Біреу және көп

Алматы қаласы. Жетісу ауданы.

КММ №103 санаториялық балабақшасы.

Тәрбиеші: Алибаева. Алмиа.Серикбаева

                                        Тақырыбы: «Біреу және көп»

 

Тақырыбы: «Біреу және көп»

Мақсаты: Заттарды көз мөлшерімен салыстыру.Бір және көп затты ажырату.Логикалық  ойлау ,қабілетін  дамыту.

Шаттық шеңбері: Жарқырап күнде ашылды

Айналаға гүлде ашылды.

Қайырлы күн!

Біз нәзәк қыздармыз

Қайырлы күн!

Біз ержүрек ұлдармыз.

Балалар  біз бүгін  сендермен  «Біреу және көп»  заттарды  ажыратуды  үйренеміз.

-Балалар мына суретте кішкентай  алма нешеу?

-Алма біреу

-Ал екінші суретте үлкен  алмалар нешеу?

-Кішкентай алмалар көп  екен.

-Ал мына суретте үлкен шар біреу

-Кішкентай  шарлар көп  екен.

-Келесі  суретте үлкен  доп біреу

-Кішкетай  доптар көп екен.

-Мына суретте саңырауқұлақ біреу , ал екінші  суретте көп  екен.

Ғажайып сәт: Есік қағылып ғажайып қорап келеді.Оның  ішінде түрлі ойындар тапсырмалар   бар екен.

«Қайсысы біреу»  ойыны.

Шарты: Балаларға  түрлі-түсті доптар беріледі. Үлгідегіге қарап осы доптарды  бір  ыдыстан  екінші  ыдысқа қасықпен  салады.  Көз мөлшері бойынша  қарай  отырып салады. Доптың  қайсысы көп , қайсысы аз екенін айтады.

Саусақ жаттығуы «Салат  жасау»

Сәбізді  алып  тазалаймыз , (оң  қолды  жұдырыққа  түйіп , сол қолдың  алақанына  ысқылайды ).

Үккішпен  үгіп  майдалаймыз , (екі  қолды  жұдырыққа  түйіп  кеудеге  ұстап , жоғары – төмен  қозғайды).

Қантты  сеуіп  дәмдейміз , (саусақтардың  ұшымен  қант  себеді ).

Міне  дайын  нәр  тағам (екі  қолын  алдына  жайып  көрсетеді).

Дәруменге  тойдық . (алақанмен  іштерін  сипалап  тойғанын  көрсетеді ).

Стол  үстіндегі  көкөністен  жасалған  салатты  саусақтарымен  әдемілеу .

«Ғажайып  қапшық , қайсысы  көп»  ойыны

Шарты:  Әр  балаға  берілген  қапшықтағы  пішіндерді  ұстап , сипап  сезу  арқылы  қандай  пішін  екенін  айтады .Сосын  осы  пішіндерді  таяқшаға  орналастырады . Пішіндердің  түсін , атын  және  көп  екенін  айтып  көрсетеді .

«Бой  сергіту» Балаларға  арналған  ән «Топ  топ  балақан»

Оқу  іс-әрекетін  қорытындылау .

«Гүлдерді  макарон  моншақтарымен  әшекейлеу» ойыны

Шарты : балалар  «Біреу  және  көп»  ұғымын  ажырата  білуге  үйрету . Гүл  күлтелерінің  түсіне  байланысты  қайсысы  көп , қайсысы  біреуі  екенін  ажырату . Сол  күлте  түсіне  байланысты  макарон  моншақтарын  толтыру .

Балалардың  саусақ  моторикасын  дамытуға  арналған  құм  салынған  ыдысқа  пішіндердің  суретін  салып  беруін  сұрау . «Көп  және  біреу»  екендігін  анықтау .

Балаларды  мақтау , мадақтау . Рақмет  айту .

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *