Сөз таптары. Зат есім, сөз табын қайталау

Ф.И.О: Алиева Асемкул Айтбековна
Қала: Шымкент қаласы
Мектеп: : Шымкент қаласы білім басқармасы Қосалқы мектеп – интернаты» коммуналдық
мемлекеттік мекемесі.
Қызметі: мұғалім – дефектолог
Тақырыбы: Сөз таптары. Зат есім, сөз табын қайталау.

Қазақ тілі
Сыныбы :_3 Б_
Мұғалім — дефектолог: Алиева Асемкул Айтбековна

Тақырыбы: Сөз таптары . Зат есім, сөз табын қайталау
Мақсаты:
Білімділік мәні: Сөз таптары туралы білімдерін арттырып кеңейту. Сөйлемнен сөз таптарын таба білуге үйрету. Сұрақтарды дұрыс қоя білуге, оларды бір-бірінен ажырата отырып, сөз таптарына байланысты жаттығуларды дұрыс орындауға дағдыландыру.
Дамытушылық мәні: Оқушылардың топпен жұмыс істей білуін, логикалық ойлау қабілеттерін, тіл байлығын, ой-өрісін, іскерлік дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру.
Тәрбиелік мәні: Алғырлыққа, тапқырлыққа,ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Оқыту нәтижесі:Оқушылардың сөйлеу дағдыларын жетілдіреді.Сыни тұрғыдан ойлай білуге дағдыланады
Әдіс тәсілдері: Жеке- дара, жұптық, топтық, ұжымдық
Сабақ түрі: қайталау, топтық.
Ақпарат көздері: Қазақ тілі оқулығы, Сауат ашу оқулығы,электронды оқулық
Ресурстар : Стикер, тест, маркер, тапсырмалар, кестелер т.б.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
а) Сабаққа даярлықтарын тексеру.
ә).Психологиялық дайындық.
Тренинг:
Жел басталды—(қолдарын ысқылайды)
Жаңбыр себелей бастады- (саусақтарын сыртылдатады)
Жаңбыр жауды-(тізелерін ұрады)
Жаңбыр нөсерлеп жауды- (көкіректерін ұрады
Күн күркіреді –( аяқтарын тарсылдатады)
Күн ашылды – ( қолдарын ашады)
Үй тапсырмасын сұрау:
Тапсырма: Бүркітші, дәрігер, оқулық сөздеріне сөйлем құрап, сөздерді сөз құрамына талдау.
Үй тапсырмасын 3 оқушыға оқытып, кейбір сөздерге талдаулар жасайды.
Үй тапсырмасын бекіту.
«Қай топ жылдам?» тапсырмасын орындату.

3 топқа осы белгілерге байланысты тақтаға шығып 1 сөзден жазып , дәлелдейді.
Сұрақ-жауап жұмысы:
Топтар сөз құрамына байланысты бір-біріне сұрақтар қояды.

Жаңа сабақ:
Дәптермен жұмыс:
Күн реті
Сынып жұмысы
Зат есім сөз табын қайталау.
Көркем жазу.
Сс әрпін жазады. (электронды оқулықты пайдалану)
Ауызша сұрақ –жауап:
1.С дыбысынан басталатын зат есім, сан есім, сын есім ,етістік сөздерін сұрау.
2.С дыбысынан басталатын үздік сөйлем құратып, сөйлемді тақтаға жазып сөз табына талдау жасату..
Жатқа жазу.
Жұмбақ шешу:
Арыстан ақырады,
Орман шақырады. (Найзағай)
Жұмбақты 2 рет хормен қайталатып, жатқа жаздырту.
Топтық тапсырма:
1-топ- Найзағай сөзіне дыбыстық талдау жасайды.
2- топ- Найзағай сөзіне бес жолды өлең құрастырады.
3-топ- Найзағай сөзін қатыстырып, қысқаша мәтін құрайды.
Оқулықпен жұмыс:

Тапсырма: Мәтінді оқып, зат есім, жалпы және жалқы есімдерді , зат есімнің көпше түрдегі сөздерді табады.(ауызша орындалады)
Қазақстанда Алтай, Тарбағатай, Жоңғар және Іле Алатауы бар.Биік тауларда жазда да қар жатады. Таудан мөлдір бұлақтар ағады. Ал баурайында неше түрлі шөптер өседі.
Жалқы есімдер: Қазақстанда Алтай, Тарбағатай, Жоңғар, Іле Алатауы
Жалпы есімдер:таулар, бұлақтар, шөптер
Көпше түрі: таулар, бұлақтар, шөптер
Топтық тапсырма:
1-топ- Жалпы есімдерге байланысты жалқы есімдер ойлап жазады.
Кітап: «Алдар көсе , Ертегілер,»
Кино: «Жау жүрек, мың бала», «Көшпенділер,»
Қала: Алматы , Астана,
Мемлекет: Қазақстан , Өзбекстан,Қытай
2- топ- Шашылған буындардан жалқы есімдер құрайды.
Қорған , тұз, Өс, мен, бас, та , ке, талды, раз ,екі
3- топ- Сәйкестендіру тестін орындайды.
Адамға қатысты атаулар: мұғалім, дәрігер, әнші. биші. аспазшы.
Ыдыстар атауы: кесе, қасық, айыр, ожау, қазан, , табақ
Жемістер атаулары: Алма, қауын, қарбыз. жүзім. алмұрт.
Жануарлар атаулары Түйе, қой, сиыр, жылқы, ешкі.

Сергіту сәтін орындау:
Зат есім сөзін естісе – қол шапалақтау
Сан есім сөзін естісе – басты қозғалту
Сын есім сөзін естісе — партаны тарсылдату
Етістік сөзін естісе — аяқтарын тарсылдату

3 топтан 2 оқушыдан шығып, тақтадағы Кім? Не? бағандарына берілген сөздерді топтастырып, тақтаға жазады.
Тапсырманы әрі қарай Кімдер? Нелер? бағандарына өзіндік жұмыс ретінде дәптерлеріне зат есімдерді көпше түрде жазады.
Зат есімнің көпше түрін пысықтау мақсатында тапсырмалар беріледі.
«Қосымшамды тап!» дидактикалық ойынын ойнату
Ойын шарты: 3 топқа 2 суреттен беріледі
1-топ-қаз бен гүл
2-топ- алма мен шегіртке
3-топ – доп пен көбелек
Осы суреттегі сөздерге тиісті көптік жалғауын жалғап ,неліктен ол жалғауды жалғағандарын дәлелдейді.
Проблемалық сұрақ: кітап, рахмет,Гүлзат,мұғалім, Әнуар, Ахмет сияқты қос буынды сөздерге жалғауды қалай жалғаймыз.(дәлелдейді)
Топтар бірін-бірі бас бармақпен бағалайды.
Сабақты бекіту:
Сөз таптары жайлы білімдерін пысықтау мақсатында семантикалық картаны толтырады. Семантикалық карта 3 топқа 3 түрлі етіп жасалады.
Семантикалық карта
Сөз таптары Зат есім Етістік Сын есім Сан есім
Ұшты
Дәрігер
Ащы
Тұнық
Теңіз
Тоқсан бір
Оқушылар тақтадағы дұрыс жауаптармен өзін-өзі бағалайды.
Шығармашылық тапсырманы орындату
Топтық тапсырма :
Сұрақтардың орнына тиісті сөздерді қойып сөйлем құрайды.
1-топ: Кім? Қандай? Нені? Не істеді?
Айгүл қызық кітапты оқып бітірді.
2-топ: Кім? не? не істеді?
Марат кітап оқыды
3-топ: Кім? неше? не? не істеді?
Дамир он алма алды
Топтар бірін-бірі бағдаршаммен бағалайды.
Сабақты қорыту мақсатында тест тапсырмасын орындату.
Алдарындағы тест парақшаларына тиісті жауапты дөңгелекшелермен бояйды.

Тест тапсырмасы:
1. Заттың атын білдіретін сөздерді тап:
А) күн
ә) биле
б) суық
2. Кім? деген сұраққа ауап беретін сөзді көрсет.
А) ән
ә) күй
б) әнші
3. Не? Сұрағына жауап беретін сөзді көрсет.
А) ақын
ә) жер
б) адам?
4.Сын есімді тап
А. Еңбекқор
Ә.Дариға
Б.соқты
5. –лар,-лер,-дар,-дер,-тар,-тер
А. түбірлер
Ә. көптік жалғаулар
Б. .жұрнақтар
6. Сорып отыр-қай сөз табы?
А. дара етістік
Ә. күрделі етістік
Б.зат есім
В.сын есім
7.Ұзын сөзіне қарама-қарсы сөзді тап
А. жіңішке
Ә.аласа
Б.қысқа
8.Заттың пішінін білдіріп тұрған сөзді тап
А. сұйық
Ә.жұмсақ
Б шаршы
Рефлексия:
Сабақ сендерге ұнады ма? (3 мин)
Өз көңіл – күйлеріңді қалай белгілер едіңдер? Оқушылар смайликтерді көрсетеді.
Стикерлерге Не ұнады? Не ұнамады? Нені өзгерткім келеді? жазады.
Бағалау критерийі.
Топ басшылыры өз тобындағы оқушыны бағалап береді. (2 мин)
Критерии арқылы мұғалімнің бағалауы.
Сабақ үстінде мұғалімнің мадақтауы
Үйге тапсырма беру: «Менің досым қандай?» тақырыбына сипаттау мәтінін құрап жазады.Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады

ШҚББ «Қосалқы мектеп – интернаты» КММ

Ашық сабақ

Қазақ тілі
Тақырыбы: Зат есім,сөз таптарын қайталау.

Мұғалім -дефектолог : Алиева Асемкул Айтбековна
3 «Б» сыныбы

2019-2020 оқу жылы.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *