрленіп қалады. Ол кейін оның бүкіл өміріне азық болады.

 

  1. Әңгімелесу сұрақтары:
    1. Отбасындағы қарым-қатынас мәдениетін сақтау неге байланысты?
    2. Отбасындағы тату тәтті өмір сүруге басты қасиеттер қандай болу керек?
    3.“Қарым-қатынас мәдениетін” қалай құру керек?
    4. Тәрбиешілердің үлесі қаншалықты?

5.Видео

6.Ата-аналарға сауал
1.Бала тәрбиесіне отбасында кім көңіл бөледі? (әкесі немесе шешесі)
2.Балаңыздың бойында ерекше қасиеттері бар ма? Байқаған жағдайда қандай мүмкіндік жасадыңыз? (Биге бейім, ән айтқанды ұнатады т.б.)

Отбасында қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың әдіс-тәсілдері
ырым, тыйымдар аркылы тәрбиелеу;
ақыл-кеңес беру, түсіндіру,
сөйлеу мәдениетін қалыптастыру;
ұлы гұламалардың өсиет сөздерін пайдалану;
халық ертегілерін бірлесе оқу;
тәрбиешілер мен топтағы жолдастарымен тығыз байланыс жасау;
бірлескен қозғалыс ойындар ұйымдастыру;
ашық әңгіме-сұхбаттар;
ата-аналардың жеке үлгі-өнеге көрсетуі;
бірлесе өткізген демалыс уақыттары;
балалар көркем фильмдері мен мультфильмдерін бірге талдау;
салауатты өмір салтын қалыптастыру;

 

  1. Рефлексия

Психолог:«Міне, қоштасатын да сәт жетті. Біз сіздермен жанұядағы ата-ана мен балалар арасындағы қарым-қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан-жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір-бірімізге тілек айта отырып жүргізейік.

 

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *