ДІН ЖӘНЕ ТЕРОРИЗМ
Орынбаева Сауле
№ 16 КОЛЛЕДЖ МКҚК
САПА МЕНЕДЖМЕНТІ ЖҮЙЕСІ
«БЕКІТЕМІН»
Директордың ТЖЖО
____________ Г.Шертаева
«_____» _______________ 20 ___ ж.
ТӘРБИЕ САҒАТЫ
ДІН ЖӘНЕ ТЕРОРИЗМ
ТС-ТБ-ЕТ-19/07
Данасы:________________________________________
Енгізілген мерзімі:_______________________________
Пайдалану мерзімі: ______________________________
Қызмет бабында пайдаланылатын басылым
Шардара
АЛҒЫ СӨЗ
1 Әзірлегендер: ЕТ-19 топ жетекшісі………………………………………………………С. Орынбаева
2 Бірінші рет енгізілді
Осы тәрбие сағатын №16 колледждің рұқсатынсыз толық немесе жартылай қайталауға, көбейтуге және таратуға болмайды
МАЗМҰНЫ
1 Мақсаты…………………………………………………………………………………………………………………………..4
2 Көрнекілігі……………………………………………………………………………………………………………………….4
3 Сабақтың түрі………………………………………………………………………………………………………………….4
4 Сабақтың барысы…………………………………………………………………………………………………………….4
4.1 Кіріспе сөз…………………………………………………………………………………………………………………….4
4.2 Ой қозғау………………………………………………………………………………………………………………………4
4.3 Баяндау…………………………………………………………………………………………………………………………5
5 Қорытынды……………………………………………………………………………………………………………………..8
6 Пайданылған әдебиеттер………………………………………………………………………………………………….8
1 МАҚСАТЫ
Білім алушылардың салауаттарын кеңейту, дене жеке бас гигенасты өмір туралы ұғымын сақтау және жаман қылықтардан бойларын аулақ ұстауға тәрбиелеу.
2 КӨРНЕКІЛІГІ
Білім алушылардың салған суреттері, кітап көрмесі, ұлы адамдардың қанатты сөздері жазылған плакаттар.
3 САБАҚ ТҮРІ
Пікіралмасу
4 САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ
4.1 Кіріспе сөз
Ислам деген сөздiң өзi араб тiлiндегi «силм» – бейбiтшiлiк, тыныштық, берілу деген сөзден, жә, мұсылман деген мағнаны бiлдiретұғын «мұслим» сөзі – бейбiтшiлiкке берiлген, тәсiлiм болған һәм оны сақтаушы деген мағынадан шыққан. Демек, фундаменталист секiлдi дөрекi де кертартпа сөздер мұсылмандыққа әсте жараспайтынын, әлбетте, оңайлықпен аңдауға болады. Мұсылмандар амандасқанда-ақ «Әссаламұалайкұм!» яғни «Саған бейбiтшiлiк болғай!» деп, біріне-бірі татулық, тыныштық тілейді ғой. Ал, хақ дiн Исламның пайғамбары Әз Мұхаммед Ғалайһиссалам бір хадисінде «хайрұн нас, ман йанфағұн нас!», яғни «адамзаттың ең жақсысы, ең хайырлысы, адамзатқа ең пайдалысы!» деген. Пайғамбарымыз тағы да бiр сөзiнде «әс-салату ғимад-ұд-дин», яғни «дұға дiннiң дiңгегi, негiзi!» деген. Ислам ұғымындағы бейбiтшiлiк Аллаһ Тағаланың ризалығына ие болумен, яғни, жақсы ғамалдар iстеумен ғана пайда болады. Он төрт ғасырлық тарихында ғылымның, мәдениеттiң, әдебиеттiң ең озық және пайдалы үлгiлерiн мұралатқан хақ дiн Исламға және мұсылмандар хақында батыс өлшемдерiндегi атаулардың мағыналары мен шығу тегіне мән берiлместен қолданылуы, бұл ғажайып байлық пен пәктікті жете түсiнбегендiктiң салдарынан дер едiм!
4.2 Ой қозғау
Парламент қабырғасында кезекті мәрте діни саланы реттейтін заңнаманы қатайту туралы пікірталас қызып тұр. Діни сенім мен діни бірлестіктер туралы жаңа заңнан не өзгеріс күтесіз? Бет бағыты қандай болуы керек деп ойлайсыз?
– Жаңа заңнамамен таныспадым. Бірақ осыдан екі-үш жыл бұрын әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде депутаттар, діни ұйымдардың өкілдері қатысқан жиында осы мәселе турасында ащылау, қаттырақ сөйлегенмін. Елімізге қаптаған миссионерді кім шақырды? Қайдан не мақсатпен келді? Жиында алдымен осы мәселені шешетін, жөнге салатын заң керек дегенмін. Дін туралы өлі заң шығарған тиісті органдар кінәлі. «Есігіміз ашық» деп, бас қосқан бес-алты миссионердің ұйымын тіркей берді. Мемлекетімізде 48 діни конфессия пайда болды. Олардың мақсатын, пиғылын танып, зерттемеді. Бұрын біздегі жат діни ағымдарға жыл сайын астыртын 12-13 млрд доллар құйылып отырса, биыл 15 млрд долларға көтерілді. Қайдан келіп жатқан тегін ақша, ойланбай ма? Сырттан енген 48 діни конфессия қазақтардың арасынан өздерінің кадрларын мықтап, даярлап алған. Қазір істі жүргізіп жатқандар – сол дінге іш бұратындар.
Бір жаманы, қазақтың мықты деген интеллигенциясы – жазушы, ғалым, өнерпаздары сатылды. Ахмет Байтұрсынұлы: «Дінін шаншып істікке, Әркім бір жем іздеп жүр», – деген заман туды. Мысалы, бүгіндегі барлық бүлікті салушы – ваххабиттердің басында кім тұр? Атын атамай-ақ қояйын, ол – өзі депутат, әрі өнердің шыңына шыққан азамат. Ол ваххабиттердің дүниетанымына қызыққан жоқ, оны ақшаның буы алып кетті. Ал Досым Омаров дегеннің Абайды кришнаиттық таным тұрғысынан зерттеген докторлығына қарсы тұрып, қорғатпай тастадық. Кришнаиттардың отымен кіріп, күлімен шығып жүрген ол қаншама қаракөзді бүлдіріп үлгерді. Ең сорақысы, оған ғылыми жетекшілік етіп, тақырыбын бекітіп берген – Философия институтының директоры. Одан кейін жаңа пайғамбар жасаушы ахмадия деген ағым бар. Орталығы, басшысы – Семейде. Қайдан екені белгісіз, қыруар қаржын құйылып жатыр.. Бұлар – «дінін істікке шаншып, жем іздеп жүргендер», дінді бизнеске айналдырғандар деп түсінемін.
Діни сенім мен діни бірлестіктер туралы заң ұлттық қауіпсіздігімізді, мәдениетімізді, бірлігімізді сақтайтын заң болса, дін мәселесі өз сабасына түседі. Мемлекетімізде ислам мен православие дініне заңдық басымдық беру керек. Ал шетелден ақша алып, ел арасында алауыздық тудырып жатқандарды не үшін тайраңдатамыз?!
4.3 Баяндау
Исламиятта фундаментализм, экстремизм, терроризм деген нәрселер жоқ. Бұл Исламияттың өзегіне сәйкес келмейді, өйткені, Ислам дегеннің өзі бейбітшілік, тыныштық деген сөз. Исламның басты мұраты адамдар арасында бейбітшіліктің болғаны. Сондықтан, экстремист, террорист деп аталған топтардан діннен басқа себептерді, мақсаттарды іздеу керек. Олардың саяси, экономикалық, әскери т.т. мақсаттары, ойлары болғанын тексеру керек. Екінші мәселе, сондай саяси-экономикалық топтар туралы айтқанда не жазғанда міндетті түрде «Исламдық террористер» деген тіркеуді қосатындардың ойы бөтен. Егер, олардың мақсаты терроризмді, экстремизмді қаралау болса, онда тек террористтерді немесе экстремистерді айыптар еді олар, Ислам сықылды бәшериет (күллі адамзат) жаралғалы бері жеткен ең жоғары өркениет дәрежесіне, ең таза имандылыққа тіл тигізбес еді олар.
Террорист ұйымның мүшесі қандай бір мұсылман елдің азаматы болса болғаны, әлгі бұлақтар дереу «мұсылман террористтер» дей салады. Ал, басқа діндегі террорист топтар туралы болғанда, олардың діні айтылмайды да басшысының ғана аты немесе шыққан жерінің аты, ең болмағанда саяси көзқарасы ғана айтылады. Мәселен, Испаниядағы «ЭТА-БАСК» тобы туралы ешқашанда «Христиан террорист Баск тобы» деп айтпайды олар. Солтүстік Ирландиядағы «ИРА» ұйымы туралы «христиан/католик террористік ұйымы ИРА» деп ешкім айтқан емес! Токиодағы метрода улы газ шашып көптеген адамдардың өлуіне себеп болған Жапониядағы буддист «Аум Синрике» сектасы туралы «Буддист террористтер» деп ешкім айтқан емес. Сондықтан, мұның негізінде Исламды көре алмаушылық және Исламды жағымсыз етіп көрсету секілді жауыз пиғылдар болғанын айта кетуіміз керек.
Нағыз экстремистік топтардың тауқыметін батыс елдері көруде. Соңғы жылдары АБД, Еуропа елдерінде саңырау құлақша қаптап кеткен христиан фундаменталист ұйымдары мен түрлі-түрлі секталар салдарынан мыңдаған адамдар аянышты халде қаза тапты. Мәселен, АБД-нің Калифорния уилаятындағы (штатт) Сан Диего қаласында «Ұлық бұлақ» деп аталған сектаның 39 мүшесі 26 наурыз 1997 күні өздерін улап өлтірген. 1978 жылдың 18 қарашасында Оңтүстік Америкадағы Гуяна мемлекетінің Джеймстаун (Jamestown) қаласында «Халықтың храмы» деген сектаның 912 мүшесі циан газымен өз-өзін өлтірген. Фырансаның Сен Пиер қаласындағы «Күн храмы» сектасының 16 мүшесі 23 желтоқсан (1995 жылы) күні өз-өздерін өртеп өлген. Осы сектаның Швейцарияның екі қаласындағы мансұбтары (мүшелері) 5 қазан күні (1994 жылы) өздерін өртеп өлді. Күн храмы сектасының Канададағы белсенділері де тыныш тұрған жоқ: шығыс аймақтағы Морин төбесі деп аталатын мекендегі 5 адам 4 қазан күні (1994 жылы), ал, Сен Касмирдегі 5 адам болса 23 наурыз күні (1997 жылы) өздерін атып не өртеп өлтірген. Американың Тексас уәлаятындағы Вако қалашығындағы «Давидиан» сектасына мүше 80 адамның 19 сәуір (1993 жылы) өздерін өртеп өлтіргені әлем жұртшылығының әлі де есінде. Филипиндегі рұһбан (монах) Дату Мангайаның сектасының акциясында 19 қыркүйек (1985 жылы) күні 60 адам өзін улы газбен өлтірген /[1]/. Жуықта, Орталық Африкадағы бір мемлекетте католик шіркеуінің бірнеше мың мүшесі бірге жан қию рәсімін жасағаны есімізде. Мұның бәрі де адастырушылардың ісі, бейкүнә адамдарды жалған уағдалармен алдаушылық. Жалпы ел болып, осындай қауіпті секталардан сақ болуымыз, балаларымызға лайықты дәрежеде көңіл бөліп, кесірлі ағымдардың қыянаттығынан сақтауымыз керек.
Соңғы кездерi баспасөз беттерiнде, теледидар хабарлары мен әуе толқынындағы таралымдарда бiзге орыс тiлi арқалы енген «фундаментализм» (iргешiлдiк) сөзiн жиi кездестiрiп жүрміз. Осы мағлұматтарда фундаментализм сөзі көбінесе мұсылмандық һәм осы дiнге сенушi халықтарға тән мағыналарда ғана қолданылады! Осы даурықпа хабарлар «исламдық фундаменталисттер», «мұсылман фундаменталисттер» немесе «мұсылмандардың заңнан тыс қауiптi ұйымдары мен зиянды iс-әрекеттерi» деп жырлайды. Бұл терминдi, шын мағынасын бiлетiн адамдар да бiлмейтiн адамдарша кез келген жерде қолданып, әйтеуiр, шулата бередi. Ал, ғылыми тұрғыдан екшеп, аталмыш терминнiң сөздiк һәм энциклопедиялық мағыналары мен дiни-саяси әдебиеттерде пайда болу барысына қарағанымызда, фундаментализм деген сөздiң хақ дiн Исламмен және осы хақ дiнге сенушi имандылармен үш қайнаса сорпасы қосылмайтынын анықтаймыз.
Ең алдымен, мұсылмандарға пәле болып жабысқан осы фундаментализмнің сөздiк һәм энциклопедиялық мағыналарын түсiнiп алғанымыз жөн. Бұл сөздiң түбiрi, көне латын тiлiндегi fundare (фундаре) деген етiстiк. Фундаре – жерге төсеу деген мағынаны бiлдiредi. Осы етiстiктен fundamentum (фундаментум) зат есiмі пайда болған. Оның мағынасы – төсегiш, iрге. Кейiн келе мағынасы толығып, жер тағаны немесе iргетасы деген түсiнiктердi беретiн болған. Жә, жоғарыдағы фундаментум, яғни осы күнгi батыс Еуропа тiлдерiндегi fundament (фундамент) пен онымен бір түбiрден өндiрiлген фундаментализм сөзiнің мағыналары тым алшақ.
Фундаментализм дегенiмiз дүниежүзiлiк әдебиеттерде бiрiншi ретi Америкада пайда болған дiни-саяси термин. Мен осы мақаламда терминологиялық һәм этимологиялық анықтамалы екi беделді деректi алдарыңызға ұсынбақшымын. Бiрiншiсi күллі әлемге әйгiлi «Oxford Advanced Learners’ Dictionary of Current English» (Бүгiнгi ағылшын тiлiн кәмiл үйренушiлердiң Оксфордтық Сөздiгi) деп аталады. Менiң қолымдағы нұсқасы Оксфорд университетiнiң баспасы тарапынан 1982 жылы он алтыншы рет басылғаны. Бұл құнды деректе фундаментализм былай деп түсiндiрiлген; «maintenance of the literal interpretation of the traditional beliefs of the Christian religion (such as the accuracy of everything in Bible)», яғни «христиан дiнiнiң дәстүрлі сенiм-нанымдарын үзiлдi-кесiлдi сақтау (мысалы, Библияда жазылған нәрселердiң барлығының мүлтiксiз хақ екенiне сену)».
Жә, Америкада екi ғасырдан берi қарай жарияланып келе жатқан беделді «Webster’s New World Dictionary of the American Language» (Американ тiлiнiң Вебстер жаңа дүние сөздiгi), 1986 жылғы басылымы. Мұнда фундаментализмнiң екi мағынасы берiлген;
Яғни,Библияның мазмұнына сөзбе-сөз һәм мүлтiксiз сенуге негiзделген және христиан руханияты мен иманының негiзi болып есептелетiн дiни нанымдар.
Осы нанымдарға негiзделiп, Америкадағы кейбiр протестанттар тарапынан 20 ғасырда басталғанқозғалыс. Жиһан ғалымдары дәрiптеген осы екi беделдi деректе мұсылмандарға жала болып жабылған фундаментализм сөзінiң хақиқи мағналары көрсетiлген. Демек, фундаментализм мұсылмандармен ешқандай қатынасы жоқ ұғым. Христиан әлемiнiң, әсiресе, солтүстiк Америка мен батыс Еуропа християндарының, өздерiндегi рухани шиеленiстiктер мен қақтығыстар үшiн тапқан атауларын, сондай нұқсандар мұсылмандарда да бар шығар-ау деп, жаңылыстықпен қолдануының салдарынан осы күнi кенедей жабысқан, сүлiктей сорған, осы мұхиттың аржағынан келген жаладан құтыла алмай жүрмiз!
Фундаментализмнiң отаны Американың Бiрiккен Мемлекеттерi (АБД «АҚШ»). 1993 жылғы президент сайлауында Америкадағы фундаменталист ұйымдардың үлкен әсер тигiзгені мәлiм. Ал, олардың 1996 жылғы сайлауларға да күштiрек қатысқаны байқалады. Алдымыздағы жылдары фундаменталисттердің Американың iшкi һәм сыртқы саясатында ықпалды орындарда болатыны шүбәсiз шындық.
Фундаментализм ХХ ғасырдың бас шенiнде АБД-нің солтүстiгінде пайда болған ағым. Ол 1950 жылдары оңтүстiк аймақтарға дейiн таралып кеткен. Бұл екi мыңнан астам шiркеу өздерiн «Фундаменталист християндармыз» деп әшкере жариялауымен жиһанға белгiлi бола бастаған діни-экстремистік ағым. Жаппай қалаландыру һәм өнеркәсiптендiруден, сонымен қатар, шаруашылық тапшылықтардан әбден жаны қиналған кедей-жарлы һәм орташа ауқатты жүз мыңдаған християндар азаттықты осы шiркеулерде iздеп, жиналған.
Фундаменталист шiркеулер жамағаттарды христиандықтың жоғарыда аталған негiздерiне бағынуға шақырып, сондай жағдайда ғана кедейлiктен, әлеуметтiк қысымдар мен оның зардаптарынан құтылатмыз деп насихаттаған. Сүйтіп, үнемі өскен фундаменталист ұйымдар 1960 жылдары саяси қозғалыстарға айналады. Америкада сол жылдары фундаменталист болу үшiн протестант мәзһәбiнiң бiр тармағы пентекостал (Pentecostal) жолына кiру керек едi. Пентекостал тармағындағы протестанттар Киелi Рұхтың хауариларға (Апостолдарға) қонғанына сенедi һәм жексенбi күнiн ерекше қасиеттеп өткiзедi. Олар Киелi Рұхпен бүгiнгi күнде де бiрлесуге болады деп сенедi және Библияның сөздерiне, ешқандай тәфсiрсiз, яғни, сөзбе-сөз иланады. Фундаменталисттер Библияның алғашқы бес кiтабына аса мұқияттықпен, сөзбе-сөз иман етудi мiндеттейдi. Мысалы, Библияда, жер планетасы алты мың жыл бұрын жаратылды деп жазылған. Фундаменталисттердiң сенiмi бойынша, осы мәлiметтi қаз қалпында қабылдап, оған мүлтiксiз сену керек. Тағы да мысал келтiретұғын болсақ; Библияда жазылуына қарағанда, ұлық Тәңiр бұл жиһанды алты күнде жаратып, шаршағандықтан жетiншi күнi дем алыпты-мыс. Мiне, сол үшiн олар жексенбi күндерi дем алады екен. Фундаменталисттердiң имандарындағы осындай кереғарлықтардың басқа да мысалдарын келтiруге болады.
Америкадағы фундаменталисттердiң тұңғыш саяси дауы 1963 жылы басталған. Сол жылы Американың Жоғарғы Соты (American Supreme Court) мектептерде дiн сабағының оқытылуына тиым салады. Фундаменталисттер Америкада жаңа бiр дiн таратылады деп, бұл қарарға қарсылық бiлдiредi. Олардың пікірінше, Америкада таратылатын жаңа дiннiң аты «дүниешiл гуманизм» (Secular Humanism) едi. Фундаменталист ұйымдар осы жаңа дiнге қарсы айқасып келедi. 1973 жылы Жоғарғы Сот 46 уилаятта (штатта) ғамалия (аборт) арқалы жүктi әйелдердiң бала алдыруына рұқсат етеді, сол себепті мемлекет пен фундаменталисттердiң айқасы одан ары өршелене түседі. Басқа да християн топтары фунадаменталист болу үшiн алдымен «дiншiл» (Religionist) болу керек деп сенгендiктен, олар бiр дiннiң дiншiлiмiз деп фундаменталисттердi осы күрестерiнде қолдауға ұйғарысады. Сондай-ақ, католик әлемiнiң Ватикандағы бас рұһбаны (Папа) өзiнiң үндеуiнде; «дүниешiл гуманизм – християндықтың ең үлкен жауы!» деп жариялайды.
Ал ендi, Америкадағы ең белгiлi фундаменталисттер жөнiнде бiр-екi ауыз сөз айтатұғын болсақ; 1993 жылғы сайлауда Джордж Бушқа «Християндардың құқұқтары» (Сhristian Right) атындағы фундаменталистiк ұйым болысқан. Бұл ұйымды католик фундаменталисттердiң жетекшiлерiнен Патрик Ж. Буханан да қолдап, көмек беруде. Екiншi үлкен фундаменталист ұйым Джерри Фальвелдiң жетекшiлiгiндегi «Рухани көпшiлiк» (Moral Majority) қозғалысы. Үшiншi орынды, «Теледидар рұһбаны» деп атағы шыққан Пат Робертсонға қарайтын «Христиан одағы» (Christian Coalition) ұстауда. Джерри Фальвелден бөлiнген фундаменталисттер (iргешiлдер) тарапынан құрылған «Християн әрекетi желiсi» (Christian Action Network) төртiншi орынды иемденуде.
Осылардан кейiн жүз мыңға жуық мүшесi бар екi қоғамды атауға болады. Бұлар – Луи Шелдонның жетекшiлiгiндегi «Дәстүрлі бағалар одағы» (Traditional Values Coalition) және Лон Мабонның басқаруындағы «Азаматтар бiрлiгi» (Citizen Alliance). Сонымен қатар ғамалия арқалы бала алдыруға қарсы күресушi «Құтқару әрекетi» (Operation Rescue) атындағы ұйым да жоғарыда аталған iргешiл қозғалыстарға болысуда. Олар, тіпті, ғамалияларды жасайтын дәрiгерлердi өлтiрiп, ғамалиятханаларды (операционное) жарылғыш заттармен атқылауға дейiн барған.
Бұларға қосымша ретiнде, жиһанға аты әйгiлi Американың «Time» (Тайм) апталығының 8 мамыр күнгi (1995 жылы) санында үлкен мақалаға тақырып болған, фундаменталистiк көзқарастағы азаматтар тарапынан негiзi қаланған «Отансүйерлердiң жасақтары» атындағы белсендiлердiң заңнан тыс жасақтарын айтуға болады. Осы күнде, Американың Бiрiккен Мемлекеттерiне ең үлкен қауiп төндiрiп отырған осы iргешiл, асырашыл топтар. Атақты басылым үлкен мақаланы «Мемлекеттiң жаулары» (Enemies of State) деп атапты! Осы аса қауiптi ұйымдар қалың бұқараны қыру қимылдарына дейiн барған. Мысалы, 1995 жылы Оклохама қаласындағы бала бақшаны бомбалап, жүздеген бейкүнә сәбилер мен азаматтардың қырылуына себеп болған осы жасақтанған топтар (Алайда, қылмыскерлер ұсталғанға дейін батыс баспасөзі тек мұсылмандарды айыптаумен шұғылданған). Тайм басылымы, осы заңнан тыс қарулы топтардың негiзгi құрамын христиан фундаменталисттер, салықты сөгушiлер және Американың негiзгi заңын қорғаушылар құрайды деп тағриф қылады.
1993 жылдың 19 сәуiр күнi Одақтық Тергеу Кеңсесi (ФБР) Тексас уилаятындағы Вако қалашығындағы «Давидиан» фундаменталтисттерiнiң диқаншылық базасына шабуыл жасағанда 80 iргешiл ұсталатындарын аңғарып өздерін өртеп өлтірген. Мемлекеттiң бұл жойқын шабуылынан кейiн iргешiл топтарды жақтаушылардың саны күрт көбейеді. Осы топтардың аймақтардағы бастықтарының көбiнесе христиандық рұһбан қызметiндегi және ақ нәсiлдiң үстемдiгiн орнатқысы келетiн фундаменталисттер екенiн көремiз.
Мысалы, «Тайм» басылымының баяндауына қарағанда, «Християнның белгiсi» (Christian Identity) атындағы топтың өкiлдерi, солтүстiк Еуропалықтар Көне Өсиетте (Библия) аталған таңдаулы пенделер, ал, йаһұдилер (жөһиттер) – шайтанның ұрпақтары деп сенедi. Мишиган аймағындағы қарулы топтардың жетекшiсi Норман Олсон, баптист сектасының рұһбаны һәм қару-жарақ сататын дүкендер торабының иесi. Оның тобында он екi мың қарулы адам бар және олар БҰҰ, АБД-ін социалистiк елге айландырғысы келедi деп сенедi. Тағы да осы аймақта фундаментализмдi таратушы Марк Корнки «Дүниежүзiлiк христиан радиосы» (Worldwide Christian Radio) арқалы хабарлар таратуда.
1990 жылы Ирак көршiсi Кувейтті жаулап алған соң, Американың Төрағасы Джордж Буш 11 қыркүйек күнгi арнауында (1990 жыл) «Бiрiккен Ұлттар Ұйымының жетекшiлiгiнде жаңа жиһан низамын орнату керек» деген еді. Фундаменталист бағыттағы қарулы топтар бұл жүйені Американың билiгiн қолынан тартып алғысы келетiн сионистiк жоспар дейді. Мысалы, Солтүстiк Каролайна аймағындағы «Конституцияға сәйкес мемлекеттiң қайтадан қалпына келтiрiлуiн жақтайтын азаматтар» (Citizens for Reinstatement of Constitutional Government) атындағы топтың негiзгi ұраны; «Қасиеттi Библияны және Ата Заңды Американың негiзгi заңына айналдырамыз!» деп мәлiмдейдi Тайм апталығы.
Америкадағы экстремист ағымдар туралы толық бiр кiтап жазуға да болар едi! Бiрақ бұл мақаланың мақсаты осы деректi мысалдар арқалы экстремизмнің шын мәнiнде не екенiн, қайдан шыққанын анықтаумен шектеледі. Аталмыш фундаменталист ұйымдар Америкада ғана емес, сонымен қатар, Канадада мен Еуропа елдерiнде де ұйымдасқан түрде өсiп, өрбуде. Таяу уақыттарда осындай асырашыл топтардың кесiрлi қылықтарына куә болуымыз әбден мүмкiн.
5 ҚОРЫТЫНДЫ
Қорыта айтқанда, фундаментализм АБД-де және христиандықтан пайда болған. Мың төрт жүз жыл бойы жиһанды ғылымға, әдiлеттiлiкке, тазалыққа, имандылыққа, абзалдылыққа, өркениетке, адамшылыққа бөлеген хақ дiн Исламға және оған иман етушi мүминдерге фундаменталист деген жаланы жабудың жалғыз ғана мақсаты – ең жылдам һәм өздiгiнен өсiп, таралып келе жатқан хақ дiн Исламның алдын тосу, оған жүректерi жiбiп келе жатқан пенделердi,айнытудан.
6 ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
– Сыныптан тыс жұмыстар. Кезекті басылымдар
– Ұстаз жаршысы газеті
– Интернеттен мате