Еліміз бойынша барлық бүлдіршіндердің тек 16,8% балабақшаларға барды

Еліміз бойынша барлық бүлдіршіндердің тек 16,8% балабақшаларға барды

20 наурызда Қазақстанда 149 300 бүлдіршін балабақшаларға барды. Қазіргі уақытта мемлекеттік мектепке дейінгі мекемелер тек өңірлерде штаттық режимде жұмыс істейді.
Төтенше жағдай енгізілгенге дейін мектепке дейінгі ұйымдарға 888,3 мың бала келген. Егер ТЖ бірінші күні (16.03.2020 ж.) мектепке дейінгі ұйымдарға келушілер көрсеткіші 42% (392,0 мың адам) болса, ағымдағы жылдың 19 наурызында тек 28%-ды құрады.

Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтан мен Алматыда карантин жариялануына байланысты мемлекеттік және жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар жабылған болатын. Сондай-ақ, Түркістан облысында халықтың тығыздығына және инфекцияның таралу қаупінің жоғары болуына байланысты барлық балабақшалар жұмысын тоқтатты.
Бұған дейін ҚР Білім және ғылым министрлігі ата-аналарға балаларды мүмкіндігінше мектепке дейінгі ұйымдарға апармауды ұсынған еді. Балабақшаға бармаған баланың орны сақталатыны да айтылды.

@edu_news_qz

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *