Әдептілік — ең қымбат мирас

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«М.ӨТЕБАЕВ АТЫНДАҒЫ ЖОҒАРЫ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР КОЛЛЕДЖІ» МКҚК

Ф-П-10/6.1

ӘДІСТЕМЕЛІК ТАЛДАМА

ТАҚЫРЫБЫ:«ӘДЕПТІЛІК – ЕҢ ҚЫМБАТ МИРАС»

Орындаған оқытушы:
Абаева В.А.
____________
«Тәлімгерлер Кеңесі»
отырысында қаралды
№_____хаттама
«__»_______ 2018ж.
Тәлімгерлер Кеңесінің
төрайымы:
Жананова А.М.
__________

Шымкент 2018 ж.
Ф-П-10/6.2

Өткізілетін күні: 13.11.2018ж. сағат: 1700
Тақырыбы: «Әдептілік — ең қымбат мирас»
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке, әдептілікке, өз халқының салт-дәстүрін үйрене отырып, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу. Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік: Әдептілікке,білімділікке, сыпайылыққа тәрбиелеу
Дамытушылық: Оқушыларды қазақ халқының сәлем беру, сәлем алу, сәлемдесу рәсімдерін айту арқылы «Алыстан сәлем береді, әдепті елдің баласы» атты нақыл сөз негізінде тәрбие беру.Ата-ана берген жақсы тәрбиелерін нәтижелі етуге уағыздау. Сөздік қорын молайту, жүйелі сөйлеуге дағдыландыру.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, нақыл сөздер
Барысы:
1. Ән
2. Видеролик.
3. Көркем сөз
4. Би.
5. Сахналық көрініс.
6. Ән
7. Мақал мәтел жалғасын табу.
8. Ән.
9. Би.

«Әдептілік — ең қымбат мирас» ашық тәрбие сағаты

НҰРМҰХАМЕД: Армысыздар құрметті ұстаздар, қадірменді қонақтар және студенттер! Бүгінгі біздің ҚР-02-18 тобымыздың ұйымдастырып отырған «Әдептілік — ең қымбат мирас» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
1.ӘСЕЛ: Сәлем — сөздің анасы,
Алдымыздан кезіккен.
Көп танысты көреміз,
Бәріне де ізетпен.
Біздер сәлем береміз,
-Сәлеметсіз бе, ағай! — деп,
-Сәлеметсіз бе, апай! — деп,
-Есенсіз бе, атай! — деп,
-Амансыз ба, әжей! — деп,
-Ұл — қыз сәлем береміз,
Өнегелі өренбіз! — деп.
Тәрбие сағатымызды әсем әнмен бастасақ Лесбек Гүлназдың орындауында » » атты ән. Қарсы алыңыздар!

2.НҰРМҰХАМЕД: Тәртіпті бала сүйеніш,
Төбең бір көкке жетеді.
Ұрыншақ бала жанында,
Ұрыс пен керіс айқай шу.
Ұстамды бала маңынан,
Ұнамды қылық байқайсың
Ендігі кезекте видеороликті тамашалаймыз. Экранға назар аударамыз!

ӘСЕЛ: Ата ананың тілегі,
Адам болып өскенің.
Адамдықтың тілегі,
Адал болып өскенің.
Әдептілік дегенің,
Әрқашанда керегің.
Әсемпаздық дегенің,
Әуре салсаң әлегің.

3.НҰРМҰХАМЕД: Көрініс. 1.Ыбырай Алтынсарин атамыздың «Әдептілік» атты көрінісін тамашалаймыз.
Бір жұрттың үлкен оқымысты кісісі екінші бір елдің байымен сөйлесіп тұрғанда, қастарынан бір жарлы адам өтіп бара жатып, оқымыстыға келіп,басын иіп сәлем береді.
Оқымысты басын одан да төменірек иіп сәлемдеседі.
Қасндағы бай:
-Тақсыр, осынша біліміңіз бар ғалымсыз.Сөйте тұрып, жарлы адамға соншалық иіліп сәлемдесуіңіздің мәні қалай? — деп сұрайды.
Сонда ғалым тұрып:
Ешбір ғылым-білім үйренбеген ол кісі әдептілік көрсеткенде, мен одан әдепсіз болып корінсем, лайық па? — деген екен.

4.НҰРМҰХАМЕД: Дөңгеленсе бала Баян,
Менде ақырын қарап қоям.
Болашақта «биші Баян»,
Атанарсың әлемге аян.
Биле, биле, биші Баян,
Күй төгілді радиодан.
Биіңді үйрет,
Радиоңды жақын қоям — деп. ҚР-02-18 тобымыздың ару қыздарының орындауында «Қазақша би».

5.НҰРМҰХАМЕД: Әдепсіз бала,
Ауыздықсыз атпен тең.
Ақылды қария,
Жазып қойған хатпен тең.

Кезекті әдеп, тәртіп туралы көркем сөздерге береміз. Садқан Аида, Лесбек Гүлназ, Аширбеков Мирас, Жәнібек Мирас, Аманбай Саян, Алмакамбет Ілияс.

Лесбек Гүлназ: Әдеп, ізет, иба да,
— Әдеп — алтын сабырың.
Шарайнасы жаныңның,
Жетелейтін мұратқа.
Әдептіні сыйла да,
Әдеп — талап жалының.
Тәңіріңдей табынған,
Ақ желкенің құлатпа.
Аширбеков Мирас:
Жәнібек Мирас:
Аманбай Саян:
Алмакамбет Ілияс:

6.НҰРМҰХАМЕД: Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой — салар,
Әнді сүйсең, менше сүй — деп. Джурабеков Омарханды «Сағым дүние» атты әнімен қарсы аламыз.

7.ӘСЕЛ:Әсемпаз болма әрнеге
Өнерпаз болсаң арқалан
Сенде бір кірпіш дүниеге
Кетігін тапта бар қалан — деп Абай атамыз айтқандай кішіге мейірімді, досыңа қайырымды, еңбексүйгіш, шыншыл да, қамқор болсаң, өсе келе ата-анаңның, Отаныңның мақтанышы боласың.
Ал енді сұрақ-жауап. Көрермендерге сұрақ қоямыз, ал сіздер жауап беріңіздер. Әдептілік туралы қаншалықты біледі екенсіздер тексеріп көрейік.
1.Әдепті болу дегенді қалай түсінесіз?
Жауабы: Әдеп қалыптасқан ұлттық мәдениеттің белгісі. Игі әдеттен әдеп ғұрып қалыптасып одан әдеп пайда болады. «Әдеппен сөйлеп әдеттен» деп, халық сөйлеу мәдениетін талап етеді. «Әдепті бала — арлы бала, әдепсіз бала — сорлы бала» деп, халық әдепсіздікті қатты сынайды. «Көп сөйлеп созбайын, әдептен озбайын» деп, Абай дана көп сөйлеудің өзі әдепсіздік екеннін ашық айтады.Мінез әдебі, жүріс-тұрыс әдебі, өнер әдебі, іс-әрекет әдебі, шығармашылық әдеп ұлттық тұлғаның мәдениетін көрсетеді. Жалпы ұлттық әдеп-ғасырлар бойы қалыптасқан мәдени құндылық болып табылады. Әдепті болу, яғни мәдениетті болу ә рбір тұлғаның ұлттық борышы.

НҰРМҰХАМЕД: 2.Әдептілік туралы қандай мақал — мәтелдер білесіз?
Жауабы: «Әдепті бала — арлы бала, әдепсіз бала — сорлы бала»

«Әдептіліктің белгісі иіліп сәлем бергені,
Жақындықтың белгісі көп кешікпей келгені.»

«Әдепсіз жігіт жүгенсіз атқа ұқсайды.»

«Әдепті бала ата-анасын мақтатар,
Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар.»
«Аға әдепті болса, іні әдепті,
Апа әдепті болса, сіңлі әдепті.»
«Өзек қуа ағады,
Өзен судың саласы.
Алыстан сәлем береді,
Әдепті елдің баласы.»
ӘСЕЛ: 3.Әдептілік туралы бір шумақ өлең білесің бе?
Жауабы: Әдеп, ізет, иба да,
-Әдеп — алтын сабырың.
Шарайнасы жаныңның,
Жетелейтін мұратқа.
Әдептіні сыйла да,
Әдеп — талап жалының.
Тәңіріңдей табынған,
Ақ желкенің құлатпа.
НҰРМҰХАМЕД: 4.Әдептілікке жататын қандай қасиеттер білесің?
Жауабы: Иманды болу, әдепті болу, ізетті болу, қайырымды болу, мейірімді болу, сабырлы болу, жауапты болу, намысты болу, ұқыпты болу жатады.

ӘСЕЛ: 5.Әдептің қоғамдағы басты қызметі
Жауабы:Әдептің қоғамдағы басты қызметі тұлғалық қатынастарды адамгершілік талаптарына сәйкес ретке келтірумен байланысты. Бұл сипатта «Әдеп» мәдениеттің іргелі бір құрамдас бөлігіне жатады. Мәдениеттің қалыптасу барысында ізгі мінез-құлық белгілері әдептілік талаптарына айналып отырған. Әдеп өлшемдері арнаулы қаулы арқылы жарияланбайды және олар данышпан адамдардың ойлап тапқан құндылықтары емес. Әдеп ережелері өркениет пен мәдениеттен сұрыпталып алынған.

8.НҰРМҰХАМЕД: Мың бұралып сахнада тамсанып,
Би-билеңдер босатылып бар жүктен.
Көрермендер өте ыстық қарсы алып,
Шапалақтап жібереді зал біткен.
Ортада «Флешмоб».

9.»Ән — көңілдің ажары» — демекші соңғы бөлім ән
Джурабеков Омарханның орындауында. Қарсы алыңыздар!

ӘСЕЛ: Жас — кәріге сіз деген,
Жақсы үлгі іздеген.
Дос боламыз біз деген,
Ізетті ұл менен қызбенен.

НҰРМҰХАМЕД: -Осымен бүгінгі ҚР-02-18 тобымыздың ұйымдастырған ашық тәрбие сағатымыз аяқталды. -Тыңдап, көргендеріңізге көп-көп рақмет! -Қош сау болыңыздар!

«Әдептілік – ең қымбат мирас» атты ашық тәрбие сағаты. ҚР-02-18 тобы

ҚР-02-18 тобының биші қыздары Әсел, Милана және Айда

ҚР-02-18 тобының биші қыздары Әсел, Милана және Айда

Тобымыздың белсенділері

ҚР-02-18 тобының әншісі Джурабеков Омархан

Топтың ұйымдастыруымен флешмоб

Сахналық көріністен үзінді

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *