Жол ережесін білейік аман-есен жүрейік

Тақырыбы: «Жол ережесін білейік,аман — есен жүрейік!»
Мақсаты: Балаларды жолда жүру ережелерімен таныстыру.Есте сақтауға үйрету,
жол қауіпсіздігін,өз өмірлерін сақтай білуге тәрбиелеу.Жол
белгілерін айыра білу дағдыларын қалыптастыру,жолда жүру
ережесін білудің маңызды екенін түсіндіру және оны іс-жүзінде
пайдалана білуін жетілдіру.
Сөздік жұмыс:Бағдаршам,жол тәртібін реттеуші,көше киылысы.
Көрнекілік:бағдаршам,жол тәртібі,жол белгілері,ойыншық машиналар
Мансұр:Арманға алда күткен асығамыз,
Біз қалай толқып атпай басылармыз
Жол жүру ережесін жақсы біліп,
Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз.
Зарина: Жалғайтын достастырып бар елменен.
Жолдардан тұрады ғой әлем деген,
Бүгінгі бізге келген қонақтарға
Ойынымыз басталсын сәлемменен!
Жүргізуші:Саламатсыздар ма балалар!
Балалар: Саламатсыз ба
Жүргізуші:Балалар біз қай елде тұрамыз?
Балалар: Қазақстан елінде!
Жүргізуші:Қай қалада тұрамыз?
Балалар:Ақтөбе қаласында тұрамыз!
Жүргізуші:Біз келіп жүрген балабақшамыз қалай аталады?
Балалар: «Айналайын» балабақшасы
Жүргізуші:Жарайсыңдар балалар. Балалар сіздер біздің болашағымызсыңдар,ал
сол болашағымызды алуан түрлі апаттардан сақтап,аман-есен
азамат етіп тәрбиелеу,ең алдымен ата-аналарың,тәрбиеші
апайларың мен жол полицейлердің міндеті екен.Қаламызда көлік
саны көп болғандықтан,алуан түрлі жол көлік аппатары болып
тұрады екен.Олай болса келесі сөз кезегін жол полиция
қызыметкеріне береміз.
Жол полициясы:Саламатсыздар ма балалар,мен сіздерге жол ережелері туралы
айта кетейін
1.Машина жүретін жолда ойнауға болмайды.
2.Жаяу жүргіншілерге арналған жолмен өту керек.
3.Келе жатқан машина алдынан жолды кесе жүгірмеу керек.
4.Жолдан өтерде оңға,содан кейін солға қарап өту керек.
Жүргізуші:Рахмет сізге жол полицейі.
Ал, балалар үйренейік біз де жол жүру тәртібін.
Ережені жақсы білер кім бар екен?
(Ортаға жол белгілерін ұстаған балала шығады)
Бағдаршам: Ашса кезек үш көзін
Томирис. Айтты деп ұқ сөзін:
«Тоқта!
Сақтан!
Жол ашық!
Жүрме жолға таласып»,
Қызыл көзін ашқанда,
Сынақ сүйем баспалға.
Сары көзін ашқанда,
Қарап қалма аспанға.
Жасыл көзін ашқанда,
Өте бергін, жасқанба!
Көзін ашып –жұмады,
Бағыт сілтеп тұрады.
Нұрайым :Мына белгі жүруге тыйым салынады дегенді білдіреді
Мөлдір:Мына белі автобус немесе тролейбус айалдайтын орын.
Амиргали:Бұл белгі велосипед жүруге тыйым салынады дегенді білдіреді.
Имран:Мына белгі тамақтану орны бар деген белгі
Махаббат:Мына белгі жаяу жүргіншілер жүретін белгі.
Рамазан:Мына белгі велосопед жүруге болады деген белгі.
Радмир:Мына белгі тоқта деген белгіні білдіреді.
Нұрлан:Мына белгі таксилер тұратын тұрақ екендігін білдіретін белгі.
Жол полициясы:Жарайсыңдар балалар жол ережесін жақсы біледі екенсіңдер.
Тосын сәт: Самакатпен қолын жарақаттап алған сотқар бала келеді.
(Ішке Сотқар бала кіреді)
Жүргізуші:Ай сотқар бала мына жарақатты қалай алғансын
Сотқар бала: Мен машина жүретін жолда ойнап едім,сол жерде көлік апаты
болып жарақат алдым,сендерден көмек сұрай келдім.
Жол политциясы:Жоқ бұл дұрыс емес көлік жүретін жолда балаларға ойнауға
болмайды.Енді қайталама.Жедел жәрдемді шақыпайық.
Сотқар бала: Жарайды политция ағай,енді көлік жүретін жолда
ойнамаймын,абай боламын.
Жүргізуші:Енді бұл балаға қандай көмек береміз.
Балалар:дәрігерді шақырайық.
Жүргізуші:Жарайды балалар дәрігерді шақырайқ.
(Телефонмен звандап Алтын Ракашовнаны шақырамыз)
Дәрігер:Ракашовна:Баланың қолын таңып,ескертуін айтады.
Жол политциясы:Балалар көрдіңдер ме,машиналар жүретін жолда ойнаса
не болатындығын,сондықтан жол ережесін сақтанып жүрейік.
Жүргізуші: Құрметті дәрігер,жол сақшысы, енді біздің кішкентай
бүлдіршіндеріміз жол ережесін сақтап жүретін болады,ал Сотқар
балаға жол ережесін көрсетіп достары көмектесіп жіберсін.
(Көрініс көрсету)
1.Жаяу жүргінші жолмен достарымен жүріп өтеді.
2.Бағдаршамның тәртібі туралы түсінік беру.
3.Жаяу жүргінші жолмен велосипед пен самакатты айдап өтуге болмайды.
4.Автобус немесе таксиден түскенде оның алдымен өтуге болмайды,артқы жағымен өту керек.
Сотқар бала:Рахмет сіздерге достарым,мен енді жол ережесін бұзбаймын,
сендер секілді әдепті тәртіпті боламын,сау болыңдар.
Жүргізуші:Ендеше біздің балаларымыздың өлең жолдарын тамашалаңыздар.
Жол полициясы: Тәртіп, заңды сақтаймын
Аяулым Ел сенімін ақтаймын
Әкеме ұқсап мен
Полиция боламын.
Жолдан өткенде: Әміржан деген баламын,
Әміржан. Мектепке енді барамын.
Жүруді де үйрендім,
Қөшесінде қаланың.
Жол шетіне келгенде
Қауіпті ғой көше тым,
Қумай жолдың төтесін.
Жолақтарды іздеймін
Жаяу адам өтетін.
Реттеуші: Бақылап жол тәртібін,
Амир. Өткізетін әр күнін.
Реттеушіні көрдім мен.
Қиылыстан дәл бүгін.
Ала таяқ қолында
Айтары көп оның да.
Не істеу керек,тұрса
Реттеуші жолыңда.
Салтанат:Көлік,көлік,
Көліктерге мінеміз.
Көшелермен,көшелермен,
Күнде тынбай жүреміз.
Жүргізуші:Балалар мен сіздерге жұмбақ жасырайын,қане шешуін тауып
көріңдерші.
1.Жоқ өзінде бас та,ауыз да,құлақ та
Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (Бағдаршам)

2.Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған.
Өміріңді ізетпен,
Ысқырығы күзеткен. (Милиционер)
Дания: Жол жүрудің тәртібін,
Ережесін білеміз.
Сақтағанда қатерден,
Сау-саламат жүреміз.
Нұрайым:Көшеде біз сақ болайық,
Қаймықпасын ата-ана
Жолда аман болайық
Жақсы бала атанып.
Хор:Светофор-Бағдаршам әніне кезек берейік.
Жүргізуші: Осымен «Жол ережесін білейік,аман — есен жүрейік!» атты ашық
тәрбие сағатымыз осымен аяқталды қош сау болыңыздар

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *