Латын қарпіне көшудің басты артықшылықтары

Әр елдің ұлттық рухани мәдениеті мен тарихында тілі, жазуы және ұлттық дәстүрінің өзіне тән орын мен маңызы ерекше. Тарих беттерінде әлеуметтік-саяси дамуы мен ұлттық құндылықтарымызды ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші ата мұрасы ретінде жазу таңбаларының маңызы айрықша. Бүгінгі күндегі өзекті мәселе қазақ әлібиінің «Латын әліпбиіне көшу» тақырыбы болып отыр. Бәрімізге айқын Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында латын қарпіне ауысуды мақсат етіп айқындап берген болатын. Латын әліпбиіне көшу еліміздің әлемдік аренадағы бәсекеге қабілеттігін арттыра отырып, үш тілділікке көшуді арттырады. Сондай ақ латын әліпбиін қолдану қазақ тілінің мәртебесін асқақтатып, табиғи таза қалпының сақталуына жағдай туғызады.
Латын графикасына көше отырып, алдыңғы қатарлы мемлекеттер қатарынан орын ала отырып, өзіндік орнымызды айқындап алудың бірден бір жолы деп білемін. Елдігімізді еңсеріп, тәуелсіздігімізді алған ел ретінде ертеңімізге сенімді болу үшін бұл нақты істердің нәтижесі мен қадамы деп білемін.
Қарағанды қ. Бастауыш сынып мұғалімі Бралина Меруерт Абеновна

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *