Мақта қыз бен мысық

Әнуарбек Айдана Әнуарбекқызы

Күні:

Мұғалім:

Пәні:

Сынып:

Сабаққа қатысты:

Қатыспағаны:

10-11-13.02.2020ж.

 

Оқу және тіл дамыту

3 «а»

 

 

Сабақтың тақырыбы: 3.1.7.3. таныс ертегі, оқиғаны мұғалімнің сұрақтары бойынша мазмұндау.
Сабақтың түрі: Аралас  сабақ
Сабақтың  мақсаты: І. Білімділік:  Ы.Алтынсариннің көркем шығармашылығымен таныстыру. Оқылған шығарма мазмұнын әңгімелеуге, диалог сөздерді мәнеріне келтіре айта білуге үйрету. Әдебиетке деген қызығушылығын ояту.

ІІ. Түзетушілік: Зейінін бір затқа шоғырландыруға бейімдеу. Жаңылтпаш айту арқылы сөйлеу тілін дамыту. Есте сақтау қабілетін және ұсақ қол мотрикасын дамыту. Өз ойын еркін жеткізуге бейімдеу.

ІІІ. Тәрбиелік: Үлкенге құрмет көрсетуге, кішіпейілділікке, мейірімділікке, адалдыққа және еңбекөорлққа тәрбиелеу. Тазалыққа бейімдеп,  партада дұрыс отыруын қадағалау.

Пәнаралық байланыс Айналадағы әлем, қазақ тілі, математика
Әдіс-тәсілдер Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, әңгімелеу, ойын.
Көрнекі құралдар Видеоролик, кейіпкерлердің суреттері, интербелсенді тақта, жұлдызшалар.
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақта жоспарланған іс-әрекет
Ұйымдас-тыру

кезеңі

 

 

      Сәлемдесу.

-Балалар, бүгін бізге қо-

наққа апайлар келіп отыр.

Қане, апайлармен амандасайық!

Балалар:  Қайырлы күн!

Қайырлы күн көк аспан!

Қайырлы күн Жер ана!

Қайырлы күн апайлар!

Қайырлы күн достарым!

 

—          -Көңіл күйіміз қалай?

—          -Бүгінгі сабаққа дайынбыз ба?

—            Сұрақтарға жауап беру.

—          — Бір жылда неше мезгіл бар?

— Төрт мезгіл. Күз, қыс, көктем, жаз.
— Жылдың қазір қай мезгілі?

— Қыс мезгілі
— Қыс мезгілі неше айға бөлінеді?

— Үш айға. Желтоқсан, қаңтар, ақпан.
— Қазір қандай ай?

— Ақпан айы
— Қыс мерзімінің ерекшеліктері қандай?

— Күн суық, жел, боран, аяз, адамдар жылы киімдерін киеді

— Қазір бізде қандай сабақ?

— Оқу және тіл дамыту

— Оқу және тіл дамыту пәнінде біз не істейміз?

— Оқимыз, тақпақтар жаттаймыз, әңгімелейміз.

І-топ ІІ-топ ІІІ-топ ІV-топ
Маханов А. Өмірзақ А. Алтынхан Ә.

Құдайберген Н.

 

 

Ауесбек Т.

Салықбаева М. Мақұлбек М.

Сүиндик А.

 

 

Батыр Т.

Адақұлы Б.

 

Габдулова И.

Густ А.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың  мақсат-міндеттерін анықтау

 

 

 

 

Оқылған шығарма мазмұнын әңгімелеуге, диалог сөздерді мәнеріне келтіре айта білуге үйрету.

Оқушының өз ойын дұрыс жеткізуге ынталандыру.

І-топ ІІ-топ ІІІ-топ ІV-топ
  Жаңа тақырыпты түсінеді

 

  Жаңа тақырыпты түсінеді

 

 

 

  Жаңа тақырыпты түсінеді, жеке жұмысты талап етеді Жеке жұмыс
Өткен сабақты қайталау —            — Балалар, сендер ертегі тыңдағанды ұнатасыңдарма?

—            — Қане, бәріміз интрабелсенді тақтадағы суреттерге назар аударайық!

—            — Суретте қандай ертегінің кейіпкерлері бейнеленген?

—            1. Шалқан ертегісі

—            2. Толағай ертегісі

—            3. Қарлығаштың құйрығы неге айыр ертегісі

 
Жаңа

тақырыпты түсіндіру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балаларға порттреттегі суретті көрсетіп таныстыру.

–Балалар бұл  кісі — Ы.Алтынсарин деген аталарың. Ол кісі балаларға мектеп ашқан,балаларды оқытқан.Бүгін біз Ы.Алтынсарин аталарыңның «Мақта қыз бен мысық» ертегісімен танысамыз.

Интрабелсенді тақтадан «Мақта қыз бен мысық» ертегісінің видеоролигі көрсетіледі. Мұғалім видеоролик кезеңдерімен сәйкес, өз  дауысымен ертегіні мәнерлеп оқып береді.

Мақта қыз бен мысық

Ертеде Мақта қыз бен мысық болыпты. Мақта қыз өзінің мысығын жақсы көреді екен.

Бір күні Мақта қыз үй жинап жүріп, мейіз тауып алады. Сөйтіп мысығын шақырады. Мысығы келмейді. Мақта қыз мысығы келмегеннен соң мейізді өзі жеп қояды. Бір кезде мысығы Мақта қызға келеді.

—          Мақта қыз, сен мені неге шақырдың? –дейді.

Мақта қыз не үшін шақырғанын айтпай қояды. Мысық Мақта қызға ашуланып

– Айтпасаң, мен сенің қатығыңды төгіп тастаймын –дейді.

Мақта қыз:

— Егер сен менің қатығымды төксең, мен сенің құйрығыңды кесіп аламын дейді.

Бірақ, мысық Мақта қызды тыңдамай қатықты төгіп тастайды. Ал, Мақта қыз мысықтың құйрығып кесіп алады. Мысық жылайды.

—          Мақта қыз, менің құйрығымды қайтаршы! –дейді.

Мақта қыз:

—          Сен менің қатығымды қайтар. Сонда сенің құйрығыңды қайтарамын –дейді.

Мысық сиырға барады.

—          Сиыр-сиыр маған қатық берші дейді.

Сиыр:

—          Менің қарыным ашып тұр, маған жапырақ берсең, мен саған қатық беремін дейді.

Мысық ағашқа барады.

—          Ағаш-ағаш маған жапырақ берші –дейді.

Ағаш:

—          Мен шөлдеп тұрмын. Маған су берсең, мен саған жапырақ беремін –дейді.

Мысық жолдан су таушы қыздарды көреді.

—          Қыздар-қыздар, маған су беріңдерші –дейді.

Қыздар:

—          Сен бізге сағып әкеліп берсең, біз саған су береміз –дейді.

Мысық дүкеншіге барады.

—          Дүкенші-дүкенші, маған сағыз берші –дейді.

Дүкенші:

—          Сен маған жұмыртқа әкеліп бер, сонда саған сағыз беремін –дейді.

Мысық тауыққа барады.

—          Тауық-тауық, маған жұмыртқа берші.

Тауық:

—          Сен маған жем әкеп берсең, мен саған жұмыртқа беремін –дейді.

Мысық не істерін білмей келе жатып, тышқанды көріп қалады. Тышқанды шап беріп ұстап алады.

—          Қәне, тышқан жаныңның барында айт. Ініңде не бар? –дейді.

Қатты қорқып кеткен тышқан:

—          Менің інімде бір уыс тары бар –дейді.

Мысық:

—          Бар, сол бір уыс тарыңды алып кел -дейді.

Тышқан жүгіріп барып, інінен тарыны алып келеді.Мысық тарыны тауыққа береді. Тауық мысыққа жұмыртқа береді. Жұмыртқаны алып, дүкеншіге береді. Дүкенші, мысыққа сағыз береді. Сағызды, қыздарға береді. Қыздар су береді. Суды ағашқа береді. Ағаш жапырақ береді. Жапырақты алып, сиырға апарып береді. Ал, сиыр мысыққа қатық береді. Мысық қатықты Мақта қызға әкеледі. Мақта қыз мысықтың құйрығын қатарып береді. Осылайша мысық пен Мақта қыз достасып, өздерінің мақсат-мұраттарына жетіпті.

 
Сабақтың ортасы

 

         Ертегіні талдау. Сұрақ-жауап.

— Ертегі кімдер жайында?

— Ертегіде қандай кейіпкерлер бар?

 
Ойын     «Кейіпкерлер не дейді?»

Тақтада ертегі кейіпкерлерінің суреттері ілінулі тұр. Әр кейіпкердің  ар-

тында сұрақтар берілген. Берілген сұрақтарға тез-шапшаң жауап беру

қажет.

—          Мақта қыз не тауып алды?

—          Мақта қыз мысыққа не істеді?

—          Сиыр мысыққа не берді?

—          Ағаш мысыққа не берді?

—          Қыздар  мысыққа не берді?

—          Дүкенші мысыққа не берді?

—          Тауық мысыққа не берді?

—          Тышқан мысыққа не берді?

 
Сергіту сәті Бойды бүкпей тік ұста,

Еркін тұрып тыныста.

Жай оң қолды оң жаққа,

Жай сол қолды сол жаққа.

Қолды айналдыр бұлданбай,

Екі шеңбер сызғандай.

Сәл тынығып байқа да,

Оншақты рет қайтала.

 
Ойын  «Мысықтың қатыққа жету жолы»

(Шытырманнан шығу жолын көрсет)

 
Тіл жаттықты-

ру

Пеш үстінде бес мысық,
Пеш түбінде бес мысық.
Бес күзетші бес пысық.
 
Сөздік жұмыс Қатық сүтті ұйытып дайындалатын тағам.

Інжердің астынан қазып жасалатын баспана, тышқанның үйі деген мағынаны білдіреді.

 
Жұмбақ —          — Балалар, біз қазір жұмбақ шешеміз!

Ұрлап ішіп үйде сүтті қоймайды,
Өз құйрығын өзі қуып ойнайды.
Ол не?

(мысық)

 

Шайнап – шайнап күнімен,
Тауыса алмадым бұны мен.
Ол не?

(сағыз)

 
Боямақ бояу «Мақта қыз бен мысық»

Түрлі-түсті қарындашпен боямақ бояу.

 

 
Жаңа тақырыпты бекіту және бағалау Балалар бүгін біз қандай ертегімен таныстық?

-Ертегінің авторы кім?

-Ертегі сендерге ұнады ма?

Сабаққа қатысқан балаларды бағалау,мадақтау

-Балалар барлықтарың сабаққа жақсы қатыстыңдар! Барлықтарың  «Мақта қыз бен мысық» ертегісін жақсы меңгеріп алған сияқтысыңдар, жарайсыңдар!

Балаларды жұлдызша арқылы бағалау.

 
Үй тапсыр- масы Ертегіні қайталау.  

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *