Биология пәнін оқытуда оқушыларға экологиялық білім берудің тиімділігі.

Ережепова Сания Темірханқызы

 

       Жамбыл облысы Талас ауданы Алғабас орта мектебінің  биология пәні мұғалімі Ережепова Сания Темірханқызы

Баяндама тақырыбы :  Биология пәнін оқытуда оқушыларға экологиялық білім берудің тиімділігі.

 

      Мақсаты: Экологияны түбегейлі терең, жүйелі зерделей отырып,

оқып игеру арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін,

экологиялық ойлау жүйесін дамыту, өз өлкесінің  табыстарын мақтаныш етуге баулу және оның мәселелерін шешуге,

жауапкершілігі мол белсенді тұлға қалыптастыруға ықпал жасау.

Жас жеткіншектердің экологиялық көзқарасын,санасын және табиғатқа үлкен жауапкершілік  қарым-қатынасын қалыптастыру.

Міндеті: табиғатты аялай білуге баулу өнеркәсіптердің өркендеуіне байланысты ауаның,судың және топырақтың ластануын болдырмау.Минералды тыңайтқыштардың,өсімдіктерді қорғайтын заттарды пайдаланудың тиімді және тиімсіз жақтарын білу.

Экологиялық білім беру баланың табиғатқа сүйіспеншілігі мен қамқорлығын арттырып,игерген білімді дұрыс қолдана біліге мүмкіндік туғызады.

Қазіргі әлемде экологиялық проблемалар өзінің қоғамдық мәні жағынан алдыңғы қатардағы мәселелердің біріне айналды.Адамның табиғатқа әсері мыңдаған жылдар бойында қалыптасқан табиғи жүйелерді өзгерту,сондай-ақ топырақты,су көздерін,ауаны ластау арқылы жүзеге асуда.Бұл табиғатты күрт төмендеуіне әкеліп соқты,көп жағдайларда орны толмас зардаптар қалдырды.Экологиялық дағдарыс шын мәніндегі қауіпті төндіріп отыр.Іс жүзінде тез өріс алып бара жатқан дағдарыстық жағдайларды кез келген аймақтардан көруге болады.Экологиялық сауатсыздықтың нәтижесінде табиғат ,онын қорлары,жалпы қоғам зор шығынға ұшырауда.

Экология  ғылымының зерттейтін басты мәселесінің бірі-адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынасқа тікелей байланысты  болғандықтан,оны тәрбие жұмыстарымен тығыз байланыстыра жүргізу ісіне басты назар аудару қажет.

Экология ғылымының зерттейтін басты мәселесінің бірі-адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынасқа тікелей байланысты болғандықтан,оны тәрбие жұмыстарымен тығыз байланыстыра жүргізу ісіне басты назар аудару қажет.

Қазақ халқы өзінің жаратылысынан-ақ эколог болып туған халық.Біздің өмірсалтымыз,табиғатқа көзқарасымыз,айналысқан шаруашылығымыз,бойымыздағы асыл адамгершілік қасиеттеріміз бәрі табиғатқа деген жанашырлық сезімді айқын аңғартады.Тек қана, «Табиғат-Ана» деген сөздің өзінде ғана қаншама ұлылық ұлағат,тағылымы мол тәрбие ,дарынды даналықтың үлгі-өнегесі өмірмен өзектесіп,тағдырмен тамырласып жатқандығын көкірек көзімен де сезінуге болады.

Жас ұрпақты тәрбиелеуде ата-бабаларымыз «Өркенің өссін»-деп ризашылықтарын білдірген.Бұл сөзде терең философиялық тәрбиелік мән бар. «Өркен» деген сөз-бүршігі,жапырағы бар өсімдіктің сабағы.Өсімдіктердің тұқымынан өскен бұтағының бүршік жарып,үлкен өсімдікке айналатыны сияқты, «бала-шағаң көбейіп,үрім-бұтағың өміріңді жалғастыра берсін» дегенге меңзейді.осы жерде адам баласы мен өсімдіктің арасындағы қарым-қатынастың тамыры терең жатқандығын көрсетіп тұр.Түсіне білгенге табиғат жаюлы кітап сияқты.Керек десеңіз,жердің бетіндегі тіршілік атаулыны бір ғана өз заңдылығына бағындырып,ұлы тұтастықты қозғалысқа келтіруші де табиғат.Табиғат өзінің қайталанбас сұлулығымен,таусылмас қызығымен,мың сан жаратылысымен,асқақ ерлігімен,қиял жетпес шексіздігімен,ал кейде нәзіктігімен қайран қалдырады.

Экология пәнін оқыту негізінде мектеп оқушыларына айналадағы ортаны қорғауда адамзаттық борышын қалыптастыратын ғылым мен білім ғана емес,сонымен қатар оқушыларға танымдық көзқарастарын,ой-пікірін қалыптасыру және сезім жүйесін орнықтыру тұрғысынан қарау керек.Экологияны оқыту барысында экологиялық білімнің жүйелі түрде қалыптасуы,қоғамдағы экологиялық сауаттылықтың тұрақты дамуы табиғатпен бірлестікті байқатады.

Әрбір адам табиғатқа жасаған айуандық іс әрекетінің ерте ме,кеш пе әйтеуір бір азабын тартатынын да халқымыз ұлттық ұғымдары арқылы ұғындыруды да ұмытпаған.Мысалы «жерінен ауғанға жеті жыл қоныс жоқ», «ну орманды отаған,қарғыс естір атадан» (М.Әлімбай), «жас шыбықты сындырған сәби сүймес,жасыл орманды қиратқан ұзақ өмір сүрмес» (Н.Мәдекейұлы).

«Уа табиғат,тылсымыңа таңқалам,

Қызығыңа,құмарыңа қанбағам.

Жалғасын деп дәстүрімді,салтымды,

Мені артына қалдырған ғой жан бабам!»

(З.Әбілтаева)

Ауаға түсіп жатқан көмір қышқыл газы мөлшерінің артып кетуі қоршаған орта жағдайынв келеңсіз жайттарға душар етеді.Айталық оның ауадағы үлесі екі есе артса, «жылу эффектісі» деген құбылысты тудырып,жер бетіндегі температура орта есеппен 4 ▫С-қа артады.Бұдан мәңгі мұздар,мұзтаулар еріп,ауа райында елеулі өзгерістер болады.

Зауыттар мен жылу электрстансаларында күкірті бар отынды жаққанда ауаға шығатын газдардың зияндысы-күкіртті газ.Ол көп мөлшерде сульфид кенін өртейтін металлургиялық және химиялық зауыттардан түзіледі.

Сабақтың түрлеріне сай іріктеліп лынған әдістер оқушылардың танымдық қызығушылықтары мен белсенділіктерін арттырып,сол арқылы оқушылардың биологиялық-экологиялық ұғымдары негізінде білімдерінің тереңдеуін,оны іс жүзінде пайдалана алу мүмкіндіктерін күшейтеді.Оқу материалын меңгертуде тірек-сызбаларды мәтінге айналдыру дәріс сабағы, «Сұрақтар мен жауаптар», «Биологиялық-экологиялық диктант» т.б оқыту тәсілдері; білімді ,іскерлікті қалыптастыру сабақтарында экологиялық мазмұнды тақырыптарды талдау тиімді қолданылды.Бұрынғы дәстүрлі оқу үрдісінде мұғалімге басымдылық рөлі берілсе,ал мұндай оқу үрдісінде оқушы белсенділік көрсетуі тиіс-оны оқытпайды,өздігінен оқу керек.Ал мұғалімнің негізгі көңіл аударатыны әрбір оқушының жеке қызығуы мен мүмкіндіктерінт ашу болмақ.Оқушының жеке интелектуальды дамуы,сөйлеу мәдениеті,өз бетінше жұмыс істеу жауапкершілігі,өз еркімен ұсыныс жасауы жүзеге асады және шығармашылықпен жұмыс жасауға дағдыланады.

Осы мақсатта іске асыру барысында мынадай экологиялық мазмұнды тапсырмалар беріліп,ол тапсырмалар экологиялық және табиғатты қорғау түсініктерін қалыптастырудағы және берілген тақырып бойынша мазмұны бойынша жіктелуіне баса назар аударамын.11 сыныптағы «Қазақстанның экологиялық апатты аймақтары» тақырыбында мұнай өндіретін өндіріс орындарының зияндылығына тоқталамын.

Судың экологиялық зардаптарының тигізер сырына қанық әрбір адам ауыз суға талап деңгейін жоғары ұстап,оны тазартып ішуге ынталы болуы қажет.

«Образға кіру»-жансыз заттардың,өсімдіктердің,жануарлардың ормандарында өздері қандай күй кешетіні,қандай қызмет атқаратының сезіну.

Мен-гүлмін деген әр түрлі тақырыптарда әңгіме жазғызу.

Осы арқылы оқушыларды табиғат әсемдігін көре білуге,оны аялауға,қорғауға тәрбиелеймін.

-Жұмбақтар,мақалдар,сканворд құрастыру арқылы оқушылардың ой-өрісі дамиды.

Қорытынды:

1.Осы шығармашылық тапсырмаларды пәндерге бейімдеп қолданудан,оқушылардың пәнге қызығушылығы артады.

2.Оқушылардың логикалық ойлауы,шығармашылық іс-әрекетке қабілеті артады.

3.Әр мұғалім болашақ үшін қызмет істейді.Ол әр оқушыны жеке тұлға ретінде көріп,оның өміріндегі өз орнын табуына,сынып

ұғымын қалыптастыруға,ата-аналармен ынтымақтасуға,

оқытуда қиындық көріп жүрген оқушыға көмегі тиері сөзсіз.

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *