Жарасымды қарым-қатынас

Тақырыбы:Жарасымды қарым- қатынас

Мақсаты:Оқушылардың арасында жағымды қарым-қатынас орнату, бір-бірін сыйлауға, адал дос болуға, коммуникативті дағдыларын дамыту.

Міндеттері:

  • Қатысушылар бір-бірі туралы барынша көп ақпарат білуі тиіс.
  • Әрбір қатысушы өзін бір үлкен топтың бөлшегі ретінде сезінуі үшін топ ішінде жағымды атмосфера құру.
  • Бірлесе ынтымақтасу мен әрекет ету іскерлігін дамыту.

Қолданылатын әдістер: арт терапия

Құрал –жабдық: қағаз, қалам, түрлі-түсті қарындаштар.

 

Тренинг бағдарламасы:

  1. Жаттығу «Бір-бірімізбен»
  2. Жаттығу «Күн жаттығуы»
  3. Жаттығу «Өз ойымнан бір бейне»
  4. Жаттығу«Суретті бірлесе салайық»
  5. Жаттығу «Көңілді шарлар»
  6. «Достық үйі»
  7. «Пирамида»

 

Жүру барысы:

Қайырлы күн, құрметті әріптестер, оқушылар! Бүгінгі күнмізге сәттілік!

  1. «Бір-бірімізбен». Шеңберде тұрып, 1,2 –ге бөліну, ішкі және сыртқы шеңбермен айналу. Қазір біз тез қимылдауды қажет тұтатын қызықты ойын ойнаймыз. Қане тез жұп таңдап алып қолынан ұстаймыз.  Енді, айтылған дене мүшелерімен тез амандасамыз. «Бір-бірімізбен» деген кезде жұптарыңызды тез алмастыру керексіңдер.

-Алақан мен алақан!

-өкше мен, өкше!

Бір-бірімізбен /орын ауыстырамыз/

  • Иық пен иық
  • Арқа мен арқа

Бір-бірімізбен /орын ауыстырамыз/

Шынтақ пен шынтақ

Тізе мен тізе

Бір-бірімізбен /орын ауыстырамыз/

Оң қол мен оң қол

Саусақтар мен саусақтар

 

  1. Сұрақтар қойып бір-бірімізбен сұхбаттасамыз, қол шапалақтағанда орын ауыстырамыз.
  1. Хоббиің не немесе айналысатын сүйікті ісің?
  2. Сыныптастар бірігіп фильмге барар едіңіз?
  3. Қандай музыка ұнайды?
  4. Бірлескен командалық жұмыстан кейін қалай күш жинар едіңіз?
  5. Қандайкомандалықойындарұнайды? (футбол, баскетбол)
  1. «Күн сәулесі» жаттығуы

Алдарыңызда берілген қағаз бетіндегі шеңберге өз есімімізді жазамыз, егер есіміңді басқа есіммен ауыстырып жазғыңыз келесе, ол есімді де қасына жазуыңызға болады. Енді, осы шеңберге сәуле тараған сызықшаларын салып бір-біріңізге бересіз, сыныптасыңның қандай қасиеті сізге ұнайды соны жазады. Осы парақ барлық сыныптағы оқушыларға беріліп иесіне келгенше жағымды қасиеттерін жазып шығамыз.

Ал, енді кім оқып мені сыныптастарым осылай бағалапты деп айтып шығады?

 

«Өз ойымнан бір бейне» жаттығуы

Бұл жаттығуда берілетін тапсырма: алғаш ойыңызға келген бір суретті бейнелеп салыңыз. Енді осыны көршіңізбен бөлісіңіз. Қарап болсаңыз сызып тастаңыз. Енді қайтып иесіне беріңіз. Сызылған сызатты білдірмейтіндей етіп қайта бейнелеп көріңіз.

  • Сызып жатқанда қандай күйде болдыңыз?
  • Түскен сызат кеттіме?

Ашу үстінде немесе ренжіген сәттерде ойланбастан көңілге қаяу келетін, жүрекке сызат түсіретін сөздер айтып қалатын уақыттар болады. Ол сөз өшпей жадымызда қалады. Сол себепті бір-бірімізді ренжітпей сабырлық, әдептілік сақтайық.

 

  1. «Суретті бірлесе салайық»

Екі түсті екі жұп таңдайды, саусақпен ақылдаспай әрқайсы өз ойларынан сурет құрастырады.

 

  1. Жаттығу «Көңілді шарлар»

Қолдарынан ұстап шеңбер құрады, ортаға шар жіберіледі осы шарды түсірмей қолмен қағу,  екінші шар жіберіледі оны баспен қағу ұсынылады.

Әр берілген тапсырманы бірлікпен, ынтымақтастықпен орындау ұйымшылдықтарын көрсету.

 

  1. «Достық үйі» сурет құрастыру жаттығуы

Қобдишадан әр оқушы қима-қағаздар суырып алады. Онда берілген тапсырмалар:

  1. Суретте ортада тұрған, әдемі «Достық» үй бейнеленген.
  2. Парақтың жоғарғы жағында таулар бейнеленген
  3. Аспан ашық, күн жарқырап сәуле шашылғаны бейнеленген.
  4. Үйдің оң жағында балалар ойнайтын  алаң бар, алаңда түрлі жаттығу құралдары тұр.
  5. Терезе алдында бөлме гүлдері тұр.
  6. Таулардың оң жағында ағаштардың суреттері салынған.
  7. Таудан бұлақтар ағуда.
  8. Есіктері оюлармен әшекейленген.
  9. Парақтың төменгі жағында жасыл желек бейнеленген.
  10. Үй алдында жайқалған гүлдер бейнеленген.
  11. Демалып отыруға арналған отырғыштар тұр.
  12. Есік алдында балалар ойнап жүр.
  13. Құстар қалқып ұшып жүр.
  14. Оң жақтың шеткі бөлігінде шағын спорттық кешен тұр.
  15. Спорттық кешеннің екі есігі бар
  16. Үйдің алдында жайқала өскен ағаштар
  17. Таудың басында қар жатыр.
  18. Сыныбыңызбен қандай іс пен шұғылданудасыңдар, өздерің тауып салыңдар
  19. Қосымша өз ойларыңнан не жетіспеді соны салыңыз

Қорытынды. «Достық пирамидасы.»

Рефлексия Бүгінгі сабақтан өздеріңе өмірлік сабақ алдыңыздар ма?

Өмірге қажетті білім алсаңыздар бір –екі сөйлемен өз ойларыңызды айттыздар.

Енді бір-бірімізге жақсы көңіл күй тілеп, сабағымызды мақтау айтумен аяқтайық. Бәріміз қолдарымызбен достық, сыйластық, сүйіспеншілік пирамидасын құрайық. Сендер қол жылуын сезесіңдер ме? Әрдайым жылы шырайлы қарым-қатынаста болайық. Арамыз ешқашан суымасын. Әрқашан біз біргеміз, қандай сыныппыз?…

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *