Сабақтың тақырыбы: Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру.

«Бекітемін»
Директордың оқу ісі
жөніндегі орынбасары
________Молдахмет Э.Н.

Сабақ жоспары
№ ___ Сабақ. Күні: ________
Тобы: ____________________
Пәні: Информатика
Сабақтың тақырыбы: Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру.
Сабақтың типі: Жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау, түсіндіру.
Сабақтың мақсаты: ЕТ кабинетіндегі жұмыс кезіндегі техникалық қауіпсіздік ережесімен таныстыру.
1. Білімділігі: Оқушы білімін, іскерлігін, дағды деңгейін бақылау, бағалау.
2. Дамытушылығы: Жан – жақты ойлау қабілетін дамыту.
3. Тәрбиелігі: Әрбір істі саналы түрде орындауға тәрбиелеу.
Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: Түсіндірмелі баяндау, лекция түрінде.
Сабақтың көрнекілігі: Жұмыс дәптері, интерактивті тақта.
Сабақ құрылымы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
1) Сынып оқушыларымен сәлемдесу;
2) Оқушыларды түгендеу;
3) Сынып болмесінің тазалығын тексеру;
4) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);
5)Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту.
6)Өткен тақырыпты қайталау.
2. Өткен тақырыпты қайталау:
9 — сыныпта өткен тақырыпты қайталап шығу.
• «Информатика», «Ақпарат» атауларын қалай түсіндіресіздер?
• Адам ақпаратты қайда сақтайды?
• Адам қабылдайтын ақпаратты неше топқа бөледі?
• Таңбалы және бейнелі ақпарат көздеріне қандай ақпараттар жатады?
• Ақпаратты дербес электронды машина қалай сақтайды?
3. Жаңа тақырып:
Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру.
Ғылыми техникалық прогресс әртүрлі есептеу машиналарын құруға себепші болды. Олар өздерінің арнаулы және функционалдық, мүмкіндіктеріне қарай улкен ЭЕМ-дерге, мини ЭЕМ-дерге, микро-ЭЕМ-дерге және дербес компьютерлерге (ДК) бөлінеді.
ДК соңғы 20 жылда қарқынды дамып келеді. Олар «пайдаланушы» деп аталатын бір адамның жұмыс істеуіне арналған. ДК пайдаланушымен диалогтык режимінде жеке жұмыс істеу үшін арналған. ДК қарапайым құжаттардан бастап, баспа беттеуіне дейін әртүрлі мәтін дайындау, есептеулерді орындау, деректер базасын жасау, ақпарат іздеу және т.с.с жұмыстарға арналған.
Техникалық құралдармен жабдықталған және тоқпен жұмыс жасайтын құралдарды пайдаланғандықтан кабинет – арнаулы кабинет болып саналады. Сондықтан, оқушылардың өмірін, денсаулықтарын сақтау мақсатында арнайы ережелер қарастырылған. Бұл ережелермен оқушы жыл басында міндетті түрде танысу керек. Оқушылар осы ережелермен танысып, бұлжытпай орындау қажет. Мұғалім ережелерді таныстыру керек және орындалуын қадағалауға міндетті. Компьютерлердің адам ағзасына келтіретін әсерлерін түсіндіріп, зақымданған жағдайда алғашқы көмек көрсету керек.
І. Төмендегі әрекеттерді жасауға болмайды:
Аталған міндетті орындауда оқушы төмендегідей :
• Жалпы ережелерді;
• Дербес компьютерде жұмыс жасау алдындағы;
• Жұмыс жасау кезіндегі;
• Апаттық жағдайдағы;
• Жұмыс соңындағы талаптар мен ережелерді білуге тиіс.
Жалпы техника қауіпсіздігінің ережелеріне қойылатын талаптар төмендегідей :
• Компьютерді тоққа қосатын сымдарға , қос тілді розеткілерге , штеккерлерге тиісуге және жабдықтарды мұғалімнің рұқсатынсыз жылжытуға тыйым салынады.
• Дербес компьютерде суланған қолмен және дымқыл киіммен жұмыс істеуге болмайды;
• Компьютердің жанына портфельдер , сумкалар , кітаптар қоюға тыйым салынады. Үстелде қалам мен дәптер ғана болуы тиіс.
• Пернелік тақта үстіне артық заттар қоюға болмайды ;
• Компьютерлік сыныпта жүгіруге, ойнауға, жанындағы құрбыларын аландатуға, бөгде жұмыстармен шұғылдануға тыйым салынады.
• Мұғалімнің рұқсатынсыз сыныптан шығуға және кіруге болмайды.
Оқушы компьютермен жұмыс жасау кезінде техника қауіпсіздігі талаптарын орындау ережесімен танысқандығы туралы журналды толтырады.
Дербес компьютерде жұмыс жасау алдындағы қауіпсіздік ережесінің талаптары:
Дербес компьютерді іске қосу кезінде оның сыртқы қорабының дұрыс жұмыс жасап тұрғандығына және сымдарының қатесіз жалғанғанына көз жеткізу керек ;
Жұмыс жасау кезінде сымдардың дұрыс жалғанғанына ерекше көңіл бөлінуі керек.
Жұмыс орнына бекітілген тіркеу журналына керекті мағлұматтарды енгізіп, белгі жасау қажет.
Оқушының дербес компьютермен жұмыс жасау кезіндегі техника қауіпсіздігінің ережесіне қойылатын талаптар:
• ЭЕМ-мен жұмыс жасау кезінде көзді экраннан 60-70 см қашықтықта ұстау керек;
• Сыныпқа кірушілермен орнынан тұрмай амандасуға рұқсат етіледі;
• Көзі шаршаған жағдайда орнынан тұрмай-ақ көз жаттығуларын орындауға ьолады;
• Электр тоғымен зақымданған жағдайда алғашқы дәрігерлік көмек көрсету тәсілдерін, от сөндіру құралдарымен жұмыс істеуді білуі қажет.
• Көз жаттығуларын білу міндетті.
Апаттық жағдайдағы ттехника қауіпсіздігінің ережелеріне қойылатын талаптар:
Жұмыс жасап отырған кезде дербес компьютерден ақау табылса, күйік иісі шықса немесе өзге дыбыс пайда болса, онда машинамен жұмысты тоқтатып, мұғалімге хабарлау керек;
От сөндіруде көмек көрсету қажет;
Электр тоғымен зақымданған адамға алғашқы көмек көрсетуді білуі керек;
Компьютерлік сыныпта өртті сумен сөндіруге болмайтынын білуі керек. Оған құм және т.б. өрт сөндіргіш құрал- жабдықтарын пайдалануға болады;
Электр тогының әсерімен зақымданған адамды су қолмен ұстауға болмайтындығын білу қажет. Оны әртүрлі материалдарды ( электр тогы сымынан басқа ) пайдалану арқылы босатып алуға болады.
Дербес компьютермен жұмысты аяқтаған кездегі техника қауіпсіздігі ережесінің талаптары:
Мұғалімнің нұсқауы бойынша аппаратты өшіру;
Жұмыс орнын ретке келтіру.
Жұмыс орнындағы тіркеу журналына белгі қою.
Есептеуiш техника кабинетiндегi қауiпсiздiк ережесi.
1. Жалпы техника қауiпсiздiгiң ережелерiне қойылатын талаптар төмендегiдей:
• Компьютердi тоққа қосатын сымдарға, қос тiлдi розеткiлерге, штеккелерге тиiсуге және жабдықтарды мұғалiмнiң рұқсатынсыз жылжытуға тыйым салынады;
• Мұғалiмнiң рұқсатынсыз сыныптан шығуға және кiруге болмайды;
• Дербес компьютерде суланған қолмен және дымқыл киiммен жұмыс iстеуге болмайды;
• Дербес компьютердiң жанына портфельдер, сумкалар, кiтаптар қоюға тыйым салынады. Үстелде қалам мен дәптер ғана болуы тиiс;
• Пернелiк тақта үстiне артық заттар қоюға болмайды;
• Компьютерлiк сыныпта жүгiруге, ойнауға, жанындағы құрбыларын алаңдатуға, бөгде жұмыстармен шұғылдануға тыйым салынады.
2. Дербес компьютерде жұмыс жасау алдындағы қауiпсiздiк ережесiнiң талаптары.
• Дербес компьютердi iске қосу кезiнде оның сыртқы қорабының дұрыс жұмыс жасап тұрғандығына және сымдарының қатесiз жалғанғанына көз жеткiзу керек;
• Жұмыс жасау кезiнде сымдардың дұрыс жалғанғанына ерекше бөлiнуi керек.
3. Оқүшының дербес компьютермен жұмыс жасау кезiндегi техника қауiпсiздiгiнiң ережесiне қойылатын талаптар:
• ЭЕМ-мен жұмыс жасау кезiнде көздi экраннан 60-70 см қашықтықта ұстау керек;
• Сыныпқа кiрушiлермен орнынан тұрмай амандасуға рұқсат етiледi;
• Көзi шаршаған жағдайда орнынан тұрмай-ақ, көз жаттығуын орындауға болады;
• Электр тоғымен зақымданған алғашқы дәрiгерлiк көмек көрсету тәсiлдерiн, от сөндiру құралдарымен жұмыс iстеудi және өрт сөндiру тәсiлдерiн бiлуi қажет.
4. Апаттық жағдайдағы техника қауiпсiздiгiнiң ережелерiне қойылатын талаптар:
• Жұмыс жасап отырған кезде дербес компьютерден ақау табылса, күйiк иiсi шықса немесе өзгеше дыбыс пайда болса, онда машинамен жұмысты тоқтатып, мұғалiмге хабарлау керек;
• Өт сөндiруде көмек көрсету қажет;
• Электр тоғымен зақымданған адамға алғашқы көмек көрсетудi бiлуi керек;
• Компьютерлiк сыныпта өрттi сумен сөндiруге болмайтындығын бiлуi қажет.Оған құм және т.б. өрт сөндiргiш құрал-жабдықтарын пайдалануға болады;
• Электр тоғының әсерiмен зақымданған адамды су қолмен ұстауға болмайтындығын бiлу қажет. Оңы әр түрлiматериалдарды(электр тогы сымынан басқа) пайдалану арқылы босатып алуға болады.
5. Дербес компьютермен жұмысты аяқтаған кездегi техника қауiпсiздiгi ережесiнiң талаптары:
• Мұғалiмнiң нұсқауы бойынша апаратты өшiру;
• Жұмыс орнын ретке келтiру;
• Электр тоғымен зақымданған жағдайда алғашқы дәрігерлік көмек көрсету
• Тоқты өшіру (щиттағы батырманы басу арқылы);
• Зақымданушыны ток әсерінен(сымнан) босату;
• Дәрігер шақыру;
• Зақымданушыны қарап шығып, оған алған жарақатына байланысты көмек көрсету.
І. Күйген жағдайда:
• Ауырғанда сездірмейтін дәрілер (анальгин, валерьянка және т.б.)беру;
• Күйген жерге арнайы май (облепиха) жағу ;
• Зақымданған жерге суық су құю;
• Алдын-ала жараланған жерді , микроптар түспес үшін мөлдір жұқа қағазбен (целлофанмен) орау.
ІІ. Есінен танып қалған жағдайда:
• Зақымданушы жауырынымен тегіс жерге жатқызып, басын бір Жағына қаратып , қырымен орналатыру керек;
• Нашатыр спиртін иіскету керек.
ІІІ. Тыныс алысы тоқтаған жағдайда:
• Ауызды ашып тілдің орналасу жағдайын тексерту керек, егер ол күрмеліп қалса оны қолмен дырыс қалпына керек ;
• Дем алыс жағдайына келгенге дейін, қолмен дем алдыру (ауызбен ауызға) немесе дәрігер келгенге дейін жаттығулар жасату;
Шаршағандағы қолданылатын жаттығулар
• Бас жаттығуларын жасау:
• Басты сағат тілі және керісінше бұрып айналдыру;
• Басты жан-жақа, жоғары-төмен, оңға-солға бұру.
• Саусақтарды жұмып-ашу және қолдың блезігін босаңсыту.
• Денені босаңсыты және оны кетіріп ширықтыру.
• Көз жаттығуларын жасау:
Көзге арналған жаттығулар
• 1-4-ке дейiн санап көздi қатты жұмып, сонан кейiн ашып,жайбарақат ұстап, 1-6-ға дейiн санай отырып, алысқа қарау қажет. 4-5 рет қайталау қажет.
• 1-4-ке дейiн санай отырып,екi көздi оларға қатты күш салмай,бiр-бiрiне қаратып,соңында 1-6-ға дейiн санай отырып алысқа қарап,4-5 рет қайталау керек.
• 1-4-ке дейiн санап,басты қозғамай, оңға қарап бiр нүктеге көз тоқтату, соңында 1-6-ға дейiн санап,алысқа қарау.Осы тәрiздi басты қозғамай, солға,жоғары, төмен қарау керек.
• 1-6-ға дейiн санай отырып, көзқарасты диогоналы бойынша: оң жақ жоғарыдан-сол жақ төменге аударып,сонан соң алысқа қарау; сонан соң сол жақ жоғарыдан-оң жақ төменге аударып, алысқа қарау. 4-5 рет қайталау.Көз гимнастикасын орындау кезiнде жалпы дене гимнастикасын да жасауға болады.Тұрақты түрде көз және жалпы дене гимнастикасын жасау көзге түскен қысымды жеңiлдетiп, дененi сергiтедi.
4. Бекіту:
• Жалпы техника қауiпсiздiгiң ережелерi
• Дербес компьютерде жұмыс жасау алдындағы қауiпсiздiк ережесi
• Оқушының дербес компьютермен жұмыс жасау кезiндегi техника қауiпсiздiгiнiң ережесi
• Апаттық жағдайдағы техника қауiпсiздiгiнiң ережелерi
• Дербес компьютермен жұмысты аяқтаған кездегi техника қауiпсiздiгi ережесi
5. Сабақты қорытыдылау және бағалау: Сабаққа жақсы араласып отырған, қойылған сұрақтарға жауап берген оқушыларды бағалау.
6.Үйге тапсырма: Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру.

Оқытушы: Дюсупова М.С

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *