Тұрмыстық құрал-жабдықтар мен электроарматураны жөндеу

САБАҚ: №31

Тұрмыстық құрал-жабдықтар мен электроарматураны жөндеу

Мектеп:Қырғызсай ОМ
Күні: Мұғалімнің есімі:Н.А.Валиев
СЫНЫП:  7 Қатысқандар саны: Қатыспағандар:
Сабақ негізделген оқу

мақсаты (мақсаттары)

7.2.5.2-Электротехникалық арматуралардың және тұрмыстық құралдардың қарапайым жөндеу жұмыстарын жүргізу

7.2.5.3 -Электр тізбектеріндегі ақауларды табу

7.2.5.4-Есептеулер орындау үшін арнайы бақылау-өлшеу құралдарын таңдау және қолдану

Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар:
·         Оқулықта  берілген тапсырмаларды орындайды. Тақырыпты меңгереді.
Оқушылардың басым бөлігі:
·         Тақырыптың  маңызы туралы  дәлелдеп айтып бере алады.
Кейбір оқушылар:
·         Білімді сыныптастарына түсіндіріп оқулықтан тыс ресурстар қоса алады.
Бағалау  критерийі Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады.

Сабақ барысында  тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Ресурстар Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.
Әдіс-тәсілдер Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.
Пәнаралық байланыс Музыка, қазақ тілі,тарих.
Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде

жоспарланған жаттығулармен қатар,

ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар
Басталуы Сәлемдесу.  Сабақтың мақсатымен таныстыру

Топқа бөлемін : 1- топ  «Тұрмыстық электор жабдықтары арқылы»,2- топ  «Электор құралдар» топқа  бөлінеді.

 

Психологиялық ахуал қалыптастыру:  «Көрші»

Мақсаты: әрбір қатысушының сол топтың бір мүшесі екендігін сезінуі, бір-біріне жылылық сыйлау.

Нұсқаулық:

Көршіңді оң жақтан құшақта,

Көршіңді сол жақтан құшақта.

Оң жақтағы көршіңе бір жымиып,

Сол жақтағы көршіңе бір жымиып,

Бүгінгі тренинг барысы,

Біз үлкен отбасы.

 

фотосреттерді алып, түріне сай топтарға бөлінеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Көршілер қимыл – қозғалыстар» арқылы жаттығуды жасайды)

Ортасы Өткен тақырыпты қайталау

Әр топ бір-біріне 2 сұрақтан қояды және жауаптарды айтады.

Электротехникалық жұмыстарының негізгі түрлерінің жалпы сипаттамасы қандай? (монтаждау, орау-оқшаулау, құрастыру, пайдалану, жөндеу)

2) Электр тізбегін құрастыру қанша амалдан тұрады?

( екі амалдан тұрады: сымды ұштау және оны электр арматурасына жалғау).

3) Ең қарапайым электр тізбегі қанша  элементтен тұрады? (төрт элементтен тұрады: ток көзі, ажыратқыш, электр энергиясын тұтынушы, өткізгіш).

    4) Электромонтаждау жұмыстарын орындау кезіндегі электр қауіпсіздік ережелерін айтып беріңдер.

 

«Иә, жоқ» ойыны
Темір тоқ өткізе ме?
Ауа тоқ өткізе ме?
Әйнек тоқ өткізе ме?
Пластмасса тоқ өткізе ме?
Мыс сым тоқ өткізе ме?
Ағаш тоқ өткізе ме?
Ылғаш ағаш тоқ өткізе ме?
Резеңке тоқ өткізе ме?
Аллюминий тоқ өткізе ме?

Қандай электр тізбектерімен таныс болдық?

Олар қандай?

Қарапайым электр тізбегі неше эллементтен тұрады? Оларды атап өтіндер.

 

Электрмен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелері
1. Ұқыпты, тәртіпті, өте сақ болыңдар: мұғалімнің ауызша және жазбаша нұсқауларын бұлжытпай орындап отырыңдар.
2. Жұмыс орындарыңды мұғалімнің рұқсатынсыз тастап кетпеңдер.
3. Электр аспаптарын, материалдар мен жабдықтарды жұмыс орындарыңа мұғалім көрсеткен тәртіппен жайғастырып қойыңдар.
4. Тапсырманы орындауда қажетсіз заттарды жұмыс орнында ұстамандар.
5. Ток көздерін мұғалімнің рұқсатынсыз қоспандар.
6. электр тізбектерін құрастырғанда, ауыстырып қосу тетігін жалғастырғанда, жөндегенде, ток көзі ажырап тұруы керек.
7. электр тогы көзінде, сондай-ақ электр қондырғысының басқа бөліктерінде кернеудің бар-жоғын бақылау үшін арнайы бақылау шамын немесе кернеу көрсеткіш аспапты пайдалан.
8. Егер жұмысшы электр желісіне жабысып қалса, оны құтқаруы үшін, тіпті электр желісін шауып тастауға да болатынын білген жөн.
9. Резеңке қолғап пен резеңке етік кию ток соғудан сақтайтынын естен шығармаған жөн.

 

«Сұрақ-жауап» әдісі арқылы түсіндіріледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

сұрақтар

Сергіту сәті

 

Сергіту сәті «Қыдырып қайтайық» Видео

жазбадағы би

Аяқталуы  Сарамандық жұмыс  Жеке
Жұмыс киімін кию:
Жұмысқа қажет материалдар: құрастыруға қажетті бұрауыш т.б. электр патрондары
Жұмыстың мақсаты: Тұрмыста қолданылатын электр шамы патроны құрылысымен танысып, оларды құрастырып үйрену
Патрондар электр шамдарын электр тізбегіне қосу үшін қажет. Олардың төбеге, бекітілген және асып койылатын бірнеше түрі бар. Патрондардың корпусы ток өткізбейтін материалдардан әзірленген. Оның ішкі бөлігінде екі түйіспелі бұрауышы болады, ол металл пластиналарға бекітіледі.
Патрондардың құрылысымен танысу үшін суретті пайдаланып, мынадай іс-амалдарды орындаңдар:

1. Электр патронының корпусынан қақпағын ажыратып алыңдар, оның фарфордан жасалған өзегін шығарыңдар.
2. Өзектің құрылысымен танысып, оның түйіспелерін, түйіспе бұрауыштарын табыңдар.
3. Сымдарды жалғайтын жерлерді біліп алыңдар.
4. Өзектің орнына қайта бекітіп, қақпағын жабыңдар.
5. Патрон қақпағын бекітіңдер.

 

Жаңа сабақты бекіту
«Жұбын тап»
Екі бағанда тұрған сөздердің жұбын табу.
Электр — үстелі
Қауіпсіздік — ережесі
Технологиялық — бұрау
Электротехникалық — материалдар
Жұмыс — материалдар
Технологиялық — карта
Сымды — таспа
Жұмыс — үстелі
Оқшаулағыш — пышағы
Сымды — бұрау
Электротехникалық — схемасы
Оқшаулауыш — таспа
Қауіпсіздік — элемент
Электр — схемасы
Гальваникалық — карта
Гальваникалық — элемент
Монтер — ережесі
Монтер – пышағы

 

 

 

фартук, жеңқап

 

құрастыруға қажетті бұрауыш т.б. электр патрондары

 

 

Үйге тапсырма: Түрлі электро шамдарының эскизін салып келу тапсырылады.
Рефлексия

 

 

Рефлексия

 

Блоб ағашы стратегиясы. Оқу шы өзін бағалау деңгейін анықтау үшін жүргізіледі.

 

 

 

 

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *