Ехсel кестелік процессорында деректер базасын жасап, өңдеу бойынша алған білімді өмірде қалай қолдануға болады?
Ехсel кестелік процессорында деректер базасын жасап, өңдеу бойынша алған білімді өмірде қалай қолдануға болады?
Тақырып: Деректер базасымен жұмыс (шағын жоба) | Мектеп: Түркістан облысы. Кентау қаласы. «Ташанақ» жалпы орта мектебі. | |
Күні:06.11.2019 | Мұғалімнің аты-жөні:Бабашов Махсат | |
Сынып:9 «Ә» | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: |
Оқу мақсаттары | 9.2.2.2 – электронды кестеде деректер базасын құру
9.2.2.3 – деректерді іздеуді, сұрыптауды және сүзгілеуді жүзеге асыру |
|
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар үшін:
Шағын жобаларды қорғауда электронды кестеде деректер базасын қолдану; |
|
Көптеген оқушылар үшін:
Деректер базасын құруда объектілерді қолдану; |
||
Кейбір оқушылар үшін:
Жобаларды орындауда деректер базасын өз бетінше таңдап жұмыс жасау. |
||
Бағалау критерийі |
1. Шағын жобаларды қорғауда электронды кестеде деректер базасын қолданады;
2. Деректер базасын құруда объектілерді қолданады; 3. Жобаларды орындауда деректер базасын өз бетінше таңдап жұмыс жасайды. |
|
Құндылықтарға баулу | «Мәңгілік ел» идеясының құндылықтарын жүзеге асыру. Топта бірлесіп жұмыс жасау, бір-бірлерінің пікірлерін тыңдау, сыйлау. | |
Тілдік мақсаттар | Пәндік лексика және терминология:
Деректер базасы-база данных-data base, кестелік-табличный- table, иерархиялық-иерархическая-hierarchical, жүйелік- систематическая-systematical, нысан-объект-object, атрибут- attribute, жазба-запись-recording, өріс-поля-field, кілтті өріс- ключевая поля-key fields, электронды кесте-электронная таблица-electronic spreadsheet, ұяшық-ячеек-cell, сан-число- number, формула-formula, жазба-запись-recording, өріс-поля-field, жұмыс парағы-рабочий лист-worksheet, функция-function, форма-form, тізім-список-list, ауқым-диапазон-range, сұрыптау- сортировка-sort, сүзгі-фильтр-filter. |
|
Диалог/жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы фразалар топтамасы
ü Деректер базасымен жұмыс жасауда алған біліміңді күнделікті өмірде (үйде, мектепте және т.б. ) қалай қолдануға болады деп ойласың? ü Нақты ұсыныстар, дәлелді мысалдар келтір. |
Жазу:
Жоба алгоритмін жазыңдар. |
||||
Пәнаралық байланыс |
Математикалық амалдар, ағылшын, орыс тілінде сөздер қолданылады. |
|||
Тірек білім, білік, дағдылар | Деректер базасымен жұмыс. | |||
Жоспар | ||||
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Қосымша ресурстар | ||
Басталуы
3 мин
6 мин |
Ой сергіту жаттығуы
«2 шындық, 1 өтірік» әдісі Оқушылар ретімен өткен тарау бойынша 2 шындық, 1 өтірік айтады, бірін-бірі қайталамайды.
Үй тапсырмасын пысықтау «Блиц кездесу» Өткен тақырыптағы қосымша тапсырмалардың шешімін жұптасып талдайды.
Оқушылардың жұмыстарын ауызша мадақтау, қолдау көрсету. |
Компьютер |
||
Негізгі бөлім
2 мин |
Миға шабуыл сұрақтары
ü Мәліметтер қорымен жұмыс жасауда алған білімдеріңді күнделікті өмірде (үйде, мектепте және т.б. ) қалай қолдануға болады деп ойлайсың? Нақты ұсыныстар, дәлелді мысалдар келтір.
Оқулықпен жұмыс Жаңа ақпаратпен танысу. Әдістемелікте берілген сұрақтармен және «Сен білесің бе?» айдарымен жұмыс ұйымдастырылады. Жеке, жұпта, топта, ұжымда жауаптар айтылады. Мұғалім толықтырып отырады.
Жоба тапсырмалары: «Біздің сынып» кіші жобасы Ехсel кестелік процессорында өзің оқитын 9- сыныптың деректер базасын құр. Сыныптағы оқушылардың деректер базасына енгізуде Форма диалогтік терезесін қолдан. Функция қызметін пайдаланып, Орташа жазбасында орналасқан Бойының ұзындығы және Салмағы өрістерінің орта мәнін есептеу арқылы сыныптың орта бойы мен салмағын есепте (1- сурет). |
|||
6 мин |
Оқулық |
|||
13 мин |
||||
Компьютер | ||||
бағаларымен танысуға болады. Автокөліктер жайлы сол сайттан алынған мәліметтерді пайдаланып, деректер базасын құрастыр. Төменде автокөліктердің техникалық сипаттамалары мен жыл ішіндегі сатылу саны берілген (2-сурет). Тапсырма: 1. Суреттегі мәліметтер бойынша деректер базасын құр. 2. Дерекқор жазбасында автокөлік атауы, өрістерде қозғалтқыш көлемі, қуаты, әр 100 км- ге орташа жұмсалатын жанармай шығыны және жыл ішінде орташа сатылу бағасын көрсет. 3. Кеңейтілген сүзгі арқылы қуаты 2.0-ге тең және 100 ат күшінен жоғары және сатылу саны 2000 данадан көп көліктерді ірікте. Автокөліктердің сатылу саны бойынша диаграмма жаса. «Сыныптың үлгерімін есептеу (сынып жетекшіге көмек)» жобасы Сынып жетекшісінің өз сыныбы бойынша атқаратын жұмыстарының ауқымы өте үлкен. Сондай жұмыстардың бірі әр тоқсанның қорытындысы бойынша сыныптағы оқушылардың үлгерімін есептеу болып табылады. Мұндай жұмысты сынып жетекшілерінің көпшілігі әлі де болса қағазға жазып калькулятор көмегімен есептейді. Бұл, әрине, сынып жетекшісінің көп уақытын алады. Тапсырма: Сынып үлгерімін есептеуге арналған тәжірибелік жоба жұмысын орында. Жобада төмендегі жағдайлар қарастырылуы керек. 1. Жазбаларда (Запись) оқушылардың аты- жөні жазылуы керек. Өрістерде сыныптың сол тоқсандағы оқыған пән атаулары жазылуы тиіс. Жобаның деректер қорын құрауда Форма батырмасын қолдан. 2. Жоба пішіні тартымды, деректерді оқу ыңғайлы, маңызды тұстары түстермен ерекшеленген болу керек. |
|
3. Ең соңғы жазбаларда (қатарларда) сыныптың пәндер бойынша орта бағасы, үлгерім пайызы болу керек болса, соңғы өрістерде (баған) жеке оқушының тоқсандағы орта бағасы, білім сапасының пайыздық көрсеткіші берілуі керек.
4. Сұрыптау көмегімен сыныптағы оқушылардың білім сапасының кемуі бойынша ретте. 5. Қарапайым сүзгі арқылы жекелеген пәндерді тек үздік оқыған оқушыларды анықтау. 6. Кеңейтілген сүзгі арқылы тек жаратылыстану пәндері бойынша немесе тек гуманитарлық пәндер бойынша «4» және «5» деген бағаға оқыған оқушылардың, барлық пәндер бойынша үздік оқыған сынып үздіктерінің тізімін іріктеу мүмкіндігі болсын. Дескриптор Берілген мәліметтер бойынша дерекқорын құрады; Дерекқорын сұрыптайды; Дерекқорын сүзгіден өткізеді.
Оқушылардың жұмыстарын ақша бейнеленген карточкалар арқылы бағалау. |
||
Аяқталуы
9 мин
Рефлексия |
Жоба тақтада қорғалады.
«Бутерброд» әдісі. Оқушылар жоба туралы алдымен жақсы пікір айтады, екінші құрылымда сын айтады, үшіншіде тағы жақсы пікір айтады. |
Интербелсенді тақта |
Үй тапсырмасы
1 мин
|
Жобаны ақпараттармен толықтыру. |