Электр тогының жұмысы мен қуаты.Электр тогының жылулық әсері, Джоуль-Ленц заңы

Ұзақ мерзімді жоспар тарауы:

8.3 А Тұрақты электр тогы

  Батыс Қазақстан облысы.   Бәйтерек ауданы

Батурин жалпы орта білім беретін мектебі

Күні: Мұғалімнің аты-жөні:  Сариева  Мадина  Жауынбаевна
Сынып: 8  /  физика Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы Электр тогының жұмысы мен қуаты.Электр тогының жылулық әсері, Джоуль-Ленц заңы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары 8.4.2.12 – жұмыс және қуат формулаларын есептер шығаруда қолдану

8.4.2.13 – Джоуль-Ленц заңын есептер шығару үшін қолдану;

Сабақтың мақсаты v      электр тогының жұмысы мен қуатының  формуласын, электр тогының   жылулық әсерін, Джоуль-Ленц заңын білу, түсіну;

v      электр тогының  жұмысы мен қуатының формуласын , Джоуль-Ленц заңын практикада  қолдану;

v     электр тогының жұмысы мен қуатының, Джоуль-Ленц заңының формулаларын есеп шығаруда  түрлендіріп қолдану.

Бағалау критерийі v     Электр тогының жұмысы мен қуатының формуласын  біледі;

v     Электр тогының жылулық әсері, Джоуль-Ленц заңы Джоуль-Ленц заңын   тұжырымдай алады;

v     Электр тогының жұмысы мен қуатын, Джоуль-Ленц заңының

формулаларын есеп шығаруда ,практикада қолданады алады.

Тілдік мақсаттар

 

Негізгі сөздер мен тіркестер: Тоқтың жұмысы, қуаты.
  Джоуль-Ленц заңы, токтың жылулык әсері
Құндылықтарға баулу Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы. Жауапкершілік, шынайылық, мақсатқа ұмтылу. Ынтымақтастыққа, бірлікке, сыйластыққа тәрбиелеу
Пәнаралық байланыс Қазақ тілі, тарих,математика
Алдыңғы  білім Тiзбек бөлiгi үшiн Ом заңы. Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

 

Ресурстар

 

 

Сабақтың басы

3 минут

 

 

 

 

 

Ұйымдастыру. Оқушылармен  амандасу, түгендеу.

Саралау әдісі: «жіктеу» (оқушыларды аралас топқа бөлу)

«Қағаз қиындылары»  арқылы бірнеше ғалымдардың суреттері оқушыларға таратып беріледі. Сол арқылы топтарға бөлінеді.

«Миға шабуыл»  әдісі ( сұрақ  барлық топқа бірдей беріледі).

– Электр тогы дегеніміз не?

–  Электр тогының пайда болу шарттары қандай?

-Ток күші дегеніміз не?

-Ток күшінің математикалық өрнегі жаз?

– Кернеудің физикалық мағынасы қандай?

– Кедергінің физикалық мағынасын, оның өлшем бірлігн атаңыз?

– Меншiктi кедергiсiнің формуласын қалай анықтаймыз?

-Электр тізбегі деніміз не?

– Ом заңының математикалық өрнегі қандай?

– Жалғаудың қандай түрлері бар?

Дескриптор: Білім алушылар:

§        Электр тогының анықтамасын,  пайда болу шарттары біледі;

§        Ток күшінің анықтамасын біледі, математикалық өрнегін жазады;

§        Кернеудің физикалық мағынасы түсінеді;

§        Кедергінің физикалық мағынасын түсінеді, өлшем бірлігн біледі;

§        Меншiктi кедергiсiнің формуласын анықтай алады?

§        Электр тізбегін жинақтайды:

§        Тiзбек бөлiгi үшiн Ом заңының математикалық өрнегін біледі;

§        Жалғаудың  түрлерін ажыратады.

.

ҚБ: Мұғалімнің мадақтауы.(Жарайсың!Өте жақсы!Керемет!)

 

Д.Джоуль

Э. Ленц

Д.Уатт

Сабақтың ортасы.

10 минут

 Жаңа сабақ

«Үлкен шеңбер» әдісін қолдана отырып оқушылар тапсырмаларды «топпен», «жұппен», «жеке» орындайды.

І. «Жигсо» әдісі  (топтық  жұмыс ).

Әр қосымша тапсырмалар беріледі,топтар мәтінді оқып,өзара топта талқылайды және постер арқылы келесі топқа түсіндіреді.

1-топ Электр тогының жұмысы

2-топ:  Электр тогының қуаты

3-топ:  Электр тогының жылулық әсері, Джоуль-Ленц заңы

 

Дескриптор      Білім алушы

1.Берілген тапсырма бойынша мәліметтерді нақты айтады.

2. Электр тогының жұмысының  формуласын  жазады

3.Электр тогының  қуатының формуласын  өрнектейді

4.Электр тогының жылулық әсері,Джоуль-Ленц заңын

тұжырымдайды

5.Физикалық шамалардың ХБЖ өлшем бірліктерін  көрсетеді

6.Жұмыс,қуат және жылулық әсерге мысалдар келтіреді

Бағалау.  Ілінген нәтижелерді қарау, топты тыңдау арқылы топтар бір-бірін бағалайды    І топ  ІІ топты, ІІ топ ІІІ топты, ІІІ топ І топты.

Бағалау әдісі:   Келісеміз-тілек айту,   Келіспейміз-ұсыныс айту

 

 

ІІ. Жұптық жұмыс.

Әдіс: “Жұптас,бөліс” (Оқушылар  жұптасып, талдап практикалық тапсырманы орындайды)

Тапсырма:  электр тогының куатты мен жұмысын анықтаңдар.

Құрал-жабдықтар:  амперметр, вольтметр, ток көзі,  жалғағыш сымдар, шам.секундомер.

Бағалау критерийі:   электр тогының куатты мен жұмысын анықтай алады.

I (A) U (B) t (c) P (Bт) A (Дж)
         

Дескриптор: Білім алушылар:

–   Электр тізбегін жинақтай  алады;

–  Аспаптарды қолданып I,U анықтай алады;

–  Формуланы пайдаланып қуат пен жұмысты есептейді.

ҚБ: «+», «–» қызықты;

«+» – жеткіліті, «–» – жетілдіруді қажет етеді, интербелсенді тақтадағы жауабы арқылы бір топтағы жұптар бірін-бірі бағалайды.

 

Топшалар, А3.

Қосымша -1

 

 

Қосымша -2

 

 

Қосымша -3

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10  минут

 

 

 

 

 

 

 

Ойлау дағдысының деңгейі     Қолдану

 Жеке  жұмыс.

Саралау әдісі: «Қарқын» (топтар арасындағы шапшаңдық)

Әр оқушы өзбетінше деңгейлік тапсырмаларды шығарады. Ең бірінші шығарып болған оқушы, көмек керек ететін оқушыларға көмектеседі. Барлығы шығарып болған соң, топта бір-бірімен бөліседі, талқылайды, дұрыс-бұрыстығын тексереді.

А деңгейдің тапсырмалары

 Тапсырма 1

1.Берілген шамаларды ХБЖ-не келтіріңіз.

1 мкКл =

0,05 мА =

30 кВ =

0,6 МДж =

Дескриптор       Білім алушы

– физикалық шамалардың өлшем бірліктерін ХБЖ-іне түрлендіреді.

Тапсырма 2

Электр тізбегінің бір нүктесінен екіншісіне 16 мин ішінде 240 Кл заряд тасымалданып, 1200 Дж жұмыс жасалынған. Тізбектің осы екі нүктесінің арасындағы ток күші мен кернеуді табыңдар

Дескриптор        Білім алушы

– шамаларды ХБЖ-іне түрлендіреді;

– электр заряды мен жұмыстың мәндері арқылы

кернеуді анықтайды;

– уақыт пен электр зарядының сан мәндерін

                      пайдаланып, ток күшін есептейді.

В деңгейдің тапсырмалары         

Тапсырма 1

. Егер қалта фонары шамының  кернеуі 4,5 В, ал ток күші 1,2 А болса, ондағы электр тогы 5 минутта қандай жұмыс істейді.

Дескриптор        Білім алушы

– шамаларды ХБЖ-іне түрлендіреді;

–  электр тогының жұмысын есептейді.

Тапсырма 2

Кедергісі 100 Ом реостат арқылы 30 секунд ішінде тізбектен 2 А ток өтетін болса, қанша жылу мөлшері бөлініп шығар еді?

   Дескриптор         Білім алушы

– Джоуль-Ленц заңын жазады;

– реостаттан бөлінетін жылу мөлшерін есептейді.

С деңгейдің тапсырмалары

Тапсырма 3

Пәтерде 6А ток күшіне шыдайтын сақтандырғыштар орнатылған.

Егер желідегі кернеу 220 В болса, бір уақытта қуаты 60 Вт , 100 Вт шамдарды, 1000 Вт электр пешті және 300 Вт электр үтікті қосуға бола ма?

Дескриптор  

Білім алушы

– сақтандырғыштар төзе алатын шекті қуатты анықтайды;

– желіге қосылған электр энергиясын тұтынушы құралдардың жалпы қуатын анықтайды;

– есептелінген қуаттарды салыстырып, оларды электр желісіне қосуға болатынын немесе болмайтынын анықтайды.

 

ҚБ: «Бағдаршам» арқылы бағалау. Әр оқушы жеке жұмыс жасай отырып, өзінің білімін жетілдіреді. Жұмыс орындалып болған соң, алдарындағы қызыл, сары, жасыл стикердің бірін көтереді.

Жасыл түсті көтерсе, толық түсіндім.

Сары түсті көтерсе, жартылай түсіндім.

Қызыл түсті көтерсе, әлі де жұмыстануды қажет етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Қалыптастырушы бағалау бойынша тапсырмалар жинағы» әдістемелік нұсқаулықтар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 мин Сергіту сәті. «Дауыс беру»

Тапсырмалар слайдта беріледі.  Егер тапсырма нәтижесі дұрыс болса, «иә» деп, қолдарын жоғары көтереді,  дұрыс болмаса «жоқ» деп  қолдарын жанына созады.

ҚБ: «Мұғалімнің мадақтауы» (Жарайсың! Өте жақсы! Керемет!).

Сабақтың соңы

 

5 минут

Рефлексия:

Кері байланыс

Бірінші баспалдақ: Электр тогының жұмысы мен қуатын, электр тогының жылулық әсерін, Джоуль-Ленц заңын білемін.

Екінші баспалдақ:  Электр тогының жұмысы мен қуатын, Джоуль-Ленц заңының формулаларын білемін және есептер шығаруда қолдана аламын.

Үшінші  баспалдақ: Жұмыс,қуатжәне Джоуль-Ленц заңының  формулаларын білемін және есептер шығаруда қолдана аламын,

электр энергияның құнын есептей аламын.

Үйге тапсырма:  Д.Джоуль мен Э.Ленцтің ғылымға сіңірген еңбегі туралы баяндама дайындау

 
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Сыныптағы саралау жұмысының «жіктеу», «тапсырма», топтар арасында «қарқын», әр тапсырма соңында «қортынды» және «бағалау» қолданылады.

Оқу мен оқтудағы  әдіс-тәсілдерінің  бүкіл топ орындайтын, шағын топ орындайтын және жеке орындайтын жұмыс түрлері пайдаланылады.

Плакат, стикер, деңгейлік тапсырмалар,топшамалармен  жұмыстанады.

Сабақты өткізу барысында «Миға шабуыл»,«Үлкен шеңбер» «Жигсо» әдісі   “Жұптас,бөліс” , «деңгейлік тапсырмалар»,, «дауыс беру» әдіс-тәсілдерін қолдандым. Қабілеті жоғары оқушыларға шығармашылық тапсырмалар беремін.

Оқушылардың топтық және жеке жұмыстарға қатысуын бақылау, дұрыс бағыт беру үшін  кері байланыс жасау. Қалыптастырушы бағалау жұмыстарын беру арқылы жеке оқудағы жетістіктеріне көздерін жеткізу: «Мадақтау»,  Келісеміз-тілек айту,   Келіспейміз-ұсыныс айту, «Бағдаршам», «үлгібойынша бағалау»,  «+», «–» қызықты ».бағалау түрлерін қолдандым. Оқушылардың денсаулығы мен өмірлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Психологиялық жағымды ахуал туғызу, сергіту сәтін ұйымдастыру;

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *