Мамандығым мақтанышым

http://Мамандығым мақтанышым «Мамандық таңдау өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалау. Ең қиын мамандық адам болып қалу» (Хосе Хулиан Марти) Адам баласы өмірге келгеннен кейін қоғамға, өмірге көзқарасы әр түрлі болады. Бір тұлға болып қалыптасады. Осы өмірден өз орнын тапқысы келеді. Кейде адам бала күнінен армандайды, өскенде кім болғысы келетінін, бірақ соны бәрі кейде орындалады, кейде орындалмайды. Көп жағдайда ата-ананың қалауымен жүзеге асады. Мамандық деген не? Алдымен осы сөзді түсіну қажет. Ол бізге не береді? Біз соңғы кезде осы сөзге көңіл бөлмейміз. Қазіргі таңда жастар белгелі бір мамандық бойынша диплом алады, бірақ сол салада жұмыс істемейді. Міне осыдан келіп салғырттық пайда болады. «Мамандық» деген не сөздің өзі басқа тілден келген, яғни латын тілінен аудкарғанда «жұрт алдында сөйлеу — жариялау» дегенді білдіреді. Міне біздің болашағымызбен тікелей байланысты бұл сөзді жастардың көбі біле бермейді. Сол көңіл де бөлмейді. Бұрын аиа-бабаларымыз өмір сүрген уақыттта мамандықтың әр түрі болмаған. Кімнің қолынан не келеді, кім не істей алады. Соны істеп жүре берген. Жазу, сызу пайда бола бастағаннан бері ірі тұлғаларымыз, біліп алып, мәдениетке, өркениетке көңіл бөле бастады. Соның дәлелі ретінде қазақ әдебиетінің, қазақтың аса көрнекті ағартушы – педагогы, жазушы, ақыны Ыбырай Алтынсариннің сөзі еске түседі. Ол кісінің мақсаты: қазақ балаларын оқытып жаппай сауаттандыру болды. Өз сөзінде, мектеп ашып, балаларды оқыту барысында ең алғашқы сөзімен былай жеткізеді: — «Мен он төрт баланы жинап, оларға аш қасқырдай тиістім» — деп айтады. Міне, мамандықты таңдағанда жай диплом үшін емес оны сүйіп, сол бойынша еңбек ете білу керек. Мамандық таңдау — өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау болып табылады. Оған құрметпен қарап, сүйіспеншілікпен атқару керек. Мамандықтың өзі бір қарағанда қарапайым өмірде күнкөріс көзі болғанмен, оған да көңіл бөлу керек.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *