1желтоқсан Тұңғыш приздент күні

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы:   «1 желтоқсан-Тұңғыш президент күні»

Мақсаты:

Білімділік:  Елбасымыздың туып,  өскен жері, өмір жолы, қызмет еткен кезеңі туралы мағлұмат беру.

Дамытушылық:  Балаларды қойылған сұрақтарға дұрыс жауап беруге жаттықтыру. Балалардың көркем сөз арқылы тілін жетілдіру.

Тәрбиелік : Балаларды   Отанын, жерін сүюге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер:түсіндіру,сұрақ-жауап,шаттық шеңбері,сергіту сәті, әңгімелеу, ойын ұйымдастыру, мадақтау, қорытындылау.

Көрнекі  құралдар:  Елбасының және президент  Қ.Ж. Тоқаевтың  суреті,ту,елтаңбаның  суреттері

Жеке жұмыс: Айназға,Шұғылаға,Ғаниға,Айзереге  Елбасы туралы тақпақтар жаттату.

Оқу қызметінің барысы

I.Ұйымдастыру бөлімі:

Шаттық шеңбері:
Отаным менің кең — байтақ,
Жайнаған сансыз қаласы,
Ел — Отан біздің кең — байтақ,
Отанның біздер баласы.
— Балалар, бүгінгі тақырыптық оқу қызметіміз қызықты өтпек, себебі бүгінгі оқу қызметімізді Тұңғыш президент күніне арнаймыз.

Оқу қызметімізді ән ұранмен бастаймыз.

II.Негізгі бөлім:

— Балалар, Отанымыз қалай аталады?
— Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы. Қазақстан Республикасының астанасы қай қала?

Нұрсұлтан

-Елбасымыз кім?
— Н. Ә. Назарбаев Алматы облысында дүниеге келген. Мектепті жақсы оқыған, ұшқыш болуды армандаған. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев (6 шілде 1940 жылШамалған ауылыАлматы облысы)

-Балалар Н.Ә.Назарбаев-біздің бірінші президентіміз. Ал кәзір,біздің мемлекетімізді басқарып отырған президентіміз-Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев

-Ендеше балалар елбасымызға арнап тақпақтар орындаймыз.
Айназ:
Елбасымыз жолдайды,
Халқы оны қолдайды,
Ешқашанда орынсыз
Шешімдері болмайды.

Шұғыла:
Елбасы елді қорғайды
Халық қамын ойлайды,
Осындай жақсы адамның,
Жақсылығы тарайды.
Айзере:
Тәуелсіздікті елге сыйлады,
Бейбітшілікті қалады,
Орындалып — арманы,
Халқымызда — ажарлы
Осының бәрі — әрине,
Елбасының – арқасы.

Сергіту сәті:

Ән: «Алға Қазақстан»

— Балалар,Қазақстан Республикасының рәміздері бар?

-Сендер қандай рәміздерді білесіңдер?

— Қазақстан Республикасының рәміздері: ту, елтаңба, әнұран.
— Балалар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының   авторы: Ш. Ниязбеков атамыз .

-Тудың түсі қандай?

-Ортасында не бейнеленген?

-Тудың шетінде не бейнелеген?

-Балалар енді біздің Ғайнидің көк туымызға жаттағын өлең жолдарын тыңдайық.

Ғайни:

Көк аспандай  көкпенбек

Қазақстан жалауы

Көк емес ол тектен-тек

Елдің ашық қабағы
— Тәрбиеші: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының  авторы: Мәлібаев және Уәлиханов аталарымыз.

-Балалар, біздің Елтаңбамыздың  пішіні қандай?
— Тәрбиеші: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік  әнұранның әнін жазған Шәмші Қалдаяқов сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев аталарымыз
Тәрбиеші: Балалар әнұранымыз қалай басталады?
— Жарайсыңдар, балалар

Егеменді ел болып, тәуелсіздіктің көк байрағын көтерген сәт — Қазақстанның әр азаматы үшін қуаныш, тарихтың үлкен бетбұрысы болғаны анық. Осының бәрі — еліміздің тұңғыш президенті  Н. Ә. Назарбаевтың арқасы!

Ойын: «Жалаушаны жалғастыр?»

Ойының шарты: ән айтып тұрады ән тоқтағанда кімнің қолында жалауша қалады сол мақал-мәтеле, тақпақ немесе Қазақстан Республикасының қалаларын айтып береді.

 

III.Қорытынды бөлім:

-Елбасымыз кім?

-Мемлекетімізді кәзір кім басқарып отыр?

-Қазақстан Республикасының қандай рәміздерін білесіңдер?

Оқу қызметке жақсы қатысқан балаларды мадақтап аяқтау.

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *