1 қыркүйектен бастап оқу жылы жалпы қашықтан оқыту форматында басталады

1 қыркүйектен бастап оқу жылы жалпы қашықтан оқыту форматында басталады

Орта білім
Шалғайдағы елді мекендердегі шағын жинақталған мектептер эпидемиологиялық ахуал жақсы болған жағдайда оқуды дәстүрлі түрде бастайды.
Бастауыш сынып оқушылары үшін, ата-аналардың өтініші негізінде, қатаң санитарлық талаптарды сақтай отырып, кезекші сыныптар жұмыс істейтін болады. Бір сыныпта бала саны 15-тен аспауы тиіс.
Кезекші сыныптарға өтініштер электронды түрде (сынып жетекшісі арқылы) қабылданады.
Қашықтан оқыту форматында — 2,6 млн (79%), кезекші сыныптарда — 530 мың (17%), штаттық түрде ауылдарда 157 мыңнан астам оқушы (4%) білім алады деп күтілуде.

Мектепке дейінгі ұйымдар
Ата-аналардың қалауы бойынша балалар кезекші топтарға қабылданады. Бұл топтарда бала саны 15-тен аспауы тиіс.

Қосымша білім беру ұйымдары
Балалар ата-аналардың өтініші негізінде қашықтан немесе жеке тәртіппен ұйымдастырылады. Шағын топтардағы бала саны 5-тен аспауы тиіс.

Арнайы білім беру ұйымдары
Ата-аналардың таңдауы бойынша арнайы онлайн кеңес беру немесе мамандардың жеке қабылдаулары ұйымдастырылады. Денсаулығында күрделі проблемалары бар балаларды қабылдау алдын ала жазылу тәртібімен жеке жүргізіледі.

@edu_news_qz

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *