«Көп ұлтты Қазақстан»
Білім беру салалары:«Әлеуметтік орта»
Бөлімі: «Қоршаған ортамен танысу»
Тақырыбы: «Көп ұлтты Қазақстан»
Мақсаты:а) Еліміздің көпұлтты халық екенін түсіндіріп ұлт өкілдерін есте сақтап айтуға үйрету.
ә) Сана сезімдерін дамыту.
б) Ұлтаралық татулыққа, достыққа тәрбиелеу;
Қолданатын көрнекілік құралдар: суреттер.
Блингвальды компонент: көп – много-a lot of, ұлт-нация-nation.
Оқу қызметінің кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушы | Балалар шеңберге тұрып бір-біріне жақсы сезімдерін білдіреді (қуаныш, қорқыныш, ашу, шошу, мұңаю т.б) Ол сезімдерді бет келбетімен көрсетеді. |
Балалардың жүрек жылуы. |
Іздену-ұйымдастырушы | Өлең оқу. Гүлденсін елім түрленсін, Танымастай түрге енсін Болашақ елдің төріне Елу елмен бірге енсін -Қазақстан кең байтақ ел. -Елордамыз қай қала? -Тұңғыш приздентіміз кім? -Қазақстан қандай ел? – «Бауырымдылық» деген сөзі қалай түсінесіңдер? -Біздің әңгімеміз Қазақстан елінде тұрып жатқан ұлттар туралы болады. -Балалар сендер өздерің қандай ұлт екендеріңді білесіңдер ме? -Біздің елемізде қандай ұлыт өкілдері тұрады? Иә біздің топта басқа ұлт балалары жоқ . Әңгімені тыңдайды. -1 Мамыр-Қазақстан халықтарының бірлігі күні. Қимыл-қозғалыспен көрсету. |
Балалардың жауаптары |
Күтілетін нәтиже:
Білу керек:Еліміздің көп ұлтты халық екенін түсіндіріп ұлт өкілдерін есте сақтап әңгімелей білу керек.
Болу керек: қызығушылығы болу керек.
Үйрену керек:Ұлт аралық татулыққа, достыққа әңгімелеп айтуға үйрету.