«Қыз баланың тәрбиесі — ұлттың тәрбиесі»

«Қыз баланың тәрбиесі — ұлттың тәрбиесі»
Сөз басын Елбасымыздың Нұрсұлтан Әбішұлының «Шығыс халықтарының арасында, жалпы мұсылман елдерінде әйел затын ерекше бағалайтын, қарындасты қатты қастерлейтін халықтың бірі де, бірегейі де – біздің қазақ » , – деген сөзбен бастайық. Халқымыз «қыз – қонақ» деп, төрінен орын беріп, қыздарды алтынның сынығына балап өсірген. Жалпы бала тәрбиесіне, соның ішінде қыз бала тәрбиесіне өте көп көңіл бөлген. Ата-бабаларымыз «Қызға қырық үйден тыю, қала берсе қара күңнен тыю» деген мақалға қанша ой сыйғызған. Яғни қыз бала тәрбиесіне тек ата-анасы жауапты емес, бүкіл ауыл, ел жауапты болып отыр.
Қыз бала – бойжеткен, келін,
Бәрі де дер кезінде дара тұлға.
Ұрпағыңның ойласаң болашағын,
Қызды сыйла, жамағат, қызды сыйла
Қыз емес, қыздың аты – қызыл алтын,
Көрінер туған айдай жүзі жарқын.
Үлкеннің алдын кесіп сөз сөйлемес,
Халқының сақтай білген ізгі салтын – дей келе Арал индустриалды – техникалық колледжімізде «Айқаракөз» қыздар клубы құрылған болатын. Клуб мүшелері ретінде колледжіміздің барлық қыз балалары қатысады. Клубтың жоспарына сәйкес «Қыз баланың тәрбиесі – ұлттың тәрбиесі» атты ток – шоу өткізілді. Оған колледжіміздің әдіскері және әйелдер төрайымы А.Саламатова , колледж мейірбикесі А.Қосымбаева және колледж инспекторы Н.Төлекова келіп қатысты.
Қазіргі заман қыз бала тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етеді. Себебі, қыз баланы тәрбиелеу деген сөз — ұлтты тәрбиелеу деген сөз. Әр елдің өміріндегі шешуші кілт қыздарға берілетін тәлім-тәрбие арқылы өлшенеді. Біздің халқымызда «Қыз» деген сөзді әдеміліктің, әдептіліктің, жан-жақты сұлулықтың символы ретінде қолданады. Бесігінде жақсы тәрбие алған, үлгі-өнеге көрген қыз бала болашақта да сол әдебін сақтамақ. Ұлы ғұлама Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова «Қыз баланың мына өмірдегі міндет — парызының жүгі ауыр,әрі ардақты. Ол-адамзат ұрпағын өмірге әкелетін болашақ ана, үй ұстап, жар күтетін адал жар, ата — ене сыйлап, иілетін қамқор келін. Ол осыны қаласын қаламастан, бұл — өмір заңы» — деген. Сол әдепті, инабатты, адамгершілігі мол, сыпайы қыздарды тәрбиелеу — бүгінгі мектептің, қоғамның және ата-ананың негізгі міндеті екенін естен шығармағанымыз жөн деп колледж әдіскеріміз А.Саламатова өз ойын айтты.
Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары, жаны жаздай жайрандаған.
Қыз өссе елдің көркі деген сөзді,
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам,- дегендей, қазақтың қызы — қазақтай ұлттың айнасы
берген тәлімнің ықпалы ерекше. Құрсақтан басталатын тәрбие, былдырлаған сәби кезеңмен, жасөспірімдік шақ, бойжеткендік жаспен сабақтасып отырады екен деген сөздермен колледж инспекторы Н.Төлекова айта кетті.
Жарық пен жылу,от пен суық жоқ жерде тіршілік те жоқ. Ал осылардың көктегі көзі – күн болса, жердегі көзі — адамзат. Адамдардың бір-біріне мейірімі мен ұлағатты тәрбиесі тіршілікті сақтайды. Тәрбиесі түзелмей, елдің көсегесі көгермейді, отбасы түзелмей, болашақ түзелмейді.
Қыз баланың тәрбиесі өте салмақты, бұл нәрсеге жеңіл көзбен қарауға мүлде болмайды. Қыз баланың дұрыс жүріп — тұруы ата — ананың мәртебесі. Шешесіне қарап бой түзер деген нақыл сөзбен колледж мейірбикесі А.Қосымбаева өз ойын айта білді.
Аналардан бастау алар ар басы,-дей келе бүгінде асыл ана, аяулы әже атанып отырған Абай атындағы кітапхананың меңгерушісі Ақмырзаева Мария апайымыздан қыз баланың тәлімі мен тәрбиесі жөніндегі сұхбат алып, қыздарға ақыл кеңес айтты. Тақырыпқа сәйкес арнайы видио- роликтер көрсетіліп, қыз балаларға қоғамдағы өз орнын , тәлім – тәрбиесі туралы толық мағұлмат берілді. Қатысқан қонақтарға арнайы сұрақтар қойылып жауаптар ала білді.
Қыз балаларға «Жағдаяттан қалай шығасың?» атты ситуациялық сұрақтар қойылып бір – бірлерінің жауаптарын тыңдай алды. Білім алушылар «Қыздар» , «Ана» туралы монологтарын оқып , ән кешімен жалғасты.
Қыздар!Өздеріңді алақанға салып әлпештеп отырған осынау бір елімізге адал перзент,асыл азамат боламын десеңдер, еңбекшіл болыңдар! Әдемі болыңдар, әсем болыңдар! Ақылды болыңдар! Сұлу да сымбатты болыңдар! Саналы болыңдар! Инабатты,ілтипатты,ұйымшыл болыңдар! Тәуелсіз еліміздің ертеңгі тұтқасы – сендерсіңдер!

Арал индустриалды – техникалық колледжінің
Өндірістік оқыту шебері «Айқаракөз»
қыздар клубының жетекшісі Кангереева Гулнура

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *