«Мысық» (әңгіме құрастыру)

Білім беру саласы: Коммуникация.
Бөлімдері: Сөйлеуді дамыту.
Тақырыбы: «Мысық» (әңгіме құрастыру)
Мақсаты: Балаларды үй жануары-мысық туралы әңгімелей білуге үйрету. 2-3 сөзден тұратын сөйлем құрату арқылы ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту. Жануарларға деген қамқорлық сезімдерін ояту.
Сөздік жұмыс: мысық.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс- әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық -қозғаушылық Балалармен сәлемдесіп, шаттық шеңберін жасайды.
Орнымыздан тұрамыз
Күнге шаттана қараймыз,
Қуана қолымызды соғамыз,
Осылай күнге жылу шашамыз.
Балалардыотырғызып, көңілдерін алдарындағы ойыншықтарға аударады.
Балалар,осы ойыншықтарды білесіңдер ме?
-Мынау не? Ал мынау ше?
-Балалар, бұлар қандай жануарлар?
Үй жануарларының пайдасы, түрлері туралы сұрайды. Төлдері туралы сұрайды. Қуана қимыл-қозғалыстарымен шаттық шеңберін жасайды.

Ойыншықтарға қуанады.
Ат,сиыр, қой, түйе.
-Үй жануарлары.

Сұрақтарға жауап береді.

Ұйымдастырушылық-ізденістік Сүт ішіп отырған мысықтың суретіне қарауды ұсынады.
-Мынау-мысық. Мысық сүт ішіп отыр. Себебі мысық сүтті жақсы көреді. Мысықтың түсі қара, екі көзі, екі құлағы, төрт аяғы, құйрығы бар.
Е. Елубаевтың «Ала мысық» өлеңін оқып береді.
Беті-қолын жуады.
Тышқандарды қуады,
Тазалықты сақтайды,
Апам оны мақтайды.
-Балалар, мысық қалай дыбыстайды? (Мияу,мияу)
Балалардан мысыққа қалай күтім жасайтынын сұрайды, білмесеайтады.
Сергіту сәті.
Тікірейіп құлағы
Менен бұрын тұрады.
Бойын жазып, керіліп,
Беті-қолын жуады.
Дидактикалық ойын: «Мысық нені жақсы көреді?»
Суреттен мысықтың нені жақсы көретінін сызба арқылы сызып көрсетеді.
«Мысық пен тышқан» ойыны.
Мысық, мысық ұйықтайды,
Тышқан, тышқан жорғалайды: пи-пи
Балалар суретке қызыға қарайды. Мысық туралы білуге талпынады.

Өлеңнің мазмұнын түсінуге тырысады.

Балалар мысықтың дыбысын салады. Қалай күтім жасайтындарын айтады.

Сергіту сәтін жасайды.

Ойын ойнайды.

Рефлексиялық-түзетушілік Тәрбиеші балалардың жауаптарын қорытындылайды, білмегендерін үйретеді. Тілдері келмеген кейбір сөздерді қайталайды. Мысалы: мысық, мияулайды т.б. Балалар мысық туралы біледі. Дұрыс айтып үйренеді.

Күтілетін нәтиже:
Біледі: мысық туралы;
Игереді: мысық туралы 2-3 сөйлемнен тұратын қысқа әңгіме құрастыруға білу дағдысын;

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *