«Мен – қазіргі заман педагогымын»

«Бейнеу ауданының әкімдігінің

«Бейнеу» санаторлық бөбекжайы» КММ 

 

Э С С Е

«Мен – қазіргі заман педагогымын»

  

                   Дайындаған : тәрбиеші Алиева Салима Мугалбаевна

  

2020 жыл  

 

«Қазіргі заман талабына сай, жан – жақты

жетілген бойында ұлттық сана мен ұлттық

психология қалыптасқан, имандылық әдебі, парасаты

бар ұрпақ тәрбиелеу, өсіру, білім беру, бүгінгі таңда

отбасының,балабақшаның барша елдің, халықтың міндеті»

Н.Ә.Назарбаев

 

І.Кіріспе.

«Ұстаз – өзінің уақытын басқаның бақытына сыйлайтын адам». Сондықтан қазіргі заман педагогіне жүктелер аманат, сенім ешқандай заңғар биікпен салыстыруға келмейтін өлшем. Менің санамда «Мен ХХІ ғасыр – жаңа заман педагогімін», «Мен жас шыбықты тіктеп, діңгегін берікетіп өсіретін бағбанмын»! Бұл ұғымда үлкен сауаттылық, біліктілік, ізденімпаздылық, тәжірибе алмасу, іскерлік, шығармашылық керек.Менің алдымда бетіне сия түспеген аққағаздай таза жүректі сәбилер.                                                                                                                        Ақпарақтағы жазуды қалай әдемі мағыналап бастасаң солай

әдемі жалғанатындай, бұлбалалардыңжүрегінетәрбие мен білімнің алғашқы баспалдағын мен дәл солай әдемілеп таспалап түсіре бастауым керек.

Өйткені қазіргі балғын бүлдіршіндер – келешек қоғам иесі. Сол болашақ қоғам иелерін жан – жақты жетілген, ақыл — парасаты мол ұрпақетіптәрбиелеу – біздің қоғам алдындағы борышымыз. Мен жаһандану теңізіне желкенін жайған мемлекетіміздің ертеңгі алға бастайтын мықты ескегі болатын балабақша бүлдіршіндерін тәрбиелеумен оқу-білім қайнарымен сусындататын осынау абыройлы мамандығымды мақтан тұтамын. Біз мектепке дейінгі мекеме тәрбиешілері,тәуелсіз татулығы жарасқан байтақ мекеннің болашағы үшін құстың қанатындай су болса да көмегімізді тигізіп жатырмыз деген мақтаныш кеудемді кернейді.

Қазіргі заман тәрбиешісі тек өз жұмысының терең білгірі болу емес, тарихи – танымдық, педагогикалық – психологиялық сауатты, саяси – экономикалық білімді және ақпараттық – коммуникациялық технологияны жан – жақты меңгерген ақпараттық құзырлы маман болу керек. Сәби күлкісі… Сыңғырлаған жүрегі… жүрегі, жаны таза… мұңсыз… қуанышты… албырт бала күлкісі…Сенің күлкің қандай пәк еді?! Иә… сен бақыттысың!… Әринебақыттысың! Сен бақытты болуға жаратылғансың! Өйткені…? Өйткені сен ХХІ ғасырдағы Тәуелсіз Қазақстан азаматысың! Сен озат технологиялар дамыған жаңа дәуірде, жаңа кезеңде өмірге келдің. Сенің болашағың алда! Сенің алдыңда үлкен – үлкен тарау жолдар тұр.

ІІ.Негізгі бөлім

         Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Мәңгілік ел» атты Қазақстан-2050 стратегиясында «Адамзат үшін ХХІ ғасыр – жаңа технологиялар ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру бүгінгі жас ұрпақ, сіздердің еншілеріңіз…. Ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың қолында» — деп ұстаздар қауымына үлкен міндет жүктеп отыр. Жас ұрпаққа тәрбие беретін бүгінгі тәрбиеші мамандар тәрбиелеу мен білім берудің жаңаша жетілдірілген әдіс – тәсілдерін іздестіріп,күнделікті жұмыс барысында жаңашыл бағыттар қарастырып, оны өздерінің іс – тәжірибесінде қолданып отырса бала тәрбиесі алға басары сөзсіз.

        Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында «Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешімді бірлесе отырып қабылдауға тиіспіз, баланың орыс, ағылшын тілдерін, интернет тілін жетік меңгеруі – ең бастысы қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады» -деп атап көрсеткен бағыты негізінде мектепке дейін ұйымда үш тілді қатар оқыту қолға алынды.

«Мемлекетіміздің болашағы – жас ұрпақ» — десек, болашақ жас ұрпақтарымыздың бәсекеге қабілетті болып өсуінде «Тілдердің үш тұғырлығы» идеясының балабақша балаларымен жүргізілуінде өзіндік ерекшеліктері бар. Өмірлік қажеттіліктен туындаған идея «Үш тұғырлы тіл» — еліміздің бәсекеге қабілеттілікке ұмтылуының бірінші баспалдағы болып отыр. Тіл – халықтың қазынасы, байлығы – десек, мемлекеттік тілімізді құрметтеп, қастерлей отырып, өзге тілді білуге ұмтылу – уақыт талабы деседі.Тәрбиеші немесе айналасындағы үлкендердің алғашқы эмоциялық қатынасы, баланың болашақта осы тілде сөйлесу мәнерінің қалыптасуына негіз болып табылады. Үштілділікті оқыту барысында мнемотехникалық әдісі балалардың сөз материалын есте сақтауда қалдыру үшін қолайлы. Мнемотехникалық әдістің міндеті: шет тіліне тән дыбыстардың дұрыс айтылуын жаттығуы, сөз қорының байытуға белсенуі мен бекітуі, сөйлеудің грамматикалық дұрыстығын жүзеге асыруы және тілдің дамуы. Заман талабына сай мнемотехникада ақпараттық технологияны тәжірибеге енгізу негізінде «бейнекөрсетілім», әдісі, интерактивті – мультимедиялық әдістерді қолданудың пайдасы зор. Интерактивті жаттығулар балаларға жаттығуларды дұрыс жасау және өзін – өзі тексеруге қажетті құрал.

Ақпараттық – коммуникативтік технологияны балабақшада қолдану – қазіргі кезеңдегі мектепке дейінгі тәрбиенің өзекті мәселесі болып отыр. Компьютерлік технология біртіндеп мектепке дейінгі білім беру жүйесіне білім берудің аса тиімді тәсілі ретінде жәймен еніп келе жатыр. Бұл заманауи әдіс оқуға деген қызығушылықты арттырып, өз бетінше жұмыстануға тәрбиелеп, интеллектуалдық қызметін дамытады, қазіргі заманның рухында дамуға жол ашып, мектепке дейінгі білім беру мекемесінің оқу – тәрбие жұмысын сапалы түрде жақсартуға мүмкіндік туғызып, оның тиімділігін арттырады. Қазіргі заманғы мектепке дейінгі білім беруде ақпараттық технологияларды қолданудың өзектілігі ақпараттық қоғамның қарқындылығымен, мультимедиялық технологиялар, электрондық ақпараттық қорлардың кеңінен тарауы, оқытуда, қарым – қатынас жасауда және тәрбиелеуде желілік технологиялардың мәжбүрлі қолданылуында болып отыр. Осыған байланысты ақпараттық коммуникативтік технологияны мектепке дейінгі оқыту процесінің ажырамас бөлігі деп сеніммен айтуға болады. Бұл балалардың жаңа ұрпағына үйреншікті және қолжетімді болып қана қоймай, сонымен қатар қазіргі заман педагогтарына өте қолайлы..
Ақпараттық коммуникативтік технологиясы кез – келген педагогтың әдістемелік көмек сұрап ақпараттық кеңістікке тікелей шығуына, өз тәжірибесін таратуға мүмкіндік береді..
Мектепке дейінгі білім беруде ақпараттық – коммуникативтік технологияларды қолдану педагогтың шығармашылық мүмкіндіктерін кеңейтуге жол ашып, мектепке дейінгі жастағы балалардың психикалық дамуының әртүрлі жақтарының дамуына оң әсерін тигізеді. Оқу іс – әрекетінің жоғарғы динамикасы балалардың материалды тиімді меңгеруіне, есте сақтауларын, қиялдауын және шығармашылығының дамуына септігін тигізеді. Слайд – шоулар мен бейнефильмдер қоршаған ортадан бақылауларды:: гүлдің өсуі, планеталардың Күнді айналуы, толқынның қозғалысы, жаңбырдың жаууы сияқты мезеттерді көруіне мүмкіндік  береді.
Қорыта айтқанда, ақпараттық технологиялар баланы оқыту мен дамыту процесін тиімді етіп, балаға да, педагогке де білім берудің жаңа мүмкіндіктерін ашады.

        Менің өз тәжірибемде алдыма қойған жұмыс бағытым: «ХХІ ғасыр ұрпағын жан – жақты, дені сау, білімді, рухы таза ұрпақ тәрбиелеу» Мақсатым: «Балалардың денсаулығын нығайтуда, спортқа әуестендіріп,күн тәртібі ережелерін сақтай білуге, жаңа инновациялық жолдар арқылы шынықтыру,салауаттылыққа тәрбиелеу»

Мен осы бағытта өз тобымдағы балаларды салауаттылыққа тәрбиелеу барысында ертеңгілік жаттығуларды,оқу қызметін табиғат аясында өткізу арқылы қимыл –қозғалысын дамытып,қозғалмалы ойындар ойнатып, күн тәртібінде көрсетілген,серуен, ойын, тамақ, оқу іс-әрекет кезеңдерін мүлтіксіз орындап отырамын.

Жан-жақты дені сау. білімді, рухы таза ұрпақ тәрбиелеу және  жақсы баланы өсіру әрбір ата-ана мен балабақшаның міндеті. Денсаулық табиғаттың берген құнды байлығы,оны бастапқы күйде сақтау ол адамның жеке салауатты өмір сүруіне байланысты екенін есте сақтай отырып, шынықтыру жұмыстары жергілікті жердің климаттық жағдайларына сай жүргізілуі керек. Баланың дене құрылысын шынықтырушы іс- шаралар балаға ұнап , жақсы эмоция тудыруы мүмкін.

«Дені сау болса –дәулет сол» демекші балдырған балаларымыздың дендері сау,дене бұлшық еттері қалыптасқан,батыл болып өсуіне ата-аналармен бірлесе отырып жұмыс жүргізілсе баланың қызығушылығы артады.

Осы бағытта Елбасымыздың айтқандай «Шынықсаң шымыр боласың» насихат сөзіне сүйене отырып:

-Эстафеталық ойындар

-Әр түрлі кеңестер

-Практикалық тәжірибе

-Дамытушы жаттығулар

— Дені саудың –жаны сау ашық корсетілімдерді  тиімді және жоғары деңгейде өткізіп отырамын

Баланың денсаулығын нығайтуға,білім дағдыларын қалыптастыруда денсаулық технологиясын қолдану өте тиімді.Біздің бөбекжайымыз санаторлық бөбекжай болғандықтан баланың денсаулығына ерекше мән беріледі. Таңертеңгілік жаттығу, дене тәрбиесі, ұйқыдан кейінгі сауықтыру —  шынықтыру шараларында, мерекелік іс- шараларда, ұйымдастырылған оқу іс- қызметінде үнемі денсаулық технологияларын пайдаланамын.

Денсаулық технологиясын   пайдалана отырып: «Дені саудың-жаны сау», «Шынықсаң шымыр боласың», ашық  ұйымдастырылған оқу қызметі,  ата- аналар арасында «Әкем  шешем және мен» спорттық сайыстар, «Мектепке дейінгі балалардың денсаулық сақтау технологиясы» тақырыбында  баяндама оқыдым.

ІІІ.Қорытынды

Шынында да, бала болашағы – менің қолымда. Қызыға да, қиындығы да мол ұстаздық жолдан мүдермей өтсем, менің де биік щыңға шыққаным. Еліміз егемендік алып, өз алдына тәуелсіз мемлекет болды. Тәуелсіз еліміздің болашағы кімдер? Олар – бүгінгі менің алдымда отырған бүлдіршіндерім. Ендеше жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған келесі мәселе – оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып, саналы, рухани бай, салауатты, жан – жақты дамыған жеке тұлға дайындау менің басты парызым.

Үлкен жауапкершілікті талап ететін ұрпақ тәрбиелеуде Елбасымыздың саясатын ұстана отырып, «Мәңгілік ел»  жалпыұлттық идеясына негізделген жалпы азаматтық құндылықтар тәрбиелеуде мен өз білімімді жетілдіріп бәсекеге қабілетті жаңа заман педагогі болуға лайықпын…

Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісі жан — жақты болуы шарт деп есептеймін. Мәселен, мамандығым тәрбиеші болса да, ағылшын тілі курсын оқып жатырмын. Мақсатым, ұрпақ тәрбиесінде үш тілділікке бағыт бұру. Елбасымыз «Рухани жаңғыру» мақаласында қазіргі заманды және болашақты терең түсіне алатын білімді адамдар ауадай қажет деп көрсеткен болатын. Осы бағытта алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар мен міндеттер көп. Мағжан Жұмабаев атамыз өзінің ұлағатты бір сөзінде былай деген: «Баланы тәрбиешінің өзіндей қылып шығармай, келешек заманына лайықтап дайындау керек». Иә, Мағжан атамыз айтқан даналық ой бүгінгі күнгі білімді ұрпаққа қаратылып айтылғаны көрініп тұр. Өйткені елдің ертеңгі тірегі – балабақшадағы тәрбиеленіп жатқан балдырғандарымыз. Олар заман талабына сай тәрбиеленуі тиіс деп есептеймін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *