«9-мамыр -Жеңіс күні»

Тақырыбы:   9 – мамыр – Жеңіс күні

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларға Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой-өрісін дамыту.
  2. Оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру патриоттық сезімге баулу
  3. Оқушыларды үлкен адамдарды сыйлауға, оларды құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Ұлы Отан соғысына арналған ерлік туралы нақыл сөдер, газеттер.

Өтілу барысы: Сынып ішін безендіру.

 

Кіріспе сөз: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! 9 мамыр Жеңіс күні. Бұл соғысқа қазақ жерінен қара көз қыздарымыз бен ұлдарымызды әкетті. Мөлдір аспанды бұлт қаптады. Шаттық әнді қайғылы үнге, нұрлы күнді қара түнге айналдырмақ болып 1941 жылы 22 маусым фашистік Германия Совет Одағына опасыздықпен шабуыл жасады. Отанымызға қатерлі күн туды. Дүниедегі бейбітшілік бағына сұрапыл соғыс қаһарын төкті. Сонымен фашистік Германия жеңіліп 1945 жылы Совет Одағының жеңісімен аяқталды. Ал құрметті Оқушылар «9 мамыр жеңіс күні» атты тәрбие сағатымызды  осымен бастауға  рұқсат етіңіздер!

  • жүргізуші: 1941 жылы 22-маусым күні таңғы 4-те бейбіт жатқан елімізге Германия тұтқиылдан соғыс ашты. Суық хабар сол күні байтақ елімізге, жер – жерлерге, ауыл – селоға тарады. Ер – азаматтар асығыс соғысқа атанды. Кейбірі өздері сұранып кетті. Қасиетті жеріміз, бейбіт еліміз, құлақ естіп, көз көрмеген апатқа ұшырады. Еліміздің жауынгерлері қасық қаны, шыбырдай жаны қалғанша шайқасты. Жеңіс жеңілдікпен келген жоқ. 50 млн. адамның өмірін жалмады. Міне, осынау елімізге лаң салған алапаттың жеңіспен яқталғанына биыл 78  жыл толып отыр.

 

 2-жүргізуші:   Болса дағы қай ғасырдың қай жылы.

Ұлы Отаным басым иіп бір минут

Есіне алмақ сол бір апат қайғыны.

 

Енді Еліміз, жеріміз  үшін шайқасып, Ұлы Отан соғысына қатысқан батыр апа- аталарымыз жайлы  айтайық.

 

  Мәншүк туралы қысқаша шолу.

Мәншүк 1922 жылы дүниеге келген. Шын аты Мәнсия. Анасы еркелетіп Моншақ деп атап кеткен. Мәншүктің әкесі Ахмет дәрігер болған. Ол іскер, жігерлі, турашыл болған. Мәншүк кішкентай кезінен «дәрігер боламын» деп әкесіне еліктеп өскен. Мәншүк соғысқа өз еркімен аттанғанда 19 жаста еді. . Майданға аттанарда анасы «жолың болсын, Моншағым!» — деп шығарып салады.

Елімді қолыма қару алып қорғаймын деп алдындағы шепке сұранады.

Сөйтіп, қабырғасы онша қатпаған Мәншүк пулеметші болып шыға келді.

Мәншүк тәртіпті, тапсырманы дәл орындайтын, қауіптен сескенбейтін жүректі, батыл жауынгер болған. Өзі қорғаған Невель қаласында Мәншүкке ескерткіш қойылған.

Мәншүк қас дұшпанымен жанқиярлық пен айқасып қазан айынан 15-де ерлікпен қаза болады

1оқушы:

Сiлкiнтiп зеңбiректер жердiң жүзiн,

Оқ борап, снарядтарқаққанда ызың,

Қаптағанқалың жаудан тайсалмаған

Мен көрдiм пилоткалықазақ қызын.

1 оқушы:

Қолында пулемётi «Максим» оның,

Бойында күш-жiгерi тасқын оның.

Ерлермен тiзеқосып шабуылда,

Оғыменқырғын майдан ашты жолын.

3 оқушы:

Көзiненұшқынөрттей лапылдаған,

Жауынақаһар тiгiпқатуланған.

Отанүшiн шайқасқан ауыр күнде,

Төнсе деөлiмқаупi, жасымаған

 

  1. Сөз жұмбақ

 

  1. 5. 1-жүргізуші:

Әлия 1924 жылы Қобда ауданы, Көкбұлақ деген жерде туған. Екі жасында жетім қалып, Әубәкір деген ағасы өз қолына тәрбиеге алды. Кейін ол ағасы Санк-Петербург деген қаласына көшіп кетеді де, Әлия сол қалада оқиды, отбасының жағдайына байланысты Әлия кейін балалар үйінде тәрбиеленеді.

Әлия ерекше ұстамды зерек жаңалыққа бой ұрғыш болып өседі.  Соғыс басталғанда небәрі 17 жаста болған. Сол кезде майданға өзі сұранып, соғысқа аттанады.

4  оқушы:

Даламыздың даңқысың,

Балауса гүл– балғынқыз.

Жанынқиып халқыүшiн,

Жанып түскен ақ жұлдыз.

5 оқушы:

Мәңгi жасап жерде ендi,

Биiк бол деп таулардан,

Сенiң балғын бейнеңдi

Жасапқойдық мәрмәрдан.

6 оқушы:

Бiрге соқсын дүрсiлдеп,

Туған жермен жүрегiң.

Ауасында жүрсiң сен–

Әнгеқосып жүр елiң.

 

 

2-жүргізуші: Отанымызды  қорғау үшін осы қатыгез майданға Бауыржан Момышұлы атамыз да аттанды.

Бауыржан Момышұлы 1910 жылы 24 желтоқсанда Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау ауылында дүниеге келген. Анасы Рәзия ерте дүние салады. Бауыржан әжесі мен әкесінің тәрбиесінде өседі. Әкесі Момыштың, Момынқұл көкесінің үлгі — өнегесі жас Бауыржанның бойына жақсы қасиеттердің ұялауына себепші болады.

 

1941 жылы екінші дүниежүзілік соғыс басталысымен  316 атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанады, батальон, полк командирі қызметтерін атқарады.  Соғыс кезіндегі жеке басының қаһармандық  ерекше көзге түседі. Бірнеше рет жау қоршауынан жауынгерлерін аман сау алып шығады.

 

Соғыстан кейін Бауыржан Совет Армиясы Бас штабының Жоғары әскери академиясын бітіреді.  1956 жылы  Бауыржан Момышұлы  біржола шығармашылық жұмыспен айналысады. Ол қазақ және орыс тілдерінде бірдей жазып, өз өмірінде көрген білгендерін  қағаз бетіне түсіреді.

 

Бауыржан Момышұлы былай деді: «Біздің жүрегіміз темір емес. Бірақ біздің кек отымыз қандай темірді болса да ерітіп, күйдіріп жібере алады… біздің үрейді жеңетін ең күшті қаруымыз бар, ол – Отанға деген сүйіспеншілік».

Жеңіс күні

Ойлап-ойлап тұрдым көп,

Сауал бердім білгім кеп:

Қуанышты мереке –

Жеңіс күні қай күн? – деп.

Атамнан да сұрадым,

Көкемнен де сұрадым.

Ағамнан да сұрадым,

Апамнан да сұрадым.

Тосты бәрі құлағын:

– Дұрыс, – десті, – сұрағың.

Бейбіт күннің бәрі де

Жеңіс күні, шырағым!

 

Бейбітшілік болса

Алаулап гүл тұрады,

Туған жер құлпырады,

Бейбітшілік болса.

 

Түрленіп бақша-бағы,

Тірлік те жақсарады,

Бейбітшілік болса.

 

Үйлер де құламайды,

Ешкім де жыламайды,

Бейбітшілік болса.

 

Балалар болады аман,

Аналар болады аман,

Бейбітшілік болса.

 

Ән:  «Әрқашан күн сөнбесін»

 

1-жүргізуші:  Ұлы Отан соғысы 1941-1945 жылдар аралығында болды. Бұл соғысқа  35 млн адам, соның ішінде 1,5 млн қазақстандық қатысты. 1945 жылдың 9- мамыр күні мамыр бүкілхалықтық салтанат күні — ЖЕҢІС МЕРЕКЕСІ болып белгіленді.

7 мамырда Қазақстанда Отан қорғаушы күні аталып өтеді. 1992 жылдың 7 мамырында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылған күні болғандықтан

«7 мамыр — Отан қорғаушылар күні» деп жарияланды

2-жүргізуші:  Құттықтау сөз

Құрметті 3 «Б» сыныбының ұлдары!

Сіздерді бүгінгі мерекелеріңізбен құттықтаймыз!

Сіздерге осы өмірде

— ашық аспан,

— мол бақыт,

— оқуда озат,

— сабақтарыңды жақсы оқуларыңды шын ниетпен тілектеспіз.

Т.б. 3 «Б» сынып қыздары.

 

«Ұландар» әні

Би

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *