Желтоқсан жаңғырығы

Желтоқсан жаңғырығы

1986 жыл….Желтоқсанның ызғарлы 17-ші жұлдызы еді. Брежнев атындағы алаңға мындаған адамдар бейбіт шеруге шықты. Адамдардың жылы  орындарын тастап, қақаған аязда Алматы қаласының басты алаңына шығуына не түрткі болды деп ойлайсыз? Әрине, бұны тек өмірімізді түбегейлі өзгерткен, ұмытылмас қанды оқиға екенін еш ойланбастан сол оқиғаны естіп көрген немесе қатысқан адам ғана толықтай жауап берер еді.  Алайда, ең өкініштісі еліміздің қазіргі буындары бұл оқиға жайлы ештеңе білмейтіні мені қатты қынжылтады. Қалайша? Тәуелсіздігімізді алуымызға бірден-бір себепкер болған Қазақстан тарихындағы ең маңызды орын алған оқиғаны білмеуі мүмкін бе? Иә, мүмкін екен және де  көңіліме қаяу түсіретіні де осы.

Алайда сол бейбіт шерудің соңы қанды оқиғаға ұласты. Кенеттен басшылық жастарға шабуыл жасап, тұтқындай бастады. Оларға «Ұлтшыл, нашақор, маскүнем» деген жалалар тағылды. Алаңдағы жастарды тоқтату үшін Алматы қызметкерлеріне көмекке милиция қызметкерлері Фрунзеден 100, Ташкенттен 300, Челябіден 203. Новосибирскіден 203, Свердловскіден 225, Тбилисиден 450 адам тартылған. Жастарға қарсы «Бұрқасын-86» жоспары бойынша іс-шаралар жасалынған. Жастарға өрт сөндіру машиналарымен суық су атқылап, сапер күректермен соққыға жығылып, қыздарды зорлап, шаштарынан жұла сүйреткен және де адамдарға қарсы арнайы дайындықтан өткен иттерді салып қойған. Жалпы шеруде  8500 адам ұсталған. Олардың басым көбі жастар болған.

Көзіңізге елестетіңізші, осыншалықты қорлыққа шыдаған жастарымыздың осындай зорлық-зомбылық көргені әділетті ме? Тіпті, хайуанның да осындай зорлық көріп өлгенін қаламас едім. «Бұрқасын – 86» жоспарын естісем денем тітіркеніп, көзіме жас үйіріледі. Жастардың сол ызғарлы күні алаңға өлім іздеп бармағанын, әділдік іздеп барғанын  Ербол Сыпатаевтың аузынан естідік. Еліміздің болашағын ойлап, келер замаңымыз не болады деп, мынау біздерді ойлады. Ал біздердің көбіміз сол алпауыт бұрқасын оқиғаны білмейміз де.  Тәуелсіздігімізді алу бізге оңайға тиген жоқ

Қайрат Рысқұлбеков, Ляззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сабира Мұхаметжанова сынды батырларымызды еліміздің әр жаны тануы міндетті деп ойлаймын. Осы және өзге де жүздеген жас қыршындардың арқасында тәуелсіз мемлекет болып жатқанымызды естен шығармайық. Ляззаттың қайсар мінезіне таң қалам, еш корқынышсыз басшылықтың алдыңда қарсылық көрсеткені үшін, Сабираның батылдығына таң қалам, күллі жұртты біріктіріп әділет іздеуге шақырған, Қайрат пен Ерболдың ержүрек мінездеріне таң қалам, аяулы қыздарымызды қорғау үшін алаңға шыққан. Желтоқсан құрбандарын біріктіретін бірден-бір нәрсе ол – бірлік. «Жауға барсаң – бәрің бар, дауға барсаң –бірің бар» демекші, жер үшін, болашақ үшін өз жаңын құрбан еткен батырларымызды құрметтейік ағайын! Желтоқсан желі, желтоқсан желі – ызғарлы…

Bilimger.kz Республикалық білім порталы Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген. Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718  

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *