Менің айналамды не қоршап тұр? «Ұшты, ұшты!» ойнаймыз. Ұ дыбысы мен əрпі

Тақырыбы: «Ұшты, ұшты!» ойнаймыз. Ұ дыбысы мен əрпі Мектеп: Өскемен қаласы әкімдігінің «№45 бейімделген орта мектеп» КММ
Педагогтің аты-жөні: Кеңесқанова Н.С.
Сыныптоп: 0 «Г» Қатысқандар саны: 26 Қатыспағандар саны:1
ҰОҚ-ның оқытылу мақсаттары ·        Оқушыларды Ұ дыбысы және әрпімен таныстыру.

·        Оқушылардың сөздік қорларын және ойлау қабілеттерін арттыру. Ұ әрпінің жазылуын, оқылуын меңгерту. Ұ дыбысы бар сөздерді буынға бөліп айтқызу.

·        Ұқыптылыққа, әдемілікке, тазалыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нəтиже ·        Барлық тəрбиеленушілер:

–         Сөздегі дауысты, дауыссыз, дыбыстарды ажыратады.

–         Ұ дыбысы– дауысты дыбыс, жуан дауысты.

–         Суреттегі заттардың аттарын атай алады, сөздегі ұ дыбысының орнын ажыратады.

·        Көпшілік тəрбиеленушілер:

–         Сұраққа жауап бере отырып, суретті мазмұндайды.

–         Берілген суретке қарап, сөздегі дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажыратады.

–         Сөздегі ұ дыбысының орнын ажыратады.

–         Әліппе-дәптерге  ұ əрпінің элементтерін жазады.

·        Кейбір тəрбиеленушілер:

–         Ұ дыбысын қатыстырып, сөз, сөйлем құрастырады.

 

Құндылықтарды дарыту Сын тұрғысынан ойлау, қарым-қатынас жасау, достық, ынтамақтастық қабілеттерін дамыту.

 

 

 

Көрнекіліктер Слайд, үлестірмелі қағаздар, суреттер, дыбыстық дөңгелекшелер.

 

 

 

Өткен ҰОҚ алған білім Сөздер неге бөлінеді? Сөздерді буынға бөл. Сөздер қай дыбыстан басталып тұр? Дыбыстар қандай түстермен белгіленеді? Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?
                                                            Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған жұмыс түрлері Ресурстар
Сабақтың басы

(2-5) мин

Қазір бізде сауат ашу сабағы. Бүгінгі сабаққа қонақтар келіп отыр, сендердің білімдеріңді, ақылды  екендеріңді көру  

 

 

  үшін келген екен. Сондықтан бүгінгі сабағымыз сәтті өту үшін сендерге сәттілік тілеймін!

(Ұ) Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Балалар, бүгінгі сабағымызды жақсы көңіл күймен бастайық. Ол үшін мына бір өлең жолдарын айтып жіберейік.

Мақсаты:Жағымды көңіл-күй орнату.

Біз бақытты баламыз.

Айтқан тілді аламыз.

Үлкендерді сыйлаймыз,

Тентек бала болмаймыз.

Жаксы оқып сабақты,

Кілең бестік аламыз.

–         Жақсы, жарайсыңдар балалар!

«Сұхбат» әдісі (оқушыларға өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қойылады, сол сұрақтарға жауап береді).

–         Сауат ашу сабағында нені оқып үйренеміз?

–         Әріп деген не?

–         Дыбыстар нешеге бөлінеді?

–         Дыбыстар қандай – қандай болып бөлінеді?

–         Дауысты дыбысты қандай түсті текшемен белгілейміз?

–         Дауыссыз дыбысты қандай түсті текшемен белгілейміз?

–         Дыбысты біздер не істейміз?

–         Әріпті біз не істейміз?

–         Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады?

–         Дауысты дыбыстар қалай айтылады?

Жарайсыңдар, балалар!

«Болжау» әдісі (әр жұпқа суреттер беріледі, сол суреттің атын атап, неше буынға бөлінетіндігін айтады).

Балаларлардан осы алдымыздағы суреттер мен сөздерді айтқан кезде, естімеген қандай дыбыс бар екендігі сұралады. Яғни, Ұ дыбысы. Ендеше балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Ұ ұ дыбысы мен әріпі.

-Ұ ұ дыбысы мен әрпін оқушыларға үш рет қайталатқызу.

-Ұ дыбысы қандай дыбыс деп

 

 

 

 

 

 

 

 

Слайд

 

 

 

 

 

 

 

Микрофон

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Суреттер

 

 

 

 

 

Ұ əрпі жазылған сурет

  ойлайсыңдар? (дауысты).

-Неліктен? (өйткені Ұ дыбысы созылып айтылып тұр).

Ұ – жуан, дауысты дыбыс.

 
Ортасы

(15-20) мин

1-тапсырма. «Ұшты – ұшты» ойыны.

Ұшты-ұшты, ұшақ ұшты!

Ұшты-ұшты, бұршақ ұшты!

Ұшты-ұшты, құс ұшты!

Ұшты-ұшты, тұз ұшты!

Ұшты-ұшты, құлын ұшты!

Ұшты-ұшты, мұрын ұшты!

  Шарты: оқушылар қолдарында тұрған жасыл және қызыл дөңгелекшелер арқылы не ұшатынын, не ұшпайтынын анықтайды. Оқушыларға ұшатын және ұшпайтын сөздерді айтамын, олар, ұшатын сөзді естігенде жасыл текшені, ұшпайтын сөзді естігенде қызыл текшені көтереді.

-Ұ дыбысы сөздердің қай жерінде тұрғанын айтады.

-Ұ дыбысы кездесетін сөздерге дыбыстық талдау жасайды.

2-тапсырма. «Кім зерек?» ойыны (дауысты және дауыссыз дыбыстарды өз үйіне жабыстырады).

Сергіту сәті: «Ұшақ».

3-тапсырма. (Ұ,Ө) Əліппе-дəптермен жұмыс.

Ұ дыбысы мен әрпінің жазылуымен таныстыру. Ұ əріпінің баспа түрін жазады.

– Тақтада жазу

– Ауада жазу

-Дәптерге жазу

 

Əліппе-дəптер

 

 

 

 

 

 

 

Жасыл және қызыл дөңгелекшелер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дауысты және дауыссыздар үйі, алма ағашы

 

Əліппе-дəптер

 

Сабақтың соңы

Қорытынды

Рефлекция

(3-5) мин

Қорытынды. «Тапқырлар тобы» деп аталатын ойын арқылы сабағымызды қорытындылайық.

Бұл ойынның шарты суретте берілген атаулардың түсіп қалған әріптерді тауып, жазады.

– Жарайсыңдар, балалар Ұұ дыбысын дұрыс тауып, жазып шықтыңдар.

 

Қима-қағаздар
  Сұрақ – жауап әдісі:

–         Қане, балалар бүгін қай дыбыспен таныстық?

–         Ол дыбыс қалай айтылады?

–         Ол дыбыс дауысты ма, дауыссыз ба?

Жарайсыңдар, балалар!

Рефлекция. «Бағдаршам»

 

 

 

 

 

Бағдаршам түстері

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *