Адамның ішкі әлемі

Мектебі:   №34 ОМ

Мерзімі:

Сабақ: 3-4

Тақырыбы: Адамның ішкі әлемі

Құндылығы: Ақиқат.

Қасиеттер: Жақсыдан жаманды ажырата білу, шыншылдық, ойдың, сөздің және істің бірлігі.

Мұғалім:  Досжан Р.Қ    Сынып: 7        Оқушылар саны:

 

Мақсаты: оқушыларға жан дүниенің тазалығы мен оны кемелдендіру туралы түсінік бере отырып, ақиқат құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

1.    Білімділік:Оқушыларды жақсыдан жаманды ажырата білуге   үйрету.

2.      Дамытушылық:Оқушылардағы шыншылдық қасиеттерін дамыту.

3.      Тәрбиелік:Оқушыларды ойдың, сөздің және істің бірлігіне тәрбиелеу.

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)

 

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

5 Т – ережесі:

1. Тәртіп.

2. Талап.

3. Тыныштық.

4. Тазалық.

5. Татулық.
Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып – білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

     Жағымды көңіл – күйге келу. «Нұрға бөлену».
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ – қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ой мен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға ба ғыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көзімізге де жетті. Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсы лықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңыз ға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте – бірте қарқындап және шұғылана бастайды, сіздің денеңіз ден шығып, жан – жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқанда рыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағытта ңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз. Олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан – жануарларға, өсім діктерге, тірі жанға таралсын… Ғаламның барлық түкпір – түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын… Нұр менің ішім де… Мен Нұрмын»
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз…
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет!

 
2. Үй тапсырмасы.

1. №3 – сабақ. «Өзіңнен ұяла жүрсең, сені ешкім де ұялта алмайды» (Феофраст) тақырыбына эссе жазыңдар

2. Келесі сабақ. №4, Шәкәрім шығармасынан үзіндіні оқып келу.

Сұрақтар:

1. Мәтіндегі автордың айтып отырған «таза жолы» қандай жол деп ойлайсыңдар?

2. Ол «таза жолға» адамды оның бойындағы қандай құндылықтары мен қасиеттері жетелейді?

3. Автор мәтінде кімдерді «сезімі ояу, есті жан» дейді? Сеніңше, ондай жандар ар-ұжданын басшылыққа ала ма?

4. Ар-ұждан адамды қандай жолға бастайды?

5. Өзің өмір жолыңда нелерді басшылыққа аласың? Неліктен?

 
3. Сабақтың дәйексөзі.

(Оқушыларға үш рет айтқызып, дәптерге жаздырту)

Арлы адам – ардақты, ар – ардақтың анасы.

                                                              Б. Момышұлы.

Момышұлы Бауыржан (1910-1982) – екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы. Туған жері – Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау мекені.

Сұрақтар:

1.     Ар, ұят, намыс, ождан дегенді қалай түсінесіздер?

2.     Арлы адам – ардақты дегенде не түсіндіңіз?

3.     Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?

 
4. Оқиға айту (Мұғалім сыйы).

Адалдық — адамгершіліктің ең басты қағидаларының бірі. Ол кез келген істе, әрекетте, сөзде өзінің пендешілік мүддесінен адамшылық мүддесін жоғары қоя білуді білдіреді, яғни бас пайдасы үшін екінші біреудің мүддесіне нүқсан келтірмейді. Ар- үятын жоғары үстайды.

Адалдык өсек-өтірікке жоламауды, біреуді сыртынан ғайбаттамауды аңғартады. Адал болу дегеніміз — жаны, жүрегі таза болудеген сөз.

Адал адам ақиқатты ардак түтады. Шыншылдықты сүйеді. Біреудің мүлкін, беделін, абыройын сырттай саудаламайды.Жақынын,туысын,танысын,достарын, айналасындағыларды ардақтайды. Ешқашан ешкімді сатып кетпейді. Отанына үнемі қалтқысыз адал. Әр кезде иманын қорғай біледі. Иманмен тиянақталған адалдықты кіршіксіз адалдық деп атайды.

Адалдық рухани тазалықтан туындайды. Жан дүниесі, рухани әлемі таза адамның әрқашан абыройы асқақ, беделі жоғары. Ол өтірік айтпайды, үрлық істемейді, біреудің затын рұқсатсыз пайдаланбайды, зәлімдік жасамайды. Адалдық адам баласының ең тамаша қасиеттерінен саналады. Адал адамның- достығы — мәңгілік.

Қазақта айналасындағыларға көмектесуге үнемі эзір, арам пиғылы жоқ, шын ниетімен ақтарылып түратын жандарды ақкөңіл деп атайды. Олар қолында барын ешкімнен аямайды. Қазақта “Ақ көңілдің аты арып, тоны тозбас” деген қанатты сөз содан қалған.

Адал жанның үйқысы тыныш, күлкісі ашык. Оған біреудің жақсылығы мен қуанышын кызғану, көре алмау сияқты қасиеттер жат. Адалдық өзінен өзі келмейді. Ол — тәрбиенің жемісі. Адал болу үшін адам жас кезінен өз жүрегін тыңдай білуі, өзін-өзі тэрбиелеуі қажет.

 
5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

Тапсырма: Өсиет әңгімені оқыңдар. Өсиет әңгіменің астарынан нені аңғардыңдар?
Мәтіндегі жағдайды адамның мінез-құлқымен, өмірімен байланыстырып, кестені дәптерге толтырыңдар

Бір орманда өзен жиегінде ағаштар өсетін еді. Ол ағаштар бар күшін биік болып өсуге жұмсап, тамырын дамытуға күштері қалмайтын. Олар үшін биіктік пен сұлулық маңыздырақ болып көрінетін… Өздерінің биіктігімен, әдемі гүлдерімен басқаларды тамсандырған ағаштардың арасында гүлсіз, кішкентай лавр ағашы да өсетін. Лавр ағашы бар күшін тамырына жұмсайтын еді. Барлығы оны үлкен әрі әдемі гүлдері, алып бойы болмағандықтан, менсінбей қарайтын. – Лавр, сен, бар күшіңді несіне тамырға жұмсайсың, бізге қарасаңшы, жапырақтарымыз үлкен, хош иісті гүлдерміз, биіктігіміз үшін бізге барлығы қызыға қарайды. Лавр: «Маған өсу үшін тамырымның күшті болғаны маңызды және маған мұқтаж болғандарға өз жапырақтарымды беремін» ,-дейтін. Бірде қатты жел соғып, тамырлары әлсіз сол ағаштар құлап қалады. Ал лавр болса, тек бір-екі жапырағын ғана жоғалтқаны болмаса, аман-есен қалады. Сол кезде ғана басқа ағаштар қиын сәттерде бізді сыртқы келбетіміз бен түріміз емес, тамырымыздағы күшіміз сақтап қалатынын түсінді.

Мәтін бойынша Өмірмен байланыс
   

 

   
   
 
6. Топпен ән айту.

Мейірімді көздер-ай!
Сөзін жазған Шона Смаханұлы
Әнін жазған Садық Кәрімбаев
Жері жоқ шолмаған,
Ғарышқа самғаған,
Қыранның көзіндей,
Қырағы көздер-ай!
Сыр сәуле төгілген,
Даналық көрінген,
Елім деп егілген
Ақылды көздер-ай!
Түбіне сыр тұнған,
Жүрекке бұлқынған,
Сарқылмас нұр құйған
Тұңғиық көздер-ай!
Тұп-тұнық бұлақтай,
Жайнаған шырақтай,
Жаныңның жыршысы –
Мейірімді кӛздер-ай!

 
7. Үй тапсырмасы.

1. №4 – сабақ. Ұят, ар – намыс, ұждан туралы мақал – мәтелдер жазу.

2. Келесі сабақ. №5, «Жаңылыс пен ақиқаттың есігі» аңызын оқып келу.

 
8. Сабақтың қорытынды сәті.

Тыныс алуға зейін қою.

Баяу музыка қойылады.

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз…, арқамызды тіктейміз…, қолдарыңды тізеге қоюға болады…

Д е м   а л….. ш ы ғ а р… (жаймен 9-10 рет) немесе   1………………2 [3]. Рахмет!

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.

 

 

 

 

Bilimger.kz Республикалық білім порталы Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген. Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718  

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *