Адам жақсы ісімен көрікті

Бөлім : 2 Ынтымақты отбасы
Мұғалімнің аты – жөні, тегі: Туркменбаева Гульмира Жайлыбаевна
Мерзімі : 16.11.2021жыл
Сынып: 2 «Е» Оқушылар  саны:    22                                       Қатыспағандар саны:0
Сабақтың тақырыбы:   №11 Адам жақсы ісімен көрікті
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары -басқа адамдармен тату өмір сүру, сыныптастарымен және достарымен жақсы қарым-қатынаста болу қабілетінің маңыздылығын түсінеді; мейірімділік, өзін және басқаларды құрметтеу көріністерін бағалай алады;
Құндылық : Сүйіспеншілік
Қасиеттер:  мейірімділік,қамқорлық, жанашырлық
Сабақтың мақсаты: Отбасындағы ізгі қарым-қатынас туралы түсінік бере отырып, Сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері : Оқушылардың бір-бірін жақсы көру, мейірімділік, қамқорлық қасиеттерін түсіндіру.

Кішіпейілділік, жанашырлық қасиеттерін дамыту;

Қайырымды, қамқор болуға тәрбиелеу.

                                                                                                  Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңдері

Уақыт

                        Педагогтің әрекеті

 

  Оқушының әрекеті            Ресурстар

 

Ұйымдастыру кезеңі.

1.     Жағымды көңіл – күй

     (1-4мин)

5 Т – ережесі:

1.   Тәртіп.

2.   Талап.

3.   Тыныштық.

4.   Тазалық.

5.   Татулық.

«Нұрға бөлену» мәтінін оқу

5 Т ережесін еске түсіреді.

Жағымды әсер алып, мұғалімге назар аударады.

 

«Хрустальная грусть» композициясы

https://ok.ru/video/222068019519

2.     Алдын ала берілген үй тапсырмасын тексеру (әңгімелеу)

(3-5мин)

Мұғалім :  «Ананың сүйіспеншілігі» атты өсиет әңгімесін оқып келуді тапсырады.

Сұрақтар:

·       Осы өсиет әңгімеден қандай сүйіспеншілікті байқадыңдар?

·       Мәтінде ананың сүйіспеншілігін неліктен жанған шырақпен салыстырған?

·       Өз ата-анаңның  сүйіспеншілігін неге теңер едің? Себебін түсіндіріп бер?

·       Өз отбастарыңызда жақындарыңның мейірі мен сүйіспеншілігін неден, қалай сезінесіңдер?

Мұғалім оқушыларға отбасындағы ең бірінші міндет – ата-аналарын құрметтеу екендігі туралы айтып, бір-бірін сыйлап, жауапкершілікпен қарасақ, отбасында риясыз сүйіспеншілік болатынын оқушыларға ұғындарады.

Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашып, мейірімділік, қамқорлық, жауапкершілік қасиеттерін бойына сіңіреді. 2-сыныпқа арналған «Өзін-өзі тану» оқулығы

11-сабақ, 39-бет.

3.     Жағымды ой-пікір (дәйексөз)

(3-4 мин)

 

«Үлкен алдында жас парызы, ата-алдында бала парызы-әдеп пен сый»

Мұхтар Әуезов

Сұрақтар:

Үлкен алдында жас парызы дегенді қалай түсінесіңдер?

-Дәйексөзден қандай ой  түйдіңдер?

 

Мұғалім оқушыларға отбасында риясыз сүйіспеншілік, өзара көмек, жауапкершілік құрмет болса, өз парыздарымен міндеттерін орындағаны болып табылатыны туралы түсінік береді.

Оқушылар бір неше рет дәйексөзді қайталайды.

Талдау сұрақтарына жауап бере отырып, үлкен алдындағы өз парыздарымен міндеттерін орындағанда ғана, отбасында өзара ынтымақтастық  орнайтынын түсінеді.

2-сыныпқа арналған «Өзін-өзі тану» оқулығы

11-сабақ, 39-бет.

 

4.     Оқиға айту (Әңгіме)

(12-15 мин)

Мұғалім: «Мейірім» әңгімесін оқып береді.

Айнұр көпшіл. Үнемі өзі қатарлы қыздар мен ұл балалар арасында ойнап жүреді. Олар да Айнұрдың соңынан бір елі қалмайды.

Енді, міне атасы мен әжесінің ауылымен қош айтысатын мезгіл де жетті. Әкесі — әскери қызметкер. Кезекті демалысы бітті. Жауынгерлік жаттығуларына қайта оралмақ.

Атасы мен әжесі:

-Балам, қайда жүрсең де аман бол! Еліңді, жеріңді сүй, қорға!-деді. Айнұр қоштасар сәтте ерекше мінез көрсетті.

-Ата,әже, әке, ана, бәріміз бірге тұрайық,-деді.

-Кәнеки, ондай болса. Бірақ әкеңнің жұмысы бар. Атаң мен әжең ауылда. Мүмкін емес қой, жаным,-деді әжесі бауырмал Айнұрды кеудесіне қысып.

-Онда мен атам мен әжемнің қасында қаламын. Кетпеймін. Кім қарайды оларға?-деді төрт жасар Айнұр көзі жасаурап.

-Ендігі демалыста тағы келеміз,-деді анасы.

-Жоқ. Мен осы жерде қаламын.

-Айнұр әкесімен, анасымен беймарал қоштасты. Қолын бұлғап қалды.

Әкесі мен анасы Айнұрдың бүгінгі мінезіне  қайран қалды. Әйтсе де қимай қоштасқандары жүздерінен байқалады.

Ал атасы мен әжесінің қуаныштарында шек жоқ. Айнұрдың атасы мен әжесіне кішкентай бүйрегінің бұрып тұрғанына әбден риза болды.

Сұрақтар мазмүны

·       Айнұрдың атасымен әжесінің қасында қалғысы келуінің сыры неде?

·       Кішкентай Айнұрдың бойында қандай қасиеттер бар?

·       Отбасы мүшелерінің жауапкершілігі дегенді қалай түсінесіңдер?

·       Өзің отбасыңдағы жауапкершілікті қалай атқарып жүрсің?

Мұғалім оқушыларға шынайы сүйіспеншілік отбасындағы адамдарды өзара жақындастырып, қамқорлық пен бауырмалдық адамдарды бір-бірін бауырына тарта білуге, мейірімділікке үйретеді.

Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашып, отбасы мүшелері бір-біріне жанашырлық, қамқорлық, бауырмалдық танытса, отбасында әрқашанда бірлік пен татулық орнайтынын түсінеді. Әңгімелер жинағы
5.     Шығармашылық жұмыс.

7-10 мин

Мұғалім оқушыларға  ортақ тапсырма береді.

Тапсырма:

·       Отбасы бақытты болу үшін не қажет деп ойлайсыңдар? Тиісті сөздер мен сөз тіркестерін ең маңыздыларынан бастап орналастыр. (Оқулықта сөз тіркестері берілген)

Дәптермен жұмыс:

1-тапсырма. Отбасындағы өз міндеттерін жазып, оны қалай орындап жүргендерін әңгімелеп береді.

Мұғалім оқушыларға бақытты отбасы болу үшін бір-біріне құрметпен, мейірімділікпен, жанашырлықпен қараса, отбасы қуанышқа бөленіп, отбасында сүйіспеншілік орнайтынын түсіндіреді. Ал, отбасында риясыз сүйіспеншілік болса, онда отбасының барлық мүшесі өз міндеттері мен парыздарын орындағаны.

Оқушылар берілген тапсырманы орындай отырып, бақытты отбасы болу үшін бір-бірін жақсы көру, сыйлау,құрметтеу, жақсы сөз айту, мейірімді, қамқор болу әрқашан қуаныш пен келісімге әкелетінін түсінеді. 2-сыныпқа арналған «Өзін-өзі тану» оқулығы  11-сабақ

1,2-тапсырма

40-бет

6       Топпен ән айту

  (3 мин)

Бала тілегі

Әнін жазған: Ф.Жолдасова

Өлеңін жазған:С.Молдасанұлы

Оқушылар мұғаліммен бірге ән шырқайды. https://youtu.be/9VMQsylsQbI

 

 7  Үй тапсырмасы Мұғалім Ы.Алтынсариннің  «Аурудан аяған күштірек»  әңгімесін оқып келуге тапсырады.  
8       Сабақтың қорытынды сәті.

 

Бір-бірімізге мейірімді һәм кешірімді, жанашыр, көркем мінезділік танытып, қамқор және бауырмал бола білейік!    

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *