Адамның ішкі әлемі
Мектебі: №34 ОМ
Мерзімі:
Сабақ: 3-4
Тақырыбы: Адамның ішкі әлемі
Құндылығы: Ақиқат.
Қасиеттер: Жақсыдан жаманды ажырата білу, шыншылдық, ойдың, сөздің және істің бірлігі.
Мұғалім: Досжан Р.Қ Сынып: 7 Оқушылар саны:
Мақсаты: оқушыларға жан дүниенің тазалығы мен оны кемелдендіру туралы түсінік бере отырып, ақиқат құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері: 1. Білімділік:Оқушыларды жақсыдан жаманды ажырата білуге үйрету. 2. Дамытушылық:Оқушылардағы шыншылдық қасиеттерін дамыту. 3. Тәрбиелік:Оқушыларды ойдың, сөздің және істің бірлігіне тәрбиелеу. |
Ресурстар:
(материалдар, дереккөздер)
|
||||||||
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. 5 Т – ережесі: 1. Тәртіп. 2. Талап. 3. Тыныштық. 4. Тазалық. 5. Татулық. Жағымды көңіл – күйге келу. «Нұрға бөлену». |
|||||||||
2. Үй тапсырмасы.
1. №3 – сабақ. «Өзіңнен ұяла жүрсең, сені ешкім де ұялта алмайды» (Феофраст) тақырыбына эссе жазыңдар 2. Келесі сабақ. №4, Шәкәрім шығармасынан үзіндіні оқып келу. Сұрақтар: 1. Мәтіндегі автордың айтып отырған «таза жолы» қандай жол деп ойлайсыңдар? 2. Ол «таза жолға» адамды оның бойындағы қандай құндылықтары мен қасиеттері жетелейді? 3. Автор мәтінде кімдерді «сезімі ояу, есті жан» дейді? Сеніңше, ондай жандар ар-ұжданын басшылыққа ала ма? 4. Ар-ұждан адамды қандай жолға бастайды? 5. Өзің өмір жолыңда нелерді басшылыққа аласың? Неліктен? |
|||||||||
3. Сабақтың дәйексөзі.
(Оқушыларға үш рет айтқызып, дәптерге жаздырту) Арлы адам – ардақты, ар – ардақтың анасы. Б. Момышұлы. Момышұлы Бауыржан (1910-1982) – екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы. Туған жері – Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау мекені. Сұрақтар: 1. Ар, ұят, намыс, ождан дегенді қалай түсінесіздер? 2. Арлы адам – ардақты дегенде не түсіндіңіз? 3. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз? |
|||||||||
4. Оқиға айту (Мұғалім сыйы).
Адалдық — адамгершіліктің ең басты қағидаларының бірі. Ол кез келген істе, әрекетте, сөзде өзінің пендешілік мүддесінен адамшылық мүддесін жоғары қоя білуді білдіреді, яғни бас пайдасы үшін екінші біреудің мүддесіне нүқсан келтірмейді. Ар- үятын жоғары үстайды. Адалдык өсек-өтірікке жоламауды, біреуді сыртынан ғайбаттамауды аңғартады. Адал болу дегеніміз — жаны, жүрегі таза болудеген сөз. Адал адам ақиқатты ардак түтады. Шыншылдықты сүйеді. Біреудің мүлкін, беделін, абыройын сырттай саудаламайды.Жақынын,туысын,танысын,достарын, айналасындағыларды ардақтайды. Ешқашан ешкімді сатып кетпейді. Отанына үнемі қалтқысыз адал. Әр кезде иманын қорғай біледі. Иманмен тиянақталған адалдықты кіршіксіз адалдық деп атайды. Адалдық рухани тазалықтан туындайды. Жан дүниесі, рухани әлемі таза адамның әрқашан абыройы асқақ, беделі жоғары. Ол өтірік айтпайды, үрлық істемейді, біреудің затын рұқсатсыз пайдаланбайды, зәлімдік жасамайды. Адалдық адам баласының ең тамаша қасиеттерінен саналады. Адал адамның- достығы — мәңгілік. Қазақта айналасындағыларға көмектесуге үнемі эзір, арам пиғылы жоқ, шын ниетімен ақтарылып түратын жандарды ақкөңіл деп атайды. Олар қолында барын ешкімнен аямайды. Қазақта “Ақ көңілдің аты арып, тоны тозбас” деген қанатты сөз содан қалған. Адал жанның үйқысы тыныш, күлкісі ашык. Оған біреудің жақсылығы мен қуанышын кызғану, көре алмау сияқты қасиеттер жат. Адалдық өзінен өзі келмейді. Ол — тәрбиенің жемісі. Адал болу үшін адам жас кезінен өз жүрегін тыңдай білуі, өзін-өзі тэрбиелеуі қажет. |
|||||||||
5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.
Тапсырма: Өсиет әңгімені оқыңдар. Өсиет әңгіменің астарынан нені аңғардыңдар? Бір орманда өзен жиегінде ағаштар өсетін еді. Ол ағаштар бар күшін биік болып өсуге жұмсап, тамырын дамытуға күштері қалмайтын. Олар үшін биіктік пен сұлулық маңыздырақ болып көрінетін… Өздерінің биіктігімен, әдемі гүлдерімен басқаларды тамсандырған ағаштардың арасында гүлсіз, кішкентай лавр ағашы да өсетін. Лавр ағашы бар күшін тамырына жұмсайтын еді. Барлығы оны үлкен әрі әдемі гүлдері, алып бойы болмағандықтан, менсінбей қарайтын. – Лавр, сен, бар күшіңді несіне тамырға жұмсайсың, бізге қарасаңшы, жапырақтарымыз үлкен, хош иісті гүлдерміз, биіктігіміз үшін бізге барлығы қызыға қарайды. Лавр: «Маған өсу үшін тамырымның күшті болғаны маңызды және маған мұқтаж болғандарға өз жапырақтарымды беремін» ,-дейтін. Бірде қатты жел соғып, тамырлары әлсіз сол ағаштар құлап қалады. Ал лавр болса, тек бір-екі жапырағын ғана жоғалтқаны болмаса, аман-есен қалады. Сол кезде ғана басқа ағаштар қиын сәттерде бізді сыртқы келбетіміз бен түріміз емес, тамырымыздағы күшіміз сақтап қалатынын түсінді.
|
|||||||||
6. Топпен ән айту.
Мейірімді көздер-ай! |
|||||||||
7. Үй тапсырмасы.
1. №4 – сабақ. Ұят, ар – намыс, ұждан туралы мақал – мәтелдер жазу. 2. Келесі сабақ. №5, «Жаңылыс пен ақиқаттың есігі» аңызын оқып келу. |
|||||||||
8. Сабақтың қорытынды сәті.
Тыныс алуға зейін қою. Баяу музыка қойылады. Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз. Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз…, арқамызды тіктейміз…, қолдарыңды тізеге қоюға болады… Д е м а л….. ш ы ғ а р… (жаймен 9-10 рет) немесе 1………………2 [3]. Рахмет! Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. |