«География әлемі» (сыныптан тыс іс-шара)

10 б сынып
Мақсаты:
1. XXI ғасыр – білімділер ғасыры болғандықтан, бүгінгі таңда заманына сай ой — өрісі дамыған азаматты қалыптастыру,
2. Жас ұрпаққа сапалы білім беру, әлемнің дамыған елдерімен тең дәрежеде болуға тәрбиелеу.
3. Оқушының пәнге қызығушылығын, ойлау қабілетін дамыту, сыныптың көшбасшысын анықтау, алғырлыққа, тапқырлыққа және тез ойлана білуге үйрету.
Көрнекілігі: Жарты шарлардың физикалық картасы, конверт,сиқырлы бөшке, презентация слайд.
Барысы:
1 — кезең. Өзін — өзі таныстыру — екі команда Зум платформасы арқылы өздерін таныстырады.
2 — кезең. Жорға сұрақтары.
3 — кезең. Мақал – мәтелдер
4 — кезең. Десанттық көмек.
5 — кезең. Мерген
6 — кезең «Логикалық» ойын.

1 — жүргізуші: Жер шарында тіршілік етіп, географиямен таныспай кету, Египетте болып, пирамидаларды көрмей кету немесе Нұр-Сұлтанда болып, Бәйтерекке қарамай кетумен тең, деп айтсақ артық айтқандық болмас. Біз географияның тек ғылым емес, сонымен қатар өнер екендігін ұмытпауымыз керек. Жер ғаламшарын жоғарғы сапада сипаттап жазуда үлкен суретшілік талант қажет. Сондықтан көптеген ұлы жазушыларды да тамаша географтар деуімізге әбден болады. Атап айтсақ, А. Дюма, Ж. Верн, М. Твен
2 — жүргізуші География — ерекше ғылым. Дүние жүзіне әйгілі географтар тізімінен сіздер әйгілі қарақшылар мен авантюристер, барлаушыларды таба аласыздар. Олар алтын іздеді, бірақ дүниежүзілік ұлы саяхатшылармен қатар атақ иеленді, олар билік пен қызықты оқиғалардың артынан қуды. Бірақ дүниежүзілік картада олардың аттары өз орнын тапты. Олардың көпшілігі жаңа жерлерді ашуға ұмтылды. Осынау ерлік пен өрлікке толы мақсатпен өмір сүрген ұлы адамдарға әрқашан құрмет ғана лайық.
1 — жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі сайысымыздың тақырыбы: «География әлемі» танымдық сайысы10 сыныптар аралығы 2 топ қатысуда. Бәрі де талантты осы сыныптың белсенді оқушылары, оларға сәт сапар тілейміз.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *