Апатты табиғат құбылыстары

Апатты табиғат құбылыстары

САБАҚ: Қазақ тілі

ТАҚЫРЫБЫ:

71 – сабақ

Атау септік

МЕКТЕП:  Ғ.Қараш ОЖББМ
КҮНІ: 21.01.2020. МҰҒАЛІМНІҢ АТЫ- ЖӨНІ:

Айдашева Самига Ибрашевна

СЫНЫП: 4 қатысқандар саны: қатыспағандар саны:
ОҚУ МАҚСАТЫ: 4.2.3.1-мәтін мазмұны бойынша шешім табуға бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру
САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ Барлық оқушылар жасай алады:

  • Атау септікті біледі.

Оқушылардың көбі жасай алады:

  • Шешім табуға бағытталған сұрақтарды таба алады және құрастырады.

Оқушылардың  кейбірі жасай алады:

  • Берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады.
БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙІ: Атау септігін біледі.

Шешім табуға бағытталған сұрақтарды табады.

ТІЛДІК МАҚСАТ Мәтіннен шешім табуға бағытталған сұрақтарды тауып, құрастырып, айтып бере алады.
ҚҰНДЫЛЫҚТАР: Оқушыларды бір-біріне құрмет көрсетуге тәрбиелеу.
ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫС: Математика, жаратылыстану.
АКТ ҚОЛДАНУ ДАҒДЫЛАРЫ: Компьютерді қолдану.
АЛДЫҢҒЫ БІЛІМДЕР
Зат есімнің септелуі.
ЖОСПАР
Жоспарланған уақыт Жоспарланған іс-әрекет Дереккөздер
Сабақтың басы

2 минут

(Ұ) Ұйымдастыру бөлімі

Оқушылар зейінін сабаққа аудару үшін оларды шеңбер бойымен тұрғызу. «Шар ұшыру» ойыны арқылы оқушылар бір-біріне жылы лебіз айтады. Шар неліктен ұшады? Желдің көмегінен ұшады. Бір-біріңізге деген ыстық ықыластарыңыз орындалсын.

Көңілді әуен қосып қою

Шар ұшыру

3 минут -Жел сөзін недіктен қозғадық деп ойлайсыз?

-Табиғат құбылыстары бөлімшесімен таныстық.

-Тағы қандай табиғат құбылыстарын білеміз?

-Апатты табиғат құбылыстарын білесіз бе?

Өрт, цунами, жер сілкінісі, су тасқыны, қар құрсауы т.б.

Дұрыс айтасыздар. Бұл айтылғандар табиғаттың апатты дүлей күштері. Қар көшкіні дегенді қалай елестетер едіңіз?

Сабақтың ортасы

7 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 минут

Бейнежазба көрсету(қар көшкіні туралы)

31-жаттығу.(Ө) Мәтінді оқу.

Мәтін бойынша қойылатын жетекші сұрақтар:

-Қар көшкіні деген не?

-Қыс мезгілінде тауға шықсаң, нені білуің керек?

-Қар көшкіні болған жағдайда не істеу керек?

-Сен альпинист болсаң, тауға өзіңмен бірге қандай құралдар алар едің?

(Альпинист сөмкесінің суреті ілініп алып шығатын құралдар стикермен жазылып ілінеді)

Зат есімдер табылып, сұрақтары қойылады.

Сұрақтардың ішінен шешім табуға бағытталған сұрақтарды тауып, мәтіндегі алғашқы сөйлемді көшіріп жазу ұсынылады. Бастауыш пен баяндауыштың астын сызып, бастауыштың қай септікте тұрғанын айту.

Дескриптор

1.Шешімін табуға болатын сұрақтарды табады. (1 балл)

2.Мәтіннің алғашқы сөйлемін

көшіріп бастауыш пен баяндауыштың астын сызады(2балл)

3.Бастауыштың қай септікте тұрғанын айтады.(1балл)

Атау септіктің ережесін құрастырады(1 балл)

«Екі жұлдыз, бір тілек» бағалау.

Жаңа ақпарат

Атау септігі кім? кімдер? нелер? Деген сұраққа жауап береді. Атау септіктегі сөздер сөйлемде негізінен бастауыш болады?

Оқулықпен

Жұмыс

Бейне жазба

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Екі жұлдыз, бір тілек»

6 минут 32-жаттығу.Өлеңді көшіріп жазу.

Қастек Баянбайдың «Сең» өлеңін қатесіз көшіріп жазу.

Дескриптор

1.Өлеңнің ішінен атау септіктегі зат есімдерді тауып, олардың сөйлемде қандай мүше болғанын айту. (1балл)

2.Каллиграфиялық нормаларды сақтау және жазу техникасын жетілдіру.

3.Өлең мазмұнын талдау.

«Дәптер алмасу» ойыны арқылы оқушылар парталас достарының дәптерін бағалайды.

33-жаттығу.(Ө; Ұ; Қ) Берілген сөздер бастауыш болатындай сөйлем құрап жазу.

Қазақстан, тау, көшкін, өзен сең сөздерін бастауыш болатындай етіп, әрқайсысымен сөйлем құрау.

Дескриптор

1.Сөйлем құрап айтады.

2.Берілген сөздер қай септікте тұрғанын анықтайды.

«Еркін микрофон» әдісі

Ой сергек!

Бейнежазба әуенімен қимылдау.

Сұрақтар:

-Сабақ үстінде неге сергіту жаттығуларын орындау керек?

-Қандай сергіту жаттығуларын білесіңдер?

Қалыптастырушы бағалау тапсырамсы

4.2.3.1. Мәтін мазмұны бойынша шешім табуға бағытталған сұрақтар және жауап беру.

Мәтінді оқы. Сызбаға мәтіннің мазмұны бойынша шешім қабылдауға бағытталған бір сұрақ жаз, өз сұрағыңды ұсын.

Дескриптор

Мәтін бойынша шешім шығаруға бағытталған сұрақ құрастырады.

Сұраққа дәлелді жауап береді.

35-жаттығу. (Ө; Қ) Шығармашылық үзіліс.

«Көбелектерді өз гүліне қондыр» ойыны арқылы оқушылардың септіктер туралы не білетінін анықтау.

Бейне жазба көрсету.

 

 

 

 

 

 

«Дәптер алмасу»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Еркін микрофон»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қалыптастырушы бағалау.

Сабақтың соңы

3 минут

«КҮН, Жартылай бұлт, БҰЛТ» арқылы оқушылар сабақты қорытындылайды.

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *