Жер сфералары дегеніміз не?

Бертлеуова Рахила Хансултановна.

Оқу мақсаты: 3.4.1.1 Жер сфераларын түсіндіру және графиктік кескіндеу.
Бағалау критерийі Жер қабықтарын біледі; Жердің әр қабығы неден құралатынын анықтайды;

Диаграмма көмегімен бейнеленген  Жер сфераларының ерекшелігін түсіндіреді.

Тілдік мақсат Пәндік терминология мен тірек сөздер:

Сфера, литосфера, биосфера, гидросфера, атмосфера.

Құндылықтар Оқушыларды өзара құрмет көрсетуге, бір біріне түсіністікпен қарауға тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс Қазақ тілі, ағылшын тілі,
АКТ қолдану дағдылары Таныстырылым, интербелсенді тақта
Алдыңғы меңгерілген білім 2-сыныптан Күннің пайдасы мен зияны, Жердің табиғи серігі, Күн жүйесінің ғаламшарлары мен ғарыштағы уақыт пен арақашықтықтың ерекшелігі туралы біледі.
Сабақ барысы
Жоспарланған уақыт Сабақта жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

 

Сабақтың басы

 

 

5минут

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұйымдастыру

Психологиялық жағымды көңіл-күй ахуалын туғызу

Жедел жауап. «Кемпірқосақ ашылды» әдісі арқылы оқушылардан өткен тақырыптарды еске түсіру. Сұрақтарды кезек-кезек алу. Сұрақтар:

-Күн сәулесі туралы не айта аласың?

-Жердің табиғи серігі бар ма?

-Қандай ғаламшарларды білесіңдер?

-Біз қандай ғаламшарда өмір сүреміз?

-Жанды табиғат пен жансыз табиғаттың айырмашылығы неде деп ойлайсыңдар?

-Біз жануарлар туралы не білеміз?

-«Өсімдіктер адам өмірі үшін маңызды» деген пікірге сенің ойың қандай?

 

ҚБ мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы жүргізіледі және жалаушалармен марапатталады.

 

 

 

Кемпірқосақ суреті салынған плакат

Слайд №2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

жалаушалар

 

 

 

 

 

 

Сабақтың ортасы

5 минут

 

 

 

2 минут

 

 

 

 

2 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

8 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3минут

 

 

 

2 минут

Оқушыларды  суреттер бойынша 4 топқа бөлу. Қабырғадағы суреттерде жер қабаттарын бейнелеу. Топ мүшелерінің мақсаты берілген сурет бойынша өз ойларын ортаға салу.  Бір-біріне толықтырулар жасау.

 

Сабақ тақырыбы мен оқу мақсатын хабарлау

 

Мұғалім түсіндірмесі

Оқулықтың 19-бетіндегі оқу материалы негізінде түсіндіріледі.

 

Оқулықпен жұмыс

Жер қабықтары.

Мақсаты: Жердің төрт қабықтан тұратынын және олардың атауларын түсінеді.

Оқулықтағы сурет жайлы айта отырып, оқушыларды бұл жердің төрт қабаты екенін түсінуге бағыттау.

 

Суреттерді басшылыққа ала отырып, сұрақтар қою.

—         Неге біз суреттер бойынша төрт топқа бөліндік деп ойлайсыңдар?

—         Жер қабықтары қайда орналасады деп ойлайсыңдар?

—         Жердің неше қабығы бар?

—         Әр қабыққа қандай нысандар кіреді?

—         Жердің бірінші қабығында не орналасқан?

—         Биосфера өкілдері барлық Жер қабығында болуы мүмкін бе?

 

Топтық жұмыс

1топ «Қай жерде орналасқан?»

Суреттердің Жер қабығының қайсысында орналасқанын анықтайды.

2 топ «Зертте»

Пазлдарды Жер қабаттарының грекше атаулары мен оның әрқайсысында орналасқан нысандарға сәйкес болатындай етіп жинайды.

3 топ  «Сәйкестендір»

Жер қабығының атауларының қазақша, орысша, ағылшынша атауларын сәйкестендіреді.

4 топ «Толықтыр»

Нысандарды  сәйкесінше жер қабығының атауымен толықтырады.

ҚБ. Мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы.

 

Оқулықпен жұмыс

Ұ«Ойлан» Тапсырманың мақсаты: Жер қабықтарының өзара байланысын және оларды графикалық түрде қалай белгілеуге болатынын түсіну.

Оқулықта берілген суретті диаграмманы талдап, келесі сұрақтарға жауап беру.

Сұрақтар:

—         Күн қай қабықта орналасқан?

—         Биосфера қабығында нелер бар?

—         Гидросфера қабығында нелер бар?

—         Литосфера қабығында нелер бар?

—         Бұл диаграмма неліктен бір-бірімен қиылысады?

—         Жер қабықтарының өзара бір-бірімен байланысы бар ма? Қалай ойлайсыңдар?

—         Ағаштың Жер қабықтарымен қандай байланыста болады?

ҚБ. Мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы.

 

Сергіту сәті. Көз бұлшықеттерін арналған жаттығулар орындау. Сұрақтар:

—         Неге көзімізді сабақ барысында жаттықтыруымыз керек?

 

—         Көз күтімі жайлы не айта аласығдар?

 

Дәптермен жұмыс

 

9-жұмыс парағы. «Жер қабықтары неден тұрады?», 11-б.

Жер қабықтарының сипаттамалары.

Сабақта таныстырылған тірек сөздерді бекітуге арналған тапсырма. Оқушылар сөйлемдегі бос орындарды толтырады.

Бағалау. Дескриптор:

Оқушылар:

-Жердің ауа қабатын біледі;

-Биосферада тірі ағзалар мекендейтінін түсінеді;

-Жердің қатты қабығын біледі;

-Жердің су қабығын біледі.

Қабықтағы нысандар. Тапсырма Жер қабықтары туралы білімдерін кеңейтуге бағытталған. Жер қабықтарына қатысты нысандарды тауып, бояйды. Артық суреттерді қоршап сызады.

10-жұмыс парағы. «Жер қабықтары», 12-б.

Дұрыс-бұрыс.

Оқушылардың логикалық ойлауын дамытуға бағытталған тапсырма. Жер қабықтары туралы тұжырымды оқиды, оның дұрыс не бұрыс екендігін анықтайды.

Бағалау. Дескриптор:

Оқушылар:

-Жер сфераларын біледі;

-Жер қабықтарына байланысты дұрыс тұжырымды ажырата алады.

ҚБ. Мұғалімнің жазбаша қалыптастырушы бағалауы.

Қима суреттер

Слайд №3

 

 

 

Слайд №4

 

Слайд №5,6,7,8,9

 

Оқулық

 

 

 

 

 

Слайд №10

Жалаушалар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Суреттер

Тапсырма жазылған парақшалар

 

Жалаушалар

 

 

 

 

 

 

 

Оқулық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Слайд №11

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

https://www.youtube.com/watch?v=_lx7d4eIkVE

 

 

 

 

 

 

Дәптермен жұмыс

Слайд №13

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Слайд №14

 

 

 

 

Слайд №15

 

Үйге тапсырма беру

Оқулық.18-19 бет . Оқу материалымен танысу.

Дәптер 12 бет. 2-тапсырманы орындау

 

Кері байланыс.

«Рефлексиялық нысана» әдісі

Бүгінгі сабақ бойынша өз жұмыстарын қорытындылайды, іс- әрекетіне баға береді.

 

 

 

 

 

 

 

Рефлексия-лық нысана

 

 

Сабақтың соңы

5 минут

 

 

Рефлексия

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *