Қазақстанның жартастарға салынған ежелгі суреттері

Мұғалімнің аты-жөні: Талдықорған қаласы 6 ОМ Тайжанова А.Д. тарих пәні мұғалімі
Пәні Қазақстан тарихы Сынып:5 1 тоқсан Сабақ № 14
Оқулық Қазақстан тарихы. Т.Омарбеков, Г.Хабижанова, Т.Қаратаева,М.Ноғайбаева 5 сынып, Алматы «Мектеп» 2017
Бөлімі 5.1 А Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі
Сабақ тақырыбы §17. Қазақстанның жартастарға салынған ежелгі суреттері 2-сабақ
Оқу мақсаты Алғашқы адамдардың наным-сенімдерін сипаттау
Зерттеу сұрағы Тасқа салынған суреттер ежелгі адамдардың дүниетанымын қалай бейнелейді?
Тілдік мақсаттар Тарих, тас дәуірі, қола дәуірі, темір дәуірі, археологиялық ескерткіштер
Ресурс
Қосымша сілтеме https://bilimland.kz/kk/subject/qazaqstan-tarihy/5-synyp/qazaqstandahy-zhartastarha-salynhan-ezhelgi-suretter

Сабақтың барысы:
Қысқаша конспект. Ежелгі адамдардың наным- сенімі қоршаған ортамен тікелей байланысты болды. Бұл нанымның бірі – о дүниедегі өмір туралы сенім. Оны біз адамдардың жерлеу ғұрыптарынан көре аламыз. Мысалы, мәйітті ұйықтап жатқан сияқты бір қырынан жатқызып жерлеу- адам жанының мәңгі ұйқыға кеткендігін білдіреді. Оған қоса қайтыс болған адам үстіне қызыл минералды бояу –жоса (охра) себу де кездеседі. Бір жағынан ол о дүниелік өмір үшін қанды білдірсе, екінші жағынан тазартудың белгісі болған отты білдірген. Ежелгі дәуірдегі отқа табынушылықтың белгісін қайтыс болған адамды өртеуден де көре аламыз. Ежелгі адамдардың наным- сенімдерінде анимизм мен тотемизм үлкен орын алды. Адамдар, заттар және басқа да қоршаған орта құбылыстарын басқаратын жандардың , рухы бар екеніне сену анимизм деп аталды. Ал адамдардың шығу тегін жануарлармен, өсімдіктермен байланыстыратын сенімді тотемизм деп атайды.
Қазақстан аумағындағы петроглифтердің көп мөлшері шоғырланған жерлердің бірі – Алматы қаласының солтүстік батысында орналасқан Тамғалы шатқалы. Осында 5 мыңдай сурет салынған. ЮНЕСКО қарамағындағы Тамғалы ескертіші 2004 жылдан бері Әлемдік мұралар тізіміне енгізілді. Жартастарда күнбасты құдайлар, дөңгелекті арбалар,адамдар, жануарлар, аңшылық көріністері,құрбандық шалу,діни рәсімдер бейнеленген.Әртүрлі пішіндегі күнбасты бейнелер күнге табынушылықты білдіреді. Жалпы, Қазақстан өңірлерінде тасқа салынған суреттерде жануарлардың бейнелері көп кездеседі. Бұқа, бұғы және тау ешкісінің бейнелері кең таралған.
Тамғалы петроглифі

Сабақ барысында орындалатын тапсырмалар:

1 -тапсырма.
Тамғалы петроглифінде кім бейнеленген? Сурет несімен ерекшеленеді?

2-тапсырма. Өз петроглифіңді сал
Ежелгі адамдардың өмірін сипаттайтын бір көрініс петроглифтер арқылы бейнелеп көрсет.
3-тапсырма.
Төменде берілген кестедеТамғалы және Қаратау петроглифтерін салыстырыңыз.
Петроглифтер Тамғалы петроглифі Қаратау петроглифі
Орналасқан жері
Петроглифтердегі бейнелер
Ең көп кездесетін суреттердің сипаттамасы
Дескриптор Білім алушы
Тамғалы және Қаратау петроглифтерінің орналасқан жерін атайды;
-Тамғалы және Қаратау петроглифтерінде бейнеленген суреттерді
атайды;
— Тамғалы және Қаратау петроглифтерінде бейнеленген суреттерді
сипаттайды;
— Тамғалы және Қаратау петроглифтердегі бейнелердің мәнін
түсіндіреді.
Кері байланыс: «Белгілер» әдісі

Құрметті оқушылар орындаған тапсырманы электронды пошта немесе WhatsApp мобилді қосымшасы арқылы жібере аласыздар.
Үйге тапсырма: §17. Қазақстанның жартастарға салынған ежелгі суреттері оқып мазмұндау

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *