Сөз мәйегі — мақал — мәтел

Сайыс: «Сөз мәйегі- мақал- мәтел»

Мақсаты: мақал-мәтелдер қазақтың қысқа әрі нұсқа даналығы , өмірден түйген қорытындысы , тұрмыс айнасы екеніне көздерін жеткізу, орынды пайдалана білуге үйрету.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі мен әдебиет, сурет.
Көрнекілігі: мақал-мәтелдер жинағы, суреттер,флипчарт.
Түрі:сайыс
Сайыстың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі амандасу. Балалар біз қандай тілдерді білеміз?
— Бүгінгі сайыстың жақсы өтуіне тілектеспіз.Сайыстың алдында тіл туралы белгілі адамдардың айтқан сөздерін еске түсірейік.
Шыңғыс Айтматов: «Тіл жоқ жерде, ұлт жоқ.»
Максим Горький: «Тіл аспап сияқты,оны жақсы білу керек,оны меңгеру керек.»
Бауыржан Момышұлы: «Тіл дегеніміз-қай халықтың болмасын,кешегі,бүгінгі ғана емес, ертеңгі де тағдыры.»
Махмұт Қашқари: «Игі істің басы-тіл, тәрбие басы-тіл.»
Нұрсұлтан Назарбаев: «Тілден артық қазына жоқ,тілден артық қасиет жоқ.»
Шарты: Сайысымызды бастамас бұрын үстел үстіндегі Топтың атын және ұранын оқимыз.
І топ «Сұңқар». Ұраны: Сұңқардай қалықтаймыз,
Ізденуден жалықпаймыз!
ІІ топ «Тұлпар». Ұраны : Тұлпардай жүйрік болу арманымыз,
Жетуге соған тырысамыз !
ІІІ топ «Тапқырлар». Ұраны : Тапқырмыз деп ұрандап,
Өмірде біз келеміз жарқылдап!
Ал енді сайысымызды бастайық.
І. Білгіштер сайысы.
Шарты: Кім қанша мақал айтса , сонша фишка алады.

Шарты: (Әр дұрыс жауапқа бір фишка беріледі.)
Тазалық- денсаулық кепілі .
Еңбек оздырады.
Не ексең, соны орасың .
Отан — оттан да ыстық.
Оқу –білім бұлағы, білім- өмір шырағы.
Отансыз адам ормансыз бұлбұл.
ІҮ.Мақалдың жалғасын тап:
Шарты: Көп нүктенің орнына керекті сөздің баламасын қазақ, орыс және ағылшын тілінде табу. (Әр дұрыс жауапқа 3 фишка беріледі.)
………. – инемен құдық қазғандай.
Оқусыз ……. жоқ , білімсіз күнің жоқ.
Ашу дұшпан, ақыл — ………
Білекті бірді жығады , білімді ….. жығады.

Ү. Берілген мақал-мәтелдерді дұрыс құрастыру.
(Әр дұрыс жауапқа бір фишка беріледі.)
Бұрысы
1.Құрмет, тілге ,құрмет-елге.
2. Жерде, тіл ,жоқ ұлт, жоқ.
3. Тас жарады,тас, тіл жармаса, бас жарады.
1.Тілін біл,жеті түрлі, жеті жұрттың, білім біл.
2.Ұяда, ұшқанда ,соны іледі, не көрсе
3. Мектеп, білім- теңіз кеме .
1.Мыңды жығады ,білекті ,жығады , бірді, білімді.
2.Ыстық ,отан , оттан да.
3.Жау алмайды, досы көпті ,ақылы көпті дау алмайды.
Дұрысы
1.Тілге құрмет-елге құрмет.
2.Тіл жоқ жерде – ұлт жоқ.
3.Тіл тас жарады,тас жармаса, бас жарады.
1..Жеті жұрттың тілін біл,жеті түрлі білім біл.
2.Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі.
3.Білім- теңіз, мектеп- кеме .
1.Білекті бірді жығады , білімді мыңды жығады
2.Отан — оттан да ыстық.
3.Досы көпті жау алмайды,ақылы көпті дау алмайды.
ҮІ. Сурет сайысы.
Шарты : 1.Берілген сурет бойынша мақал-мәтелдер құрастыру.
2.Сурет бойынша мақал-мәтелдің мазмұнын ашу.
(Әр дұрыс жауапқа бір фишка беріледі.)
Адам досымен мықты, ағаш тамырымен мықты.
Тау мен тасты су бұзар, адамзатты сөз бұзар.
Білім- теңіз, мектеп- кеме.
ҮІІ. Қорытынды. (толғаныс)
1.Бүгінгі сайыс сендерге ұнады ма?
2.Сайыс қалай өтті?
Осымен сайысымыз аяқталады.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *